Файл: Молекуалы биология жне медициналы генетика кафедрасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 54

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


574. Иммундық жауап беру соңында және жедел қабыну кезінде лимфоциттерде нейтрофилдердің жойылуы жүреді. Апоптоздың қандай түрі туралы сөз болды?

575. Бұл ақуызыдың көп бөлігі өзінің гидрофобты негіздерімен митохондрияның ішкі және сыртқы мембраналарына жабысып, проапоптотикалық макромолекулалардың шығуына жол бермейді. Қандай ақуыз туралы сөз болды?

576. Цитохром С цитоплазматикалық адаптор Apaf-1ақуызымен байланысады (apoptotic protease activating factor-1). Осы ақуыз кешенімен қай каспаза белсенді болады?

577. Апоптоздың басталуына жауап беретін, каспазалар:

578. Жиі скринингті адамның қатерлі ісік ауруына тұқым қуалауға бейім гендеріне қатысты жағдайларда ұсынуға болады. Қандай гендер сүт безі қатерлі ісігіннің тұқым қуалау қаупінің жоғары болуын ақтайды?

579. Әрбір адамның жасушаларында жасушалық циклдің ақуыздарын кодтайтын, жасушалық цикл гендер жиынтығы болады. Жасушалардың бөліну үрдісін бақылауға қайсы гендер тобы қатысады?

580. Солярий қабылдағаннан кейін әйелдің терісінде ісіктердің көбейгендігі анықталды. Ісіктің пайда болу себебі ультракүлгін сәулелердің әсерінен нуклеотидтер тізбегінің бұзылуы. Қай үрдістің бұзылуы ісіктердің пайда болуына алып келеді?

581. Ли-Фраумен синдромы аутосомды доминантты тұқым қуалайды және әртүрлі ісік түрлерінің жоғары жиілігімен сипатталады. Қандай супрессор генінің мутациясы осы синдромға алып келеді?

582. Берілген суретке сәйкес қатерлі ісік қасиетін анықтаңыз анықтаңыз.



583. Берілген суретке сәйкес қатерлі ісік қасиетін анықтаңыз анықтаңыз.



584. Осы сатыда қалыпты жасуша геномының тұрақсыздығына ие болады. Қатерлі ісіктің кезеңін анықтаңыз:

585. Қатерлі ісік жасушалары жасушааралық байланысқа жауап беретін, беткейлік ақуыздардардан байланысты жоғалтып, негізгі ісіктен бөлініп, қан тамырларына еніп және оның беткі қабаты арқылы басқа мүшелерге таралады. Бұл көрініс қалай аталады?

586. Ісік бір немесе одан да көп жасуша ағзаның бақылауынан шығып, бөліну жылдамдай бастағанда пайда болады. Жасуша бөлінуінің ағзаның бақылауынан шығуын сипаттайтын ісіктің қасиеті қандай?

587. Метастазданған ісіктерде көбінесе бірнеше типті жасушалар кездеседі. Бұл бір бастапқы жасушадан пайда болған жасушалар. Осы қатерлі ісікке тән, қасиетті анықтаңыз


588. Жасушада терең өзгеріске ұшырап, қатерлі ісік жасушаларының инвазивті өсуіне және метастазға әкелетін ісік жасушасының қасиеті онкогенездің қай сатысына сай келеді:

589. Қандай фактор адам қалының (қатерлі емес ісік) түсінің өзгеруіне себеп болады?

590. Әрбір адамда жасушалық циклдың өзінің гендер жиынтығы бар, оның әрқайсысы жасушалық циклдың ақуызын кодтайды. Жасушалық бөліну үрдісін бақылайтын гендер қандай гендер тобына жатады?

591. Талассемия – гемоглобинопатия, гемоглобиннің синтезіне байланысты туындайтын тұқым қуалайтын аурулардың ішіндегі жиі кездесетін тұқым қуалайтын ауру түрі. B-талассемиямен ауратын науқастың В-глобин тізбегінен мутацияға ұшыраған ген, ГАГ----- глутамин (норма)----- ГТГ------ валин (мутантты ген) табылған.

Мутантты генді қандай зерттеу әдісі бойынша анықтауға болады?

592. Бұл молекулалық-генетикалық зерттеу in vitro жағдайында аурудың клиникалық белгілері жарыққа шықпай жасырын тұрған кезде-ақ инфекция қоздырғыштарының генетикалық материалын анықтап, ауруға нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бұл жағдай қандай зерттеу әдісімен анықталынады

593. Бұл әдістің артықшылығы: универсальдылығы, арнайлылығы, жоғары сезімталдығы, тез жүргізуге болатындығы, әрі осы әдіс арқылы ауру қоздырғыштарында анықтауға болады. Осы әдісті анықтаңыз:

594. Генетикалық аурудың себебі болып табылатын нақты мутацияны анықтау үшін ДНҚ нуклеотидтер қатары жайлы ақпаратты білмей тұрып геномда кодталған аминқышқылдарының қатары жайлы ақпаратты болжау мүмкін емес.

ДНҚ тізбегінің нуклеотидтер қатарын анықтауға мүмкіндік беретін әдісті атаңыз

595. ДНҚ фрагментін идентификациялау әдісінің кезеңдірі: ДНҚ бөліп алу, агароздық гелде рестрикциялық фрагменттерді бөлу, ДНҚ денетурациясы, ДНҚ сүзгі қағазға аудару, ДНҚ гибридизациясы және авторадиография. Бұл молекулалық-генетикалық зерттеу әдісінің қай түрі?

596. ПТР үш кезеңнен тұратын, көп қайтара жүргізілетін әдіс. Бұл кезең ДНК праймерлерінің жалғануынан басталып 5’ ұшынан 3’қарай қарама-қарсы бағытта 72оС температурада өтеді. ПТР кезеңін анықтаңыз

597. Төменде көрсетілген ақаудың қайсысы апоптоздың жүрмеуінен болуы мүмкін?

598. Төменде көрсетілген ақаудың қайсысы миграцияның бұзылуынан болуы мүмкін:

599. Төменде берілген ақаулардың қайсысы фетопатияға тән?

600.ЦАА триплетінің қайталанулары экспанциясы гентингтон ауыруына алып келеді. Бұл мутацияның қандай типі?