Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту:

  • суппозиторий мұздатқыштанемесесалқынжердесақталуы қажет;

  • суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.

Дәрілік ерітіндіні теріге майлау

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Даярлаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқатаңдаңыз.

  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті наукасқа түсіндіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.

  7. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзын бойлық жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.

  8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  9. Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту:терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.

Майлы таңғышты орындау

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, дәрігер тағайындаған майды, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  4. Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы жағдайды көмектесіңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

  7. Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабатты мақта қойыңыз.

  8. Салфетканы маймен, дәкемен немесе түтікті бинтпен ораңыз.

  9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  10. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

  11. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

  12. Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.


Теріге майды жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік майын, залалсыздандырылған қалақты немесе шпательді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз.

  7. Шыны қалақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).

  8. Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  11. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.

Теріге майды сылап жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.

  3. Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  5. Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз.

  6. Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  8. Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Арнайы құралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

  10. Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  12. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.




Ескерту:

  • дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажетжағдайдашаштықырыптастайды;

  • егерде май терініқаттытітіркендірмесе, онданауқасөзеркіменмайдысылапжағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардыңқозғалысыжеңілайналмалыболуыкерек;

  • науқастықолынмайдысылапжаққанғадейінжәнежаққаннанкейінжууқажетекенітуралыалдын-ала ескертіңіз.

Дәрілік ерітіндіні теріге сылып жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Науқастың терісін ұқыптап сумен сабынмен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  7. Теріге қажет мөлшеріндегі дәрілік ерітіндіні арнайы құралдармен жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

  8. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.

  9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  10. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

4.Иллюстративті материал. Презентация

5. Әдебиеттер.

1.С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбикелік іс негіздері»пәніне практикалық басшылық»

295-303 беттер

2.Г.И.Морозова «Медбикелік іс негіздері жағдаяттық тапсырмалар» 22-27 беттер

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)


Тест-бақылау

I -Нұсқа

1. Көзге, мұрынға, құлаққа тамшыны тамызғанда жылыту керек:

А) 20-22

В) 25-28

С) 28-30

Д) 30-35

Е) 36-37

2. Дәрілік ерітіндіні теріге сылып жағудың қарсы көрсетілімдері біреуінен басқасы:

А) Тері аурулары

В) Теріде жараның болуы

С) Терінің ойылуы

Д) Дене қызуының көтерілуі

Е) Таза, құрғақ тері жамылғысы

3. Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану көрсетілімі:


А) Анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

В) Қан кету

С) Терінің ойылуы

Д) Балауызға сезімталдылығы жоғары

Е) Науқас келісім бермесе

4. Улы, наркотикалық, қатты әсер етуші дәрілік заттарға талап парағы қанща данаданжазылады:

А) 2 дана

В) 3 дана

С) 4 дана

Д) 5 дана

Е) 1 дана


5.Сарысулар мен вакциналарды сақтау үшін тоңазытқыш температурасы:

А) +1 +2 0С

В) +2 +4 0С

С) +5 +6 0С

Д) 0 -1 0С

Е)+6 +80С

6. Тұндырмалар мен тұнбалардың дайындалған күннен бастапсақтаумерзімі:

А) 10 тәулік

В) 8 тәулік

С) 5 тәулік

Д) 3 тәулік

Е) 2 тәулік


7.Ауруханадәріханасындадайындалғанзалалсыздандырылғанерітінділердіңсақтаумерзімідайындалғанкүнненбастап:

А) 10 тәулік

В) 3 тәулік

С) 8 тәулік

Д) 2 тәулік

Е) 4 тәулік


8. Ұйықтататын дәрілерді қабылдайды:

А) Ұйықтар алдында 15 минут бұрын

В) Ұйықтаралдында 30 минут бұрын

С) Ұйықтаралдында 60 минут бұрын

Д) Ұйықтаралдында 40 минут бұрын

Е) Ұйықтаралдында 20 минут бұрын

9. «Ашқарында» дәрілерқолданылады:

А) Тәңертеңгіліктамаққадейін 20-60 минут бұрын

В) Тәңертеңгіліктамақалдында

С) Кез-келгентамақтықабылдауалдында 10 минут бұрын

Д) Кез-келгентамақтықабылдауалдында 1 сағат бұрын

Е) Ұйықтаралдында 30 минут бұрын

10.Науқастыңтумбочкасындасақталатындәрілік препарат:

А) Промедол

В) Димедрол

С) Нитроглицерин

Д) Адреналин

Е)Анальгин

11.Наркотикалық препаратты тап:

А) Промедол

В) Димедрол

С) Нитроглицерин

Д) Адреналин

Е)Анальгин

12.Тіластына қолданылатын дәрілік зат:

А) Промедол

В) Димедрол

С) Нитроглицерин

Д) Адреналин

Е)Анальгин

13.Дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу үшін талап парағын жазады:

А) Дәрігер

В) Бөлімше меңгерушісі

С) Постадағы мейіргер

Д) Аға мейіргер

Е) Егу бөлмесінің мейіргер

14.Дәріханадан дәрі алатын құжат:

А) Рецепт бланкасы

В) Рецепт дәптері

С) Талап парағы

Д) Үлестік

Е) Ауру тарихы

15. Жәй дәрілік заттарға талап парағы қанша данадан жазылады:

А) 2 дана

В) 3 дана

Д) 5 дана

С) 4 дана

Е) 6 дана
II -Нұсқа

1. Энтеральды жолмен дәрілік заттарды енгізудегі артықшылығы:

А) Кез келген жағдайда қолдануға ыңғайлы және қарапайым қолдану

В) Қарын ішек жолында баяу және түгелдей емес сіңірілуі, соған байланысты оның мөлшерін дәл анықтауға болмайды

С) Дәрілердің түрі бірнеше, залалсызданбаған түрінде, қарапайым қолдану

Д) Мөлшерін дәл анықтап, кез келген жағдайда анықтауға болады

Е) Дозасы белгілі, бірақ ес-түссіз жағдайда қолдануға болады

2. Көздің кілегей қабығына қолданылады:


А) Май, тұнбалар

В) Тамшы, таблеткалар

С) Тамшы және май

Д) Ұнтақтар

Е) Тамшы


3. Дәрілік заттарды сыртқы жолмен енгізу:

А) Теріге май жағу

В) Тынысжолыарқылы

С) Ауызарқылы

Д) Парентеральды

Е) Тікішекарқылы


4. Энтеральдыжолмендәрілікзаттардыенгізудегікемшіліктері:

А) Кезкелгенжағдайдақолдануға ыңғайлы және қарапайым

В) Қарынішекжолындабаяужәнетүгелдейемессіңірілуі, соғанбайланысты оның мөлшеріндәланықтауғаболмайды

С) Дәрілердіңтүрібірнеше, залалсызданбағантүрінде, қарапайым қолдану

Д) Мөлшеріндәланықтап, кезкелгенжағдайдаанықтауғаболады

Е) Дозасыбелгілі, бірақес-түссізжағдайдақолдануғаболады