Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 70

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Коммуникация негізі ретінде мынадай факторлар: құрмет, ізгілік, уайымшылдық, түсіністік қызмет атқарады. Гуманистік бөлім мейірбикелеріне арналған түсіністік үрдісінің мақсаты - емделушінің сырын ұғыну болып табылады. Осы зерттеудің нәтижесінде, шешімерді емес , емделуші туралы да, өзің туралы да бір мезетте барлығын білуге болады.

Мейірбике ісіндегі тілдесу - бұл үрдіс, денсаулықтағы ақауларға байланысты өмірдегі болатын өзгерістерге бейімделу мақсатымен тұлғаға әсер ету өнері. Ол емделушілердің және мейірбикелердің бірлескен қызметінің қажеттіліктерінен туындайды.

Тілдесудің атқаратын қызметтері:

Тілдесудің атқаратын қызметтерінің келесі түрлерін айырады:

Байланыстық – тілдесуге өзара даярлық күйінің қағидасы;

Ақпараттық – ақпараттармен және хаттамалармен өзара алмасу;

Оятушылық – серіктесінің белсенділігін арттырады;

Үйлесімділік - өзара бағдарлау және бірлескен қызметке мәмілесі;

Түсіністік – өз серіктесінің күйінің, әрекеттерінің, айтылмыштың мағынасының адекватты түсінігі;

Эмотивтік – серіктесінің арасымен эмоция алмасу;

Қарым – қатынас қағидасы – іскерлік, өндірістік және өзара қатынастар жүйесінде өзінің серіктесінің орның жете түсіну;

Ықпал етушілік – серіктесінің тәртібіндегі, іс-әрекетіндегі, күйіндегі, біліміндегі өзгерістер.

Тілдесу құралдары

Таңбалы тілдесу құралдарына ақпарат қайнары және әңгімелесушіге әрекет ету тәсілі болып табылатын – тіл жатады. Көне ақындардың бірі Саади айтқан

« Сен сөйлемейінше біз сенің ақылды немесе ақылсыз, ұлы немесе елеусіз екенінді біле алмаймыз» бұл ұлы сөзін естен шығармағанымыз жөн.

Мейірбике сөйлеу мәнерін айыра біліп, оны бағалай алуы керек. Сөйлеу мәнері емделушінің жеке ерекшеліктерін, оның темпераментін айырады. Қатты тіл мейірбикені есту қабілетінен айырылған емделуші ойына дәлдеуі қажет. Мейірбике сөйлеу мәнерінің патология санасына, ойлауына , психо-неврологиялық ауруларына тәуелді екенін білу қажет. Мысалы, демікпе кезінде емделуші тоқтаусыз қиналып сөйлейді, патология санасында ( галлюцинациялар, сопор, кома), кейбір соматикалық ауруларда емделуші сұраққа жауап бермейді( емделушінің тәніксіз реакциясы).

Тілдердің мынадай түрлерін ажыратады: сөздік қормен бірге тоқсаусыз, жай, эмоционалды, бірқалыпты, қатты, сыбдырлы сөйлеу.


Бейнелі коммуникацияны ойлағанда , біз : бір нәрсе әрдайым болып тұратының естен шығармағанымыз жөн. Бейнелі сигналдар сөздерге қарағанда көп сөйлейді. Мейірбике осы сигналдар арқылы сөздердің шығындалмауын қадағалап отыруы тиіс.

Мимика – бет бұлшық еттерінің қозғалысы. Ымдау – бүкіл дененің моторикасы, қозғалыстың жүрістің келбетті әр түрлі қол қозғалысының өзгерісі , сонымен қатар тілдесудің бейнелі құралдарына жанасудың: қол алысу, сүйісу, тиіп кету, сипалау, итерудің және т.б. түрлері жатады.

Тілдесу әсерлерінің критерилері

Тілдесудің әсерлі болуы әңгімелесу жағдайына: орны, уақыты, кедергілері(айқай-шу, бөгде адамның болуы, бөлмедегі ығы-жығы және т.б.) байланысты. Ауыр халдегі адам дұрыс зер салып тыңдамаған жағдайда тілдесу формальды және әсерсіз болып қалатының естен шығармағанымыз жөн. Сондай-ақ тағы бір есте сақтайтын жайт, адам өзіне жақсы немесе өзінше түсіндіру (бұл өзіне қолайлылау мағнасында) тәсіліне дағдыланбаған.

Осылайша, кәсіпқой тілдесудің техникасы - меңгеру денсаулық жағдайына байланысты, өмір адаптациясында халыққа көмек көрсетудің әсерлі құралы ретінде қызмет ете алады,- деп ұйғарым жасауға болады

5. Әдебиеттер.

1.С.Қ.Мұратбекова«Мейірбике ісінің негіздері»173-188 беттер,

2.С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбикелік іс негіздері» пәніне практикалық

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Тапсырма фронтальды сұрастыру:


Сұрақтар

Сұрақтар


1.Ф. Найтингел мейірбике ісінің дамуы туралы

1.В.Хендорсон Мейірбике ісінің дамуы туралы

2.Мейірбике ісінің басты мақсаты


2. «Күтім»- дененіміз...

3.Науқасқа қараудың ортақ тапсырмасы

3.Мейірбике ісінің Қазақстандағы реформалары


4.Түсінік мейірбикелік істің философиялық мағұлматтары


4. Мейірбике типтер.

5.Денсаулық адамның басты құндылығы

5.Мейірбике ісінің философиясына сендіру

6.Этика термині нені білдіреді?

6.Деонтология термині нені білдіреді?


7.Мейірбике жұмысының басты этикалық бағыты


7.Сыртқы және ішкі мейірбике жұмысшыларының мәдениеті

8.Медициналық құпия - бұл..


8.Ятрогения-бұл....

9.Этика мен мейірбикелердің байланысы


9.Емдік сақтандыруды құрайтын қалпы

10.Қылмыстық істер мен жеке мейірбикелер есепке алу


10.Мейірбике жұмысшыларының әрикетінің түрлерін есепке алу.





2.1Тақырып: Медициналық мекемелердің негізгі түрлері. Қабылдау бөлімшесі мейіргерінің міндеттері.

2. Мақсаты. Үлгілік медициналық мекемелердің құрылымы және жұмысын ұйымдастыру; қабылдау бөлімшесінің құрылысы және жұмысын ұйымдастыру туралы түсіндіріп, оқытып үйрету.

3. Дәріс тезистері.

Ауруханалық мекемелер (ауруханалар,госпиталдер) пациенттерді ауруханалық жағдайында емдеуге арналған (лат.stationarius – тұрып тұрған, қозғалмайтын). Бұл жерлерде пациенттерге жедел медициналық көмек, амбулаторлық жағдайда орындалуы қиын процедураларды істеуге, бақылау және емдеу тәсілдерін өткізіледі. Ауруханалар бөлінеді: монопрофилді- бір ауруды ғана емдеуге арналған аурухана (мысалы, туберкулез), және көп профилді – құрамына әр-түрлі бөлімшелер кіретін аурухана (мысалы, хирургиялық, неврологиялық, терапевтік және т.б.).

Аурухана құрамына қабылдау бөлімі, емдік-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана, пищеблок және т.б. кіреді. Ауруханадағы мейірбикенің міндеттері, оның қандай профилді бөлімшеде қызмет атқаруы мен атқаратын жұмысының ерекшілігіне байланысты. Емдеу және алдын-алу мекемелерінің емханалық түрі - емханалар мен амбулаториялар.

Емхана – пациенттерге медициналық көмек көрсетуге, соның ішінде арнайы көмек көрсететін, қажет болса үй жағдайында науқастарды тексеріп және емдеуге арналған көп профилді емдеу және алдын-алу мекемесі.

Емханада әр-түрлі профилді дәрігерлер науқастарды қабылдайды (терапевтер, хирургтар, окулистер, отоларингологтар, кардиологтар және т.б.), сонымен қатар диагностикалық бөлмелер ( эндоскопиялық, рентгенологиялық, ЭКГ,ФКГ,ЭхоЭГ және т.б.), лаборатория, физиотерапиялық бөлімше, процедуралық бөлмелер қызмет атқарады. Емхананың жұмысының негізгі принциптері - жергілікті-салалық (территориалді-участкалы) болып есептеледі. Емхана көмек көрсететін жерлер салаларға бөлінеді, оған салалық дәрігер мен салалық мейірбике бекітіледі.Салалық дәрігер мен мейірбике осы участкідегі емдеу және алдын алу шараларына жауап береді,сонымен қатар халықты диспансерлеуге көп көңіл аударады.

Диспансеризация – дегеніміз дені сау адамдарды жүйелі бақылап, олардың тұрмыс жағдайы мен еңбек жағдайын қарап тексеру, созылмалы аурулары бар пациенттерді анықтап, табу. Участкалық мейірбике дәрігерге науқастарды қабылдау кезінде көмектесіп, қажетті медициналық құжаттарды толтырып, келген науқастарға лабораторияға тексеруге қажетті материалдарды жинауын, инструменталды тексерулерге қалай даярлануын түсіндіреді, статистикалық
талондарды толтырады, жолдамаларды жазады, дәрігер нұсқауларын үй жағдайында орындайды, қажет болса пациенттердің тума-туысқандарына күтім элементтерін үйретіп, оқытады. Сонымен қатар емханада процедуралық мейірбике, физиотерапиялық мейірбике және т.б. қызмет атқарады.

Амбулатория – дегеніміз емханалар сияқты пациенттерге медициналық көмек көрсететін емдеу және алдын-алу мекемесі. Амбулаторияның емханадан айырмашылдығы медициналық көмек көлемі кішіректеу, өйткені амбулатория ауылды жерде орналасқан. Онда қызмет атқаратын дәрігер саны бес дәрігерден аспайды. Амбулаторияда қызмет атқаратын мейірбикенің жұмысы участкелік мейірбикенің жұмысына өте ұқсас, тек олар өз бетімен жұмыс істейді және олардың жауапкершілік деңгейі жоғарылау.

Медико-санитарлық бөлім – дегеніміз өнеркәсіп қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге арналған емдеу және алдын-алу мекемелерінің жиынтығы. Олардың қызметі цехтік участок принципімен ұйымдастырылған. Медико-санитарлық бөлімдердің структурасы әртүрлі болады: олардың құрамына емхана, аурухана, здравпунктер, стоматологиялық емхана, профилактория, санатория, балалар сауықтыру лагерлері кіреді т.б.

Медико-санитарлық бөлімдер қызметі де әртүрлі. Амбулаторлық медициналық көмек пен ауруханалық ем жасағаннан басқа, олардың қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлердің ден саулығын диспансерлік бақылауын алдын-алу тексерулердің көмегі арқылы жүргізеді, созылмалы аурулары бар адамдарды анықтап табады, ауырғандардың бәрін амбулаторлы немесе ауруханада емдейді.

Цехтік дәрігер мен мейірбике, здравпунктегі фельдшер жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс орындарында еңбек жағдайын, кәсіптік адамға зиян факторлерін анықтауға, алдын-алу шараларын жетілдіруге ат салысады.

Здравпункт, ол өз бетімен қызмет атқаратын емдеу және алдын -алу мекемесі емес, емхана немесе өнеркәсіптің медико-санитарлық бөлімінің құрамына кіретін мекеме. Олар екіге бөлінеді: 1.дәрігер 2.фельдшерлік. Здравпунктегі медициналық персонал пациенттерге дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді, дәрігерлер нұсқау берген қажетті процедураларды (инъекциялар жасау, таңғыштар салу), прививкілерді істейді, санитарлық ағарту жұмыстарын атқарады.

Жедел медициналық көмек көрсету станциясы – тәулік бойы адам өміріне қауіп туған жағдайларда (жарақаттану, травмалар, улану, қан кетулер), босану кезінде аурухана дейінгі жедел медициналық көмек көрсететін емдеу мекемесі. Бұл станцияларда персонал бригадамен жұмыс істейді, 2-3адам болып (дәрігер, бір немесе екі фельдшер). Медициналық мейірбикелер тек диспетчер болып қызмет атқара алады.