Файл: Молекуалы биология жне медициналы генетика кафедрасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ

С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»


Молекуалық биология және медициналық генетика кафедрасы

Тест тапсырмалары

Редакция: 1

64 беттің беті





«Цитология және молекулалық биология» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығы,

1 курс студенттеріне арналған емтиханның тест тапсырмалары

2022-2023 оқу жылы
1. Жасушаішілік липидоздық аурулардың зілділігі ми жасушаларының зақымдалауы саналады, мысалы Тея-Сакс GM2 ганглиозид метоболизміне қатысатын β-гексозаминидаз фементінің жеткіліксіздігінен дамитын ауру.

Қандай органоид қызметі бұзылыған? +Лизосома

2. Цельвегер синдромы пироксинді кодтайтын 13 PEX тобындағы бір геннің мутациялануына байланысты. Бұл геннің мүтациясы қандай органоид қызметінің бұзылысына әкеледі? +Пероксисома

3. Тұқым қуалайтын гиперлипидемияның себебі, метаболизм процессіне қатысатын ферменттер жеткіліксіздігінен екені белгілі. Нәтижесінде қанда липидтердің мөлшері артып, бірінші кезекте жүрек-қантамыр жүйесі мүшелерінің зақымдалуы жүреді. Қандай органоид қызметінің бұзылысы болуы мүмкін? + Эндоплазмалық тор

4. Глобулалы актин ақуыз молекулаларынан тұрады. Жасуша пішініне, қозғаласына, ондағы көпіршіктердің тасымалдануына, эндомитозға, цитотомия кезінде жиырылу сақинаның пайда болуына қатысатын жасуша құрылысын анықтаңыз.+Микрофиламенттер

5. Плазмолемманың маңызды қызметінің бірі жасушаішілік заттарды сыртқы ортадан бөліп тұру, яғни барерьлік. Плазмолемма бұл функциясын қай құрылысы негізінде жүзеге асырады? +Липидті молекулалардың гидрофильді ұштары ішке қарай, ал гидрофобты ұштары сыртқа

6. Бұл органоид қызметінің жеткіліксіздігінен бұлшықеттерде, мида, жүйке тіндерінде ақаулықтар пайда болып,
созылмалы шаршау синдромы, кардиомиопатия т.с.с. бастамсына себеп болады, себебі бұл органдар тиісті қызметін атқару үшін көп энергияны қажет етеді. Бұл қай органоид? +Митохондрия

7. Эритроцит плазмолеммасының құрамындағы фибриллалық ақуыз спектрин плазмолемманың цитоплазмалық беткейінде орналасып плазмолемааға қаттылық, серпімділік беріп тұрады. Осы плазмолеммадағы орнына қарай қандай ақуыздардың құрамына жатады +Мембраналық белоктар

8. Гликофорин эритроцит плазмолеммасын өне бойын тесіп, ішкі және сыртқы ортамен байланысып тұратын ақуыз. Осы плазмолеммадағы орнына қарай қандай ақуыздардың құрамына жатады? +Байланыстырушы

9. Ақуыздар мен липидтердің гликолизденуі гликозидаза ферменті көмегімен іске асырылады. Бұл процесс қай органоидта жүреді? +Лизосома

10. Лизосома түзілісіне және биосинтез өнімдерінің тасымалдануына қатысатын жасушалық органоид. Органоидты анықтаңыз + Гольджи кешені

11. Дәрігерге жалпы әлсіздікке, тәбеттің болмауына шағымданған науқасқа жүргізілген биохимиялық зерттеулер сараптамасынан жасушалардағы каталаза ферментінің күрт төмендеуі және липидтердің асқын тотығу реакцияларының активтенуі анықталды. Қандай органоид қызметінің бұзылысы? +Лизосома

12. Жасушада қоректік заттардың ыдырауына қатысатын органоидын атаңыз +Лизосома

13. Оның негізгі қызметі органикалық заттарды тотықтыра отырып жасушаның энергетикалық мүмкіндігін арттыру. Жасуша құрылымын атаңыз +Митохондрия

14. Жасушаның тіршілік әрекетінің барысында жасушаға тірек болатын микротүтікшелерді түзетін жасуша органоидын атаңыз +Центросома

15. Органикалық заттарды тотықтыру нәтижесінде бөлінген энергияны АТФ ке аккумуляциялау процессі қайда жүреді? +Митохондрия

16. Митоз кезінде жойылып, митоздан кейін қайта түзілетін жасуша ядросындағы тұрақсыз құрылым. Бұл қай құрылым?

17. Әр түрлі жасушаларды әр түрлі бетлоктан түзілетін, бірақ барлық жасушаларды ені 8-10 нм құрайды және жасушады мықтылы серпіміділік қызметін атқарады. Бұл не болуы мүмкін? + Аралық филламент

18. Белоктармен және липидтермен байланысқан олигосахаридтерден тұратын жасуша мембранасының құрылымын атаңыз

19. Рибосома- тірі жасушалардағы генетикалық ақпараттың іске асырылу процессі, трансляция жүретін маңызды органоид. Рибосоманың кіші суббірлігін құрайтын рРНҚны анықтаңыз

20. Ғалымдар электронды микрофотографиядан сегіз гистонды ақуыздардан және ДНҚ молекуласының бөлігінен тұратын, оны 1,75 айналым жасап, орналасқан құрылымды анықтады. Зерттеуші қандай құрылымды анықтады? +Нуклеосома


21. Әйел тұқым қуалайтын патологияны болдырмау мәселесі бойынша медициналық генетикалық кеңеске жүгінді.

Адамның қалыпты кариотипінде қандай хромосомалар жетіспейді?

22. Денверлік классификация бойынша хромосомалар бірнеше типтерге бөлінеді.

Хромосоманың қай типіне иіндерінің ұзындығы бірдей болу сәйкес болады?

23.Денверлік классификация бойынша хромосомалар бірнеше типтерге бөлінеді.

Хромосоманың қай типінде бір иығы сәл қысқалау болады?

24. Париждік классификация бойынша хромосомалардың иіндерінде әртүрлі участкілерді ажыратады. Хромосоманың қай бөлігінде ең кіші сегменттер орналасады?

25. Париждік классификация бойынша хромосоманың бөлігін анықтау үшін әртүрлі символдарды пайдаланады. Символ р арқылы нені анықтайды?

26.Париждік классификация бойынша хромосоманың участкілерін анықтау үшін әртүрлі символдарды пайдаланады. Символ q арқылы нені анықтайды?

27. Функциональдық белсенділігімен, репликация мен транскрипция процестеріне қатысатын хроматинді анықтаңыз

28. Центромера аймағында болатын, бір иықты хромосома типін атаңыз

29. Хромасомалары бөліктерге бөлінген, екіншілік тартылысы бар хромосома типін анықтаңыз?

30. Көрсетілген терминдердің қайсы дұрыс анықтама бола алады «Әр түрдің жасушаларына тән морфологиялық ерекшеліктерімен сипатталатын, хромосомалардың толық диплоидты жиынтығы» қалай аталады?

31. Жүктілікті үзу кезінде ұрықтың кариотипін зерттеу барысында хромосомалардың бірі бір иықты және центромерлері ұшында орналасқан екені анықталды. Хромосома типін көрсетіңіз:

32. Адамда екі Х хромосомасының біреуі тығыздалған, интерфаза кезеңінде Барр денешігі түрінде ядролық мембрана астында орналасқан. Төмендегі хроматин түрінің қайсысы сәйкес келеді?

33. Жасуша өзінің қызметін атқарады, көлемі ұлғаяды ақуыз және нуклеотидтер синтезделеді, АТФ түрінде энергия жинақталады. Осы сипаттама жасушаның қай кезеңіне тән:

34. Жасушаның постсинтездік кезеңіндегі хромосомалар жиынтығы мен ДНК мөлшерін көрсетіңіз

35. Жасушаның синтездік кезеңіндегі хромосомалар жиынтығы мен ДНК мөлшерін көрсетіңіз:

36. Жасушаның митоздық бөлінуге дайындық кезеңімен бөліну барысында қайталанып отыратын үдерістердің жиынтығын қамтитын кезең:

37. Адамның хромосомалар жиынтығын микроскоп астында қарап және суретке ттүсіруге түсіріп зерттеуге болатын саты түсіруге болатын сатыны атаңыз

38. Әрбір хромосома екі хроматидтен тұратын және РНҚ мен ақуыздардың синтезі жасушада қарқынды болатын интерфаза кезеңін атаңыз:


39. Хромосомалар санының редукциясы және жасушаның диплоидты күйінен гаплоидты күйге көшуі жүретін үдеріс:

40. Екінші мейоз бөлінуден кейінгі жасушалардағы хромосомалар мен ДНҚ құрамы формула бойынша сипатталады:

41. Жасуша циклі кезінде тұқым қуалайтын материал жас жасушалар арасында теңдей бөліну жүретін жасушаның бөліну түрі:

42. Аналық жасушаның бөліну нәтижесінде пайда болған жас жасушаның келесі бөлінуге немесе тіршілігін жоюға дейінгі кезең аталады:

43. Жасанды ортада өсіріліп жатқан ісік жасушаларын колхицинмен өңдеу бөліну ұршығын түзетін тубулин ақуыздың синтезін тоқтатады. Жасушалық циклдың қай кезеңі бұзылады?

44. Гаметогенездің көбею сатысында бірнеше рет митоздық бөлінуге түсетін аталық жыныс жасушаларының атауы:

45. Жасушалардың бөлінуінде гомологты хромосомалардың гендерінің кездейсоқ алмасуы жүретін сатысы:

46. Лабораториялық зерттеуге сүйектің қызыл кемігінен жасуша алынды. Осы жасушалардағы хромосомалар жиынтығы мен ДНК мөлшерін анықтаңыз:

47. Жасушаның кариотипін анықтау мақсатында жасанды ортада өсіріліп жатқан жасушалардың бөлінуін тоқтату үшін жасушалар колхицинмен өңделді.

Митоздың қай сатысы тоқтатылды?

48. Адамның бір сома жасушасының 46 хромосомасындағы ДНҚ молекулаларының жалпы массасы шамамен 6 х 10-9 мг тең. Сперматозоидтардағы ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыз:

49. Адамның бір сома жасушасының 46 хромосомасындағы ДНҚ молекулаларының жалпы массасы шамамен 6 х 10-9 мг тең. Митоздық бөлінудің алдындағы сатыдағы ДНҚ молекулаларының массасын анықтаңыз:

50. Шпатель көмегімен адамның ұртының кілегей қабатының жасушаларынан қырынды алынды. Боялған жағындының эпителий жасушаларында мөлшері бірдей емес бірнеше сопақша ядролар айқын көрінді. Бұл жасушалардың бөлінуі қандай жолмен жүрді?

51. Оогенез үш кезеңге бөлінеді: көбею, өсу және пісіп жетілу. Өсу кезеңіне енген жасушалар қалай аталады?

52. Митоздық циклдің синтез алдындағы кезеңінде ДНҚ синтезі жүрмейді, сондықтан ДНҚ молекулаларының мөлшері хромосомалармен бірдей. Синтез алдындағы кезеңде адамның сомалық жасушасында қанша ДНҚ молекуласы бар?

53. Жасушаның тіршілік циклі кезінде тұқым қуалайтын материал мөлшерінде тұрақты өзгеріс болады. Жасуша онтогенезінің қай кезеңінде ДНҚ молекуласының екі еселенуі жүреді?

54. Адамның сомалық жасушалары диплоидты (2n хромосома). Алайда қызыл сүйек кемігінің полиплоидты жасушаларында (мегакариоциттер) 64n-ге дейін хромосома болуы мүмкін. Олардың пайда болу механизмін қалай атайды?


55. Ісік жасушаларының үлгісінен жылдам бөлінген жасушаларда ядроның тікелей бөлінуі анықталды. Хроматиннің бөлінуі мен конденсациясы кезінде ахроматин жіптердің пайда болуы байқалған жоқ. Жасушаның бөлінуінің бұл түрі қалай аталады?

56. Сперматозоид жетіспеген гаплоидты хромосома жиынтығын жұмыртқа жасушасына әкелген соң бластомерлер түзіле бастайды. Бластомерлер қай жерде түзіледі.

57. Құрсақішілік өмірдің бірінші аптасының соңында адамның ұрығы жатырға еніп, имплантацияланады. Жүктіліктің осы кезеңінде эмбрион қалай аталады?

58. Ұрықтанғаннан кейін жатырдың эндометриясына бластоцистаның енуі қанша уақыттан кейін жүреді?

59. Қай кезеңде дамудың туа біткен ақаулықтары жиі дамиды?

60. Дамудың қатерлі кезеңдерінде ұрық морфогенездің жаңа кезеңіне өтетіні белгілі. Ортаның қандай факторларына ұрық сезімтал болып келеді?

61. Ұрықтануға дейін жыныс жасушаларында болған өзгерістер қандай даму ақаулықтарына алып келеді?

62. Ооциттердің өсу және пісіп жетілу кезеңдерінде, сонымен қатар жұмыртқа ұрықтанғаннан кейін жұмыртқа цитоплазмасында түрлі жергілікті өзгерістер болады. Бұл үрдіс қалай аталады?

63. Жасушаның ұрықтың барлық үш қабатына және де белгілі жағдайларда тұтас бір ағзаны дамыта алуға қабілеті қалай аталады?

64. Жасушаның арнайы фенотипінің қалыптасуына және оның арнайы қызметтерді атқара алу қабілеттілігін қамтамасыз ететін генетикалық үрдіс қалай аталады?

65. Төменде келтірілген жүктіліктің мерзімі нәрестелік кезеңге сәйкес келеді

66. Жүктіліктің 9-шы аптасынан туғанға дейінгі адамның даму кезеңін атайды

67. Төменде келтірілген дәрілік препараттардың қайсысы тератогенді?

68. Даму кезеңінде жасушаның көптеген даму жолынан өзінің бағытын таңдап алуы:

69. Төменде көрсетілген ақаудың қайсысы апоптоздың жүрмеуінен болуы мүмкін?

70. Төменде көрсетілген ақаудың қайсысы миграцияның бұзылуынан болуы мүмкін?

71. Ұрықтың жатыр қабырғасына бекітілгеннен (15 тәулік) плацентаның түзілуіне (75 тәулік) дейінгі уақыт аралығында қалыптасатын ұрықтың зақымдалуын қалай атайды?

72. Ұрықтанудан кейін алғашқы 1-ші аптадағы зиготаның зақымдануын қалай атайды?

73. Жалпы даму кемшіліктері (салмақтың төмендігі, ақыл-ойдың бұзылыстары т.б.) патогендік фактор қандай кезеңде әсер етуінен дамиды?

74. Көрсетілген терминдердің қайсысы мына анықтамаға сәйкес «Генетикалық факторлар әсерінен даму үдерісінің ішкі бұзылысы нәтижесінде болатын морфологиялық ақаулық»?