Файл: 4050 рет 1 минутына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 129

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ҚІИ//

Туа пайда болған пневмония//

+Туа біткен гипотиреоз//

Бас миының туу кезіндегі жарақаты//

Транзиторлы гипертиротропинемия

***

10 жастағы бала «Гипоталамиялық синдром, нейро – эндокринді форма, Семіздік 2 дәрежелі» диагнозымен эндокринология бөлімшесіне түсті. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл – күйі әлсәз бұзылған. Тамақтануы жоғары. Салмағы – 44кг, бойы – 129 см.тері жамылғысы таза, қалыпты түсті, иық және жамбас терілері «құс терісі», омыртқа аймағы алқызыл түсті. Тері асты шел май қабаты жақсы дамыған, ұзындығы 4,5см. Ағзалары жасына сай дамыған. Қалыпты кездегі тері асты шел май қабатының қалыңдығы//

+1,5-2 см//

1,5 см төмен//

2 см жоғары//

3-4 см//

Анықталмайды

***

1 айлық бала, салмағы 3500,0, сыртқы жыныс мүшесінің құрлысының өзгерісімен туылды. Туылған кезде ер бала жынысы анықталды. 1 айлығынан бастап әлсіздікке, салмағының жоғалуына, тәбетінің жоғалуына, бозғылдыққа, кідіріске, көп ретті құсуға және сұйық нәжіске шағымданып инфекциялық ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр, кахексиялық дене бітім, селқос, адинамиялық. Үлкен еңбегі әлсіз түсіңкі. Тері асты шел май қабаты жоқ, тері тургоры және эластикасы төмендеген, тері қатпарлары жинақталған. Сыртқы жыныс мүшесі дұрыс емес формада, пенис тәрізді клитор, жыныс еріндері гипоплазияланған. Калий электролиді 4,7ммоль/л, натрий 120ммоль/л, кальций 1,14ммоль/л, хлор 90ммоль/л//

Гипоспадия//

Крипторхизм//

+Туа біткен бүйрек үсті безінің сыртқы қабатының дисфункциясы, тұз жоғалту формасы//

Жалған ерлік гермофродитизм//

Туа біткен бүйрек үсті безінің сыртқы қабатының дисфункциясы, жай вирильная форма

***

Қыз бала 13 жаста, бойының төмендеуіне және салмақ қосуға шағымданады. Мамасының айтуы бойынша бой өсуінің төмендеуі 3 жасынан басталады. 5 жасынан бастап эндокринологтың бақылауында. Туғандағы салмағы 3100,0, бойы – 50см. Тұқымқуалаушылығы: анасы жағынан ҚД 2типі, үлкен ағасында кеш дамыған пубертат. Гиперстениялық дене бітім. Бойы 128см, 8 жасқа сәйкес келеді. Салмағы – 42кг, салмақ қосады – 55,5%(ІІ дәрежелі). Мойынның қанат тәрізді қатпарлануы анықталады. Жыныстық дамуы қалыпты. Гормондар: Т4 св.- 14,87пмоль/л, ТТГ – 3,70 МЕ/мл, инсулин – 12,46МЕ/мл, ЛГ – 31,29МЕ/л, ФСГ – 125,3МЕ/л, эстрадиол - <5,00, кортизол – 319,0нмоль/л, АКТГ – 39,39 пг/мл. Кіші жамбас қуысының УДЗ: жыныстық дамуы 9-10 жасқа сәйкес (жатыр,жатыр мойнының, аналық бездің кішіреюі). Сол жақ шынтақ – білек буынының РГ: «сүйектік күнтізбе» жасына сәйкес. Болжам диагноз қойыңыз//


Біріншілік гипотиреоз//

Бой өсуінің тоқтауының конституциональды түрі//

Пубертатты жастағы гипоталамиялық синдром//

Кеш пубертат//

+ Шерешевского – Тернера синдромы

***

Ер бала 13 жаста, ауруханаға тез әлсіреу, шаршағыштықтың жоғарлауы, есте сақтаудың төмендеуі, еңбекке қабілетінің төмендеуі, дене салмағын айқын жоғалтуы, тері жамылғысының қоюлануына шағымданып түсті. 3 айға шуық ауырған. Қарау кезінде: арықтаған, тіл шеті, ерін кілегейі, алақан қыртыстарында, мойнында, бел аймағында қоңыр түсті пигменттің жинақталған. Қкпесінде везикулярлы тыныс. АҚҚ 70/35 мм ын б. Жүрек шектері қалыпты, жүрек тондары тұйықталған. пульс 60 рет мин., жіп тәрізді. бауы мен талағы ұлғаймаған. ЖҚА: қандағы қант мөлшері – 3,0 ммоль/л, К+ - 7,8ммоль/л, Na –110ммоль/л. Болжам диагноз қойыңыз//

Гемохроматоз //

+Аддисонов ауруы//

Бауырдың пигментті циррозы//

Тиреотоксикоздың пигментті формасы//

Пеллагра

***

Бала 15 жаста, ТС – 3400,0. 1жасында -11,300,0. 3 жасынан бастап жылына 5-6 кг қосатын болды. Май тіні бірқалыпты жайылған. 12 жасында ұзақ мерзімді наркозбен іш қуысына ота жасалды, осыдан кейін бас ауруы, әсіресе физикалық және психикалық стресс кезінде. АҚҚ 140/80 мм сын б. дейін жоғарлауы анықталды. Жамбаста және іште күлгін түсті стрии пайда болды. Тексергенде бойы 182 см, салмағы 100кг. М-ЭХО жеңіл басішілік гипертензия анықталды. Үш сағаттық термометрия кезінде температураның 37,2-37,3 С жоғарлауы анықталады. Баладағы семіздіктің нұсқасын анықтаңыз//

Экзогенді- конституциональды семіздік, жай түрі//

+Экзогенді- конституциональды семіздік, өткінші түрі//

Экзогенді- конституциональды семіздік, асқынған түрі//

Церебральді семіздік//

Диэнцефальды семіздік

***

Қыз бала 8 жаста, жаңа жылдық мерекеден кейін көп тәтті жеді. Ақпан айында салмағының азаюына көңіл аударды. Сұйықтықты көп мөлшерде ішеді және жиі зәр шығарады. Бір түнде 2-3 рет су ішіп және зәр бөледі. Амбулаторлы тексеру кезінде қандағы глюкоза мөлшері аш қарынға – 8,0ммоль/л, 2800 мл (тәуліктік) зәрде 4 пайыз қант анықталды. Болжам диагноз қойыңыз//

+Қант диабеті, жеңіл ағымды//

Қант диабеті, орташа ауыр дәрежелі//

Қант диабеті, ауыр ағымды//

Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы//

Қантсыз диабет

***

Бала 11 айлық. Соңғы 3 аптада тұрақты бөртпелер мазалайды. Ашқарақтанып ішеді және жейді, тіпті түндеде. Бірақ салмақ жоғалтты. Энурез белгілері пайда болды, .айынан осы жасына дейін түнгі ұйқысы бұзылмаған. Аймақтық дәрігердің тактикасын анықтаңыз және болжам диагноз қою ең ақпаратты әдіс//


ЖҚА//

ЖЗА//

Іш қуысының УДЗ//

+қандағы қантты анықтау//

lgE анықтау

***

5 жылдан бері қант диабетімен ауратын науқас таңғы астағы ботқадан бас тартты. 1 сағаттан соң анасы қызының қозғыштығы, бетінің қызаруы, қол-алақанының дірілдеу, бет және мойын терілері ылғалды екенін анықтаған. Баланың жағдайының төмендеу себебін анықтаңыз//

Гипергликемия//

Вагоинсулялы криз//

Симпатоареналды криз//

+гипогликемия//

Жедел жүрек – тамыр жетіспеушілігі

***

Қыз бала 6 жаста. Жарты жыл бұрын бас жарақатынан кейін қатты шөлдегіштік, жиі көп зәр бөлу, энурез пайда болды, тәбеті төмендеп, арықтаған. Сұйықтықты шектеуді көтере алмайды-әлсіздік, адинамия, тез шаршағыштық,дамиды, қызуы көтеріледі, зәр бөлуі жиі болады. Терісі құрғақ, боз, тіндер тургоры төмен, тері асты шел майы нашар дамыған, ретсіз таралған. Диурез 5500 мл, тығыздығы – 1001-1003.ЖЗА: белок, қант жоқ. Лейкоциты-1-0-1 к/а. Глюкоза ашь қарында – 3,2 ммоль/л.Алғашқы диагнозды қойыңыз//

+Орталықты қантсыз диабет//

Бүйректік қантсыз диабет//

Психогенді полидипсия//

Бүйректің созылмалы ауруы//

Созылмалы цистит

***

Бала 11айлық, 3600 салмақпен туылған, отбасында алдыңғы екі бала 1 жасқа дейін қайтыс болған (диагноз- себебі белгісіз ішек инфекциясы). Балада 2 айлығына дейін лоқсу мен фонтанды құсу болған. Қалған 9 ай бойы эндокринолог тағайындауымен преднизолон 5 мг қабылдаған. Екі күн бұрын ЖРВИ белгілері пайда болып, танертен қызуы 37,4оС көтеріліп, лоқсу, сұйық нәжіс, бұлшық ет гипотониясы, салқын тер пайда болды.Жүрек тондары тұйық, пульсі жиі, 150соққы минутына, аз толымды. АҚҚ – 60/20 мм сын бағ. Бала тежелген. Гениталий гермафродитті құрылымды.Б/х: глюкоза аш қарында– 3,7мМ/л, Калий-6,0 мМ/л ( 4,1-5,3), Натрий- 130 мМ/л (139-146),17-ОН-прогестерон- 6,1 нг/мл. Диагнозды дәлелдеу үшін жүргізілетін зерттеулерді көрсетіңіз//

+Бүйрек үсті қыртысынан өндірілетін гормондарды анықтау //

ЖҚА//

ЖЗА//

Іш қуысы УДЗ //

ФГДС

***

Қыз бала 10жаста, түйінді жемсау бойынша операциядан өткен. Биопсияда қалқанша безінің рагі анықталды. Бір аптадан соң е әлсіздік, ұйқышылдық, жұмысқа қабілетінің төмендеуімен эндокринологке келді. Қарағанда: күрт тежелген,терісі құрғақ, жұрек тондары тұйық, іш қату, ЖСЖ 66рет мин.АҚҚ70/40 мммсын бағ. Диагнозды анықтау үшін балаға қандай зерттеу жүргізу керек екенін көрсетіңіз//


ЭКГ//

жүрек УДЗ//

Б/х- қант анықтау//

+Қалқанша безі гормондарын анықтау//

ЖҚА

***

Бала 5 жаста. Үлкен зауыт қасында өндірістік аймақта тұрады. Поф қарауда қалқанша безінің 2д ұлғаюы анықталды. Қызметінің бұзылысы жоқ.Тексеруде ЭКГ, холестерин, жадпы белок қалыпты. УДЗ-де: қалқанша безі көлемі 1,7 есе ұлғайған, құрылымы біртекті. Балада қандай патология туралы ойлауға болатындығын айтыңыз//

+Эндемиялық зоб, эутиреоидты//

Диффузды токсикалық зоб//

Эндемиялық зоб, гипофункция//

Гипотиреоз//

қалқанша безі ісігі

***

Ер бала 12 жаста, бір апта бұрын жоғары қызба, интоксикациямен баспамен ауырды., бірақ қазір мойын аймағында ауырғандық, тұншығу сезімі сақталады. Қалқанша безі аймағы існген, жұтынғанда байқалады және сипағанда ауырсынады. Арасында субфебрилитет тіркеледі. Тахикардия 94-96 соққы мин, жүрек тондары күшейген. Бала тітіркенгіш, жылағыш. Диффузды токсикалық жемсау диагнозы қойылды. Ем тағайындаңыз//

+Тиамазол//

Эутирокс//

Йодомарин//

Ибупрофен//

Натрий бром

***

Бала туғаннан семіздікпен ауырады. Акушерлік анамнезі асқынған. ОЖЖ органикалық зақымдалуы бар, тәбеті күрт жоғарлаған.Жылына 7-8 кг қосады. Қарау кезінде 4 жаста, ұзындығы102 см, салмағы-35 кг. АҚҚ-130/60 мм сын бағ, тахикардия. ЭКГ-детісшелер вольтажы төмен, сол қарынша гипертрофиясы. Баладағы семіздіктің мүмкін вариантын анықтаңыз//

Экзогенді//

Экзогенді-конституциональды//

+Церебральды//

Аралас//

Прадер-Вилли синдромы

***

Бала диабетпен 3 жыл ауырады. Инсулин алады. Кенеттен есін жоғалтты. Терісі ылғалды, қызарған.Тынысы беткей, АҚҚ жоғары. Арасында аяқ-қолы дірілдейді. Балада қандай шұғыл жағдай дамығанын айтыңыз//

Гипергликемиялық кома//

+Гипогликемиялық кома//

Гиперосмолярлы кома//

Құрысу синдромы//

Гипертониялық криз

***

8 жасар бала, 1 сағаттан бері есінен танып жатыр, тынысы Куссмауль, ұрты қызарған, терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, аузынан ацетон иісі бар. 3 апта бойы шөлдегіштік, жиі зәр бөлу мазалаған, 1кг-ға арықтаған.Қанда қант28 ммоль/л. Мүмкін алғашқы диагнозды таңдаңыз//

Қант диабеті //

Қантсыз диабет//

+Диабеттікетоацидозды кома//

Менингит//

Гипогликемиялық кома

***

Бала 8 жаста, жедел жәрдеммен жеткізілді, есін жоғалтқан.1 сағаттан бері есінен танып жатыр, тынысы Куссмауль, ұрты қызарған, терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, аузынан ацетон иісі бар. 3 апта бойы шөлдегіштік,жиі зәр бөлу мазалаған, 1кг-ға арықтаған.Қанда қант 28 ммоль/л. Инфузиялық терапия үшін бастапқы ерітіндіні таңдаңыз//


7,5% калий хлориді ерітіндісі//

+ 0,9% натрий хлориді//

40% глюкоза ерітіндісі//

5% глюкоза//

Реополиглюкин

***

Ер бала 8 жаста, реанимация бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, санасы жоқ,тынысы Куссмауль, ұрты қызарған, терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, аузынан ацетон иісі бар. 3 апта бойы шөлдегіштік, жиі зәр бөлу мазалаған, 1кг-ға арықтаған.Қанда қант 28 ммоль/л. Төмендегі емнің қайсысын ерте бастағанда, осы жағдайдын алдын алуға болатындығын көрсетіңіз//

көп сұйықтық ішу//

+инсулин енгізу//

диета сақтау//

физикалық жүктеме мөлшерін сақтау//

Психоэмоциональды тыныштық

***

Глюкозаға толеранттықтың бұзылысы бар науқастаСГТТ жүргізгеннен 2 сағ соң қандағы глюкоза деңгейін анықтаңыз//

3 ммоль/л төмен//

5 ммоль/л төмен//

8 ммоль/л төмен//

+ 8 – 11 ммоль/л//

11 ммоль/л артық

***

Ер бала 8айлық, 1-ші жүктіліктен, мерзімінде босанған. Туылғандағы салмағы 2300г, бойы 45см. Жүктіліктің 1-ші триместрнде анасы гриппен ауырған. Туылғаннан бері балада іш қату, даусы жәй, қозғалыстың болмауы байқалған. Жалпы қарауда: бала басын ұстай алмайды, тісі жоқ, терісі құрғақ, бұлшық еттік гипотония, тері асты шел май қабаты ісінген, тілінің ұлғаюы. Жүрек тондары тұйықталған. Бауыры қабырға асты доғасынан 4см шығыңқы. Дене салмағы 6кг, бойы 59см. ЖҚА: холестерин-10,8ммоль/л, қант-3.4ммоль/л, нәруыз-89г/л; саусақ рентгенограммасында: сүйектердің дифференцировкасы құрсақішілік дамудың 9-шы айына сәйкес келеді. Мүмкін алғашқы диагнозды таңдаңыз//

Хашимото тиреоидиті//

ОЖЖ патологиясы//

Эндемиялық зоб//

+Туа пайда болған гипотиреоз//

Тиреотоксикоз

***

Нәресте 8айлық, туа пайда болған гипотиреоз диагнозы қойылды. Қарау кезінде: статикалық және жүйке психикалық дамуының қалыс қалуы анықталды: басын ұстай алмайды, отыра алмайды, тісі жоқ, буындарды айта алмайды. Терісі құрғақ, бұлшық еттік гипотония, тері асты шел май қабатының ісінуі, тілінің ұлғаюы. Жүрек тондары тынықталған, брадикардия 1мин-98рет. Бауыры: қабырға асты доғасынан 4см шығыңқы. Дене салмағы 6кг, бойы-59см.ЖҚА: холестерин-10,8ммоль/л, қант-3.4ммоль/л, нәруыз-89г/л; саусақ рентгенограммасында: сүйектердің дифференцировкасы құрсақішілік дамудың 9-шы айына сәйкес келеді. Қажет емді жүргізіңіз//

+ Орын алмастырушы//

Дезинтоксикациялық//

Десенсибилизерлеуші//

Антибактериалды//

Витаминотерапия

***

14жасар қыз бала, анасының шағымы бойынша: бойының өспей қалуына, психикалық дамуның қалыс қалуына, іш қату, селқостық, тежелген. Жалпы қарауда: терісі құрғақ, бозғылт, беті ісінген, бұғана үсті және асты аймақтары ісінген, тіс эмальдарының дистрофиясы, бұлшық еттік гипотония. Салмағы 25кг, бойы-120см. Психикалық дамуы 3жасар баланыкыне сәйкес. Саусақ рентгенограммасында: сүйек дифференцировкасы 6жасқа сәйкес. ЖҚА: холестерин-12ммоль/л,қант -3,4ммоль/л, нәруыз-88 г/л. Төмендегі препараттардың қайсысы емге қажет екенін таңдаңыз//