ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 70
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімдіжоспар-1
Бөлім: | Парасаттылық және әдеп | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Сәлем -сөздің анасы. Ата-бабадан қалған ілтипат – отбасының негізі. | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға сәлемдесу туралы мәлімет беру, оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру.Ұлттық салт – дәстүрмен таныстырып, адамгершілікке тәрбиелеу | |
Құндылыққа баулу | Оқушылар үлкенді құрметтеуге,адамгершілікке баулу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау Оқушылар,әр елдің сәлемдесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып,сабақтың тақырыбын ашамыз. «Сәлем-сөздің анасы» Тыңдалым алды тапсырмасы: Төмендегі сұрақтарды қойып, сәлемдесу үлгілерінің суреттері бойынша оқушы пікірін тыңдауға болады. · Сәлемдесу не үшін керек? · Сәлем беру мен сәлем алудың айырмашылығы неде? · Суреттегі сәлем түрлерін сөйлете синонимдерді тиімді қолдану. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір -бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір –біріне аман - саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді. Әрбір адам « қайырлы таң», « қайырлы күн », « қайырлы кеш » деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін де бір – бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.Амандасу -- адамгершіліктің , әдептіліктің бір белгісі болып табылады.« Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені,Жақындықтың белгісі - келіп -кетіп жүргені » ,- деп халқымыз бекер айтпаған болар. Ақсақал мен жігіттің амандасуы Жігіт:Ассалаумағалейкум, ата! Ата: Уағалейкумассалам, балам! Жігіт:Деніңіз сау ма? Аман -есенсіз бе? Ата: Құдайға шүкір, балам . Тәңірдің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз. ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды; 2. Қарт әже мен қыз баланың амандасуы: Қыз:Армысыз , әже? Әже. Бар бол, балам! Қыз:Үй іші, бал – шағаңыз аман ба? Әже:Тәңірге тәуба, барлығы күйлі - қуатты, аман -есен. Пікіралмасу – сәлемдескен кезде сәлемді алмаған мәдениеттілікке жата ма? - сәлем беру үлгілерінің мағынасын ашу үш топқа тапсырылады ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор - ақпарат береді - анықтайды; Дескриптор- ажыратады; сипаттама береді; Дескриптор - сәлемдесу туралы талдау жасайды; мәдениеттілік жайлы түсінік алады - сәлем беру үлгілерімен танысады | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект |
Үй тапсырмасы | «Сәлем сөздің анасы» Эссе | | | |
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-2
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Ата-бабаданқалғанілтипат– отбасының негізі |
Сабақтыңмақсаты | отбасы мүшелерін танып, атай алады; өзінің отбасы мүшелерінің туыстық атауларын таниды; отбасы мүшелерінің қызметін атай алады |
Бағалау критерийі | -Отбасы мүшелерін таниды, айтады; -Отбасы мүшелерінің туыстық атауларын жіктейді; -Отбасындағы әрбір отбасы мүшелерінің отбасындағы алар орнын біледі. |
Құндылықтарды дарыту | шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара сыйластыққа тәрбиелеу |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Психалогиялық ахуал «Кел санайық...» Үйде нешеу екенбіз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым-әкем, Балан үйрек-анам, Ортан терек-ағам, Шылдыр шүмек-мен, Кішкентай бөбек-сен. Үйде бесеу екенбіз Сабағымызды бастамас бұрын санау жүйесі арқылы топтарға бірігіп алайық. «Сұрақтар шеңбері» Әр топ тақырыпқа сай талқылау жүргізеді.Тапсырма: -Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Ғажайып сәт: (үйдің макеті жасырынып қойылады) оны табу үшін жұмбақ шешу керек. Жұмбақ: Төрт қарны бар, Бір аузы бар. /Үй/ Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» Дискриптор: отбасы мүшелерін бес саусақпен сәйкестен діреді. | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер үй макеті Интербелсенді тақтадан ата суретін тапқан кезде көрсету |
Сабақтың ортасы | №1 тапсырма: «Ойлан тап» ойыны арқылы үйде кімдер тұратынын анықтау. -Ақ сақалды, өте мейірімді, бау-бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім? /Ата/ -Өзі өте мейірімді, ақ шашты, жылы сөзін аямайтын, қолғап, шұлық тоқып беретін кім? /Апа/ Топтық жұмыс 1топ :Суретте көрсетілген отбасы мүшелерін атап,жасына сай ретімен орналастырады, бейнелейді 2-топ: Отбасындағы жасы үлкендерді бір бөлек, жасы кішілерді бір бөлек бағанға жазады, талдайды,айтады. 3-топ : Бейнелі сурет бойынша шағын әңгіме құрайды. ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі. «Бірге жаттайық»Тақтаға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші жағына биік таудың, бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреті ілінеді. Суреттерді біріктіру арқылы мақал құрастыру. Әке-асқар тау, Ана етегіндегі бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ. Сергіту сәті: Атам жылқы бағады, Аға пішен шабады. Жеңгем сиыр сауады,Әжем киіз қағады. №2 тапсырма: «Отбасы ағашы» отбасы мүшелерінің суреттерін салып, ағашқа орналастыру. -Анаңның анасы саған кім болады? -Анаңның әкесі кім деп айтамыз? -Сен өз атаңа кім боласың? ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; №3 тапсырма: «Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауларын атап, отбасындағы алар орны мен қызметтері туралы айтып беру. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: отбасы мүшелерін атайды, таниды Дискриптор: отбасындағы үлкендерді сыйлап өз орындарына орналастыру. өзгерістерін жіктейді Дискриптор: Отбасы мүшелерінің атқаратын қызметтерін атайды | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ өз-өздерін йықтарынан сипалап бағалау. ҚБ өте жақсы белгісін көрсету ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс Үйге тапсырма «Ата-ана отбасының негізгі діңгегі» Эссе | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-3
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа» (Асанқайғы) |
Сабақтыңмақсаты | Жырау өмірінен мәлімет алады, «Еділ бол да, Жайық бол» толғауымен танысып, толғау туралы түсініктерін кеңейтеді. |
Бағалау критерийі | «Миға шабуыл», СТО әдісі, топтық жұмыс ,жеке жұмыс |
Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық ізденіс, сөз өнерін арттырады,поэзияны түсініп, сырына үңіледі.Оқушылар бірін-бірі сыйлайды, тыңдайды. |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Топқа бөлу 1 топ: Жыршылар 2 топ: Жыраулар 3 топ: Би-шешендер «Миға шабуыл » 1. Асан қайғы деген кім? 2. Өмір сүрген кезеңі. 3. Асан қайғының қандай толғауларын білесіңдер? 4. Асан қайғының арманы не еді? 5. «Жиһангез жырау» деп аталу себебі неде? | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Талдау 1 топ. Өлең құрлысына талдау 2 топ. Тақырыбын ашу. Идеясын табу 3 топ. Асан қайғы толғауларындағы афоризм сөздер Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа. Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа. Мінезі жаман адамға Енді қайтып жуыспа. Тәуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа. Жинақтау 1.Өлеңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыздар. 2. Өлеңнен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады? 3. Толғау бойынша өз пікірлеріңізі айтыңыз. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Рефлексия 1. Эссе: Толғаудың маңызы неде? 2. Синкуейн. Жырау сөзіне бес жолды өлең 3. «Ұйқасын тап» Адамдықты толғап өткен бұрыннан, Жырау деген – қасиетті ... . Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған, Асан қайғы – неткен ғажап ... . Кері байланыс. «Бағдаршам» -Мен барлығын түсіндім-жасыл -Мен орташа түсіндім-сары -Ешнәрсе түсінбедім-қызыл Үйге тапсырма:Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-4
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Дастархан басында. |
Сабақтыңмақсаты | Оқушыларды ізеттілікке, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу |
Бағалау критерийі | өз ойын мәдени түрде жеткізе алады; |
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Әдептілер» «Тәртіптілер» «Мәдениеттілер» Миға шабуыл -Қонаққа, мейрамханаға, кафеге барғаныңызда. адамдар бірден сіздің әрекеттеріңіз қандай? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер | ||||||||||
Сабақтың ортасы | Тапсырма №1 Анықта. (жеке жұмыс)Үстел басындағы этикет ережелер туралы бейнематериалмен танысып болған соң, ұсынылған шағын мәтіннің мазмұнына қарай сюжеттік кестені толтырады.
І«Қонақтар сөйлейді» Топтық жұмыс 1- топқа: «Әдепті бала –арлы бала» Эссе жазу 2- топқа: Театрда, мұражайға барғанда... Ереже құрастыру 3- топқа: «Домино» ойыны: \ Сөз бөліктерінен өлең құрастырып шығу\ «Білген сайын келеді біле бергім.» Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу) «Домино» ойыны: Сыйластықты іздеген Әдеп сақтар ізгі өрен. Сыпайылық белгісі- Үлкендерге «Сіз» деген. Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек. «Білген сайын келеді біле бергім.» ( Мақалдардың жалғасын табу) 1. Жақсы –Ай мен күндей,............ 2. Жақсы адам жаймен келеді, ... ... .. 3.Балаң жақсы болса, сүйеніш, .... .... .......... 4. Ағаштан ағаш сәнін алады, \ адамнан адам тәлім алады\ 5. Әрқашан тілектес, .... .... \ досыңа көмектес.\ 6.Татулық- достық \ кепілі\ 7.Атаңа не қылсаң, 8.Әдепсіз өскен адамнан- \ тәртіппен өскен тал жақсы\ 9.Ұяда не көрсең... 10.Ашу – ... , ақыл -... | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы | ||||||||||
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз. Кері байланыс Бүгінгі сабақтан мен не білдім? Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің? Сабақ барысында қандай сұрақ туындады? Қиын болды… Бүгін мен білдім… Қызықты болды… Үйге тапсырмаДастархан басында. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |