Файл: 4050 рет 1 минутына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 125

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Гастроцепин//
Омепразол//
Фамотидин//
Маолокс//
+Алмагель
***

7 айлық ер балада антибиотикпен емдеу курсынан соң, нәжісінің сулы, кілегей, жасыл аралас болып 6ретке дейін жиілеуі пайда болды. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Іші аздап кебінген, пальпацияда ауырсынады. Бауырымн талағы ұлғаймаған. Алғашқы диагноз қойыңыз//

+Ішек дисбактериозы//

Ішек тітіркену синдромы//

Жедел ішек инфекциясы//

Целиакия//

Муковисцидоз

***

Қыз бала 12 жаста, іш қатуға, нәжісінің 3-4 күнге дейін болмауы, іштің төменгі бөлігінде ауырсынуға, нәжісінің «құмалақ» тәрізді болуы, ішектің толықтай босамау сезіміне шағымданады. Кейде іш қату іш өтумен кезектеседі (эмоциональды жағдаймен байланыстырады). 6 ай бойы ауырады.Қарағанда: дене бітімі дұрыс, аздаған жалпы интоксикация симптомдары байқалады. Іші жұмсақ, аырсынусыз. Лабораториялы-инструментальды зерттеулерде ауытқулар анықталмады. Алғашқы диагноз қойыңыз//

Бейарнамалы жаралы колит//

Крон ауруы//

+Іш қату басымдығымен ішек тітіркену синдромы//

Муковисцидоз//

Созылмалы холецистит

***

3 айлық бала анасындағы гипогалактияға байланысты, аралас тамақтандыруға көшірілді. Бейімделген қоспаны енгізгеннен кейін балада ішінде ауырғандық, құсу, лоқсу, нәжіс консистенциясының тұрақсыздығы (іш қату мен өтудің алмасуы)пайда болды. Бір айда салмағын 200 гр-ға жоғалтты, мазасыз болды. Алғашқы диагноз қойыңыз//

+Сиыр сүті белогын көтере алмаушылық//

Лактазды жетіспеушілік//

Целиакия//

Гиршпрунг ауруы//

Тітіркенген ішек синдромы

***

13 жасар қыз бала оң жақ қабырға астында ауырсынуға шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті. Іші жұмсақ, пальпация кезінде өт қабы тұсында ауырсынады, бауыры мен талағы ұлғаймаған.УДЗ-де холестатикалық синдром анықталды. Осы науқаста анықталатын лабораториялық көрсеткіштерді таңдаңыз//

+Сілтілі фосфатаза жоғарлауы//

АЛС жоғарлауы//
АСТ жоғарлауы//
Сары су темірі жоғары//
Өт қышқылдары деңгейі жоғарлауы

***

Науқас Р, 15 жаста, шаршағыштыққа, әлсіздікке, оң қабырға астындағы тұрақты сипатты, қайталанатын сыздап, қысып білінетін ауырсынуға шағымданады. Ауырсынуды майлы, қуырылған тамақ жеумен байланыстырады. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз//

Асқазанның жара ауруы//


Жедел панкреатит//

Жедел аппендецит//

Созылмалы гепатит//

+Билиарлы жол дисфункциясы

***

12 жастағы қыз балада 4 жасында лимфобластты лейкоз анықталды, қан препараттарын қабылдады. 5 жасында В және С вирусты гепатиті диагнозы қойылды. Ем қабылдады, бірақ ремиссияға жету мүмкін болмады. Соңғы 6 ай бойы келесі симптомдар пайда болды: өңеш венасының кеңеюі, геморроидальды түйіндердің пайда болуы, «Медуза басы», асцит

мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз//

Жильбер синдромы//

Созылмалы гепатит С//

+Бауыр циррозы//

Созылмалы гепатит В//

Созылмалы холецистит

***

2 жастағы қыз бала сұйық, сулы, қышқыл, көпіршікті нәжіске, метеоризмге, іштегі шаншуға шағымданады. Бұл симптомдар ішек инфекциясын өткергеннен кейін пайда болды. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші аздап үрілген, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз//

Целиакия//

Экссудативті энтеропатия//

Муковисцидоз//

Жедел ішек инфекциясы//

+Екіншілік лактазалық жетіспеушілік

***

Қыз бала, 9 айлық, сұйық нәжіске, құсуға шағымданады. Бұл симптомдар жеміс жидек шырынын ішкеннен кейін пайда болған. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші аздап үрілген, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз//

Экссудативті энтеропатия//

Лактаздық жетіспеушілік//

Муковисцидоз//

+Фруктозаны көтере алмаушылық//

Целиакия

***

15 жастағы ер бала, 5 жыл бойы созылмалы гастродуоденитпен ауырады. Асқынуы жылына 2-3 рет байқалады, диета сақтамайды, емді толық алмайды. Тері жамылғысы таза, боз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 20 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 78 рет мин. АҚҚ 110/68. Тілі «жылтыр», кейде күйдіру сезімі байқалады. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. ЖҚА ЭТЖ-10 мм/сағ, Нв-70г/л, т.к -1,2, эр-3,2*1012/л, лейк-7,7*109/л, т/я-0, с/я-51%, эозин-2%, лимф- 38%, моноцит-9%. Осы клиникалық сипаттамаға созылмалы гастриттің сәйкес эндоскопиялық көрінісін көрсетіңіз//

Эрозивті//

Гипертрофиялық//

Беткей//

Аралас//

+Атрофиялық

***

Бөлімшеге 11 жастағы қыз бала түсті, жағдайы ауыр, Тері жамылғысы боз, сарғыш. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасында, талағы қабырға доғасынан 3 см-ге шығыңқы. ЖҚА ЭТЖ-10 мм/сағ, Нв-68г/л, т.к -0,9, эр-2,2*1012/л, лейк-7,7*109/л, т/я-0, с/я-53%, эозин-0%, лимф- 38%, моноцит-9%, ретик-6%. Б/х-да: тікелей емес гипербилирубинемия- 84 ммоль/л байқалады, АЛТ, АСТ қалыпты. Вирусты гепатит маркерлері теріс мәнді. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз//


Жедел вирусты гепатит В//

Жедел холестаз//

Бауыр циррозы//

+Гемолитикалық анемия//

Жедел вируст гепатит С

***

13 жастағы қыз балада іш қуысы УДЗ-де өлшемі 0,5 см кальцифицирленбеген жалғыз түзіліс анықталды. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тәбеті жоғарлаған. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында аздап ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Емдеу тактикасын анықтаңыз//

Холекинетиктер//

Спазмолитикалық терапия//

Холеретиктер//

Оперативті ем//

+Урсодезоксихолий қышқылы препараттары

***

Қыз бала, 15 жаста, майлы тағам қабылдағаннан кейін байқалатын оң қабырға астындағы сыздап ауырсынуға шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында аздап ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Дәрігер сынамалық таңғы астан кейінгі УДЗ-н тағайындады.УДЗ нәтижесіне сәйкес тюбаж тағайындау көрсеткіштерін анықтаңыз//

Билиарлы жолдың гипермоторлы дисфункциясы//

Өт тас ауруы//

+Билиарлы жолдың гипомоторлы дисфункциясы//

Постхолецистэктомиялық синдром//

Бауырішілік холестазбен жүретін бауыр ауруы

***

13 жастағы қыз бала оң қабырға астындағы қайталанатын, толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданады. Анасы өт тас ауруымен ауырады. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында аздап ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Дәрігер іш қуысы органдары УДЗ-н тағайындады. УДЗ нәтижесіне сәйкес балада байқалатын өт тас ауруы критерийін анықтаңыз//

Өт қабы деформациясы//

Өт қабы қабырғасы қалыңдауы//

+Тас анықталуы//

Өт жинақталу белгісі//

Өт қабы көлемі ұлғаюы

***

15 жастағы ер бала. Дене шынықтыру сабағынан кейін жедел, интенсивті, оң жақ иыққа таралатын оң қабырға астындағы шаншып ауырсынуға шағымданды. Қалпын өзгерткенде ауырсыну күшейеді. Жүрек айну, құсу пайда болды. ЖҚА-де лейкоцитоз солға ығысқан, ЭТЖ жоғары. Іш қуысы УДЗ-де өт қабында гиперэхогенді диаметрі 1 см өлшемді түзіліс анықталды. Мүмкін диагнозды анықтаңыз//

Жедел холецистит//

Жедел панкреатит//

Жедел гастрит//

Жедел дуоденит//

+Өт тас ауруы

***

Қыз бала 8 жаста, майлы тағам қабылдағаннан кейін қайталатын жүрек айнуға, шаншып ауырсынуға, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Ерте жастан бастап іш қату байқалады, нәжісі- қой құмалағы типті. ЖҚА- өзгеріссіз, УДЗ- өт қабы өлшемі ұлғайған, өт қабында өт жинақталу белгілері байқалады. Басқа құрылымдық өзгерістер анықталмады. Алғашқы диагноз койыңыз//


Билиарлы жолдың гипермоторлы дисфункциясы//

+Билиарлы жолдың гипомоторлы дисфункциясы//

Жедел холецистит//

Вирусты гепатит//

Спастикалық іш қату

***

3 жастағы ер балада профилактикалық тексеруде окулист көз алмасы айналасында сұр-жасыл түсті сақина анықтады. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан +5 см-ге шығыңқы, талағы ұлғаймаған. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз//

Бауыр циррозы//

+Вильсон- Коновалов ауруы//

Пигментті гепатоз//

Созылмалы вирусты гепатит//

Өт тас ауруы

***

Қыз бала, 1 жас 6 ай. 1 жас 3 айында ішек инфекциясын басынан кешірген. Соңғы 3 айда анасы сүт немесе сиыр сүті ботқасын қабылдағаннан кейін баласында сұйық нәжіс, іш кернеуі, құсу пайда болғанын байқайды. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші аздап керілген, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Болжам диагнозды анықтаңыз//

Целиакия//

Муковисцидоз//

Біріншілік лактазалық жетіспеушілік//

+Екіншілік лактазалық жетіспеушілік//

Ішек дисбиозы

***

14 жастағы ер бала 12 елі ішектің хеликобактер этиологиялы жара аурумен эрадикациялық терапияның 2- курсын /квадротерапия/ қабылдады. Қай уақытта эрадикация бақылауын жүргізуге болатындығын белгілеңіз//

2 аптадан кейін//

Ем толық аяқталғаннан кейін//

+4 аптадан кейін//

1 жылдан кейін//

Ем жүргізу кезінде

***

1 жас 2 айлық қыз бала. Ботқа түрінде қосымша тағам енгізгеннен кейін 3 айдан кейін салмақ жоғалтуы, дамуы кешігуі, полифекалия байқалған. Бала тексерілді, Целиакия, типтік түрі, орташа ауырлық дәрежесі диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауырлыққа жақын. Тәбеті төмендеген. Тері жамылғысы таза, боз. Іш көлемі ұлғайған, аздап керілген, бауыры мен талағы ұлғаймаған, нәжісі көп мөлшерде, 3-4 рет күніне, зәр шығаруы еркін.

ҚР ДСМ 30.10.2015ж №18 клиникалық хаттамасы бойынша ем тағайындаудың негізгі принципін анықтаңыз//

+Аглютенді диета//

Глюкокортикоидтар//

Орын басушы терапия//

Ферменттер//

Пробиотиктер

***

6 жастағы ер балада ерін, тіл, ауыз қуысы кілегей қабатында телеангиоэктазиялар пайда бола бастаған, бірнеше рет қан аралас құсу байқалған. Генеологиялық анамнезінде үлкен ағасы 8 жасында ішектен қан кетуден қайтыс болған, әкесі жағынан ағасында ерін мен тіл телеангиоэктозиясы бар. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз//

Мэллори- Вейсс синдром//

+Вебер- Рандю- Ослер ауруы//

Вильсон- Коновалов ауруы//

Геморрагиялық гастрит//

Верльгоф ауруы

***

2 жастағы қыз балаға целиакия диагнозы қойылды. Аглютенді диетаны тұрақты ұстанады. Өсуі мен дамуы жасына сәйкес. Нәжісі бұзылуы байқалмаған. 15 жасында ата- анасы дәрігерге келіп, диета аумағын кеңейтуін сұрады. Отбасына ұсыныстар беріңіз//


Аптасына 2-3 рет нан өнімдерін қосу арқылы, біртіндеп диетаны кеңейту//

Шұжық өнімін қосу арқылы диетаны кеңейту//

Печенье қабылдауға рұқсат беру//

Сұлы ботқасын аптасына 2-3 рет жеуге рұқсат ету//

+Ата-анасы мен баласына аглютенді диетаны өмір бойы ұстануы қажеттілігін түсіндіру

***

2 жастағы ер балада туылғаннан бері қоймалжың көпіршікті қышқыл иісті нәжіс болуы, ішінің үрілуі, іштегі шұрылдау, қайталанатын мазасыздық байқалады. Салмағын жақсы қосады, эксикоз мен токсикоз белгілері байқалмайды. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Алғашқы диагнозды қойыңыз//

Целиакия//

Панкреатит//

Муковисцидоз//

+Лактазалық жетіспеушілік//

Ішектік дисбиоз

***

Нефрологиялық бөлімшеге 14 жастағы ауру бала ісікпен түсті, АҚҚ 145/100 мм.сын.бағ. Зәрінде белок 3,3 г/л, эритроцитер жаппай. Тез дамыған гиперкреатининемия аңықталды. Бүйрек биопсиясы жүргізілді. Қандай морфологиялық өзгеріс мүмкін ?//

Мезангиопролиферативті гломерулонефрит//

Фокальді-сегментарлы гломерулосклероз//

+Экстракапиллярлы гломерулонефрит//

Эндокапиллярлы пролиферативті гломерулонефрит//

Шумақтың минимальді өзгерістері