Файл: Молекуалы биология жне медициналы генетика кафедрасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


75. Көрсетілген терминдердің қайсысы мына анықтамаға сәйкес «Құрсақта даму кезінде механикалық әсерден дененің формасының, түрінің немесе қалпының бұзылыстары»?

76. Егер бала циклопиямен туылса, теротогендік фактор жүктіліктің қандай мерзімінде әсер еткен?

77. Төменде келтірілген ақаулықтардың қайсысы гаметопатияға сәйкес келеді?

78. Изотретиноин-фурункулезды жүйелі емдеуге арналған препарат. Ол жүктілік кезінде қолданылса, ауыр ДТБА тудырады, өйткені ол қышқыл ретінде әсер етіп, ұрықтың тіндеріндегі жасушалармен әрекеттесетіп оларды белгілі бір даму жолымен жүруге бағыттайды. Қай синдромы туралы айтылып тұр?

79. ХХ ғасырдың елуінші жылдарында тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылатын, кейіннен тератоген ретінде танылды. Бұл жүктіліктің 4-ші және 8-ші апталары арасында эмбрионда жиі аяқ-қолдың деформацияларының пайда болуына алып келеді. Бұл синдром қалай аталады?

80. Бұл тератоген орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына байланысты туа біткен ақауларға соның ішінде дамып келе жатқан миға және бет-сүйектерінің құрылымдарына улы әсер етеді. Қай тератоген туралы сөз болып тұр?

81. Тератогендер-бұл физикалық, биологиялық немесе химиялық сипаттағы агенттер. Тератогендер қай кезде зақым келтіреді?

82. Гибрид дараларда көрінетін және альтернативті белгінің көрінуін басып тастайтын белгі қалай аталады?

83. Қанында резус факторы оң ата-аналардан резус факторы теріс бала дүниеге келді.Резус факторы теріс қандай генмен анықталады?

84. Көрсетілген терминдердің қайсы «Ата-анадан алынған, ағзаның диплоидты хромосомалар жиынтығындағы, барлық гендер жиынтығы» анықтамасына сәйкес келеді?

85. Гомологтық хромосомаларда бірдей гендер орналасқандықтан, тіркесу тобын екі гомологтық хромосомадағы гендер құрайды. Бірақ, адамда тіркесу топтарының саны жынысына байланысты әртүрлі болады. Әйелдің тіркесу тобы қанша?

86. Адамның аутосомдық тіркесу тобы қанша?

87. Ер адамда қанша тіркесу тобы болады?

88. Бір аллелді емес геннің жарыққа шығуы екінші аллелді емес генге тәуелді болатын гендердің әрекеттесу түрі:

89. Адамда интерферон ақуызының синтезін екі ген бақылайды. Оның біреуі 2- хромасомада, ал екіншісі 5-хромасомада орналасқан. Осы гендердің әрекеттесу түрін атаңыздар:

90. Мендель ашқан тұқым қуалаудың бірінші заңдылығында, бірінші ұрпақ будандары бірдей фенотипке ие болды және ата-аналарының біреуінің ғана белгісі көрініс береді.Бұл жағдайда геннің көрінісі қандай?


91. Гибридті дараларда көрінбейтін белгі қалай аталады?

92. Егер гендер гомологты хромосомалардың түрлі локустарында немесе гомологты емес хромосомаларда орналасып әртүрлі белгілерге жауап беретін болса, олар қалай аталады?

93. Әтрүрлі белгінің дамуын кодтайтын, бір геннің әртүрлі аллелдері бар ағза. Ағза генотипін анықтаңыз:

94. Белгісіз генотипі бар дараны рецессивті гомозиготамен шағылыстыру қалай аталады?

95. Тіркесу тобының жиілігі ненің санына сәйкес келеді?

96. Ағзаның тіршілік барысында өзгере алатын барлық сыртқы белгілердің жиынтығы

97. Доминантты ген өз әсерін гетерозиготалы жағдайда гомозиготтық жағдайына қарағанда айқын көрсетеді

98. Бір аллельді гендер жұбының әсері теңдей көрсете отырып, әрқайсысы өз өнімдерін бірдей жарыққа шығаратын гендер әсері

99. Төменде көрсетілген анықтамалардың кайсы пенетранттылыққа сәйкес келеді

100. ааввсс генотипі бар дара қандай гаметалар түзеді?

101. Толымсыз доминанттылықтан алынған гибридтерді өзара шағылыстырғанда F2 фенотипі және генотипі бойынша қалай ажырайды?

102. Голандриялық тұқым қуалау типінде ген орналасады

103. Генотипі ДдееСс баланың ата-аналарының көздерінің түсі және маңдай үстіндегі бір тұтам ақ шашты белгілер (доминантты) бойынша гетерозиготтылар, ал қолдың икемділігі бойынша гомозиготалы, әрі бұл гендер әртүрлі жұп хромосомаларында орналасқан.ДдееСс генотиптен қанша түрлі гамета түзіледі?

104. Әр түрлі ағзалардағы бірдей мутантты ген өз әсерін әр түрлі көрсете алады. Мұның себебін анықтаңыз?

105. Адамда Фанкони синдромына әкелетін патологиялық ген бар. Синдромның клиникалық белгілері: бас бармақтың ақауы немесе болмауы, бүйректің толық дамымауы, теріде қоңыр пигментті дақтардың болуы, қан жасушаларының жетіспеуі.Қай құбылысқа тән?

106. А гені есту қабілетінің болуын тек В генінің қатысуымен анықтайды. Бұл гендер әсерінің қандай түрі?

107. Белгінің дамуы гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан бір геннің (А және а) екі аллелімен анықталынады. Кейде мутация нәтижесінде геннің екі емес, бірнеше аллельдері пайда болады.Осы құбылыс қалай аталады?

108. Андрогенге сезімтал емес синдром (тестикулярлық феминизация) SRY генін басатын t генімен байланысты.Бұл гендер әсерінің қандай түрі?

109. Ахондроплазия аутосомды-доминантты типпен тұқым қуалайды. АА генотипі бар гомозиготалы доминантты адамдар онтогенездің эмбриональды сатысында көптеген ақаулардың нәтижесінде өлімге ұшырайды. Гендердің өзара әрекеттесуінің қандай түрі тән?


110. Тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын, тасымалдайтын және іске асыратын жасушаның маңызды макромолекуласы. Қандай макромолекуле жайлы айтылады?

111. Құрылысы түзу сызықты трансляцияланбайтын учаскелерімен қатар старттық және стоп кодондардың болуымен сипатталатын жасушаның макромолекуласы

Қандай нуелеин қышқылы жайлы айтылады?

112. а -РНҚ молекуласындағы ГГА кодонына комплементарлы т-РНҚ антикодонын көрсетіңіз.

113. Сот-медициналық сараптамаға әке болуды анықтау үшін баланың және болжамды әкенің қаны келіп түсті. Зерттелетін қанда қандай химиялық компоненттерді анықтау керек?

114. ДНҚ тізбегінің бірі нуклеотидтерден тұрады: АТЦ-АЦЦ-ГАЦ.. осы ДНҚ молекуласының екінші тізбегіндегі нуклеотидтердің тізбегі қандай?

115. Бұл заттың құрамына міндетті түрде көміртегі, азот, оттегі және фосфор кіреді. Рентгендік талдаудың көмегімен молекула екі спиральды бұралған жіптен тұратындығы анықталды. Осы органикалық қосылысты көрсетіңіз:

116. Адамның ДНҚ молекулалары, яғни тұқым қуалайтын генетикалық ақпараттың химиялық құрамы талдануда. Бұл биополимерлердің мономерлері не?:

117. ДНҚ – ТАГ триплетіне комплементарлы РНҚ триплетін көрсетіңіз

118. ДНҚ тізбектерінің бірі мынандай нуклеотидтерден тұрады: AAATTT. Осы кесіндіге сәйкес ДНҚ молекуласының екінші тізбегіндегі нуклеотидтердің қатары қандай?

119. Адамның сілекей безінің қалыпты жасушасында ферменттердің түзілу үрдісі зерттелген.Осы жасушадағы ақпараттың берілу бағытын анықтаңыз:

120. Лимфоцит ВИЧ ретровирусымен зақымдалған. Осы жасушадағы ақпараттың берілу бағытын көрсетіңіз:

121. Тері жасушасында мелонин белогы күн сәулесі әсерінен интенсивті синтезделуде, яғни РНҚ полимеразаның промотормен байланысуы жүріп жатыр. Промотор геннің қай бөлігінде?

122. Әрбір ген ағзаның нақты белгінің дамуын анықтайды. Геннің қасиетін анықтаңыз:

123. ДНҚ молекуласы гендер және ген аралық учаскелерден тұратыны белгілі. Ген аралық учаскелер қалай аталады?

124. РНҚ полимераза ферменттері байланысатын геннің бөлімі және транскрипцияны бастауға арналған бастапқы аймақ қалай аталады?

125. Транскрипция басталатын нүктеден минус жүйелікке қарай біршама нуклеотидтер алшақ орналасқан транскрипция факторларымен байланысып траскрипция жылдамдығына оң әсер ететін нуклеотидтер қалай аталады?

126. Бір полипептидтік тізбектің құрылымын анықтайтын ДНҚ бөлімін атаңыз:

127. Төмендегі қосылыстардың қайсысы РНҚ құрамына кірмейді?


128. Транскрипция кезінде РНҚ полимеразалардың байланысатын нуклеотидтер қатары. Осы реттеуші қатарды анықтаңыз:

129. Эукариот гендерінің құрылымдық бөлігі мағыналы және мағынасыз бөліктерден тұратыны белгілі.Геннің ақпаратсыз бөлігін анықтаңыз?

130. Эукариот гендерінің құрылымдық бөлігі мағыналы және мағынасыз бөліктерден тұратыны белгілі. Геннің ақпаратты бөлігін анықтаңыз?

131. Транскрипция жылдамдығын жоғарылататын нуклеотидтер қатарын

көрсетіңіз:

132. Бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауап беретін геннің бөлігін көрсетіңіз:

133. Ақпаратты РНҚ-ның пісіп жетілу үрдісінде арнайы ферменттердің көмегімен интрондар қырқылып және экзондар тігіледі (процессинг). Геннің ақпаратты бөлігі қалай аталады?

134. Адам жасушасында транскрипция процесі жүріп жатыр. РНК-полимеразаға тәуелді ДНК бойымен жылжитын фермент белгілі бір нуклеотидтер тізбегіне жеткенде транскрипция процесі тоқтады.Осы ДНК бөлігі қалай аталады?

135. Бұл фермент репликацияда қостізбекті ДНҚ молекуласын ажыратады.

Ферментті анықтаңыз:

136. Аналық тізбектен қарама-қарсы бағытта жүзеге асырылатын мағыналық ДНҚ тізбектерінің синтезі қандай принципке негізделген?

137. Репликация бір уақытта ДНҚ-ның бірнеше нүктелерінде басталып, жүретін болса, қандай принципке негізделген?

138. ДНҚ тізбектерінің синтезі 5'тан 3' бағытында жүруі қандай принцип негізделген?

139. Репликация кезінде ДНҚ молекуласының супер оралымы қандай ферменттің көмегімен боаңсытылады?

140. ДНҚ матрицалық тізбегінен комплементарлы принципі бойынша жаңа тізбекті синтездейтін фермент:

141. Репликация үрдісінде лигаза ферменті көмегімен фрагменттердің бір бірімен жалғануы жүретін сатысы:

142. ДНҚ репликациясы кезінде жаңа тізбектің бастапқы тізбекке қарсы синтезделу ұстанымы:

143. Репликацияның бір мезгілде ДНҚ ның бірнеше жерден басталу ұстанымы:

144. Теломеразаның белсенділігі жоғары болатын жасуша:

145. ДНҚ тізбегінің босаңсытуын (деспиралдануын) қамтамасыз ететін фермент:

146. Репликацияның аяқталуын көрсететін ферментті көрсетіңіз:

147. Aжыраған ДНҚ тізбектерін тұрақтандыратын ақуыз:

148. ДНҚ-ның жаңа тізбегінің синтезделуін бастайтын фермент:

149. ДНҚ репликаиця процессінде артта қалушы тізбектің синтезделуіндегі нуклеотидті тізбектерінің шағын фрагменттері анықталды. Бұл фрагменттер қалай аталады?

150. Репликация процесі соңында нуклеотидтер арасында фосфодиэфирлік байланысты түзетін фермент.Бұл ферментті атаңыз:


151. ДНҚ-ның матрицалық тізбегіне комплементарлы РНҚ-ның қысқа фрагментін синтездейтін фермент анықталды. Бұл ферментті атаңыз:

152. ДНҚ репликациясына қатысатын фермент. Ол ДНҚ молекуласының ажыраған тізбектерін тұрақтандырып ұстап тұрады. Қандай фермент туралы сөз болып отыр.

153. Бұл аденозин монофосфаты (поли(а)-құйрық) қалдықтарының көп мөлшерін бастапқы жетілмеген а-РНҚ (пре-мРНҚ) 3ˈ соңына қосу процесі. Бұл процесс қалай аталады?

154. Трансляция кезінде рибосома а-РНҚ бойымен бір кодонға алға жылжиды. Бұл процесс қалай аталады?

155. Посттрансляциялық қайта құрулар немесе модификациялар нәтижесінде белоктың нақты кеңістіктік құрылымының қалыптасу процесін фолдинг деп атайды, осы процестің жүруін қамтамасыз ететін белокты атаңыз.

156. Трансляция барысында аРНҚ молекуласы аминқышқылдарын тікелей тани алмайды. Ол үшін кодонды да, амин қышқылын да танитын арнайы "адаптерлер" қажет. Қандай РНҚ адаптер рөлін атқарады?

157. РНҚ - бастапқы молекуласында (про-мРНҚ) синтезделген полипептидтік тізбектегі аминқышқылдарына қарағанда триплет көп. Бұл нені білдіреді:

158. Транскрипция процесінде ДНҚ матрицасында комплементарлы РНҚ молекуласының синтезі жүзеге асырылады. Осы процесті катализдейтін ферментті таңдаңыз:

159. Рибосоманың кезекті А орталығына мағынасыз кодонның кез келгені УАА, УАГ немесе УГА орналасты, бұл кодондарды таниды:

160. Рибосоманың үлкен суббірлігінің ПТФ орталығына қондырылған аминқышқылдар арасында байланыстар түзетін белок:

161. Аминқышқылдың активтенуін және активтенген аминқышқылдың өзіне сәйкес тРНҚ молекуласының акцепторлық ұшына қондырылуын қадағалайтын фермент:

162. Эукариот жасушаларында гендердің экспрессиялануына көптеген ақуыздар әсер етеді. РНҚ полимеразаның промотормен байланысын қамтамасыз ететін ақуыздар:

163. РНҚ полимеразасының сигма субъединицасы қандай функцияны орындайды?

164. Эукариоттар транскрипция процесі кезінде РНК-полимераза I ферментінің қызметі қандай:

165. Эукариоттар транскрипция процесс кезінде РНК-полимераза II ферментінің қызметі қандай:

166. Ядродағы а-РНҚ молекуласы ДНҚ-ның бір тізбегінен синтезделеді. Осы процессті қалай атайды?

167. а-РНҚ-ның пісіп- жетілуі кезінде арнайы ферменттердің көмегімен интрондар кесіліп, экзондар тігіледі. Геннің ақпараттық бөлігі қалай аталады?

168. Ақуыз синтезі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші жетілмеген а-РНҚ молекуласы синтезделуі қажет. Бұл үдеріс қалай аталады?