Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 102
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әр түрлі балдақтарды қолданғанда келесі жағдайларды ескерген жөн:
-
Қолтық асты аймағының зақымдалуының алдын алу үшін дене массасының күшін қолтық астына емес қолға түсіру қажет; -
Демалыс уақытында да тірекке кең базаны қамтамасыз ету керек; -
Балдақтар аяқтың алдынан және шетінен 10 см қашықтықта ұстау керек; -
Жақсы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін қолтық астылық тіреуіштер кеудеге жақын орналасуы керек; -
Басты тік ұстап, жүргенде денені тік қалыпта ұстау керек.
Науқастың ең жақсы позициясы: бас жоғары көтерілген арқасы тік, сау тізесі сәл бүгілген. Тірек үшін арқаны қабырғаға тіреу керек. Балдақтың ұшы табаннан 15 см қашықтықта және сәл алға бағытталған. Егер науқастың жамбасы кең болғанда ұшын өте алыс қашықтықта тіреу керек. Қолтық асты мен балдақтың үстіңгі бөлігің арасы 2-3 бармақ сыятындай болуы керек. Шынтақтары 25-30 градус. Балдаққа үйренушілік серуен кезінде тексеріледі. Орындықтан тұру үшін бір-біріне жанасқан балдақтарды жарақаттанған жағынан орналастырып, оларға ішкі жақтан тіреледі. Сосын орындықтан басқа қолмен келесі жаққа лақтырып, сау аяқты тірейді.
Ал отыру үшін сол қимыл-қозғалыстарды қайталаймыз. Екі балдақты жарақаттанған жағына қоюынан бастап, орындық немесе креслоның түзу тұрғанына сенімденіп, науқас арқасын тіктеп отырады.
Балдақпен жүргенде екі балдақты да 30см ге алға және аяқ саусақтарына қарай 15-20 см қашықтықта қоямыз. Баспалдақпен көтерілгенде немесе түскенде келесі әдісті қолданған жөн. Науқас екі балдақты да бір қолға ұстап, оларды ішінен бас бармақпен тіреп екінші қолымен баспалдақ ұстағышына ұсталынып қозғалады. Көтерілгенде балдақтарды тұрған деңгейде қалдырады. Сосын дене массасын біркелкі балдақтарды ұстап тұрған қолға және баспалдақ ұстағышын ұстап тұрған қолға таратады. Ең алдымен сау аяқты бір баспалдақ жоғары көтеріп, содан соң оны түзеп балдақтарды алға жылжытады. Ал түсекнде ең алдымен балдақтарды бір баспалдақ төмен түсіріп жарақаттанған аяқты түсіреді. Сосын бірдей екі қолға да тіреледі де, сау аяқты түсіреді. Бұл әдісті тар баспалдақпен жүргенде қолданған жөн.
Ұстағыштар.
Ұ стағыштар науқасқа жүргенде, отырғанда, тұрғанда қосымша тіректі қамтамасыз етеді. Ұстағыштар науқастың дене массасын көтеру үшін жеткілікті дәрежеде берік болуы тиіс. Ұстағыштарды диаметрі 2-4 см металл немесе пластик түтікшелерден жасайды. Олардың көпшілігінің беті қолдың сырғып кетпеуі үшін кедір бұдыр болады. Қабырға мен ұстағыш арасында ыңғайлы ұстап алу үшін бос кеңістік қалуы тиіс. Ұстағыш диаметрі науқасқа сәйкес келуі тиіс. Қолдану мақсатына байланысты ұстағыштар әр түрлі болады. Тік ұстағыштар науқастың отырған қалпынан жатқызуға және кері іс-әрекетті орындау үшін керек. Көлденең ұстағыштар науқастың отырған қалпынан тартылып тұруына көмектеседі. Көлденең ұстағыштарды дәретхана, жуыну бөлмелерінде, палаталарда қолданады. Ұстағыштарды қолданған кезде науқас өз күшін біркелкі орналастыру керек. Ұстағыштарды ваннада, жуынатын бөлменің қабырғаларына, дәретхана қабырғасына, жататын бөлмеде, дәлізде, ас бөлмесінде қойған жөн.
Ұстағыш белдік
Жағдайы нашар, әлсіз науқастарды немесе тепе-теңдік сақтай алмайтын және тағы да басқа құлап кету қаупі бар науқастар үшін арналған. Ол науқастың киім сыртынан кигізіледі. Белдік науқастың денесін қыспас үшін оның үстіне жұмсақ қаптама (чехол) кигізу керек. Қозғалыс кезінде науқас бір қолымен көмекшісінің мойынын ұстап тұрады. Ал көмекші науқасты екі немесе бір қолымен белдік арқылы ұстайды. Бұндай белбеу көмекшінің көп күшін жұмсамайды және жағдайды бақылауға мұрша береді. Белбеу науқасты тасымалдаудың басқа да жағдайларында қолданылады.
4.Иллюстративті материал. Презентация
5. Әдебиеттер.
1.С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері»Астана 2007 ж. 284-292; 297-302 беттер
2.С.А. МухинаИ.И. Тарновская «Мейірбике ісі негіздері» Мәскеу 2014 ж.153-170; 173-182 беттер
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Тапсырма-1. Карточка - информатор
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Емдеу-сақтандыру тәртібі – дегеніміз? | |
2. Емдеу-сақтандыру тәртібінң элементтері? | |
3. Пациенттерге арналған эмоционалды қауіпсіздік тәртібін сақтау үшін қажет? | |
4 Биомеханика – дегеніміз? | |
5.Жүргіншектерді қолданғанда ескертулер қандай? | |
Тапсырма-2. Науқастың төсектегі қалпын кластер арқылы толықтыр.
Тапсырма. Карточкамен жұмыс
Емдеу-сақтандыру тәртібі туралы түсінік?
Науқасқа психологиялық жайлы жағдай жасау туралы түсінік;
Науқастың белсенділігін атаңыз: қатаң төсектік, төсектегі, палаталық, еркін (белсенді);
Дене биомеханикасы туралы түсінік?
Ұстағыш белдік туралы не білесіз?
Эргономиканың техникалық құралдары
1.9. Дәрістік кешен келесі бөлімдерді қамтиды:
Тақырып: Дәрілік заттарды сақтау,тарату,қолдану әдістері. Дәрілік заттарды энтеральді және сырттай қолдану әдістері
2.Мақсаты:студенттерге дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу
сақтау,тарату,қолдану әдістері, дәрілік заттарды энтеральді және сырттай қолдану
әдістері туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезистері.Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз. -
Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз. -
Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз). -
Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. -
Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз. -
Науқастан ауызын ашуын сұраңыз. -
Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз. -
Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.
Ескерту:
-
қабығы бар таблетканы науқастын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады; -
науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет; -
дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.
Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны
(қоспалы сұйық дәріні) қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. -
Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
-
1 шай қасықта – 5 мл -
1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл -
1 ас қасықта – 15 мл
-
Науқастың дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз. -
Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Тұнбаны, экстракты (шырсөлді) қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Даярлаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. -
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз). -
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. -
Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз. -
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз. -
Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз. -
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Науқасқа ұнтақты қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз. -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз. -
Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз). -
Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз. -
Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз. -
Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз. -
Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз. -
Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.
Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.
Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Д айындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.
Іс-әрекеталгоритмі:
-
Науқасқаемшарабарысы мен мақсатынтүсіндіріңіз, оныңкелісіміналыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрінің жарамдылығынтексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталумерзіміноқыңыз, флаконныңбүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілікерітіндіні су моншасындаt-36-370С дейінжылытыңыз. -
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. -
Гигиеналықдеңгейдеқолғатазартудыжүргізіңіз, қолғаптыкиіңіз. -
Мұрынжолдарынқараңыз, егердебөлініснемесеқабыршақболса, онда вазелин майынасуландырғанмақтатурундасымен тазартыңыз. -
Науқастыңсәлбасынартқақарайшалқайтып, қырынақарайбұрыпнемесетамшытамызатыннемесеекіншімұрынжолынақарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз. -
Оңқолғамақташаригіналып, оны V саусақпен алақанға қысыңыз. -
Пластикалық флакондағы мұрынғаарналғанзалалсыздандырылғантамшынықолданғанда, оныңтүбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз. -
Оңқолғатамызғыштыалып, мұрынныңекіжағынаесептейотырып, дәрілікертіндінісорыпалыңыз. -
Солқолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз. -
Мұрынжолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оныңқабырғасынатигізбеугетырысыңыз. -
Мұрынныңшырыштықалқасына 4-5 тамшыдәрілікертіндінітамызыңыз. -
Мұрынның қанатын сүйекқалқасынамақташаригіменқысып, жеңілқозғалмалыайналыстыжасаңыз. -
Дәрілікертіндініенгізгенжағынақарайнауқастыңбасынеңкейтіңіз. -
1-2 минуттанкейінекіншімұрынжолындадәрілікертіндінісолреттілікпентамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз. -
Қолыңыздыжуыпкептіріңізқолғаптышешіңіз. -
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланғанмақташариктерін, мақтатурундаларын, қолғаптықауіпсізжоюғаарналғанконтейнергесалыңыз.