Файл: Саат саны 1 арастырылатын сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 137

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


В)Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шарттар

С)Денсаулық сақтаудың халықаралық қағидалары

Д)Денсаулық сақтау саласындағы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілері

Е)Халықтың денсаулығын қорғау саласындағы ҚР Президентінің Жарлығы мен Үкіметінің қаулылары
12.Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары болып табылады:

А)Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жобаларға қатысу

В!Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

С)Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Д)Халықаралық деңгейде денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін қолдану

Е!Халықаралық деңгейде денсаулық сақтау мәселелері саласындағы ғылыми зерттеулерді шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін пайдалану және қолдану
13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, аккредиттеу жүзеге асырылады

А) денсаулық сақтау органының жергілікті аумақтық шешімімен

В) Денсаулық сақтау субъектілерінің тілекткрі бойынша

С) жұмыс берушінің актісіне сәйкес

Д) ерікті негізде

Е) міндетті түрде
14. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру объектілері болып табылады

 А) Электрондық ақпараттық ресурстар

В) Денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйе және электрондық қызметтер, электрондық ақпараттық ресурстар

С) Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі

Д) Пациенттердің амбулаториялық картасы және тұрғындарға бекітілген регистрлер  

Е) Электрондық денсаулық сақтау қызметтері, электронды БАҚ, сондай-ақ, денсаулық сақтау ақпараттық жүйесі
15. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі болып табылады

А) ҚР конституциясы

В) Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының кодексі

С) Халықаралық ынтымақтастық саласындағы ҚР Үкіметінің қаулысы

Д) Халықаралық шарттар мен келісімдер

Е) ДДҰ және т. б. халықаралық ұйымдарды реттейтін құжаттар
Дәріс № 3: Мұғалім-логопед жұмысындағы инновациялық технологиялар мен әдістер

Сағат саны: 1

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Инновациялық технологиялар дегеніміз не?

2.Логопедтік тәжірибедегі инновациялық технологиялар.

3.Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымын түзетуде қолданылатын инновациялық логопедиялық технологиялар түрлерінің тиімділігі.


4.Моторлы функцияларды түзеуге бағытталған техника түрлері.

Дәріс тезисі:

Балалардың тілін дамытуда ауызша сөйлетуге үйрете отырып, білгенін күнделікті өмірде қолдануына, тілдік қарым-қатынастағы жаттықтыру ісіне ерекше мән берген маңызды. Педагогика мен психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын және ең тиімді әдіс-тәсілдерді бейімдеп қолданады. Қазіргі логопедия ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тән әртүрлі жас кезеңдерінде және түрлі білім беру жағдайларында балаларды оқыту және дамыту процесін жетілдіру және оңалту жолдарын үнемі белсенді іздеуде.

Логопедтік тәжірибедегі инновациялық технологиялар:

—  бұл жалпы қабылданған, уақытпен тексерілген технологиялар (диагностика технологиясы, дыбысты тоқтату технологиясы, сөйлеу тілдік бұзылыстар кезіндегі тыныс алуын  қалыптастыру технологиясы және т. б.);

— логопед қызметінің нәтижесі болып табылатын жаңа және жоғары тиімділікке ие әдіс-тәсілдер мен құралдар;

— логопед пен баланың өзара әрекеттестігінің жаңа тәсілдері;

Инновациялық логопедиялық технологияларды жіктеу әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі:

а) әсер ету мақсаты бойынша:

—  түзете-дамытушылық технологиялар (эмоциялық, сенсомоторлық тәрбие; мнемотехника, ойлау үрдістерінің тренингтері және т. б.);

— психокоррекциялық технологиялар (арт-терапия түрлері, ертегі терапия, құм терапиясы, психогимнастика және т. б.);

– денсаулық сақтау технологиялары (гипокситерапия, логопедиялық және саусақты массаж, суджок терапия, ароматерапия, тыныс алу техникасы және т. б.)

б) әсер ету құралдары бойынша:

— ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

— қашықтықтан білім беру технологиялары.

Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымын түзетуде қолданылатын инновациялық логопедиялық технологиялар түрлерінің тиімділігі.

1) жадыны, зейінді, көрнекі-бейнелі ойлауды түзету мақсатында:

— ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (көрнекілік, қол жетімділік, оқу материалын жүйелеуді, балалардың дамуы мен қызметін объективті бақылаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді);

— Мнемотехника (танымдық қабілеттер мен сөйлеу тілді арттыратын тәсілдер жүйесі).

 

2) Моторлы функцияларды түзеуге бағытталған техниканы қолдану:

— биоэнергопластика -артикуляциялық аппараттың қимылдарын ұсақ моторика қимылдарымен қосу.



— логопедиялық массаж — бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге көмектесетін механикалық әсердің белсенді әдісі. Массаж арқылы дыбыстардың дұрыс артикуляциясын қалыптастыру кезінде қажетті күрделі қимылдарды орындауға бұлшық етті дайындау (ауыз қуысына қол саусақтырымен массаж,бетке нүктелі массаж, зондтармен және  зонд алмастырғыштармен массаж, алақан  бұлшық еттеріне түрлі-түсті шариктермен массаж, жаңғақ, каштанмен массаж, алты қырлы қарындашпен массаж, су-джок  құралдарымен массаж).

— логоритмика-логопедиялық түзету мақсатында жүзеге асырылатын музыкалық-қозғалыс,сөйлеу және музыкалық ырғақты сөйлеу ойындары мен жаттығулар жүйесі.

  1. 3. Арт-терапия түрлері:

  • музыка терапиясы;

  • ертегі терапиясы;

  • құм терапиясы.

— музыка терапия — музыканы эмоциялық қабылдау, музыкалық аспаптарда ойнау. Әуен және оның ырғақты негізі мен орындалуына байланысты музыка әр түрлі әсерлерді көрсете алады.

— ертегі терапиясы — баланың сөздің қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қолданатын әдіс.

— құм терапиясы — сөйлеуді сапалы түзеуге және эмоциялық-ерік саласының дамуын қалыптастырады.

Логопедтің қызметіндегі әсер етудің инновациялық әдістері сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмысының перспективті құралы болып табылады. Бұл әдістер тиімді түзету құралдарының қатарына жатады және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қиындықтарын жеңуде барынша мүмкін болатын табыстарға жетуге көмектеседі. Кешенді логопедиялық көмек аясында инновациялық әдістер балалардың тілдік дамуына оң ықпал етеді.

Педагогикалық санада адамның дамуы мен әлеуметтенуінің оның білім алу процесі ретінде тұрақты түсінік қалыптасқан. Сондықтан, әртүрлі жағдайда, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет болған жағдайда және әртүрлі жас кезеңдерінде педагогикалық әрекеттерді оңтайландыру жолдарын іздеу тоқталмайды.

Түзету – педагогикалық процестегі арнайы білім беру принциптеріне сәйкес әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ерекше білім алу қажеттіліктері адамға білім беру процесінде арнайы педагогика әртүрлі оқыту, тәрбиелеу, түзету тәсілдерін пайдаланады.

Қазіргі заманғы логопедиялық тәжірибе өз арсеналында уақытылы диагностикалау мен тіл кемшіліктерін түзетуге бағытталған, дәстүрлі білім беретін түзету – дамыту технологиялары
 бар.

Педагогика, психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде логопед – мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын, ең тиімді, логопедия үшін дәстүрлі емес және сабақтас ғылымдар тәсілдерін өз қажеттіліктеріне бейімдеп қолданады. Бұл әдістерді логопедияда дербес қарастыруға болмайды, олар көпшілік мақұлдаған технологиялардың бөлігі болып табылады, және педагог пен баланың қарым – қатынасының жаңа тәсілін, жаңа ынталандыру әдістерін енгізеді, жайлы эмоционалдық ортаны тудырады, жұмысқа сақталған психикалық функциялады қосуға және ауытқыған психикалық функцияларды белсендендіруге септігін тигізеді.

Әр түрлі авторлар бүгінгі таңда инновациялық технологияларға жататын біршама әртүрлі технологиялар қатарын атап көрсетеді. Олардың кейбіреуін мен өз тәжірибемде табысты қолданып жүрмін және өз бақылауларыммен бөліскім келеді.

Өз тәжірибемде қолданылатын заманауи логопедиялық технологияларды тек дәстүрлі әдістер кешенімен қатар қолданғанда тиімді деп санаймын.

  • Қол саусақтарына массаж жасау;

  • Құм терапиясы элементтері;

  • Аромотерапия;

  • Түсті терапия;

  • Кинезиологиялық жаттығулар;

  • Ақпараттық технологиялар.

Қол саусақтарына массаж жасау кезінде әртүрлі материалдар қолданылады: су-джок терапия асапаптары, сипалап ұстағанда тегіс және кедір-бұдыр кішкентай және ірі тастар, табиғи материалдар (қарағай бүршіктері), белгілі бір материал (мата, құрылымы әртүрлі жіптер, балауыз тамшылары, жүн, тері, сіріңке, мақта және т.б.) жабыстырылған карточкалар.

Логопедиялық сабақтарды біртіндеп құмсалғышқа ауыстыру үйреншікті оқыту формаларына қарағанда, көбірек тәрбиелік және білімдік нәтиже береді. Баланың жаңаны білу, тәжірибе жасау және өз бетімен жұмыс жасау ықыласын арттырады, «қол интелекті» негізінде тактилді сезгіштік дамиды. Құммен ойнау кезінде баланың барлық танымдық функциялар (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау) белсенді дамиды, ал біз үшін ең бастысы – сөйлеу мен моторика. Сонымен қатар, пән – ойын әрекеті жетіледі, ол өз кезегінде сюжетті – рөлдік ойындарды және баланың коммуникативтік дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Мен құмды ұнтақ жармасымен алмастырамын, ал ыдыс ретінде пластик науаны пайдаланамын.

Логопед сабақтарында қолданылатын құммен ойындар

«Сезгіш алақандар»
 (Т.Д. Зинкевич - Евстигнеевна) 

- алақандарынды құмға салып, көздеріңізді жұмыңыздар, құмның қандай екенін сезіңіздер.

- көзіңізді ашып, не сезгендерңізді айтыңыз.

- дәл осы әрекетті алақандарыңызды аударып қайталаңыз.

- сезімдерңіз жайлы айтып беріңіз.

- құм бетімен жылан немесе көлік сияқты жылжыңыз.

- алақандарыңызбен піл, кішкентай піл, жылдам қоян сияқты жүріп өтіңіз.

- алақанның, жұдырықтың, алақан қырының іздерін қалдарыңыз.

- ою және суреттер салыңыздар – күн, көбелек, А әрібі немесе толық сөз.

- оң және сол қол саусақтарымен кезек – кезек жүріп өтіңіз.

- саусақтар арасына құмды електен өткізіңіз немесе құммен жол салып өтіңіз.

- құмның үстіне құрылымы мен өлшемдері әртүрлі тастарды және табиғи материалдарды ерекше логикалық ретпен орналастырыңыз.

- құм жол-лабиринтімен фигураларды жүргізіп өтіңіз.

- фишкалардың көмегімен геометриялық фигураны құрастырыңыз.

- құмсалғышты құмның арасына көмілген пластмастан жасалған ұсақ заттарды, әріптерді табу үшін қолдануға болады.

- құмда тығылған әріптерді тауып, олардан буын, сөз құрастырыңыз.

- құмға алдымен саусақпен, сосын таяқшамен жазбаша және баспа әріптерімен сөздер жазуға болады. Құм баланың жұмысқа қабілеттілігін ұзақырақ сақтауға көмектеседі. Құмдағы қателерді қағаздағыға қарағанда түзету оңай. Бұл балаға өзін табысты екенін сезінуге жағдай жасайды.

Педагогиканың, психологияның және медицинаның жанасуының шекарасында логопедия өзінің қажеттіліктеріне бейімделе отырып, мұғалім - логопедтің жұмысын оңтайландыруға көмектесетін аралас ғылымның ең тиімді, дәстүрлі емес әдістері мен тәсілдерін қолданады.

Қазіргі Логопедия ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тән әртүрлі жас кезеңдерінде және түрлі білім беру жағдайларында балаларды оқыту және дамыту процесін жетілдіру және оңтайландыру жолдарын үнемі белсенді іздеуде.

Логопедтің қызметіндегі әсер етудің инновациялық әдістері сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмысының перспективті құралы болып табылады. Бұл әдістер тиімді түзету құралдарының қатарына жатады және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қиындықтарын жеңуде барынша мүмкін болатын табыстарға жетуге көмектеседі. Кешенді логопедиялық көмек аясында инновациялық әдістер ерекше күш-жігерді талап етпей, балалардың тілін түзету процесін оңтайландырады және бүкіл ағзаның сауығуына ықпал етеді.

Логопедтік тәжірибедегі инновациялық технологиялар