Файл: 1. Оытушы туралы мліметтер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 76

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
а) біртұтас ұғым ретінде табиғаттың, табиғи және адам жасаған заттармен процестердің болмысы; ә) адам болмысы; б) жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы және в) адамның қоғамдағы және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысы. Табиғат болмысы; объективтілігімен - адам санасына дейін, одан тыс және тәуелсіз өмір сүруімен - кеңістік пен уақытта мәңгі - бақи болуымен - ол барлық жерде және әрқашан болуымен, болып отыруымен және болатынымен сипатталады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.

2.Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат.

3.Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
Әдебиеттер тізімі:

1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /

2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.

3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.

4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.

5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.

8-тақырып. Құндылықтар философиясы
Дәріс мақсаты: Іс-әрекет пен сөздің этикалық нормаларға сай келуі, жан дүниенің ашықтығы мен еркіндігіне мүмкіндік беру, басқа адамдардың құқы мен құрметіне мән беру тәрізді тәрбиелік мағынасын ашу.

Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.

Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенінзерттейді.


Әлем өзінің байлығымен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әлемде рухани-практикалық игеру үдерісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар құбылыстар тұлғаның сезімдеріне,ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды,қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, үдерістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық пайдалылық т.б.тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады.

Құндылықтық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды-қуану,сүйсіну,таңдану,табыну т.б. туғызады.Оның ішіндегі ең жоғарғысы-қассиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлі ол дін болсын немесе діни емес зайырлық қасиеттер болсын. Бұл мәселе, әсіресе, қоғаның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады. Құндылықтар — қасиеттер.Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден,ана сүтімен бірге,өзінің ана тілі арқылы,мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Қасиеттер адам бойына моральдық жауапкешіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі.

Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылыұтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын шайып, күмәнсіз ететін гумандылық өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.

Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында мәдкниет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылыұтар кешені бар. Құндылықтар адам болиысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар – өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар – материалдық және рухани қажеттәләктерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеялары ие болуы мүмкін.


Заттар мен құбылыстар сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы үдерістер бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның өз өміріне деген қатынасын – өзіне-өзі тиесілігі мен өзіндік мәртебесін құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдар, дәуірлер, мәдениеттер, адам қоғамдары арасында қаншалықты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құндылықты-мәнді диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалдайды. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық және ұжымдық бейсаналықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мәнді ұйымдасқан күрделілігі мен институционалданған этностық нормаларына, ерекшеліктеріне дейін.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Аксиология және адамгершілік.

2.Этикалық ілімдердің тарихи типтері. Құндылықтар теориясының негіздері.

3.Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері.
Әдебиеттер тізімі:

1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /

2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.

3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.

4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.

5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.

9-тақырып. Қоғам және мәдениет

Дәріс мақсаты:Қоғам мен мәдениеттің қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философиялық рөлін түсіну және философиялық-көзқарастық негіздерін игеруі.

Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық- методологиялық теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процесстерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі қозғаушы, өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз. Біріншіден, қоғамдағы
іс- әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының екінші бір маңызды алғышарты - қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді болып, қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз жағдайды байқаса, олар оны белсенді іс-әрекетті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне тиімді, ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғы шарт - әрбір дара адамның өзіне тән потенциалдық күш-жігері, қасиеті, жағдай мен ортада өзара байланыста ғана дамиды. Өйткені, бұл болмаса, қоғам да адам да болмайды. Адамның мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралсыз, материалдық өндіріссіз танып білу мүмкін емес. Төртіншіден, методологиялық алғы шарт - қоғам жеке адамдардың жай ғана механикалық жиынтығы емес, ол өзгеше бір тұтас әлеуметтік жүйе, олардың бірімен-бірі тығыз байланыста болатын қоғамдық қатынасы. Қоғамды зерттеп, талдаудағы ақырғы методологиялық алғы шарт - қоғам біртұтас бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-бірінен ажырамас, бір-біріне әсер ететін екі фактордан, яғни адамдардың белгілі бір қызмет әдісінен және әлеуметтік фактордан тұрады. Олар адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайдаболады.

Әлеуметтік философияның обектісі қоғамды тану болып табылады, яғни әлеуметтік шындықты танумен айналысады.

Бұл білім саласы адамдардың дүние мен дүниедегі өз орнын түсінудегі қызығушылығы жайлы мәселені қозғағанмен, әлеуметтік философияны анықтау күрделі.

Әлеуметтік философия өз бастауын Антикалық кезеңнен алады. Оның пайда болуын, яғни қоғам және жеке салалары туралы философиялық пайымдауды алғаш қарастырған Сократ пен Платон есімдерімен байланыстырамыз.

Платон өзінің «Мемлекет» және «Заңдар» атты шығармаларында ежелгі қоғамның логикалық – түсініктік сараптамасын жүзеге асырады, ал Аристотель «Саясат» атты шығармасында өз кезіндегі қоғамның әлеуметтік мәселелеріне эмпирикалық-ғылыми зерттеужасайды.

Антикалық заманнан бері қоғамның мемлекеттік-құқықтық және саяси құрылымының теориясы мен тарихының, әділетті қоғам мен билік туралы ілімдерінің маңызы арта түсті.

Ортағасырлық тарихнама мен Тарихтың қоғамдық санасына заттардың әдеттегі тәртібін төңкеріп, ескімен салыстыруға келмейтіндей жаңа әлем жасайтын жалпы әлемдік маңызды дәуірлік оқиға түсініктері енді.

Дәл осы ортағасырлардан бастап тарих философиясы «тарих даналығына құштарлық» ретінде қалыптаса бастады. Өйткені, даналық қана Құдаймен байланысты кәсіп ретінде түсіндірілді.


Қоғам мен адам туралы философиялық ілімдер дамуының ішкі логикасы Жаңа заман мен Ағартушылық дәуірінде ерекше қырынан көрініп, әлеуметтік философияның ішкі ядросын құрайтын философиялық-тарихи білімдер негізі қаланды.

Қоғамдық өмірді тануды алғаш жаратылыстану принциптерімен байланыстырған француз утопияшыл соцалисі - Клод Анри де Сен-Симон (1768-1825) болды.

Сен-Симон француз материалистерін қолдай отырып, деизм мен идеализмге қарсы шықты, оларға «физицизмді», яғни табиғатты зерттеуді қарсы қойды. Детерменизмді үзілді-кесілді қорғай отырып, оны адамзат қоғамының дамуына қолданды және тарихи заңдылық идеясын баянды етуге ерекше көңіл бөлді. Тарих, оның айтуынша табиғаттану сияқты орнықты ғылым болуы керек. Әрбір қоғамдық жүйе, Сен-Симонның пікірінше, тарихтағы алға басқан қадам болып табылады.

Тарихқа идеалистік тұрғыда қарағанымен қоғамдық прогрестің объектілігі, қоғам дамуындағы жеке меншік пен таптардың ролі туралы болжамдары Сен-Симонның үлкен жетістігі болып табылады.

Сен-Симон социологиялық ілімі өткен тарихтың заңды нәтижесі – жаңа қоғамдық құрылыстың орнауын тарих қажеттілігіне негіздеу мақсатына арналды.

Вебер Макс (1864-1920) - атақты неміс экономисі, әлеуметтанушы, философ, тарихшы және мәдениеттанушы. В. «идеалды типтер» теориясын қалыптастырды. Идеалды типтер - деректемелік материалдарды ұғымды түрде ретке келтіруге мүмкіндік беретін үлгілер, схемалар, бітімдер. Вебер оларды өзінің нақтылы зерттеулері мен өмірлік тәжірибе қисындарын жүйелендіру мақсатында қолдана алады. Мысалы, антиктік, феодализм, капитализм ұғымдары осындай үлгілерге жатады. Алайда идеалды типтер нақтылы өмір байлығын және күрделілігін толық қамти алмайды. Сол себептен ғалым олардың шектілігін де аңғаруы керек деген пікірде. Мәдениеттану тұрғысынан Вебердің екі еңбегін: «Протестанттық этика және капитализм рухы» (1904-1905) және «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1905) атап өтуге болады. Бұл еңбектердің басты идеясы - әр елдердегі экономикалық өмір оларда қалыптасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. Данилевский, Шпенглер және А. Тойнбиге тән өркениеттерді биологияландырған деп қарау ұстанымдарына қарсы шығып, Вебер жаңа ғылымды - ғылым социологиясын жасады. Оны П. Сорокин мәдениет социологиясымен теңестірді. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстен өзгеше, Вебер адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Адамдық қауымдастықтардың мәдени тағдырына биліктің тигізетін ықпалы зор. Вебер 3 түрлі бағындыру тәсілі мен билікті атап өтеді: «жария» немесе рационалды тип (демократия, парламентшілдік); дәстүрлі тип (әдетте, монархия); харизматикалық тип (әдетте, диктатура мен «көсемшілдік»), Вебер бойынша, нақтылы әлеуметтік жағдай мен заман талаптарына сай рационалдылық, дәстүрдіңжәне харизманың бірлігі қоғамдық өмірдің орнықтылығын қамтамасыз ете алады.