Файл: леуметтану пні бойыша ОУдістемелік кешен.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 123

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бүгiнгi заманғы әлемде “дау-жанжалдардың негiзгi көзi ендi идеология да, экономика да болмайды... Адамзатты бөлетiн аса маңызды межелер мен дау-жанжалдардың төркiндерi ендi мәдениет арқылы белгiленетiн болады” (С.Хантингтон)

Жаһанданудың қазiргi заманғы қоғамдарға экономикалық, әлеуметтiк және мәдени тұрғыда тiкелей жаңа серпiн беретiнi баршаға аян. Экономикалық саланың ауқымына сыймайтын осы феномен елдердiң өзара қарым-қатынасын күшейте отырып, сәйкестiк пен мәдени саналуандық проблемасына тiкелей ықпал етiп, бiзге бұрын белгiсiз болған алапаттар мен соларға шара қолданудың жаңа тәсiлдерiн табуды талап етедi.
Бiрқалыпты және белгiлi стандартты мәдени үлгiлердi бүкiл әлем бойынша тарату осы заманғы мәдени жаһанданудың тiкелей салдарына айналып отыр. Бұған бiрқатар факторлар себеп болды, солардың iшiнде мәдени ықпал жасау мен қарым-қатынас үшiн шекаралардың ашықтығы, бұқаралық ақпарат құралдарының, әсiресе ғаламды “виртуалды деревняға” айналдырған телевизияның теңдессiз әсерi, және ең соңында, адамзат баласының бұрын-соңды болмаған әлеуметтiк жұмылғыштығының ауқымдарын атап кеткен жөн. Осының нәтижесiнде мәдениеттердiң ассимиляция мен басқа мәдениетке сiңiп кету қаупi төндi.

Жаһандану процестерi мiндеттi түрде бiрыңғай (бiртұтас) мәдениет құруды талап етпесе де, зерттеулер көрсеткендей ол, космополиттi және мәдени бiркелкiлiктi, бұқаралықты, ұлттық мәдениеттердiң, әсiресе әлемдiк аренада бекiп үлгермеген, басым емес мәдениеттердiң шекараларын жою үрдiсiн енгiзiп отыр. Мұндай жағдайда мәдени жаһандану әсiресе бiздiң мәдениетке қауiп-қатер тудыруы әбден мүмкiн. Бiрақ бұл жаһандануды терiске шығаруды емес, керiсiнше, оған сын көзбен қарай отырып, “бiраз” өзгертулер мен түзетулер жасауды меңзейдi.
Осыған байланысты, жаһандану “хаосын” бақылау тетiгiнiң бiрi ретiнде мәдениеттердiң ерекшелiгiн әлеуметтiң танып-бiлу, яғни олардың өзiндiк ерекшелiктерiн, қайталанбас өзгешелiктерiн әйгiлеуi заңды құбылыс және бұл кездейсоқ процесс те емес. Бұл мәдени өзiндiк оқшаулануды немесе “мәдени гетто” жасауды бiлдiрмейдi, өйткенi әрбiр ұлттық мәдениетте барлығына ортақ базалық гуманистiк құндылықтар негiзделген. Оның үстiне, жаһандану мәдени мұра туралы ғаламдық ауқымда да, сондай-ақ жергiлiктi ұлттық ауқымда да бiлiм мен ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi. Сондықтан ұлттық мәдениет жаһандану мұхитының иiрiмiне батып кетпеу үшiн оған темiрқазықтай бағдар болатын мемлекеттiң күш-жiгерi қажет.


Кеңiнен қанат жая бастаған жаһандану әлсiз мәдениеттердi немесе азшылық мәдениеттердi өздерiнен күштi мәдениеттермен қақтығыста жеңiлiске ұшырататыны даусыз. Ирактағы, Ауғаныстандағы соғыстар мұның айқын дәлелi.
Осыған орай, халықаралық саяси-гуманитарлық институттардың мәдени жаһандануға байланысты келеңсiз үрдiстердiң алдын алуға өздерiне басты жауапкершiлiк жүктеуi қисынды болар едi. Адамзат баласы “басқаны” құрметтеу идеясына қайта оралуы тиiс.

Расында да, ЮНЕСКО-ның жалпыға бiрдей Декларациясы мәдени саналуандықты адамзаттың құрмет көрсетiлуi тиiс ажырамас-құқығы ретiнде белгiлесе, ал БҰҰ-ның адам дамуы жөнiндегi Бағдарламасы (БҰҰДБ) еркiндiк пен мәдениеттi бiрiншi орынға қояды және мәдени саналуандықты сыйламайтын жерде экономикалық даму да мүмкiн емес дегендi кесiп айтады.
Мемлекетаралық, этникалық, экономикалық байланыстар өрiстей түскен жағдайда, түрлi қауымдастықтар кездесетiн аймақтарда, көбiне жанжалдарға (айтыс-тартыстарға) ұласатын шиеленiс потенциалы өсе түседi. Мұндай жағдайда жанжалдардың шешiмiн табу өнерi қоғамдар мен мемлекеттер арасында диалогтар орната бiлу жөнiндегi ғылымға айналады, әрi бұл ретте гуманистiк идеяның рөлi айрықша маңызды.


Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58

Қосымша әдебиет: 6, 11, 15, 22, 23, 24, 25, 26, 36, 37, 38, 42, 45, 46, 55, 56, 64, 75, 78, 81, 82, 91, 96, 97, 111
Тақырып 3.2 Мәдениет әлеуметтік өзгерістердің факторы ретінде

Дәріс тезистері:

"Мәдениет" деген ұғым латын тіліндегі "Cultura" сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналарды білдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.

Қоғамның мәдениетін анықтайтын мәдениетті басым деп атайды. Яғни, білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б. арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл - адамзаттың білімі мен тәжрибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы. Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыстыратын құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Олардың әрқайсысы жоқ объектілердің қарама-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып саналады. Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде біліп үйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үгітін қолданады.Мәдениеттің екінші элементі - ол құңдылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірліктердің) мұң-мүқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттаңдыратын құбылыс, процестердің, т.б. қасиеттерін айтамыз.

Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін білу негізінде және оларды сыртқы дүниедегі басқа заттармен, құбылыстармен салыстыру арқылы қалыптасады. Керісінше де солай. Бұл қүндылық қатынастар әр уақытта даму, өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажетті элемент болып есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, салт-дәстүр, әдет-ғүрыптар, арман, мүрат, т.б. толып жатқан құбылыстар мен процестер ретінде көрінеді. Жалпы мәдениетті дамытуда екі ірі әлеуметтік міндеттер тұрды:

1. Жалпы адамзат тарихында жасалған күллі мәдени құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыру;

2. Қоғамның әрбір адамның, оның жынысына, ұлтына, нәсіліне қарамай мәдени процестерге тікелей қатынастыру, олардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін барлық қолдан келетін әлеуметтік жағдайларды жасау қажет. Мұның өзі әрбір адамды жан-жақты дамытудың, өз кәсібімен қоса компьютерді жетік, әрі шеттілдерін де терең меңгерген, адамгершілік қасисттері жоғары адамды қалыптастырудың негізгі шарты болады.


Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58

Қосымша әдебиет: 51, 59, 62, 69, 71, 72, 73, 77, 92, 102, 103, 112
Тақырып 3.3 Әлеуметтік институттар

Дәріс тезистері:

Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрулерін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік инситуттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттітіктерінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен полиция институты пайда болды.

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.

Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.

4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуына басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Бұл келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билкті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.

Әлеуметтік процесс – қоғамдық жүйе мен онын жеке кұрамдас бөліктерінін тіршілік етуі мен дамуыньң жағдайлары мен қозғалыстары, адамдардың күнделікті қайталанып отыратьш өмір салты. Әлеуметтік процесс адамдардың іс-әрекеттерінін сыртқы көріністері ғана емес, сонымен бірге сол істерді атқарушы адам
нын ішкі дүниесінің іске қатысатың, соған байланысты өзгеретін жақтары да жатады. Әр бір адам және әлеуметтік топ бір жағынан әлеуметтік процессті құраса, екінші жағынан соны атқарушылар. Әлеуметтік процесс құрамдас бөліктері, жағ дайлары сол процесстің сақтаушісы, жүзеге асырушысы және өзгертушісі. Сондықтан әлеуметтік процессті нақтылы зерттегенде оның осы құрамдас бөліктерінің мазмұны мен формаларын, ішкі және сыртқы жағдайларын, өзара-байланыстарын, тіршілік ету әрекеттері мен қамтамасыз ету шарттарын, олардың тұрақтылығы мен өзгерістерін, өзгерту бағыттарын, кезеңдерін, сапалық сипаттарын т.б. анықтайды.

Әлеуметтік процестерді үлгілеу - өте күрделі әлеуметтік қатынастар мен құбылыстардың ерекшеліктері мен заңдылықтарын олардың үлгісі арқылы зерттеу, яғни үлгі зерттелетін объекті ретінде қаралады. Ол қоғамдык құбылыстардың өздерін тікелей бақылап, зертгеудің мүмкіндігі қиын болғанда немесе тіпті мүмкін емес кездерде пайдаланылады. Әлеуметтік процесстерді үлгілеу жасауда электрондық есептеу кұралдарының, математикалық өлшеу жолдарының дамыған мүмкіндіктері аса қажет.

Әлеуметтік процесстерді үлгілеу пайдаланудың ең басты мақсаттарының бірі — жалпы қоғам мен оның әртүрлі топтарының келешектегі жағдайларын алдын ала анықгап болжау және сол келешектегі қиындықтары мен қауіпті, қажетті жақтарының алдын алу шараларын жасау жұмысын жүзеге асыру.

Әлеуметтік процесс сапалық жағынан екіге бөлінеді.

А. Адамдардың әрекеттерін біріктіруші, әлеуметтік тіршліктің белгілі түрін тұрақтандырушы, жетілдіруші/эволюйиялық/

Б. Бірлікті бүзушы, бақталастық, қақтығыстар туғызушы / революциялық/

  • Үлкен - таптар, топтар, этникалық және демографиялық қауымдар жатады- ұлт, халық, тайпа, ерлер, әйелдер, жанұялар, зейнеткерлер, жастар.

  • Орта топқа – белгілі бір өндіріс орнында жұмыс істеп, бір аймақта тұратындар–шағын қала, ауыл.

  • Кіші- маргиналды

  • Қоғамдағы әлеуметтік процесстің түрлеріне:

  • Реформа - әлеуметтік өмірді қайта-құру

  • Революция - қоғамдық өмірді жеке немесе толығымен өзгерту

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58

Қосымша әдебиет: 49, 60, 78, 82, 87, 88, 89 , 90, 126