Файл: 1. Оытушы туралы мліметтер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 84

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Субстанция және материя категориялары. Бұл бірлік жайындағы ой пікірлер дүниеде бар барлық нәрселердің бәріне ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда субстанция категориясын тудырады. Субстанция (латынша substantia - негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін, мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негізін түсінеді. Егер түрліше жеке заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының тууынан және айналадағы дүниенің субстандиялық бірлігінің, шындық дүние құбылыстарының заңды байланысының тууынан болды. Дүниенің бірлігін бір субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм философиясына жатады. Алайда, негізге алатын субстанция түрліше болады, субстанция ретінде не материяны, не рухты негізге алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді (мәселен, Фалестің, Гераклиттің, Спинозаның т.б ілімін) және идеалистік монизмді (мәселен, Платонның, Гегельдің философиясын) айыра білген жөн. Монизмге қарсы дүниенің дуалистік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша, дүниенің екібастапқынегізі - материалдық және идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі - денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі - рух дүниесі (Р.Декарт).

Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара – пар деп санады. Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай – ақ, философиялық ой – жүйенің даму деңгеймен байланысты еді. Бұл анықтамада материяның негізгі
екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыс тәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып – білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материяның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материяның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі. Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді. Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ.Қозғалыс– материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Материаның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материлдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Кез келген материалдық обектінің өмір сүруі оны құрайтын элементтердің қарым – қатынасына байланысты. Философияда өзгерісті қозғалыс деген түсінікпен байланыстырамыз материя қозғалыс дегенді бұл тек механикалық деп түсінбеу керек бұл кез келген объектінің кеңістіктегі өзгеуі қарым қатынасына байланысты. Материя қозғалыссыз өмір сұре алмайды қозғалыз материяның басты атрибуты. Қозғалыстың негізгі екі түрін ажыратамыз бір заттың сапасын сақтау. екінші бір сападан келесі бір сапалық өзгеріске ауысу.Категория (гр.kategoria-пікір, белгі, анықтама) шындық дүниедегі заттардың, құбылыстардың ең жалпы, мәнді қасиеттері мен қатынастарын бейнелендіретін шегіне жеткен, ең жалпы ұғым (предельно общее понятие). Ол нәрселерден олардың ерекше белгілерін дерексізденудің (абстракцияланудың) соңғы нәтижесі ретінде жасалады (құрылады).

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Болмыстың түрлері.

  2. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.

  3. Болмыс және Абсолют. Болмыс және адам Құдай-әлем қатынасы мәселесі.

  4. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.




Әдебиеттер тізімі:

1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /

2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.

3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.

4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.

5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.

5-тақырып. Таным және шығармашылық
Дәріс мақсаты: Философиялық ойлау мен зерделеудің өзіндік ерекшелігі оның рационалдығы мен сынилығы екенін ұғынып, философиялық сипаттау, пайымдау жасау, дәлелдеу жүйелерін, әсіресе логикалық аргумент келтіру амалдарын игеру.

Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс - әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология - бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады.

Гносеология термині гректің «gnosis» - білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.

Таным - гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болыптабылады.

Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным - жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі.

Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі.

Таным түрлері:

    1. қарапайым немесе жекелік таным: жеке тәжірибе мен қарым қатынас негізінде, қоғамдық білімді меңгеруде және күнделікті іс әрекет процесінде қалыптасады. Бұл ілімнің ерекшелігі біліммен, жекелеген объектілермен және оқиғалар туралы ақпаратпен қорытындыланады. Өзінің формасы арқылы образды түрде көрінеді, бірақ оның мазмұнында логикалық және рациональдық ойлау жүйесі де бар. Сонымен қатар, толық ақпараттық білімнің формасы ретінде де көрінеді. Жиырма жасына толған адамның білімі барлық ғылымдардың толыққан және жиналған ақпараттардан дәрежесі әлдеқайда үлкен екені бәрімізге мәлім.

    2. ғылыми таным күнделікті, қарапайым танымнан өзіндік бойынша ерекшелінеді. Ғылым үдерістер мен құбылыстардағы қажетті болып табылатын жалпы заңдылықтарды зерттейді, сонымен қатар, ғылымның негізгі пәні ретінде заңдылықтарды білу болып табылады. Ғылыми білім әрқашан жалпы түсініктерге негізделген, яғни ғылымда көбінесе логикалық және түсініктерді білубасым.


Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады.

    1. күнделікті қарапайым таным: ғылыми танымның түрі болып атбылады, бірақ екі маңызды сәтпен ерекшеленеді: бұл білімнің пәні қарапайым жалпылық емес, әмбебаптылық ортақ болып атбылады. Философиялық білім әрқашанда дүниетанымдық көзқарас болып табылады, сондықтан ол өзіндік танымдық бағалауды сақтамайды. Танымдық бағалау– бұл таным түрінің міндеттіэлементі.

    2. көркемдік таным: өз негізінде бейнелі және көрнекілі, сондықтан ол қараайым білімге жақын. Алайда ол өз пәні бойынша ортақ және қажеттілікті сақтайды, яғни типтік болғандықтан ғылымға жақын, осы сала пәні – адам мен адамдық қатынас болыптабылады.

Субъект және объект алғашында заттың қасиетін, күйін, әрекетін білдіретін субстанция түсінігімен мәндес ұғым болды. Философия тарихында субъект және объект ұғымының мағынасы түбегейлі өзгеріп, онтологиялық ауқымнан шығып, гносеологиялық мәнгеауысты.

Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн таңдауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсiмен объектiсiбiр-бiрiнiң себебiболып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiнемес.

Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

Ақиқат мәселесі. Таным теориясы ақиқат мәселесімен тығыз байланысты. Жоғарғы ізгілік болып табылатын ақиқат пен әсемдікке ұмтылу Платон бойынша ғашықтық, сүйсінушілік және долданғандылықпен тең. Көптеген ғалымдар ақиқаттылықтың мазмұнында моральдық және эстетикалық мән бар екенін баса айтты. Әдетте ақиқатты объекті мен білімнің арасындағы сәйкестіктіайтады.

Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.