Файл: 1. Оытушы туралы мліметтер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 77

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың таң қалдырар айқын жетістіктерінің дәмін татқандар, білім беру сферасын әлемнің түкпір түкпіріне тез арада жеткізуге мүмкіндік тауып, технократтық бағыттағы білімге, тапқырлыққа және соған дағдылануға алып келді. Өзінің осы міндетін білім беру саласы мүмкіндігінше табысты атқаруда. Дәл осы бағытта ұстаздар өз мүмкіндігін көрсетуі тиіс, методикалық өнделген материалдар, әр түрлі жаңа компьютрлік құралдар мен ақпараттық техникалар және т.б. психологиялық оқытушылық позициялары әрдайым айтарлықтай анықталмаса да осы міндеттер ұстаздарға жүктелген. Адамдарды қоршаған материалдық және рухани дүниелердің тұтас бейнесі жас ұрпақтарды қалыптастыруда, олардың әрбірінің ұғыну қабілетінетән тұтас адами қауымдастық, рухани, мәдени, ізгілік құндылықтарының ұрпақтан ұрпаққа берілуі, олардағы ұлттық және жалпы адамзаттық түсініктері, тәрбиелік, гуманитарлық білімдерде негізделіп жүзеге асуда. Білім берудің философиялық статусын анықтау өте қиынға соғады. Бүгінгі танда білім берудің философиялық статусын анықтауда үш негізгі тәсіл нақты түрде ұсынылып отыр. Олардың біріншісі, білім берудің философиясы деп, ерекше қолданбалы философия тұрғысында философияға қатысты білімдердің көп салаларының бірі ретінде таңыуы. Бұл тәсіл білім берудің статусымен және оның біршама тұтас бейнеде дамудағы зандылықтарын негіздеуде жалпы философиялық жағдайды пайдалану толықтай жеткілікті деп санап, осылайша білім берудің көп жоспарлы қызметтеріне жүйелі, мақсатты аспектлерін ұсынады. Осыдан келіп, білім берудің философиясы жалпы философиялық доктриналарды(позитивизм, антипозитивизм, эмпиризм, релятивизм, реализм, постмодернизм, экзистенциализм, прагматизм, неотомизм, персонализм және т.б.) «айналып өтуге» тура келеді, немесе оқытушылықпен түйісуге алып келеді(оқытушылық методологиясымен), яғни олардың өзіндік болмысының ішкі мәніне үнілу арқасында.

Білім берудің философиялық статусының екінші тәсілі, негізінен мобилизациялаудағы тәрбиелеу ресурстарын қорғауға, сақтауға бағытталып, оған қол сұғқандарға жол бермей дамуына шара жасап бағады. Білім берудің философиялық дамуының тұтастығына күмән туады, яғни оның жеке дара ғылым ретінде. Сондықтанда тәрбиелеу методологиясымен немесе жалпы тәрбие беру шенберінде философиялық негіздегі күрделі сұрақтарды шешу негізінен жеткілікті.

Білім берудің философиялық статусының үшінші тәсілі алдынғы екеуінен түбірімен өзгешерек келеді. Оның негізінде –білім беру философиясының қалыптасуындағы дедуктивтік және индуктивтік логиканың үйлесімділігі пән аралық ғылым салаларының толықтырушысы ретінде орын алады. Әрине, жалпы философиялық идеялардың дедуктивтік таралуы және білім беру сферасының ерекше орын алуы мүмкіндік пен қажеттілікті тудырады. Сонымен қатар, плюралистік философиялық тәсіл қайда демократия және қызығушылық болса, сонда тек бір философиялық доктринаның жетегінде болуын қатан қадағалап жалғыз идеологиялық талаптармен тыйып отырады. Индуктивтік логика білім беру философиясының қалыптасуына толықтай ықпал етіп, білім берудің шенберін практикада ашып көрсету, жана идеялардың пайда болуына алып келеді және білім берудің философиялық мәніне назар аударып тіршілікке қолайландырады. Сонымен қатар логиканың дедуктивтік ойлау формасында теріске шығармайды. Білім берудің философиялық тұрғыдағы даму жолына осындай терен талдау жасау қажетті нәрсе болып танылады. Осылайша, білім берудің философиясы – қолданбалы философиядан өзгешелігін көрсетеді. Бұл ғылыми білімнің толықтай өз бетімен дамып отыратын арнасы болмақ, яғни астарында тек қаншалықты жалпы философиялық ілімдердің болуынан емес, оның барлық қызметтеріндегі білім беру сферасының дамуына объективтік зандылықтардыңорын алуынан(яғни) олар әрине бұны ескеруге тиісті). Ғылым ретінде білім берудің философиялық пәні болып мыналар, яғни білім беруге тікелей қатысы бар фундаенталдық негізгі функциялары мен білім берудің дамуын, пән аралық теорияларын, зандарын, зандылықтарын, категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, қағидалрын, постулаттарын, ережелерін, методттарын, гипотездерін, идеялары мен фактлерін жатқызуға болады. Білім берудің құндылық сипаттарын бір бірімен байланыстағы үш негізде ұсынуға болады: білім беру бұл мемлекеттік құндылық ретінде; білім беру бұл қоғамқұндылығы ретінде; білім беру бұл тұлға құндылығы ретінде. Қоғам мен мемлекет ұғымдары бір біріне ұқсас емес, ал олардың арасындағы өзара қатынастар өте күрделі болып келеді. Білім берудің дамуы барысында мемлекет пен қоғам ұмтылыстары әрдайым сәйкес келебермейді. Мемлекет аясында білім берудін беделі алда тұрғанымен, яғни қоғам денгейінде де, мемлекет амалсыздықтан берген уәдесін орындағандай білім берудің даму қарқынына ат салысады.


Білім берудің сапасына үнілер болсақ – бұл тек құндылық, жүйе немесе процесс қана емес. Бұл – мемлекет, қоғам және тұлғаның барлық құндылықтарының білім беру процесінде мағынаға ие болатын жемісі, яғни эконмикалық, адамгершілік, парасаттылық денгейінің көрінер айнасы болмақ. Алдағы тұрған мақсат еліміздегі, әлеміміздегі барлық адамдардың материалдық-рухани манызды құндылықтарына талдау жасай отырып, білім берудің денгейін көтеру үшін барлық пән аралық мәселелердің кешенің қайта өндеу керектігі. Бұл міндет өз шешімін өркениеттің масштабында жүзеге асырады. Оның қажеттілігі күннен күнге арта түсуде. Білім беру жүйесінің шынайылығын мойындап, халықтардың рухани, мәдени және діли құндылықтарын, экономикалық бәсеке қабілеттілігін ескере отырып, әлем болып бірлескенде ғана кез келген ел терезесі тең денгейде өмір сүреді. Педагогикалық білім беру, өзін өзі оқыту және педагогтардың сапасын арттырудың барлық жүйесі сол оқу орнында және сол қоғамда орын алып отырған әлеуметтік экономикалық жағдайдан көш бойы озық тұруы қажет. Оны себебі мынада, барлық білім берудің буыны, барлық білім берудің практикасы болашаққа, дамуға қызмет етеді, демек, дайындау жүйесі педагогтардың сапасын арттыру олардан әлде қайда биік тұруы тиіс.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері.

2.Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері.

3.Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар.

4.«Білімді адам» моделі.

5. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.
Әдебиеттер тізімі:

1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /

2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.

3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.

4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.

5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.
7. Адам философиясы және құндылықтар әлемі
Дәріс мақсаты:Адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу, қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және жекетұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау.


Қазақ халқының философиялық дүииетаннмының басты категориясы өмір. Адам өмір кешіп жатқан дүние -құндылыктар дүниесі. Материалдық және руханилық болып бөлінетін осы құндылықтардың ең бастысы - өмір. Ол өзінен басқа құндылықтардың өмір сүруіне қажетті бірден-бір шарт және өлшем, өмір болмаса, құндылықтар да жоқ. Осы тұрғыдан талдасақ, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе -өмір. Қазақ халқы өмір мен өлімді салыстыра келіп. "Мың күнгі тамұқтан бір күнгі жарық", "Өлі арыстаннан тірі тышқан" немесе "Тірі адам тіршілігін жасайды" деп, өмірді жоғары бағалайды.' Қазақтың түсінігінше, адам тіршілікте өзінің өмірін барлық бағыттарда мүмкіндігінше өміршең етіп жаюы керек, өмір туралы көбірек ойланып, оның әр күнін бағалап, мандайға жазылған өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге ұмтылуы тиіс. Бұл іс адамның өз қолында. Өмірге мән беретін адамның өзі, оның іс-әрекеті. Дүниеге екі келмек жоқ, өмірден өз таба білуге адамның өзі жауапты. Қазақ халқы өмірдібейнелеуүшін "дүние" ұғымын да қолданады. ("Дүние" ұғымы болмысты, материалдық байлықты, бүкіл әлемді бейнелеу үшін де қолданылатынын ескерте кеткен дұрыс). Дүние-өмірдің ерек-шеліктерінің бірі - оның өткіншілігі, "дүние- жалған", "сүм дүние", "өттің дүние", "дүние-арман" сөз тіркестері осыны жеткізеді, өмірдің шолақтығын, көзді ашып-жұмғанша өте шығатынын ескертіп, оны бағалап, қадірлеуге шақырады. Қазақтың қара өлеңдерінен мысалдар келтірсек:

Ойлап тұрсам дүние бір қызғалдақ,

Дүние үшін біз жүрміз жанды жалдап.

Оралыңның барында ойна да күл,

Өте шығар бұл дүние аз күн алдап.

Жанып тұрған жастық шақ алқызыл гүл,

Сипаттауға сымбатын жетпейді тіл.

Өміріңнің қадірін біле білсең,

Өкінішпен дүние өтпейді құр немесе,

Бұл дүние жеткізбейтін арман дүние,

Бұрынғы бабалардан қалған дүние.

Бірақ қазақ өмірді "желдей есіп өте шығар", "қамшының сабындай қысқа" ,"дүние арман" деп түсінумен шектелмейді. "Дүние-арманға" мән беретін нәрселер ретінде қазақ халқы еңбекті, сүйікті жарды, жақсы досты, басқалармен сыйласып өмір сүруді және тағы басқа асыл қасиеттерді атайды: Дариға, дүниеге неге келдім,

Келдім де бір жемтіктің соңына ердім. Сене алмай, сендім деуге дос таба алмай, Екенін фәни-жалған енді білдім, - дейді.

Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы - өмірмен диа- лектикалық бірлікті құрайтын өлім. Ол өмірден тыс нәрсе емес, үнемі қатар жүріп отырады, өмір бар жерде өлім міндетті түрде бар, ол өмірдің
екінші жағы. Философия ғылымында өлім мәселесі өмірдің мәні секілді "мәңгілік", шешімі қиын мәселелер қатарында. Қазақ қашанда өлімді өткінші өмірдің заңды нүктесі деп философиялық сабырлылықпен қабылдады. Өлім бар екен деп өмірді жоққа шығару, өлімнен қорқу қазақи дүниеде көп кездеспейді. Өлім алдындағы субъективтік үрей мен күйзелісті қазақ халқы мәселенің жан- жағына терең үңіліп, байыпты көзқарас қалыптастыру арқылы жеңіп отырды. Қазақтың түсінігінде өлімді жеңетін мәнді, адамшылыққа, өзіңе ғана емес, айналаңа, халқыңа жасаған жақсылыққа толы өмір. "Қайда барсаң да Қорқыттың көрі" деп шектеулі өмірмен күрескен Қорқыттың, сүйікті ұлы Әбдірахманнан айрылып, қайғыға шөккенАбайдың:

Ұзақ өмір не берер, Көрген, білген болмаса? Жатқан надан не білер, Көңілге сәуле толмаса? деп, немесе:

Тоғай, тоғай, тоғай су,

Тоғай қондым өкінбен,

Толғамалы балта қолғаалып,

Топ бастадым, өкінбен,

Тобыршығы биік жай салып

Дүспан аттым, өкінбен,

Бүгін сонды өкінбен,

Өкінбестейболғанмын,

Ер Мамайдыңалдында,

Шаһид кештім, өкінбен! - деп, өмірін ел тәуелсіздігі үшін құрбан еткен батырлардың өлімге көзқарасы осы ойымыздың дәлелі.Араласу категориясы қазақ дүниетанымында адам мен қоғамның, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Адам болмысының өзі үнемі дамып, өзгеріп және жаңарып отыратын араласу процесі, ол адамның мәндік ерекшелігі. Адам өз болмысының құпияларын өзін қоршаған ортадан оқшау, тұйық жағдайда толық ашуы, көрсете алуы мүмкін емес, адам қоғамда ғана толық қалыптасады. Адам болмысы араласу арқылы, оның өзіндік "Менінің" "Басқамен" үздіксіз жүріп отыратын диалогында ғана айқындалады. Адам өзін қоршаған ортамен: табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен араласуға мәжбүр деугеболады.

Ежелден араласуға құмар қазақ халқы оны жоғары бағалады. Араласу - қазақ халқы үшін өмірдің мәні, басты құндылықтардың бірі және қазірге дейін солай болып қалып отыр. Бұл категорияны белгілі қазақ философы Қ.Ш.Нұрланова өте жақсы талдап, оның бес деңгейін көрсетті: қарым- қатынас, келіп-кету сіз-біздесу, араласу іштесу. Араласу қазақ үшін терең мазмұнға ие, ол емір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі. Қазақ араласуға неге құштар деп ойлансақ, оның негізінде малдың қамымен ұзақ уақыт бойы табиғат аясында оқшау өмір кешу жатыр. Сол себепті қазақ халқы басқалармен кездесудің, жүздесудің әрбір сәтін қастерледі. өз ұрпағын "кісікиік" болып, жалғыз өмір сүрмей, араласу арқылы адам қоғамында бақытты өмір сүруге шақырды деугеболады.


Адам болмысы екіге бөлінеді: 1) рухани болмыс - сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тілмен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. 2) әлеуметтік болмыс - екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс - ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.

Болмыс - санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым.Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. «болмыс» категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндер - ақ дүниеге әкеліп, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндері-ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдеріне негіз болды. Материалистік философияда ол сезім - түйсікпен қабылданатын материяны, материалдық объектілердің өмір сүруін, олардың пайда болуын және жойылуын білдірді. Ал идеалистік философияда болмыс идеяларының жалпы мәні, ұшы - қиырсыз жиынтығы түрінде логикалық категориямен жалаң қызмет ретінде көрінеді, сөйтіп материализмде болмыс-табиғат болмысы, ал идеализмде - табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым. Философия болмыс ретінде ең алдымен материяның, жекелеген мәселелердің, процестердің, адамдардың түпкілікті, тиянақты болмысында қашан да санадан тәуелсіз өмір сүруін көрсетеді. Бұл орайда болмыстың болмауы абсолютті түрде жоғалып кету емес, материяның бір күйден екінші күйге, яғни болмыстын ескі формасынан жаңасына ауысуы. Сондықтан өзінің болмысында дүние материяның ғана емес, соңдай-ақ сананың жиынтық ақиқаты ретінде көрінеді: «сана ешқашанда танылған болмыстан басқа нәрсе болмақшы емес, ал адамдардың болмысы-олардың тіршілігінің нақты процесі». Адам болмысын адамдардың, олардың мекемелерінің, мұраттарының, принциптерінің, теориялары мен идеяларының арақатынасынсыз елестету мүмкін емес. Табиғат, қоғам, адам және оныңақыл- ойы ұшы - қиырсыз, тоқтаусыз дүниесінде өмір сүреді және бұл оның материалдық бірлігінің алғышарты болып табылады. Бұдан: болмыс материалдық негіздің алғышарты болып табылады және материя мен болмыс ұғымдары толық үйлеседі деген кері түсінік тумауы керек. Бұл салыстырмалы үйлесім ғана, дүниенің субстанциясы болмыс емес, материя болып табылады: дүниенің бірлігі оның болмысында емес, оның материалдық негізінде; сананы болмыс емес материя оятады. Болмыс категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін танып білуде, дүниенің біртұтас кейінде болғанын, болып отырғанын және болатынын көрсететіндігінде. Бұл орайда әңгіме болмыстың мынадай негізгі формалары жайында болып отыр: