ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 48
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ә мәтін
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Тіршілік қауіпсіздігі |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жолаушы көлікте қалай піл бола алады? |
Сабақтың мақсаты | қоғамдық көліктегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін атай алады; әртүрлі қоғамдық көліктегі мінез-құлықтың ережелерін ажырата алады; |
Бағалау критерийі | көліктегі дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын негіздей алады; көлік пен аялдамадағы мінез-құлық ережелерін бұзушылықты анықтай алады; «Көліктегі мінез-құлық ережелері» жаднамасын құрастыра алады; Өз сөзімен қорытынды тұжырымдай алады. |
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ширату (Ұ) Орнымызға жайғастық, Сабақты біз бастадық. Құпияны ашайын: Бүгін қызық болады! Өткенді бір қайталап, Біліктерді бекітіп, Жаңа білім аламыз. Ең соңында «Қолымнан келеді!» Деп айтамыз (Ж) – Қозғалысты жеңілдету үшін адам көлік түрлерін ойлап тапты. Бүгін біз қаладағы өмірді автобус, трамвай, троллейбус, метросыз елестете алмаймыз. Көлікті мектепке, дүкенге, стадионға, басқа қалаға немесе елге бару үшін пайдаланамыз. Үйде сөзжұмбақты шешіп, көлік түрлерін анықтадыңдар. (Ұ, Ж, Ө) Сабақ тақырыбы кестеде жасырылып, кілті берілді. (Жолаушы)
Кілт: 2-4, 1-1, 2-8, 1-6, 2-2, 1-5, 2-1, 2-7 – Жолаушы деп кімді атайды?Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) – Көлікті қоғамдық орын деп атауға бола ма? Не себепті? (Ө) Мәтін оқу – Қандай көлікті қоғамдық деп атауға болады? – Нені есте сақтауларың қажет? (Ұ, Ж, Т) «Қателіктерді түзет» дидактикалық ойыны. Қоғамдық көлікті пайдалану ережелері:
– Билетсіз жолаушы қалай аталады («қоян», «қоян сияқты жол жүру») – Не себепті ол осылай аталады? Мұғалімге арналған ақпарат: Осы теңеудің шығу тарихы нақты анықталған жоқ, бірақ оның едәуір ескі екені белгілі. 19-ғасырда да билетсіз жолаушылар «қоян» деп аталған. 1. Француз тілінің aller (voyager) en lapin – қоян сияқты саяхат жасау (яғни үй қояны, lapin "үй қояны") деген сөйлемінен туындаған. Билетсіз жолаушының ұсталып қалудан қорқып, қоян сияқты дірілдейтінін меңзейді. 2. Қоянның жылдамдығы да ескеріледі, өйткені билетсіз адамдар кондуктордан сытылып кету үшін жылдам болуға мәжбүр. Қорытынды: Есте сақтаңдар! Кез келген көлікпен жүрген кезде жолақы МІНДЕТТІ ТҮРДЕ төленуі тиіс! Қоғамдық көлікті пайдалану ережесін бұзған адам өзінің және жол қозғалысына қатысушылардың өмірлеріне қауіп төндіреді. (К) «Автомобильдер» сергіту сәті. «Ояндық, керіліп-созыламыз» Негізгі тұрыс, басты еңкейту, қолдар бастың артында, шынтақтар төменде. Қолдарды жоғары көтеріп, екі жаққа созамыз, басты көтеріп, бүгілеміз – терең тыныс аламыз; бастапқы қалыпқа ораламыз – дем шығарамыз. «Моторды от алдырамыз» Тік тұрамыз, қолдар екі жаққа созылады. Қолдардың білезіктерін денеміздің алдында айналдыра отырып, сол немесе оң жаққа денені бұрамыз. «Қауіпсіздік белдігін тексереміз» Тік тұрамыз, аяқтар алшақ қойылады, қолдарымыз денеміздің бойында. Оңға-солға еңкейіп, қолдарды дене бойымен сырғытамыз. «Тежегішті тексереміз» Тік тұрамыз, қолдарымыз арқамыздың артында, алдымен сол аяқтың табанын, одан кейін оң аяқтың табанын айналдырамыз. «Кеттік!» Бір орында жүру, кейін ол жүгіруге ұласады. (Т, Қ) Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс – Ата-анаң саған қоғамдық орындардағы қандай мінез-құлық ережелерін үйретті? (Тәртіптілік, сыпайылық) Айсұлудың сұрағы: – Көлікте кімге орын беру керек? (Ж) Оқулық бойынша жұмыс Ережелер жазылған бұлтшалармен жұмыс. Қорытынды:
Біз қоғамдық көлікті үнемі пайдаланамыз. Ойлап қарасаң, қиын ештеңе де жоқ, отыр да жүре бер. Алайда жолаушыларға арналған қауіпсіздік ережелері бар. (Ұ, К) «Автобуста» мультфильмін көріп, одан әрі талқылау. Оларды сақтамау мынадай жағдайға әкеп соғады. – «Барлық көлікте бірдей осы ережелерді сақтау керек пе?» деген сұраққа ойланып көріңдер? (Ж) Ауызекі сөйлеу тілін дамытуға арналған «Әңгіме құрамыз» жаттығуы. – Тақтада сөз тіркестері жазылған, көлікте жүрген кездегі іс-қимылдарды ретімен орналастыру қажет: 1. Автобус келіп тоқтады. 2. Билет алдым. 3. Орын бердім. 4. Көлік салонына кірдім. 5. Шығуға дайындалдым. – Осы сөз тіркестерімен сөйлем құрып көр. (Ұ) «Ол – мен және менің достарым!» ойыны. – Мен сендерге сұрақтар қоямын, онда айтылғанды істейтін болсаңдар, «Ол – мен және менің достарым!» деп айтыңдар. Егер ереженің қайсыбірі нормаға сәйкес келмесе, онда үндемейсіңдер. – Кім көше ортасындағы жолмен Үйге қайтады мектептен? – Жолаушы өткелімен Жолдан өтетін кім? – Кім желдей заулап жүгіретін, Бағдаршамды көрмейтін?
(Ж) Оқулықтағы суреттермен жұмыс – Көліктен шыққаннан кейін жолдан қалай дұрыс өту керектігі жөнінде айтыңдар. (Т) Қойылым. – Аялдамадағы мінез-құлық туралы қойылым қойыңдар. Әлия автобустан шыға салып, бірден көшенің екінші жағына жүгіре жөнелді. – Әлия дұрыс істеді ме? Көліктен шыққаннан кейін көшеден қай жерден және қалай өту керек? – Сендер көше мен жолдағы мінез-құлықтың негізгі ережелерін білесіңдер. Бірақ кейде басқа адамдардың жол қозғалысы ережесін бұзғанын көресіңдер. Қате мінез-құлықтың салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алады. Адамдар әртүрлі, кейде ауыр жарақаттар алады. Осының себебі – ереженің бұзылуы. Қорытынды: Жолдың жанында барынша мұқият және зейінді бол. Ересектермен бірге жол қозғалысы ережесін зерделе. Қалыптастырушы бағалау. Тапсырма Суретке мұқият қараңыз. Қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстай алмай тұрған балаларды анықтап, сәйкес нөмірін бояңыз. Олардың жасаған іс- әрекеттері басқаларға қандай жағымсыз, қауіпті жағдайлар туғызуы мүмкін? Топтық жұмыс. Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері туралы постер жасаңыз және таныстырыңыз. Дескриптор: Білім алушы − қоғамдық көлікте ереже сақталмаған балаларды анықтайды; − балалардың жасаған әрекеттері туралы ойын айтады; − қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстау ережесін құрастырады; − шығармашылық жұмысты таныстыруға қатысады. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстары ның қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Оқушыларға екі түрлі жағдаяттық тапсырма ұсынылады. Әр жағдаяттың шешімін талқылайды; өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте Венн диаграммасы ҚБ парағы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тың соңы | Саралау тапсырмалары. 1-деңгей – Жолаушылар көлікте өздерін дұрыс ұстаған суретті жасыл түсті қарындашпен белгіле, мінез-құлық ережесі бұзылған суретті қызыл түсті қарындашпен белгіле. 2-деңгей – Өз сыныптастарың үшін «Көліктегі мінез-құлық ережелері» жаднамасын құрастыр. 3-деңгей – Көліктегі мінез-құлық ережелері бойынша білімдеріңді тексеріңдер. 1. Автобусты: а) алдынан б) артынан в) кез келген жағынан айналып өтуге болады 2. Көлікте өз-өзіңді қалай ұстау керек? а) қатты дауыспен сөйлеу, шулау керек б) жолаушылармен ұрсысу керек в) өзіңді тыныш ұстау керек 3. Көлікте: а) орынды жасы үлкендерге ғана беру керек б) ешкімге орын бермеу керек в) қыздар мен әйелдерге орын беру керек г) отыруға мұқтаж адамдарға орын беру керек 4. Көлікте: а) кейде билет сатып алмауға болады б) әрқашан билет сатып алу қажет в) билет сатып алудың керегі жоқ | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект | |||||||||||||||||||||||||||
| Үйден сыныптастарыңа арнап кітапша құрастыр. | | | |
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Экологиялық мәдениет |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Жер ортақ үйіміз. |
Сабақтыңмақсаты | оқушыларға қоршаған орта, жер анаың адам өмірінде маңыздылығын түсіндіре отырып, Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. |
Бағалау критерийі | оқушыларға өмірлік «қошаған орта» , «жер ана» ұғымы туралы түсінік беру. |
Құндылықтарды дарыту | кешірімділік, сыйластық қасиетін дамыту, өзі-өзіне және айналадағы адамдарға құрмет |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1Ұйымдастыру кезеңі 1.1. 5 «Т» ережесін еске түсіру Тәртіп Талап Тазалық Тыныштық Татулық 1.2. Жағымды көңіл күйге келтіру. «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізу -Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі қандай ? -Бүгінгі тақырыбымыз не туралы болуы мүмкін? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | 2.1 Тақырыпты ашу · Жер ғаламшары несімен ерекше? · «Жер - жайлы мекен» деп неліктен айтады? · «Жер - жамылғы» дегенді қалай түсінесіңдер? · Жермен адамның қандай байланысы бар? · Өзің жерді не үшін қадірлейсің? 2.2 Дәйексөз. «Мықты болсаң , жердей бол » Халық нақылы Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту. · Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі. 2.3 Әңгiмелеу Алма ағашы мен бала (бейнесабақ) Сұрақтар. · Алма ағашы мен баланың сәби шақтағы достығы қалай еді? · Көп уақыт арасында не өзгерді? · Отбасын құрған балаға не керек болды? · Бәрінен шаршаған балаға алма ағашы қандай ұсыныс білдірді? · Қартайған бала мен ағашың ұқсастығы неде? · Баланың жасаған іс әректінен қандай түйін келтіреміз? · Өзің қоршаған ортаға қамқорлығыңды қалай көрсетіп келесің? Сергіту сәті Өлең мазмұнына сәйкес қимыл- қозғалыстар жасалады. ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды қоршаған ортаға қамқорлығыңды қалай көрсетіп келесің? Сергіту сәті : Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз, Құстай болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. 2.4. Шығармашылық іс әрекет, топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Жер ғажап ғаламшар » тақырыбында коллаж құрастыру 2-тапсырма. Өлеңді оқып жерге алғысыңды білдіріп алғыс хат жазамыз 3-тапсырма. Жерді қорғау туралы ереже құрастырып саламыз. 2.5 Мотивациялық қозғаушы Ойын: «Сипаттау арқылы жұмбақтың шешуін тап». Балалар күн, жаңбыр, бұлтты сипаттайды өз сөздерімен, бір бала соны суретіне қарамай, ойланып табу керек. | Бағалау критериі Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін ажыратады Дескриптор: Отбасындағы құқықтарын анықтайды; Ұғымдар бойынша ақпарат анықтайды; Дәйектердің нақты, толық сипаттайды: Дескриптор Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды; құрылысын сақтап, жүйелі ой жазады. Дескриптор: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін қажеттігін дәлелдейді; | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» landergenius@gmail.com | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс «Тазалық» әдісі бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыптан алғандарын ой елегінен өткізеді Еттартқыш- алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін. Чемодан- алған білімім болашақта қажет. Қоқыс жәшігі-алған білімімді қажет етпеймін. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект https://abesu.org/4-synyp-өzіn-өzі-tanu-sabaғy-32-zher-ortaқ-үyіmіz |
Жер- біздің ортақ үйіміз. Барлық ғаламшарлардың ішінде Жер шары ең әдемі,ең бай,өмір сүруге ең қолайлы планета.Жерді адамдар, құстар, жан- жануарлар мекен еткен.
Жердің 79% судан тұрады. Жер бетінде тек адамдар мен жануарлар ғана емес, өсімдіктер де өмір сүреді. Жер бетіндегі тіршілік адамдар мен табиғатқа ортақ. Демек табиғат пен адамдардың өмірі бір-біріне тікелей байланысты. Жердің байлығын, табиғатын, жан-жануарларын дұрыс пайдаланбасақ, қорғамасақ, жер бетіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіршілікке нұқсан келеді. Жер, су, Күннің жылуы, ауа - тіршілік көздері болып табылады. Сондықтан осы тіршілік көздерін ластамай,бекер ысырап етпей, аса сақтықпен пайдалана білуіміз керек. Зауыттан шыққан қалдықтар, түрлі қоқыстарды өртеу, машиналардан шыққан зиянды газдар және абайсызда шыққан өрт ауаны ластайды. Кейбір жануарлар мен құстар және өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр. Сондықтан оларды Қызыл кітапқа енгізген. Осы Қызыл кітапқа енген аңдар мен құстар, өсімдіктер мемлекеттік қорғауға алынған. Өйткені оларды қорғамаса , олар жер бетінен мәңгі жойылып кетеді.
Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан ең ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстанның көркеюіне бүкіл ел болып ат салысуда. Қазақстанның келешегі онда тұрған халыққа тікелей байланысты. Әрбір адам бір мүдде, бір бағыт, бір мақсатқа жұмыла еңбек етсе, еліміздің болашағы сөзсіз жарқын болады.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Онда көптеген ұлттың өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде. Олар бір - біріне дос, бауыр, жолдас. Қазақ елі, жері барлық жағынан бай. Елінің ынтымағы жарасқан. Жерінің қойнауы толған кен, жайлауы толған мал, даласы толған егін. Сәні мен салтанаты ерекше. Қазақ жерінің байлығы көз тұндырады. Сондықтан ертеде оның жаулары да көп болған. Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, тағы сол сияқты көптеген батырларының арқасында ұлтарақтай жерін де ешкімге бермей, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған. Осының бәрін олар келешектегі ұрпақ қамы үшін жасаған. Сол сияқты, киелі қазақ жері әулиелерімен де атағы шыққан. Мысалы: Семейдегі Қоңыр әулие , Жетісудағы Балпық әулие ,Ескелді әулиелердің кесенелері, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері, Жамбыл облысынды Айшабибі кесенесі соның айғағы.
Қазақстан көлдер мен өзендерге де бай. Атақты Ертіс, Іле, Шу,Есіл,Жайық өзендері де Қазақстанның жерін басып өтеді. Сонымен қатар атақты Балхаш, Алакөл, Бурабай, Жасыбай сияқты көлдері бар. Арал теңізі, Каспий теңізі тулаған балықтарымен елге әйгілі. Жердің көркі болған атақты Көкшетау, Алатау, Қаратау, Тарбағатай, Алтай, Баян тауларының қойнауы пайдалы қазбаларға толы. Қарағанды мен Екібастұздың көмірі, Маңғыстау мен Ақтаудың мұнайы еліміздің таусылмас қазынасы болып табылады. Осының бәрін өз
орнымен пайдаланып, табиғатын аялап сақтау, келешек ұрпақтың қолына табыстау - біздің негізгі міндетіміз.
Ерінбей еңбектеніп, елімізді гүлдендіріп, атағын бүкіл әлемге әйгілеуіміз керек деп ойлаймын. Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болады деп сенемін. Сол үшін өзімнің қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын. Өйткені мен өз Отанымды, өз елімді,өз жерімді,өз ғаламшарымды, оны мекен еткен бүкіл адамдар мен табиғатты сүйемін!
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-23
Бөлім: | Экологиялық мәдениет |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Менің айналамдағы әлем |
Сабақтыңмақсаты | оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. |
Бағалау критерийі | оқушыларға өмірлік «қошаған орта» , «жер ана» ұғымы туралы түсінік беру. |
Құндылықтарды дарыту | оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйренеді; |
1 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1Ұйымдастыру кезеңі Қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен және айналадағы әлем». - Мен және айналадағы әлем сөйлемін қалай түсінеміз? Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек деп қорытамыз жауапты. 1Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | 2. «Сиқырлы қобдиша» ойыны Қатысушы оқушыларға көздерін жұмуды ұсынамын. көресіздер және оған күліп қарауларыңыз керек. Барлық оқушылар қобдишаға қарап болған соң сұрақ қоямын: Сіздер жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіздер? Жан-жақты, қайталанбайтын бейне кім болып шықты? Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады? Қорытынды ой-түйін. Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне. Сондықтан, өмірімізді дұрыс көзқараспен, сыйластықпен қарым-қатынас жасауымыз керек. Өзін және басқалардың өмірін жоғары бағалап, бар болмысымен қабылдай білу, бір-бірімізге шыдамдылықпен, сыйластықпен қарай білу - біздің айналадағы әлеммен үндестікке өмір сүруіміздің бірден бір кепілі. Ал айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу – жетістікке жетудің, жеке тұлға болып кемелденуіміздің алғышарты және маңызды ереже. ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі. 3. «Менің жағымды және жағымсыз қасиеттерім» Өзіңді және өзгелерді бар болмысымен қабылдай білу үшін ең алдымен өзімізде бар қасиеттерді таразылап жұмыс жасай білуіміз керек. Ақ парақты екіге бөліп жағымды қасиеттерім, жағымсыз қасиеттерім деп өз бойымыздағы құндылықтарымызды саралап көрелік. 4. «Эмоциялар теңізінде» - Дәл қазір қандай сезімдесіздер? - Тағы қандай сезімдерді білеміз? - Жақсы сезімдерді сонан соң жаман сезінулерді айтайықшы. Жақсы сезімдерді айтқанды, өзімізді қалай сезіндік? Жаман сезімдерді айтуда қалай болды? - Ал енді бойымызды билеген жаман сезінулерден, қорқыныштан арылайық. Қолымызды, денемізді, аяқтарымызды сілкіп-сілкіп тастаймыз. Бәріміз бірігіп хормен «Өмір қандай тамаша! Өмір маған қымбат! Менің өмір сүргім келеді. Мен өмірді таңдаймын!» – деп айту керек. ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды | Бағалау критериі Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін ажыратады Дескриптор: Отбасындағы құқықтарын анықтайды; Ұғымдар бойынша ақпарат анықтайды; Дәйектердің нақты, толық сипаттайды: Дескриптор Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды; құрылысын сақтап, жүйелі ой жазады. Дескриптор: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін қажеттігін дәлелдейді; | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» landergenius@gmail.com | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Енді осы тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер. Қандай күйде болдыңыз? «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді. Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз! Кері байланыс «Тазалық» әдісі бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыптан алғандарын ой елегінен өткізеді Еттартқыш- алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін. Чемодан- алған білімім болашақта қажет. Қоқыс жәшігі-алған білімімді қажет етпеймін. Үйге тапсырма: Жер ортақ үйіміз! Суреттер көрмесін дайындау. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект https://abesu.org/4-synyp-өzіn-өzі-tanu-sabaғy-32-zher-ortaқ-үyіmіz |