ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 47
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-5
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: 5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Біз қорлауға қарсымыз |
Сабақтыңмақсаты | Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерінкеңейту. |
Бағалау критерийі | ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсінеді; адамгершілік қасиеттерді меңгереді; |
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту Кімді қорласаң, содан зар тартарсың мақалды талдау барысында адамдардың «ар-намыс», «қорлық» деген сөздерді ұсыныңыз Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер | ||||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма Жұптық жұмысБейнежазба жұмыс Берілген «Қорлау– басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту» туралы мәтін мен бейнежазбадан алған білімдеріңіді қолданып, жұпта «Борт журнал» кестесін толтырыңыздар
ЕББҚоқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі. Саралау тапсырмасы: Жеке жұмыс Зерттеу сұрағы арқылы белсенді оқу мен зерттеу жұмысына бағыттау үшін сұрақ қойып ойлануға уақыт береді Ар, намыс, ұят туралы мақал 1. Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер. 2. Ер жігітке өлімнен ұят күшті. 3. Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы. 4. Ақылың болса арыңды сақта: Ар - ұят керек әр уақытта. 5. Ел намысы - ер намысы. 6. Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы. 7. Өлімнен ұят күшті. 8. Мал сақтама, ар сақта. 9. Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен. 10. Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді. Талда-дерекпен жұмыс Оқушыларға тұлғалар таратады, тапсырма мәнін түсіндіреді «Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» дегеннен нені байқауға болады? Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи) Маңайлама ар - ұяттан безгенге, Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ж. Баласағұни) Пәле - жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық - ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер - Екі жалған бақытына бөленер. (Ж. Баласағұни) ЕББҚ« Суреттер сөйлейді» әдісі бойынща оқушыға суреттер/иллюстрация ұсынып,жазбаша немес ауызша тапсырма орындайды | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 16
Дескриптор:
Қорлық сөзінің мағынасын анықтайды;
басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті туралы сипаттайды;
өзгерістерін жіктейді
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-8
Бөлім: | Азаматтық және патриотизм |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | «Өз елімнің лайықты азаматымын» |
Сабақтыңмақсаты | туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. |
Құндылықтарды дарыту | Қтанға деген патриоттық сезімі қалыптасады. |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық Дәйексөз «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» А.Құнанбаев (Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып,мағынасын түсіндіреді) | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Мен елімнің азаматымын Балалар Сендер азамат деген сөзді қалай түсінесіңдер? Сен өз еліңді қалай сүйесің? Нағыз азамат – деп кімді атар едің? Оқушылар жауабы тыңдалады Экраннан «Өз елім»әнінің клипі жіберіледі Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша жетекші сұрақтар қойылады – Ән айтылып жатқанда қандай сезімде болдыңдар? -«Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім»- дегенді қалай түсінесіңдер? Әңгімелеу: С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін»мәтіні үнтаспадан тыңдалады. Мәтін бойынша жұмыс жасалынады. Жетекші сұрақ. *«Туған жерсіз адамын күні жоқ»- деген сөзді қалай түсінесіңдер? * Өз елің несімен ыстық? *Өз еліңді сүйетініңді қалай дәлелдейсің? Дәптермен жұмыс: Біз мәтінмен жұмыс жасап жатқанда апайларыңыз сурет салды. Сол суретке ат қойып шағын әңгіме құраймыз. Оқушылар жауабы тыңдалады Отан да ыстық. Отан -нан басталады. Т.б ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; Мұғалім сөзі: Туған ел, жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю – әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып – өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені, Отан – алтын бесігіміз, ата – анамыз! Дәйексөз «Ел іші – алтын бесік»деген мақал берілген осыны қалай түсінесіздер. Оқушылар пікірі. Мұғалім сөзі: Ел іші – алтын бесік»- деп бекер айтылмаған. Әрбір адам туғаннан – ақ ел бесігінде тербеледі. Олай дейтінім ол сол елдің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен дем алып, табиғатымен біте қайнасады. Елмен бірге болып суығына төзеді, ыстығына шыдап өз елімен бірге тәрбиеленеді. Балалар үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой, азамат», «Үлкен азамат бол»- деп ризашылықтарын білдіріп жатады. Кәнекей ой бөлісейікші. Оқушылар пікірі. АЗАМАТ сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар. А – адал З – зейінді А – ардақты М – мейрімді А – абыройлы Т – тәрбиелі Мінекей балалар Сендер азамат сөзінің мән мағынасын түсіндіңдер. Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар. Ол үшін жақсы оқып, тиянақты білім алу керек. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Балалар хормен ән айтады. өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы hpp://all.aikyn.kz › |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау «Адам болу қағидасын мұрат ет»- дейді. Абай атамызды «Ғажайып сөздер» айдарымен толықтырар болсақ; – елінің беделін көтеретін; – елінің атын шығаратын; – елінің қамын ойлайтын; – елі үшін еңбек ететін; – елі үшін өмір сүретін – нағыз АЗАМАТ Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін. Топпен ән айту. Н. Тілендиевтің «Өз елім»әнін аудио кассетадан тыңдату. Кері байланыс 1. Мен сабақ қызықты ______ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені ________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ___ зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі ____ сирек қатыстым 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын __ риза емеспін. Үйге тапсырма «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына эссе жазу. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-9
Бөлім: | Азаматтық және патриотизм |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні:5 | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | «Түрлі көзқарас-біртұтас ұлт» |
Сабақтыңмақсаты | Оқушыларға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. |
Бағалау критерийі | Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасайалады. |
Құндылықтарды дарыту | отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге дайын болады |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру 1.Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді. 2.Оқушыларды топқа бөлу:1-топ:Білімділер, 2-топ:Тапқырлар, 3 топ-Алғырлар | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Дәйек сөз. Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес Халық мақалы Дәйексөзді хормен оқыту, дәптерге жазып ал 1-топ:Мәңгілік ел 2топ- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл 3топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.
Сыныпты 3-топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру. Қазақстанның бүгінгі жетістіктері: 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. 1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті. 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. 2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. 4. Постермен жұмыс:-оқушыларға берілетін тапсырмалар 1-топ:Мәңгілік ел 2топ- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл 3топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері. ЕБҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды. ІІ топ. Термин сөздерін қатыстырып, өлең құрастыру. 1)...........................болмасын, ............................ қолдасын. .............................қарасақ, .............................болашақ 2)...........................қиянат, ...............................ұялат. ................................жүрейік, ...............................білейік. ІІІ топ. Кеңпейілдік туралы сахналау ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Оқушылартақтада ілінген күн көзінің шуағындағы жазылып тұрған жағдаяттарға жауап береді Дескриптор: -кеңпейілдік сөздерінің маңынасын анықтайды; жағдаяттарды шешеді; өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс «Желкенді кеме»
дықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;
Үйге тапсырма «Түрлі көзқарас-біртұтас ұлт» баяндама жазу | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект https://ust.kz › |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 16
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-10
Бөлім: | Медиасауаттылықжәнеқаржылықсауаттылық |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Әлеуметтік желілер деген не? |
Сабақтыңмақсаты | Әлеуметтік желілер туралы ақпарат алады, ауыспалы өткен шақ тұлғасымен танысады.:Қазақстандағы әлеум.желілер жайлы білімдерін кеңейтеді,мәтін ішінен ауыспалы өткен шақты табады.әлеуметтік желілердің әсері туралы пікір айтып, түсінгенін дәлелдейді. |
Бағалау критерийі |
|
Құндылықтарды дарыту | Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Әлеуметтік желі атаулары (facebook, instagram, ВКонтакте) жазылған парақшаларды таратып, оқушыларды «Мозаика» әдісімен 3 топқа бөлемін. І топ: Facebook ІІ топ: Instagram ІІІ топ:ВКонтакте Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу және топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Жүректен жүрекке» тренингін жүргіземін. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | |
Сабақтың ортасы | «Миға шабуыл» әдісі Талқылау сұрақтары: - Сіздердің топтарыңызға берілген атаулар бойынша не ойлайсыздар? - Әлеуметтік желілер дегеніміз не? - Қандай әлеуметтік желілерде тіркелгенсіздер? - Әлеуметтік желіде қанша уақытыңды өткізесіздер? - Әлеуметтік желінің адам өміріне тигізер пайдасы қандай? - Әр күндеріңізді әлеуметтік желісіз елестете аласыздар ма? Енді біз өз күн тәртібімізді жасап көрейік. 1-тапсырма. ЖЖ. Оқылым алдындағы тапсырма. Жұптасып «Әлеуметтік желісіз бір күнім» тақырыбында өздеріңіздің күн тәртіптеріңізді жобалаңыздар. -Өз күн тәртібіңізді әлеуметтік желісіз жобалау қаншалықты қиындық тудырды? -Жалпы әлеуметтік желілерден қандай проблемалар туындайды деп ойлайсыздар? ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; 2-тапсырма. Оқылым тапсырмасы. ЖЖ.ТЖ«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы жұппен, топпен жұмыс істей отыра проблеманы анықтайды, жалпы проблемалар тізімін шығарады, комментарий шығарады. 1-кезең. Мәтінді түсініп оқыңыздар, ондағы проблемаларды анықтаңыздар және олардың тізімін жасаңыздар. Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі — Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004жж. MySpace, Facebook жобалары шықты. Мысалы, Facebook бастапқыда Гарвард студенттеріне арналып бағдарламаланған. Сосын өзге де университет студенттерінің тіркелуіне мүмкіндік беріледі. Ал біршама уақыттан кейін электронды поштасы бар кез келген адам аккаунт ашып, қолдана бастайды. Twitter, Vkontakte, M-agent, Whatsapp,Instagramm,Viber,Другвокруг,Cacao Talk,Line, Imo сынды көптеген елдерде қолданылатын танымал желілер бар. Instagram – көбіне суреттерін бөліскісі келетіндерге арналған желі. Vkontakte қолданушылары 16-30 жас аралығында.Пайдасы достармен араласып, хат алмасып фото көреді. Түрлі видео, кино көріп, іздеген әнді табуға болады. Facebook-жаңалық алуға, дос табуға, уақыт өткізуге, ең бастысы көптеген пайдалы нәрселер алуға ыңғайлы әлеуметтік желі. Қазіргі қоғамның 65%-ы ғаламторға күнделікті кіре алады. Әлеуметтік желі жастардың басты ермегіне айналды және аурудың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Соның салдарынан күндіз меңіреу, селқос жанның күйіне түседі. Ұйқысы немесе ұялы телефонға ұзақ телмірудің денсаулыққа зиян екенін біледі. Бірақ оны қолданудан бас тартатындары қанбай, күн тәртібі бұзылады. Әрине, көпшілігі компьютер өте сирек. Керісінше, интернетке тәуелділік артып барады. 2-кезең. Проблемалар тізімімен танысып, оған комментарий жасаңыздар.
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі. 3-тапсырма. ТЖ «Сүзгі» әдісі. Сүзгідегі ең танымал желіні іріктеп жоғарыға қалдырып, танымалдығы төмен желілерді сүзгіден өткізіңіздер. My Spase -Жоғарыда қалдырған желілерді неге ең танымал деп санайсыздар -Сүзгіден не себепті танымалдығы төмен желілерді өткіздіңіз? 4-тапсырма. ТЖ. SWOT талдауы арқылы әлеуметтік желілер әлеміне сараптама жасаңыздар. Күшті жақтары Əлсіз жақтары Мүмкіндіктер Қауіптер ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды; | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор - Мәтінді түсініп оқиды - Мәтіндегі проблеманы анықтайды -комментарий жасайды. Сүзгідегі ең танымал желіні іріктеп жоғарыға қалдырып, танымалдығы төмен желілерді сүзгіден өткізеді Оқушылар SWOT талдауы арқылы әлеуметтік желілер әлеміне сараптама жасаңыздар. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» ҚБ. «Температураны өлшеу» әдісі.Топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін сұраймын. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керектігі жайлы түсінік алады. ҚБ Топ бір-бірінің жауабын тексеріп, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс «Бір ұсыныс, бір тілек, бір пікір» әдісі ҰСЫНЫС ТІЛЕК ПІКІР Үйге тапсырма. 1.« Әлеуметтік желісіз өткен бір күнім» тақырыбында өздерінің күн тәртібін жасап келу. 2.Әлеуметтік желі түрлеріне қосымша ақпараттар жинап келу. 3.Әлеуметтік желі туралы презентация жасап келу. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | |