ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 103

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


263



264



Ортасы

(35 мин)

19-жаттығу ауызша орындалады. Ал- дымен мәтінді QR-код арқылы тыңдайды. Сосын мәтінмен жұмыс ұйымдастырыла- ды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Мәтін мазмұны бойынша және өздеріне қатысты сұрақтар қойылады.

  • Спортшы деген кім?

  • Олар қандай жарыстарға қатысады? Өзің қай спорт түріне қатысасың?

  • Олимпиада ойындары жайлы не білесің?

  • Қазақстан чемпиондарынан кімдерді білесің?

Мұғалім Олимпиадаға қатысқан қазақ чемпиондары жайлы қосымша мағлұмат беруіне болады (еркіне қарай).

Олар еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жазғы және қысқы Олимпиада ойында- рына қатысып, жүлделі орындар алып ке- леді. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алғаш қатысқан 1996 жылғы Атланта олимпиа- дасында 11 медаль жеңіп алды. Олар: бокстан күміс жүлде жеңіп алған Болат Жұмаділов, қола жүлде иегері атанған Болат Ниязымбетов, Ермахан Ыбрайымов және еркін күрестен Мәулен Мамыров. Ал 2000 жылы Сидней олимпиадасында отан- дастарымыз 7 медаль жеңіп алды. Олар: Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдәбеков, Ольга Шишигина, Ислам Байрамуков, Александр Винокуров. 2004 жылы Афина олимпиадасында Бақтияр Артаев, Серік

Елеуов. 2008 жылы Бейжіңде өткен

Мәтінді тыңдайды. Мазмұ- нына талдау жасайды.

Сұрақтарға жауап береді. Суреттегі Қазақстан чем- пиондары жайлы өздерінің білетіндерін айтады. Мұғалім көрсеткен фотосуреттер мен бейнежазбаларды тамашалап, жаңа ақпараттар алады.

Суреттегі олимпиада чемпион- дары: Бекзат Саттарханов (боксшы), Бақтияр Артаев (боксшы), Ольга Шишигина (жүгіру, жеңіл атлетика).



Қолдау.

ҚБ.

«Отшашу» арқылы бағалайды.








Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 13 медальға қол жеткізді. Онда Бақыт Сәрсекбаев, Асқат Жіткеев, Еркебұлан Шыналиев, Нұрбақыт Теңіз- баев, Әсет Мәмбетов, Арман Шылманов көзге түсті. 2012 жылы Лондонда да ел намысын қорғаған спортшыларымыз жал- пы 13 медальға ие болды. Олардың ішін- де олимпиада чемпионы атанған Серік Сәпиев, күміс жүлдені ұтып алған Әділбек Ниязымбетов және қола жүлдені қан- жығасына байлаған Ақжүрек Таңатаров бар. 2016 жылы Рио-де Жанейрода өткен Олимпиадада Жазира Жаппарқұл, Дми- трий Баландин т.б. спортшылар ел намы- сын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Дескриптор:

  • QR-код арқылы мәтінді тыңдайды;

  • мәтіннің мазмұнын түсінеді;

  • суреттегі спортшылар жайлы білетіндері болса, ойларын ортаға салады;

  • мұғалімнің қосымша ақпаратын тыңдап, тың мағлұматтар алады;

  • сұрақтарға жауап береді.

Дептермен жұмыс

20-жаттығу жазбаша орындалады. Қара- мен жазылған сөздердің мағынасын түсін- діреді. Оқулықтағы түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.


Оқушылардың жұмысы дескриптор бойынша бағала- нады.
Жаттығуды түсініп оқиды. Көшіріп жазып, қарамен жа- зылған сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Жең киімнің жеңі, яғни киімнің бір бөлігі. Жеңді тү- ріп, ыңғайлап алып, күресіп




Оқулық, сурет



265



266






Сергіту сәті. «Дәмді тосап» Артикуляциялық жаттығу жасау арқылы тілді жаттықтырады. Мұғалім интербел- сенді тақтадан таныстырылымды көлемді етіп көрсетеді. Бұл оқушылардың бірге орындауына септігін тигізеді.
22-жаттығу ауызша орындалады. Оқушы- лардың назары оқулықта берілген сурет- терге аударылады. Өтілген материалды қаншалықты игергенін тексеру үшін сөздердің әрқайсысына екі түрлі мағына білдіретіндей сөйлем құрауларына бас- шылық жасалады.

жатқан адамды жеңіп шық де- ген мағынада айтылып тұр.

Сипаттамасы:Жаттығуды орындау ба- рысында тек тілді жұмыс

істетіп, иекті қозғалтпайды.
Сөздердің мағынасына тал- дау жасайды. Омоним сөз- дерді ажыратып, мағынасын түсінеді. Қой,ара,мақтасөздерінің бірнеше мағынасы бар екеніне сөйлемдер құрау арқылы көз жеткізеді.

Мысалы: Қойтөрттүлік-тіңішіндегіеңжуасмал.

  • Бұданбылайөтірікайту-дықой.

  • Алғанзаттыорнынақай-тақой.




Танысты- рылым

Соңы

(5 мин)

Бекіту

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар- ды мадақтап, белсенділігі төмен, орташа болған оқушыларды ынталандырады.

Үй тапсырмасы. 21-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, дереккөздерен Шымбұлақ туралы мағлұмат біліп келеді.

Оқулықтағы ережелерді жаттап келу тапсырылады.

Дәптердегі шығармашылық тапсырманы орындайды.

Өзі қалаған спорт түрін таңдап, жанкүйерлерден сұх- бат алу үшін сұрақтар әзір- леп жазады. Жұмыстарын топта жариялап оқиды.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатын- да жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсыр- масы орындатылады. Бірінші тұрған «Сауатты жазу»; екін-

Өзін-өзі бағалайды.

Түрлі түсті қарын- даштар, дәптер








ші тұрған «Көркем жазу» дөңгелектерін тиісті қарын- даштармен бояйды. Нәтиже- лері топта жарияланады.










Рефлексия. Оқушылар «Бағдаршам» әдісі

арқылы бір-бірін бағалайды.







Түрлі түсті стикерлер


267

70-сабақ

Бөлім:

Дені саудың жаны сау

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Антоним, синоним, омоним туралы не білдім?

Оқу бағдарла- масына сәйкес оқыту мақсат- тары

2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау;

2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі ..., пайдалы/пайдасыз бол- ды, себебі ...) білдіру;

2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу;

2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Сабақтың мақсаты

Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды. Аудио-бейнежазба мазмұнына өз ойын білдіреді. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байла- ныстырып көлбеу және таза жазады. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Сабақтың барысы




268



Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

(5 мин)

Психологиялық жағымды ахуал қалыптас- тыру.

Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Сергіту жаттығуы әрі ынтымақтастық қа- рым-қатынас ретінде дайындық жасалады.

Оқушылар қимыл-қозғалыс жасай отырып, өздерінің көңіл күйлерін көтереді.

«Бас бар- мақ» әдісі арқылы бағалайды.




Ортасы

(35 мин)

«Сиқырлы сұрақтар» ойыны

  • Балалар, үстел үстіндегі сұрақтар қоржы- нының ішінде сиқырлы сұрақтар бар. Оның ерекшелігі сол, сұрақтары әртүрлі болуы мүмкін. Кәне, кім сиқырлы сұрақтарға жа- уап бергісі келеді?

  • Қандай спорт түрлерін білесің? Сені қай спорт түрі қызықтырады?

  • Ұлттық ойындардан қандай ойын түрлерін білесің?

  • Еліміздің танымал, мықты спортшыла- рынан кімдерді білесің?

  • Асық ойынының пайдасы бар ма? Оқушылардың жауаптарына толықтыру жа- сай отырып, жаңа сабаққа көпір жасалады. 23-жаттығу ауызша орындалады. Өлең тақырыбы бойынша мазмұнын болжау.

  • Өлең не немесе кім жайында болмақ деп ойлайсың? Олай ойлауыңа не себеп болды? Оқушылардың жауаптары тыңдалып болған соң, өлеңді дауыстап, тізбектей оқыту. Қа- рамен жазылған қақпасөзінің омоним бола алатынын дәлелдеу.














4–5 оқушы сұрақтарды алып, жауап береді.



Қолдау.





Өлең тақырыбы бойынша оның мазмұнын болжайды. Сұрақтарға жауап береді. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлең- дегі негізгі ойды анықтайды. Қақпасөзінің омоним сөз бо- латынын айтады. Мысалы:


Орын- далған жұмысты өзара баға- лау іске асырыла- ды.