Файл: 1. Оытушы туралы мліметтер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 78

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние және адам Олар ажырамас бірлікте яғни адамнан бөлінетін дүние және табиғат, сондай – ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс -әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниегеқатынасыарқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік ұстанымдары сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір – бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және рухани дүние туралы түсініктер тиянақталады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем табиғат және қоғам туралы олардың бірлігі туралы екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы , үшіншіден , болмыс пен болашақтың ьмән – жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптасабастайды.

Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз – білім ертедегі ойшылдар те білім ғана надандықтар жиятынын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білмейтінше деп талпынбайтын адам өтенашар адам деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған.

Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Дүниедегі көзқарастың кең тараған түрі - ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет – әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аударылмайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың спалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдыртпа «білімпаздық» көп. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифиологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, матералистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифиологиялық, діни нану философиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Мифтік көзқараста білімсіздік ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім элементтер қат – қабатымен кезігеде. Миф - адамның – қауымдық санасыны алғашқы қалыптасуының көрінісі. Мифология мен діни сананың кемістіктей не қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты бәрақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қаратырыу басым еді. Натуралистік дүниеге көзқарасты жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де XVIII- XIX ғ. бұл дүниетанымды табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді.Сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек – дейді Энгельс ол өз заманындағы жаратылыстану ғылыми білімдердің таздығына қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ. Парасат пен дүниені ұғыну өздігінен келмейді, күресте қалыптасады. Ал күрес білім мен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным мен теріс ұғыныстардың қай – қайсысына болсын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көріледі. Билікке қарсы ымыра. Осы жүйесінің ең жоғарғы деңгейлі - дүниеге философиялық көзқарас философиялық көзқарас дегенде дүниені табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп ұғыну,табиғатпен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым – қатынасының санада ерекше бейнелеу формасын айтамыз. Адамдардың жаранды танып білуге тіршілік болмысының мән жайы ұғынуға және болашаққа көз жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар мақсат – мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші пікірлер адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер бағдары да оған негіз болады. Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейі. Сана дүние туралы ой, бейне мен ал ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып қарастырады. Бос қоса айтқанда. Философ өз байлануының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ал ақиқат пен адасудың , білім мен болжамның, болмыстың қиындығы мен ол туралы қиял пікірдің аражігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді. Философия таным процесінде менің дәлелді дұрыстығын және керісінше , ненің дәлелсіз қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның негізгі мәселенің бастапқы, онтологиялық, жағы бар Онтология болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәнгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық , ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Бірақта сыртқы және дүниенің өзгерістері туралы көзқарастар үнемі жаңарып отырады. осыдан материализмнің негізі үшін тарихи түрін ажыратуға болады. Тұрпайы материализм, механикалық – метафизикалық және диалектикалық материализм. «Материализм» деген ұғым философия да негізінен XVII ғасырда тұрақсанда да, ол туралы көзқарастар ертедегі Үнді , Қытай, Грек елдерінде қалыптаса бастады. Тұрпайы материализм құлдық қоғамның туындысы. оның өкілдері (Лаоцзы, Ян Чжу, Ван Чун, локаяты мектебі, Гераклит, Анаксогар, Эмпедокл, Демокрит, Эпикур және т.б. дүниенің материалдығын және оның адамның санасына тәуелсіздігін мойындауы. Әйтседе дүниенің көрнекті көріністері мен елестеушіліктері оның қасиеттері мен құрамы туралы жалпылама түсініктерден құралды, соларға теңестіріледі. дүниеге деген көзқарас жалпы бр деңгейдегі тиянақталса да, грек философтары табиғатқа тән, ортақ бастанамы - дүниенің негізі саналатын түпкі субстанцияны табуға тырысты Левкины және Демокриттің материаның атомдық құрылысы гипотезасы ертедегі материалистік ілімнің үлкен бір жемісі болады. Материализмнің келесі түрі капитализмнің қалыптасуы кезеңінде , оның өндірісі мен ғылымның XVI – XVII ғ.ғ. қарқындау барысында пайда болады. Оны механикалық – метафизикалық материализм дейді. Бұл материализм қалыптасуына механика, астрономия, математика, жаратылыстану ғылымдары ерекше ықпал етті.


Философияның негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы. Онтология - болмыс туралы философиялық ілім. Материалдық және идеалдық болмыс. Болмыстың негізгі түрлері: «бірінші» және «екінші» табиғат болмысы; адам болмысы, рухани (идеалдық) болмыс, әлеуметтік болмыс.

«Материя» ұғымы. Материя туралы философиядағы және ғылымдағы түсініктердің эволюциясы. Қозғалыс - материяның өмір сүру формасы. Қозғалыстың негізгі түрлері. Кеңістік пен уақыт - материяның атрибуттары. Өлі және тipi табиғаттағы кеңістіктік-уақыттық қатынастар. Әлеуметтік-тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігі.

Таным теориясы немесе гносеология философияда оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына береді. Гносеология-адамның табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын зерттейтін философиялық ілім.Кейіннен

«эпистемология» термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді.

Кең мағынасында алып қарастырғанда антропология – бұл адамның табиғаты мен іс-әрекеті туралы ғылыми білімдердің жиынтығы. Әлеуметтік антропологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын айтқан кезде оның философиямен, тарихпен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен, әлеуметтік психологиямен байланысы туралы айтуға болады. Қазіргі антропологияның интеллектуалдық алғы шарты ретінде XVIII-XIX ғасырдағы философиялық антропологияны атап көрсетуге болады. Философиялық антропология адамның мәні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский және басқалары) - деп есептейді.

Адам мәселесі философиядағы ең негізгі мәселе. Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», – деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философиялық білім жүйесінде тек қана адамға қатысты сұрақтарды табу қиынға соғады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, әлеуметтік философияны немесе этиканы
, аксиологияны немесе праксиологияны – біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың әдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология – бұл адамның табиғаты мен мәні, оның әлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын және альтернативті – материалистік және идеалистік,атеистік және діни, рационалдық және иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер және басқа да ойшылдарға мүдделі қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағыттың қалыптасуының алғы шарттарын және негіздерін еретеректегі идеялардан: В. Дильтейдің өмір философиясынан, Э. Гуссерлдің «өмірлік әлем» философиясынан көруге болады.

Философия адамды танымның, іс-әрекеттің, шығармашылықтың субьектісі ретінде алатын орнына қатысты зерттейді. Адам болмысы мен табиғатын кеңірек қарастыра отырып, мәңгілік болып есептелетін сұрақтарға жауап береді. Адамның мәнін және оның өмір сүруінің мағынасын, биологиялық және әлеуметтік дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Адам туралы философиялық білім негізінен алғанда оны тұтасымен зерттеуге емес, «адам-әлем» жүйесіндегі жалпылық және мәндік байланыстарды ашып көрсетуге тырысады. Бұл байланыстар құндылықтынормативтік сипатқа ие, өйткені олар қоғамда немесе белгілі бір философиялық жүйеде үстемдік етуші дүниетанымдардың негізінде адам танымының шектерін бекітеді.

Ғылыми пәндердің ішінде адамның әлеуметтік табиғатын зерттеуге ерекше үлес қосатын пәндер: әлеуметтік (мәдени) антропология; психология; әлеуметтік психология; әлеуметтану. Антропологиялық тәсіл адамның табиғатын, мәдениет арқылы социумның дамуын және адамның өмір сүру тәсілінің универсалдық және жекелік түрлерін зерттейді.

Философиялық антропология, оның негізін салушылардың көзқарастары бойынша, адам болмысының түрлі сфераларын арнайы ғылыми зерттеуді оның тұтас философиялық қамтылуымен біріктіреді. Мұнда адам биологиялық қана емес, негізінен алғанда өзін-өзі жетілдіруге көңіл бөлетін рухани жан ретіндеқарастырылады.

Әлеуметтік философия - қоғам мен адам туралы философиялық принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. Әлеуметтік философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық болмыс болыптабылады. Оның басқа ғылымдардан айырмашылығы қоғамдық зерттейтін (тарих, әлеуметтану, мәдениет тарихы т.б.) Түсініктерге назар аударады. Тарихи процестің мәні мен бағыты, қозғаушы күші және мақсаты«қоғам»,«қоғамдық», «әлеуметтік» сөздерінің түсінігі кеңінен таралған, бірақ олардың мәнікөбінесекөпмағыналыжәнетолықтүсініксізболыпкеледі.Еңалдымен«қауымдастық», «қоғам»терминдерін ажырата білу керек. Қауымдастық қазіргі заманға сай тұрмыстық нысандармен анықталады немесе адамдардың өзара әрекеттері олардың жалпы шыққан тегімен, тілмен, көзқарастармен байланысты. Қоғам халықтың азық ретінде және зерделі ұйымдастырылған үлкен топтардың
іс - әрекеті біріккен қоғамдық негізде емес, біріккен мүдде мен шартта. Қоғам түсінігі халық, ұлт, мемлекет түсінігінен ажыратылып алу керек. Ұлт - бұл мемлекеттік, экономикалық, саяси және адамдардың рухани қарым - қатынас байланысқан бір немесе бірнеше халықтың ұйымдасқан өмірінің нысаны. Мемлекет құқық пен заң негізінде ұйымдасқан өмір нысаны, халық және ұлт адам өркениетінің тарихи азығы. Бұл барлық түсініктер өзара байланысты және бір – бірінің түсінігін толықтырыпотырады.

Философия бағыттарының санқырлылығы.

Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, мәселені нақтылай түсіп, келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз керек.

Бұл мәселе бір қарағанда оңай сияқты болғанымен, бірақ жаратылыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылым түрлерінің пайда болуы философия пәнінің өрісін тарылтып, тіпті оны керек қылмай қалуы мүмкін,деген пікірді туғызуы ғажап емес. Ағылшын драматургы У.Шекспирдің «Король Лир» кейіпкері өзінің барлық байлығын үш қызына бөліп беріп, өмірінің соңында қайыршы болып қалғанындай, философия шенберінен бөлініп кеткен жеке ғылымдар оны өз пәнінсіз қалдырмас па екен деген сұрақты неміс философы В.Виндельбанд қойған болатын. Ал француз философы О.Конт философия өз дамуында 3 сатыдан өтетінін айтады. Олар теологиялық (tһеоs - грек сөзі, Құдай), метафизикалық (metа рһіsіса-грек сөзі, табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары жөніндегі ілім) және позитивтік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғылым және таным методтары (method -грек сөзі, әдіс) жөніндегі пәнге айналмақ, қалған мәселелердің бәрі жеке ғылымдардың үлесіне кетебермек.

Философия пәніне деген мұндай көзқарасты сынға алу үшін, біз бұл ғылымның шығу тарихына көз жіберуіміз керек. Онда біз тарихи өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінудің негізінде алғашқы ғылыми түсініктердің пайда болып (жер өңдеу, оған су әкелу, геометриялық, математикалық түсініктерді, мал бағу, көшіп-қону, жұлдыздар менпланеталарға, айға қарап, олардың қозғалуы, жерге тигізетін әсерлері жөніндегі білімдердің негізінің пайда болуына әкелді), мифологиялық және діни көзқарастың бірте-бірте алшақтап, Дүниеге деген ақыл- ойға негізделген білімді тудырғанын атап өтуіміз керек. Негізінен алғанда, бұл алғашқы өмірге келген білімнің синкретикалық табиғатын атап көрсеткен жөн: ол әлі философия, ия болмаса физика, психология т.с.с. емес, оның ішінде барлық болашақ Дүниеге келген
ғылымдардың ұрығы болсакерек.

Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол, шынында, сол кездегі барлық дүние зерттеудегі пайда болған ғылымның алғашқы деректері мен тұжырымдамаларын өз бойына сіңірді. Сонымен қатар философияның өз табиғатына тән сұрақтары да пайда бола бастайды. Олар: Дүниенің негізінде не жатыр? Адам - ол кім? Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік дегеніміз не? т.с.с. сұрақтар. Бұл Дүние жөніндегі шегіне жеткен ең жалпы сұрақтар пайда больп, өзінің мазмұнын ғасырлар өткен сайын тереңдете түсті. Көне заманның ұлы ойшысы Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия (ой өрісінен шығады), практикалық (адамның өмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін зерттейді) және көркемөнерлік (шығармашылықты зерттейді).

Аристотель өз заманының ғұлама ғалымы ретінде ғылымның жеке мәселелерімен де айналысты, мысалы жануарлардың дене құрылысы, я болмаса, риторика т.с.с. (rhеtогіkе - грек сөзі, әсем сөйлеу өнері). Бірақ бұл ғылым салаларын ол кісі философиядан бөлек ажыратып қараған жоқ.

Орта ғасырларда дінге, діни сезімге басым орын берілгенімен, философия пәні жөніндегі Көне Замандағы калыптасқан көзқарас сол күйінде қала берді.

Алайда бұл жағдай дүниеге Жаңа дәуір келе өзгере бастайды. Ол, біріншіден, философиялық ой-өрістің діннен бас дербестік алуы; екіншіден, капиталистік қарым-қатынастардың дамуының арқасында өндіргіш күштердің жаратылыстану ғылымдарын жандантып, олардың дербес сала ретінде қалыптасуына әкелуі. Әсіресе, бұл үрдістер ХҮ-ХҮІІ ғасырларда белсенді жүріп жатты. Механика, астрономия, математика ғылым салалары өздерінің пәндік дәрежесіне көтерілді. XVIII ғасырда химия өзінше дербес ғылымға айналды. XIX ғ. биологиямен бірге антропология дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады (сонымен қатар қоғамдық-экономикалық пәндер). XX ғасырда философияға өте жакын ғылым салалары - психология, этика, эстетика, саясаттану, әлеуметтану пәндері дербес ғылым саласына айналды. Ал XX ғасырдың екінші жартысында ҒТР күрт дамуы жеке ғылымдардың өзінің көпсалалы пәндерге айналуына, сонымен қатар, екі саланың қиылысқан жерінен пайда болған биофизика, астрофизика, биохимия сияқты жаңа ғылым салалары дүниегекелді.

Сонымен ғылымның қалыптасып, сала-салаға бөлінуі (дифференциация) бірте-бірте ғылыми салалардың түйіскен жерлерінен жаңа пәндердің пайда болуына әкелді(интеграция).