Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 100

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту: майлыертіндінімұрынға тамызғанда науқастамшыныңдәмінсезуіқажетжәнебірнеше минут жатуықажет, тамшыжұтқыншақтыңартқықабырғасынатүсуікерек (мұрынқанатынсүйек қалқанына баспаңыз).

Көзге тамшы тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша), колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  5. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

  6. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

  7. Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен.

  8. Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқасқа жоғары қарауын сұраңыз.

  9. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта ұстап тамызыңыз.

  10. Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

  11. Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

  12. Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.

  13. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  14. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

  • екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

  • бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

  • егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.


Көз майын қаттастырып салу

Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын (дәрігердің тағайындауы бойынша), шыны көз қалақшаларын, дәке тампондары, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекеталгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).

  3. Шынытаяқшаныңбүтіндігінтексеріңіз.

  4. Гигиеналықдеңгейдеқолғатазартужүргізіңіз, қолғаптыкиіңіз.

  5. Науқасты ыңғайлыжағдайдаотырғызыңызнемесежатқызыңыз, басынартына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарайбағытталған болу керек.

  6. Оңқолғашынықалақшаныалып, оныңжалпақшетінемайдыжағыпалыңыз. Олбүтінқалақшаны жабу керек.

  7. Шынытаяқшанысамайбетіненкөздіңтесігінеқарайжақындатыңыз (оңкөздісолқолмен, солкөзді оң қолмен).

  8. Қалақшаны көзге көлденеңорналастырыңыз, жалпақшетіменкеңсірікке.

  9. Солқолғадәкетампоныналып, төменгіқабақтытөмен тартыңыз жәнеоғанқалақшадағымайдыкөзалмасынақатастырыпсалыңыз, ал бос бетіқабаққақарайбағытталуыкерек.

  10. Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.

  11. Сығылыстарылғанқабақтансамайбағытыбойыншақалақшаны алыңыз. Сәл қабақтарды уқалаңыз, май көздіңшырыштықабығынабірқалыптытаратылуғатиіс.

  12. Екіншікөзіне де майды осы реттілікпенсалыңыз.

  13. Көзмайынтікелейтюбиктен де салуғаболады.

  14. Солқолыңызғадәкетампоныналып, төменгіқабақтытартыңыз.

  15. Тюбиктікөздіңішкібұрышынаұстап, онанмайдытөменгікөздіңсілемейліқабығыныңіркістерінесығыпшығарыңыз, майдыңцилиндріұзынбойынабарлыққабаққаорналастырылады.

  16. Шынықалақшанызарарсыздандыруертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  17. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәкетампондарынқауіпсізжоюғаарналғанконтейнергесалыңыз.

  18. Қолыңыздыжуып, кептіріңіз.



Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.



Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  4. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

  7. Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.

  8. Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

  9. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.

  10. Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.

  11. Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғарықарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

  12. Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышыненгізбеңіз.

  13. Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыптаұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

  14. Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

  15. Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.

  16. Қолғапты шешіңіз.

  17. Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.

  18. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.


Жеке ингаляторды қолдану

Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.

Дайындаңыз:аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін тексеріңіз.

І с-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.

  3. Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз.

  4. Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.

  5. Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.

  6. Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.

  7. Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.

  8. Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.

  9. Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.

  10. Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.

Ескерту:

  • аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;

  • аэрозольдіңдозасындәрігеранықтайды.

Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.

Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті айтыңыз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

  5. Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.

  6. Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).

  7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Жабысқақ дәрілік пластырьді салу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит, бұлшық еттің қабынуы, тері мүйізгегі.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.

Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, шымшуырды (пинцетті), антисептикалық ерітіндіні.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.

  6. Пластырьды қажетті көлемін қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабықты ашыңыз.

  7. Науқастың терісінің үстіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.

  8. Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.

Ескерту:

  • пластырьді 2 тәулік бойы алуға болмайды, егерде қатты тітіркендіруі сезілмесе;

  • пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.

Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Дайындаңыз:тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.

  7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

  8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.

  9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.

  10. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.