Файл: леуметтану пні бойыша ОУдістемелік кешен.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 124

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып 3.4 Әлеуметтік құрлым және әлеуметтік стратификация

Дәріс тезистері:

Әлеуметтік стратификация - әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Олар қоғамның түрліше әлеуметтік жетілісін түсіндіреді. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және еңбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал қазіргі замандағы қоғамда – мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.

Адам әрдайым қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін өзгертіп, отырады. Қаржы буржуазиясы жер аристократиясының орнына келіп, оны алмастырады, қазіргі өндірісте біліктілігі шамалы мамандықтарды «ақ жағалылар» деп аталатындардың өкілдері – инженерлер, программистер, роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарды.

Қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Страта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі страталардың болғаның білеміз.

Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің теорияларында О.Кант, Г.Спенсер, К.Маркс, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы – адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік саяси жәнее рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіне: 1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қатынастары жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болады.

Әлеуметтік стратификация – адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік, бұл олардың иерархиялық сипаттағы әлеуметтік өмірінен байқалады, аталмыш теңсіздікке әр түрлі институттық механизмдер қолдау көрсетеді және оны реттейді, бұған қоса ол әрдайым ұдайы жаңаланып, дамиды және модификацияланады, бұлар кез келген қоғамның өмірін реттейтін жағдай ретінде сипатталады және оның дамуының қайнар көзі болып табылады.


Жалпы адамзаттың стратификация картасын жасауда бір өлшемді және көпөлшемді стратификация тәсілдерін үйлесімді пайдаланудың үлгісін П.Сорокин көрсетіп берді. Ол социомәдениет дүнисінде ұйымдасқан түрде өзара әрекет ететін диад пен триадтан басталып, империялар мен миллиондаған мүшелері бар бүкіл дүниежүзілік діни бірлестіктермен аяқталатын миллиондаған әр түрлі ұйымдасқан топтар немесе әлеуметтік жүйелердің өмір сүретіндігін атап көрсетті. Әлеуметтік жүйелердің осы сан алуан түрлерінің көпшілігін классификацияның мақсаттарына орай әр түрлі топтастарға бөлуге, топтастыруға болады. Әлеуметтанушылардың ең алдымен уақыт пен кеңістікте алмасып және құжынап жатқан индивидтер, тарихи дамудың барысына ерекше ықпал жасайтын аса маңызды басқа да әлеуметтік топтар қызықтырады.

П.Сорокиннің көзқарасына сүйенсек, мұндай әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады:

1 Сыңаржақты маңызды топтар:

а) биоәлеуметтік: 1-нәсілдік, 2-жыныстық, 3- жас мөлшеріне орай;

б) социомәдени: 4-ру, 5-аумақтық-көршілестік, 6-тілдік, этникалық ұлттық топтар, 7- мемлекет, 8-кәсіби, 9-экономикалық, 10-діни, 11-саяси, 12-идеологиялық топтар, 13-элитаның нормальды топтары.

2 Көп жақты маңызды топтар: 1-отбасы, 2-клан, 3-тайпа, 4-ұлт, 5-әлеуметтік жүріс-тұрыс немесе сословие, 6-әлеуметтік тап.

П.Сорокиннің бұл схемасы әлеуметтануда дау тудырмайды және дүниежүзінің стратификация картасының теориялық моделі болып қызмет атқара алады.

Әлеуметтік мобильдік категориясын әлеуметтануға тұңғыш енгізген П. Сорокин еді. Ол әлеуметтік мобильдікті горизонтальды мобильдікке қалалық қабаттан ауылдық қабатқа немесе керісінше өту процесі жатады. Халықтың әлеуметтік мобильдігіне қаладағы немесе ауылдық жердегі өмір жағдайларының өзгеруі, адамдардың жаңа мамандық алуы немесе қызмет түрін өзгертуі сияқты жағдайлар ықпал етеді. Осылар қоғамның әлеуметтік құрылымдарының өмір сүруінің маңызды сәттері болып саналады. Ал қайсы бір мамандықтың басқаларға қарағанда артық екендігі жөнінде қоғамда қалыптасқан пікірдің өзгерістерге ұшырауы және соның салдарынан әр түрлі топтардағы адамдардың кәсіби мүдделеріндегі болатын өзгерістер вертикальдік мобильдіктің кішею себептерінің қатарына жатады. Мысалы, көптеген адамдар кәсіпкерлікке , саяси және ғылыми қызыметке қызығушылық танытады, ал қазіргі танда бұған керісінше ауыл шаруашылығындағы жұмыспен айналысуға қызығушылық әлдеқайда азая түсті. Дәл осы жағдай қазіргі кезде басқа да көптеген елдерде байқалады.



Еңбектің сипаты мен мазмұнына және сол саладағы тұрмыс пен өмір жағдайларына қызығушылық, «елу жылда ел жаңа» дегендей, ұрпақтың жаңғыруына орай өзгеріске түседі, ал кейде бұл процесс адамдардың бір ұрпағы екіншісімен алмаспай жатып іске асуы мүмкін, ондай көрініс өмірде жиі байқалады. Соның нәтижесінде адамдардың бір кәсіби және әлеуметтік жіктен екіншісіне өту процесі қарқынды жүреді.

Вертикальді әлеуметтік мобильдікке индевиттің жоғарғы қабатқа өтуі өршен әлеуметтік мобильдік деп аталады. Себебі мұнда қызметі, лауазымы артады, т.б. өзгерістер болады. Ал бұған керісінше , төмен қарай қозғалу индивидтің әлеуметтік құлдырау мобильдігін сипаттайды, бұл дегеніміз оның статустарын жоғалтуын деградатцияға ұшырауын, банкротқа отыруын, идеяларының күйреуін айқындайды.

Казіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-сонды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды.Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жек фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке меншік иелері.Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар.

Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процессі Кеңес Одағы кезінде болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58

Қосымша әдебиет: 32, 101,119, 126
Тақырып 3.5 Тұлға әлеуметтік өзара-әрекеттің жүйесінде (тұлғаның әлеуметтенуі). Ұқсастық теориясы.

Дәріс тезистері:

Қоғамның әлеуметтік құрылымында адам негізгі элемент болып табылады. Адамсыз бірде-бір әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік байланыс және әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік топ, әлеуметтік ұйым т.б. болуы мүмкін емес. Адам барлық қоғамдық қатынастың субъектісі және объктісі болып табылады.

Әлеуметтену тар мағынасында индивидтің әлеуметтік ортаға ену процесі ретінде қарастырылса, ал, қоғамға бейімделу тарихи процесс болып табылғандықтан кең тұрғыда сипатталады.

Әлеуметтену ұғымының мазмұнына индивидтің әлеуметтік өлшемдерді, стереотиптерді меңгеруі, әлеуметтік ұстанымдар мен көз-қарастардың қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік ортаға енуі және индивидті әлеуметтік байланыс жүйесіне үйретумен, қоғамда қабылданған мінез-құлық формаларына және өмірлік стиль үлгісіне үйрету болып табылады.


Тұлға әлеуметтенудің барысында әлеуметтік өмірге араласып, өзінің әлеуметтік статусы мен әлеуметтік рөлін алады және оны өзгертеді. Әлеуметтену процесі бала туғаннан басталып, кәрілік кезеңге дейін созылатын көп актілі процесс.

Қоғамның өзгеруіне байланысты оның құрылымы, мақсаты, міндеттері, құндылықтары және өлшемдеріде өзгермелі келеді. Осыған байланысты, индивидтің де өмірлік көз-өарасы, мінез-құлығы, статусы, әлеуметтік рөліде өзгеріп отырады.

Әлеуметтену процесін бастапқы және соңғы (первичная, вторичная социализация) деп бөледі. Егер бастапқы әлеуметтену процесі балалық кезеңде белсенді жүрсе, ал соңғы әлеуметтену процесі зерделі және кәрілік кезеңде үлкен роль атқарады. Бұл кезең адам өмірінде өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді.

Ал әлеуметтенудің бірлік процесі ретінде жеке тұлғаның ерекшеліктері, қабілеті, коммуникабельділігі т.б. ерекшеліктері алынады. Э.Эриксон өмірлік циклдің 8 кезеңін көрсетеді.

Американдық әлеуметтік психолог Чарльз Кулидің теориясы «Айнадағы Мен» деп аталады. Бұл теорияның негізі тұлғаның қалыптасуындағы әртүрлі әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың қорытындысы алынады, дейді. Ал, американдық психолог Дж.Г.Мид өзінің еңбегінде балалық кезеңнен бастап әлеуметтік рөлді игеру процесінің бірнеше кезеңнен өтетіндігін көрсетті.

З.Фрейдтің классикалық психоанализі адамның өмірі саналы, санаға дейін және санасыз деңгейлерден тұрады, дейді.Ол тұлғаны мынадай үш негізгі концептуалды блоктан тұрады, дейді. Олардың әрқайсысы өзіне тән жеке функциямен сипатталады. Ид – тұлғаның негізгі құрылымы. Эго – біріншіден, санасыз инстинктке ұмтылса, ал екіншіден шындық талабына бағынады. Суперэго – адам өмір сүретін құрылымнан тұрады: әлеуметтік өлшемдерден, ұстанымдардан, сол қоғамның моральды құндылықтарынан.

Әлеуметтену барысында адам өзін-өзі ұқсататын түсніктер қалыптасады. П. Бурдьенің пікірі бойынша әлеуметтену габитус - адамның әлеуметтік қасиеттердің қалыптасуы деп анықтайды. Әлеуметтенудің негізгі белгісі ретінде адамның өзін-өзі ұқсату болып табылады.Идентичность - ол адамның өзі туралы қалыптасқан көзқарасы, ал идентификация - қоғамдағы қалыптасқан ұқсату формалары, немесе референттік топтардың болуы және солардың ішінен өзіне жақын және ұнайтын топтық белгілерді өзінде қалыптастыру.

Гозман және Эткинд өздерінің мақалаларында идентификацияның үш деңгейін көрсетеді. Олар: жалпы адами, яғни жер бетіндегі тірі ағзалардың ең жоғарғы сатысында орналасқан жан. Символикалық интеракционизм бағытының деңгейінде идентичность проблемасын Дж.Г.Мид қарастырған. Ол өзінің теориясында Чарльз Кулидің адамның қоғамдық өмірдегі санасының рөлі туралы пікіріне сүйене отырып, «басқа рөльдерді қабылдау» арқылы индивидтің топта қалыптасуы процесін қарастырады.


Жастық кезең бұл жалпы қоғамдық құрылымның құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар психофизиологиялық жетілу, социумға кіру, әлеуметтік нормалар, ролдерді игеру, әлеуметтік қондырғыларды және құндылықты бағыттардың қалыптасуындағы позициялары өзіндік сананың дамуы, өзін шығармашылық жағынан көрсету, индивидуалды өмір жағын көрсету таңдау сияқты жастық кезеңде өтетін процестердің негізгі мағынасын анықтайтын, жалпы координат құрылымы қалыптаспаған.

Жастық кезең, ерекше әлеуметтік феномен ретінде өзіндік сипаттамалары бар. Функционалды түрде жастық кезең қоғамдық құрылымында объективті қажетті қалып ретінде анықталады. Яғни осы кезден адам енді балалардың рөлін орындамайды.

Жастардың әлеуметтену процесінде оның жеке бағыттарын қарастыруға болады. Олар саяси және құқықтық әлеуметтену.

Жастардың әлеуметтенуі бұл – осы жастар тобының қатарына өткенге дейінгі уақыттағы дамуы мен қалыптасуы; белгілі қоғамдық формациялар мен қоғамның заңдылықтарымен, жеке қоғамдардың, әлеуметтік қоғамдастықтардың және жеке тұлғалардың даму ерекшеліктерінің өркениеттілігімен белгіленген процесс; бұл жастардың социумға кіру кезеңдері.