Файл: 1. Оытушы туралы мліметтер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 75

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



6.4 Пән бойынша БӨЖ орындау және тапсыру кестесі






Модуль атаулары

Сабақтыңтақырыбы


БӨЖтапсырмалары
Тапсырманы бақылаутүрі

Тапсырумерзімі

1,2

Модуль 1.

Философияныңпайдаболуыжәнедамуы


1,2.Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі

1.Жоспарға сай семинар сабағынадайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасынорындау.


1.«Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі» тақырыбы бойынша сараптау жұмысын (эссе, реферат, баяндама) дайындау.

1,2

3

Модуль 2.

Дүниеніфилософиялықтүсінудіңнегіздері


3.Сана, рухжәнетіл

1.Жоспарға сай семинар сабағынадайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасынорындау.


1. «Үңгіраллегориясы: қазіргі оқылу» тақырыбына сараптау жұмысын (эссе, реферат, баяндама) дайындау. Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін» оқулығын қолдану ұсынылады.

2.«Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау» тақырыбына шығармашылық жобадайындау. алғашқы

Деректерді сыни талдау негізінде презентация дайындаңыз (Б. Расселдің «Сыни ойлаудың он қағидасы» еңбегін қолдану ұсынылады).

3

4




4.Болмыс. Онтология және метафизика

1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасын орындау.


1.«М.Хайдеггер онтологиясының негізгіұғымдары» тақырыбына шығармашылық жұмысдайындау.

4

5




5.Танымжәнешығармашылық

1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасын орындау.


1. Бір ойшылдың (өз таңдауыңыз бойынша) еңбегін мысалға ала отырып, индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауын жасаңыз.

5

6




6.Білім, ғылым, техника жәнетехнологиялар

1.Жоспарға сай семинар сабағынадайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасынорындау.


1.Н.А.Назарбаевтың «Болашақ қабағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлін гносеологиялық талдау негізінде «білім-ақпарат» салыстырмалы кестесін жасау.

2.«Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретіндеқазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздеме жазу.
6

7

Модуль 3.

Адам философиясыжәнеқұндылық

тар әлемі

7.Адам

1.Жоспарға сай семинар сабағынадайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасынорындау.


1.Абай философиясындағы адам мәселесі бойынша эссе-негіздеме дайындау.

2.Түпнұсқалар негізінде (өз таңдауыңыз бойынша) адам мәселесін экзистенциалдық түсінутуралы

Сараптамалық шолу жасау.

7

8




8.Құндылықтарфилософиясы

1.Жоспарға сай семинар сабағынадайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасынорындау.


1.«Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалыққұндылықтары» тақырыбына эссе-пайымдау дайындау.

1. Этикалық жағдайды (моральдық қиындық, тосын әлеуметтік жағдаяттар, қоғамдағы өзекті этикалық мәселе, тұлғаның ішкі және тұлғааралық қақтығыс және) бағалауды негіздеу және кейс-талдау

8

9




9.Қоғамжәнемәдениет

1.Жоспарға сай семинар сабағынадайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасынорындау.


1.«Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы»

Тақырыбына шығармашылық жұмыс (эссе, реферат, баяндама) дайындау.

9

10




10.Дінфилософиясы

1.Жоспарға сай семинар сабағынадайындалу.
2.СӨЖ тапсырмасынорындау.


1.Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі» тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.

2.К.Амстронгтың «Иудизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» еңбегін талдау негізінде эссе жазу.







10



4. Оқытудың негізгі формалары мен әдістері

Оқытудың технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру барысында келесі оқыту әдістері қолданылады:

- пікір-талас ретіндегі дәрістер;

- эвристикалық баяндамалар;

- эссе жазу;

- кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);

- ойын және иммитациялық оқу әдістері;

- бейнелеу әдістері;

- мәселелер шешу әдістері;

- топқа бөлініп жұмыс атқару;

- әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;

- философиялық сұхбат және т.б.

5. Әдебиеттер тізімі:
5.1.Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /

2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.

3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.

4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.

5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.
5.2. Қосымша әдебиеттер:

1.Ислам философиясы: оқулық / Х. Әл-Руайхеб, С. Шмидтке/[ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: А. Ғ. Тасболат, М. Ж. Төлеген]. – Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. – 825

2.Үнді философиясының тарихы: оқулық / құраст., бас ред. П. Билимориа ; жауапты ред. Дж. Н. Моханти; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Г. С. Жолдасбаева, Е. Н. Ысқақов, Б. М. Мизамхан]. – Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. – 719 б.

3.Юлән Фың. Қытай философиясының қысқаша тарихы: оқулық / ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Қ. Бақыт, Д. Б. Дәуен]. – Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. – 366

4.Х.С. Абдильдина, А.Г. Гаппасова, Т.М. Садыкова "Қызықты философия" оқу құралы. Астана: ҚАТУ баспасы, 2016ж. – 174 б.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/zbFhEUax3UOKLrsTvcpr/

5.Abdina A.K., Sadykova T.M., Ni D.V. Educational Textbook for Discipline Philosophy for polylingual groups: textbook.Astana: S.Seifullin Kazakh Agro Technical University, 2015. – Р. 182.

6. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Нұрышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 352 б.

7. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 420 б.


8.Х.С. Әбділдина, Е.К. Әрінов «Қазақ руханиятының әйгілі ойшылдары» оқу құралы, 2016. – 104 б.http://repository.kazatu.kz/jspui/handle/123456789/79

9. Abdina A.K., Sadykova T.M., Ni D.V. Educational Textbook for Discipline Philosophy for polylingual groups: textbook.Astana: S.Seifullin Kazakh Agro Technical University, 2015. – Р. 182.

5.3. Электрондыресурстар:

1. https://library.kazatu.kz/

2. http://rmebrk.kz Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана

3. https://openu.kz/kz Қазақстанның ашық университеті

4. https://www.coursera.org coursera — Бұқаралық онлайн-білім беру саласындағы жоба

5.www.100kitap.kz

6. Курс саясаты

Философия курсы «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ Академиялық саясатының талаптарына (сайтқа сілтеме: https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika) сәйкес ұйымдастырылған. Академиялық талаптарды орындамаған және сабаққа қатысуы төмен болған жағдайда ықтимал салдарларға назар аудару ұсынылады. Осы пәнді оқу барысында оқытушы мен білім алушылар университетте қабылданған білім беру процесіне қатысушылардың Академиялық адалдық кодексін ұстануы тиіс https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika (7 тармақ). Университеттің Академиялық саясаты және білім беру процесіне қатысушылардың Академиялық адалдық кодексі университет сайтында еркін қолжетімді. Барлық білім алушыларға сабақтардағы оқу тақырыптарын талқылауға тең мүмкіндік беріледі. Силлабуста көрсетілген оқу тақырыптары бойынша барлық білім алушылар сұрақтар қоюға және жауаптар алуға құқылы. Оқытушының тапсырмаларын орындау кезінде ойлау ерекшелігі, студенттердің шығармашылық көзқарасы құпталады. Барлық білім алушылардан мінез-құлықтың академиялық мәдениетін сақтау, бір-біріне өзара құрмет көрсету талап етіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар оқытуда жеке көзқарас құқығын пайдалана алады.

7. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты

Қорытынды бақылауды (емтиханды) бағалау критерийлері.
Қорытынды бақылау «Platonus» ААЖ тестілеу арқылы өтеді.

Білім алушы «өте жақсы» (90-100) деген ұпайды 18-20 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.

Білім алушы «Жақсы» (70-89) деген ұпайды 14-17 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.

Білім алушы «қанағаттанарлық» (50-69) деген деген ұпайды 10-13 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.

Білім алушы «қанағаттанарлықсыз» (25-49) деген ұпайды 5-9 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.
Білім алушы «қанағаттанарлықсыз» (0-24) деген ұпайды 0-4 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.
Пән бойынша қорытынды балл пайыздық мазмұнда мынадай формула бойынша анықталады: ҚБ% = АБорт * 0,6 + Е * 0,4

Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау критерийлері

7.1 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері

Әріптікжүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық

баламасы

%-дықмазмұны

Дәстүрліжүйе бойыншабағалау


Бағалау критерийлері

А

4,0

95-100

Өте жақсы
Абағасы оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете; материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастырса; жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтырса; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алса; түсіндіруде шығармашылық қабілетін таныта алған жағдайдақойылады.

А-

3,67

90-94
А-бағасы95-100 балл –90-94 балл – А- Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы жағдайда қойылады.

В+

3,33

85-89

Жақсы
В+ бағасы оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауап болғанда; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алса; жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алған жағдайда қойылады.

B

3,0

80-84
Вбағасыоқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алған жағдайда қойылады.

В-

2,67

75-79
В-бағасы жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алған жағдайда қойылады.

С+

2,33

70-74
С+ бағасы жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

C

2,0

65-69

Қанағаттанарлық
Сбағасы студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайларда қойылады.

С-

1,67

60-64
С-бағасы студент берілген сұраққа толық жауап бермесе, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалған жағдайда қойылады.

D+

1,33

55-59
D+бағасы көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі жағдайда қойылады.

D

1,0

50-54
Dбағасы студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайдақойылады.



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

«Қанағаттанарлықсыз» дегенбағаға 0 сандықбаламасы және 0-49 пайыздықмазмұны бар FХ, Fәрпісәйкескеледі. Бұлбаға, егер студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді, сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді.

0-24 балл Ғ студент оқу материалын толық меңгермеген, тапсырманы орындамаған кезде, сұраққа мүлдем жауап бермеген жағдайда қойылады.

F

0

0-24