Файл: 1. Оытушы туралы мліметтер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 74

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Білім алушылардың білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық баламасы

Баллдардыңпайыздықмазмұны


Дәстүрліжүйебойыншабағалау

А

4,0

95-100

Өтежақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89


Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69


Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д-

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


Түсіндірме:

"FХ" алған жағдайда білім алушы оқу пәнінің/модульдің бағдарламасынан қайта өтпей (тегін негізде) қорытынды бақылауды қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Білім алушыны аралық аттестаттау кезеңінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды(FX) екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі. Үшінші рет «қанағаттанарлықсыз» деген (FX) бағаалған жағдайда, білім алушы ЖОО-дан шығарылады және осы пәнге қайта жазылу мүмкіндігін жоғалтады.

"F"алған жағдайда білім алушы осы оқу пәніне/модуліне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне (жазғы семестр) қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.

ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ

1,2–тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы.

Философияның пәні мен әдісі

Дәріс мақсаты: философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы жүйелі білім беру.


«Философия» термині гректің «phileо» - махаббат және «sophia» - даналық , яғни, «даналыққа махаббат» сөздерінен шыққан. Аталған ұғымды б.з.д. VII ғасырда ежелгі грек ойшылы Пифагор енгізді. Бұл мағына терминді толық ашып қоймайды, бүгінгі күнде айтылған түсінікке сан қилы ойлар беріліп жүр. Осы ойлар философияны толықтай зерделеуге мүмкіндік туғызды. Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен қатынастарды зерттейді.

Философия пәні бүкіл әлемді, оның басты салаларын тұтас құбылыс ретінде қарап, болмыс пен танымның ортақ заңдылықтары мен принциптерін болып табылады. Философия әлемді түсініп білуде адамдардың қажетіліктерін қоршаған ортада толықтай және жалпылама көрсететін, өзіндік қасиеттері мен сипаттамасы бар жүйе. Өзінің үш мың жылдық даму тарихында философия барлық ғылымдардың түп негізіне айналды. Философиялық ойлар алғашқы қауымда қозғала бастағанымен, бірақ бүтіндей жүйе ретінде философияның дүниеге көзқарасы ерте ғасырлық қоғамдағы (Үнді, Қытай, Грек, Рим және т.б) ойлардан іріктеле бастады. Философия мазмұны адамның ұтқыр ойлары мен нақты ғылымдарғанегізделген.

Философияны қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыру барысында философиялық білімнің бөлімдері анықтала бастады. Нақты ойды білдіретін бөлімдері: онтология-болмыс туралы ілім, гносеология-таным туралы ілім, антропология-адам туралы ілім, логика- ойлау заңдылықтары мен ауқымы туралы ілім, этика- адамгершілік пен мораль туралы ілім, эстетика - сұлулық туралы ілім, философия тарихы - философияның тарихының пайда болуы мен дамуын зерттейтін ілім. Сондай-ақ, бүгінгі күнде философиялық білімнің мамандандырылған бөлімдері бар, солардан ғылым философиясы, дін философиясы, мәдениет философиясы және білім философиясы және т.б. пайдаболды.

Материализм - материяның алғашқылығы туралы

философиялық дүниегекөзқарас.

Идеализм идеяның алғашқылығы туралыфилософиялықдүниегекөзқарас.

Объективті идеализм – адам санасынан тәуелсіз идея.

Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея.

Монизм – дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.

Дуализм - дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады депесептейтінфилософиялық көзқарас.

Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.


Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады. Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар.Кең тарағаны - тарихи түрі. Оған келесі дүниеге көзқарастың түрлері жатады: мифологиялық, діни және философиялық. Негізгімифологиялық дүниеге көзқарас қияли ойлар менелестетуболып табылады.Діни дүниеге көзқарастың негізі – сенім.Философиялық көзқарастың негізі –сана.

Философия әдістері.Философия гуманитарлық,техникалық, жаратылыстану, барлық ғылымдардыңәдіснамасы.

Методология (әдіснама) - таным мен олардың жиынтығы туралы әдістер ілімі.

Әдіс - теориялық және практикалық іс әрекеттер принципінің жүйесі.Әрбір білім аумағының өзіндік зерттеу пәні, қолданатын ерекше әдісі болады.

Философиялық әдістің ерекшеленетін қасиеті – әмбебаптылығында. Бұл әдістер ақиқатқа жол сілтей отырып, барлық жерде қолданылады. Диалектика осы әдістер қатарына жатады. Бұдан да басқа, жеке философиялық әдістер, сондай-ақ герменевтика, эклектика, софистика және т.б. бар.

Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп-салдар, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылатын философиялық әдіс. Диалектикаға қарама қарсы философиялық әдіс метафизика болып табылады.

Герменевтика-(гр.т.анықтаймын) - мәтіннің мәнін, оның обьективтік жағы мен субьективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

Эклектика-(гр. таңдаймын) - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайтын, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытынды алынады.

Софистика - айтыс-тартыста жеңіске жету үшін ақты қара, қараны ақ жүгінетін әдіс.

Философияның негізгі функциялары (functio-латын сөзі,орындалу жасалу,істейтін қызметі)

Жоғарыда көрсетілгендей, философия - ғылым мен өнер салаларына ұқсас, сонымен қатар адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын пән. Ол өзінің әртүрлі кырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты әсерін тигізеді, бүгінгі рухани дағдарыстағы адамзатқа оның жаңа өмір бағытын іздеудегі талпыныстарьнда философияның орнын асыра бағалау қиын.

Философия дүниеге деген адамның көзқарасынқалыптастырады. Бұл - осы пәннің ең негізгі функцияларыныңбірі.Әрине, қайсыбір адамның да Дүниеге деген көзқарасы бар. Ол тұрпайы, фантастикалық, діни, мифологиялық т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе рухани жағынан алғанда, пісіп-жетілуі сатысына 40 жасқа келгенде келеді екен. Оны олар «акме» деп атаған. Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған Дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-бірімен катынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ өз-өзіне тағы да
ашуымүмкін.

Алайда, бүгінгі таңда, қазақ мемлекеті жаңа ғана қалыптасып, өзінің күшіне кіріп жатқан уақытта, бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен мемлекеттерге есігімізді кең ашып жаткан шағьмызда, өз келбетімізді сақтап қалуымыз үшін (оны ғылымда идентификация дейді, біз дүниежүзілік философияны зерттеп, қазақ халқының дүниетанымы онда қандай орын алатынын анықтауымыз керек. Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани дағдарысы неде, қаншалықты биік дәрежеге ғыльм мен техника көтерілгенмен, қазіргі миллиондаған адамдар өздерін неге бақытсыз сезінеді, біз өзіміздің реформаларымызда қандай елдердің тәжірибелерін үлгі ретінде алуымыз керек және оларды өзіміздің ерекшеліктерге сай етіп пішуіміз керек деген т.с.с. сұрақтарға жауап беруіміз керек. Бұл сұрақтарға жауап жеке адам, я болмаса бүкіл қоғамның болашақ тағдырына әсерін тигізбей қоймайды. Ал олардың бәріне де терең жауап беру философия арқылы болмақ, өйткені олардың бәрі де - Дүниеге деген көзқараспен байланыстымәселелер.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі көп қиындықтар, тіпті қателіктер, біздің өмірді жаңарту жолындағы үстірт еліктеу, қайсыбір ақиқаттың нақтылығын ұмыту, жалпы алғанда, біздің жаңа қалыптасып жатқан саяси және экономикалық элитамыздың философиялық дайындық дәрежесінің тайыздығымен, интеллектуалдық элитаға мән бермеумен көп жағдайда байланысты болып отыр. Әрине, сонымен қатар көп мәселелердің түп-тамыры біздің соңғы ғасырлардағы бодандығымызға кетеді. Бірақ оған қаншалықты сілтей береміз?

Дүниеге деген терең философиялық көзқарас әсіресе біздің жастарға керек. Өйткені жастар - елдің болашағы. Философияны терең оқып-білген адамның ғана Дүниеге көздері ашық, қазіргі адамзат өміріндегі болып жатқан шым-шытырық тартыс, қайшылықтардың мәнін аша алады. Олай болса, өз өмірінің мән-мағынасын жете түсініп, осы өмірде өзінің шынайы орнын ала алатын болады.

Философияның келесі функциясы оның әдістемелік қызметінде. Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер қолданылады. Әртүрлі әдістер жеке, жалпы, ең жалпылық (философиялық) болып бөлінеді. Әдістер жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз.

Бірде-бір таным, әсіресе философиялық, қайсыбір саналы адамның іс- әрекеті белгілі бір әдістерсіз, олар арқылы соған сәйкес методологиялық түсініктерсіз болуы мүмкін емес.Жаңа Дәуірдегі философия негізін қалаушылардың бірі Ф. Бэкон адамның дүниетанудағы колданатын әдістеріқараңғыда жол көрсететін шамшырақпен салыстырған болатын. Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов: «Ғылымда қолданатын әдістермен көбінесе зерттеудің нәтижелігі тығыз байланысты. Жақсы әдістер аркылы өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал қолданылатын әдістер нашар болса, онда данышпан ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-қуатын жұмсайды», - деген болатын. Француз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалыққа жеткізген жолды сол жаңалықтың өзінен кем емес екендігі туралы пікірайтқан.


Философия болмыс пен ойлаудың ең жалпы формаларын зерттегеннен кейін, олардың әдістемелік қызметі объективтік шындықтың универсалды модельдерін жасау арқылы, сол тұрғыдан жеке ғылымдардың орнын, зерттеуге керек таным кұралдарын категориялар, заңдар, принциптер, ұғымдарды анықтау арқылы жүреді. Әсіресе гуманитарлық пәндерді зерттеуде философияның құндылық, өмірдегі мән-мағыналық бағытты анықтаудағы қызметін асыра бағалау өте қиын. XX ғасырдағы ғылым мен техниканың өте тез дамуына байланысты философияның әдістемелік кызметінің де мәніөсуде.

Бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші жағынан, әртүрлі ғылым салаларын жақындататын «шекаралық» пәндер дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі экологиялық, демографиялық, урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке ғылымдардың басын біріктіріп, үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, әдістемелік принциптердің негізінде ғана іске аспақ.

Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін, келесі тарауда біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни ол - философия тарихы.

Философия және дүниеге көзқарас. Философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды. «Дүниеге көзқарас» ұғымы «философия» ұғымымен астарлас. Ол өзіне басқа да дүниеге көзқарастартың түрлерін мифологиялық, көркемдік, діни және т.б. қарастырады. Толықтай түйіндегенде, дүниеге көзқарас - дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарасқа: адамның дүниеге деген бағасы мен түсінігі, философиялық, жалпы ғылымдық, әлеуметтік - саяси, құқықтық, эстетикалық құндылықтық бағдары, болжауы, сеніміжатады.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегенеміз айнала қоршаған орта. Бүкіл әлем, тұтас дүние туралы , ондағы адамның орны, терминшіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамының пайда болуымен қатар болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі- өмірдің өзі – адамның тіршілік болмысы. Расында дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән – жайы, адамзат өніп – өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей ізденіске салды. Сөйтіп , әлем құбылыстарын түсініп талпынған әрекеттер дами берді.