Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 202
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері
2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері
Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары
№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары
3.1 Теория және зерттеу байланысы
3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде
3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру
3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы
Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау
14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау
Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау
14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу
14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау
Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері
2.1.3 Зерттеу мәселелері және сұрақтары
Зерттеу мәселелерінің зерттеу үдерісінде аса маңызды болуының себебі білгіңіз келетін және қызығушылық аяңыздағы ненің ең басты мәселелердің бірі болып табылатынын анықтауға көмектеседі.
Көптеген зертеушілер ғылыми-зерттеуді өздерін қызықтыратын басты идеядан бастайды. Зерттеу сұрақтары сізді мәселеде не білгіңіз келетінін дәл әрі қатаң қарастыруға мәжбүрлейді.
Зерттеу мәселелері дегеніміз зерттеушілердің аталмыш салада білгілері келетін нақты ашық, яғни нақты жауабы жоқ сауалдарын білдіреді.
Зерттеу мәселесі ғылыми-зерттеу жұмысының мақсатын және міндеттерін анықтауға бағыттайды. Мысалы, «Менің ... анықтап алғым келеді немесе неге» - сияқты мәлімдеу түрінде болуы мүмкін, бірақ сұрақ зерттеуішінің не зерттелуі тиіс деген мәселеде мейлінше анық болуға мәжбүрлейді.
Зерттеу сұрағын анықтау тергеу сипатында болуы тиіс.
Жорамал белгілі бір дәрежеде ғылыми-зерттеу сауалы болып табылады. Алайда ол анықталуы тиіс сұрақ сияқты қойылмайды.
Денском зерттеу сауалдары типтерінің пайдалы 6 тізімін ұсынды және оларды Уайт тағы біреуімен толықтырған болатын.
Денском және Уайт бойынша ғылыми-зерттеу мәселелерінің типтері келесідей:
-
Қорытындыны болжау (y жағдайы, шын мәнісінде, a және b жағдайларында болуы мүмкін бе?). -
Белгілі бір құбылыстың себептері мен салдарын түсіндіру (y-ке x байланысты немесе у-тің салдары х пе?). -
Құбылысты бағалау (шынында да y сендіргеніндей тиімді ме?). -
Құбылысты сипаттау (y-ке не ұнайды немесе y қандай формаларды топшалайды?) -
Жақсы тәжірибені дамыту (y-ті қалай жақсарта аламыз?). -
Құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту (зерттеу нысанасы болып табылатындардың өмірін қайтсек, жетілдіре аламыз?).
Жоғарыда айтылған сұрақтардың алты типіне қоса, Уайт өз альтернативасын, яғни баламасын ұсынады:
-
Салыстыру (x-пен салыстырғанда, a мен b айрықшалана ма?).
Ғылыми-зерттеу мәселелерінің жіктелуі тиіс екеніне байланысты көптеген амал-тәсілдер бар. Сонымен қатар, жеткілікті толық тізім табу қиын болғанымен, аталған жеті типі біздің мүмкіндіктер жайында көзқарасымызды қалыптастыра алады және зерттеудің анағұрлым кең мақсаттары жөніндегі полемикаға назар аудартады.
Зерттеу мәселелерін құрастыру
- бұл зерттеу ауқымын нақтылау мәселесі және зерттеудің не жайлы болатындығана бағытталған.
Зерттеу сұрақтары осылайша маңызды. Ғылыми-зерттеу мәселесінің болмауы, не болмаса, зерттеу мәселесін дұрыс қисындамау зерттеу жұмысының нашар болуына әкеп соғады. Егер сіз зерттеу мәселесін анық көрсетпесеңіз, зерттеулеріңіздің қандай мәліметтер жинайтынының жөнжосықсыз болу қаупі бар. Сондықтан өз зерттеу мәселелеріңізді анық та дәл білу өте маңызды.
Ғылыми-зерттеу мәселесін дұрыс анықтаудың маңызы келесідей:
-
әдебиет іздеу жұмысына нұсқау береді; -
ғылымның қандай құрылымдарын зерттеу қажеттігі жөнінде нұсқау болады; -
қандай және қай мәліметтерді кімнен жинау қажет деген сауалға нұсқау береді; -
мәліметтерді талдауға нұсқау жасайды; -
жазбаларды мәліметтеріңіздің жоспарына бағыттайды; -
қате немесе қажет емес бағыттан тоқтатады; -
оқырмандарыңызға ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың нысанын айқынырақ сезінуге көмектеседі.
Әдебиетке шолу жасау зерттеу сұрақтарын қайта қарауға және тіпті кейбір мәселелерге жаңаша қарауға итермелеуі мүмкін. Сондықтан ғылымизерттеу жұмысының бастапқы кезеңінде зерттеу мәселелері мен әдебиет бірбірімен өріліп, бітісе қайнайды десе де болады. Зерттеу жұмысының бастауында шынайы бөлік қызығушылық шеңберіндегі әдебиетпен түйісіп, кейін оқу барысында бастапқы зерттеу сауалдарын қайта қарауды қарастыратын немесе кейбір жаңаларын туғызатын бір немесе екі зерттеу мәселелерін жорамалдайды.
2.1.4 Нақты оқиғалар үлгілерін іріктеу және кездейсоқ жағдайлар
Ғылыми-зерттеулер тек әлеуметтік салада ғана жүргізілмейді, сонымен қатар басқада адам өміріне байланысты: медицина, педагогика, экономика, саясат, тарих және тағы басқа маңызды салаларда жүргізіледі. Мысалы, біз бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнды талдау (контент-анализ) әдісін қалай қолданатынын зерттейтін болсақ, бұл жағдайда біз мәліметтерімізді адамдардан емес, газет мақалалары мен телевизиялық бағдарламалардан жинаймыз. Өйткені соның нәтижесінде мәліметтер кімге және кімнен жиналуы тиіс деген объектілердің кең спектрін әлеуметтік ғылыми-зерттеу әдістері жайлы жазушылар үшін ортақ «нақты оқиғаны зерттеу» яғни case study жүргізуге болады. Себебі, ғылыми зерттеу жұмысының көбіне сапалық бөлімі осы адам өмірінің жиі, тіпті басым бөлігінде дерлік «нақты оқиғалар» болып тұрады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулерде бізге сұхбат алу, байқау жүргізу немесе зерттеу мүмкін болатын адамдарға сауалнама жіберу мүмкіндігі бола бермейді. Сондай-ақ, бізді қызықтыратын медиа-контент аясына қатысты
барлық газеттердің мазмұнын оқып, талдай алуымыз екіталай.
Сауалдардың уақыты мен құны әрқашан біздің зерттеуімізге қоса алатын оқиғалар санын шектейді де, ұдайы дерліктей мысалдарға жүгінуімізге тура келеді.
Іріктеу тәсіліне қатысты алуан түрлі қағидалар бар. Көптеген адамдар зерттеуден сынама іріктеу мен қайталап таныстырмалы іріктеме үлгілерін байланыстырады.
Іріктеме тәсілі жиі газеттерде кездесетін қоғамдық пікірді білу үшін қолданылатын сауалнамалардың негізінде жүзеге асырылады. Мұндай іріктеме әдетте, қалың көпшілікті көрсете алатын фокус топ (Focus group) үлгілерді іздеу қағидаттарына негізделеді.
Бұдан басқа, нақты оқиғаны зерттеуде талдаудың бір немесе бірнеше бірлігі болуы мүмкін. Мұндай зерттеулердің мақсаты таңдап алған топты немесе нақты оқиғаларды тереңірек түсіну болып табылады.
Нақты оқиғалар немесе оқиғалар зерттеуге қатысты өлшемдерге сай таңдалуы тиістігін айтпағанның өзінде, зерттеу контексінің мүшелері болып табылатын адамдар да арнайы өлшемдерге сай іріктелуі тиіс.
2.1.5 Мәлімет жинау
Мәліметтер жинау кезеңі кез келген зерттеу жобасының маңызды сәті болып табылады. Мәліметтер жинау әдістерінің кейбіреулері, мысалы, сұхбат пен сауалнамалар, оқырмандарға басқаларынан гөрі көбірек таныс болуы ықтимал. Кейбір әдістер зерттеуші өзіне керек мәселені білу мақсатында іске асыруға қажет зерттеу құралдарының құрылымы жайында алдын ала жорамалданған жалпы өрнегін анықтау үшін мәліметтер жинау тәсілінің құрылымдық түрін тартады.
Сауалнама сондай құралдың үлгісі болып табылады; зерттеуші зерттеу сұрақтарына, мәліметтер жинауға мүмкіндік беретін жоба мен сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін өзінің нені білуі тиіс екенін анықтап алады.
Сол сияқты шолу сипатындағы зерттеулерде қолданылатын сұхбат түрі құрылымдық сұхбатқа дәл осы мақсатқа арналған көптеген сұрақтар енеді.
Ғылыми-зерттеуге арналған мәселелер мен сауалнамалардағы, сұхбат мәтініндегі сауал түрлері әртүрлі болуы тиіс: зерттеу мәселелері сол зерттеу мақсатын көрсетуге арналады; сауалнама болса, зерттеу мәселелерін ашуға көмектесетін бір немесе бірнеше сауалдардан тұруы тиіс.
2.1.6 Мәліметтерді талдау кезеңі
Мәліметтер талдауға бірнеше элементтерден тұруы мүмкін. Көбіне жинақталған мәліметтерді талдауда статистикалық әдістер қолданылады.
Дегенмен, мәліметтердің бәрімен бірдей сандық талдау жасай беруге болмайды, тіпті кейбір мәліметтерге баламалық талдау түрлерін таңдаған лайықты болуы мүмкін. Өйткені кейде дәл сол мәліметтерді талдағанда, басқа нәтиже шығуы мүмкін.
Мәліметтерді талдау кезеңі - бұл мәліметтерді түбегейлі өңдеу кезеңі:
зерттеуші жинаған ақпараттың үлкен ауқымын қысқартумен байланысты.
Егер зерттеуші жинаған мәліметтер санын азайтпаса, мысалы, кестелер жасау бойынша сандық мәліметтер жағдайында немесе сапалық мәліметтер жағдайында орташа, мәтіндік материалды категорияларға топтап, мәселен, тақырып бойынша, онда материалды түсіндіру мүмкін болмайды.
Мәліметтерді талдауда тағы бір ескеретін мәселе - ол бастапқы және екінші мәліметтерді талдауға жүгіне алады.
Бастапқы мәліметтерді талдау бұл мәліметтерді алғашқы жинауға жауапты зерттеуші немесе зерттеушілер тарапынан жүргізіледі. Ал мәліметтерге екінші қайтара талдау басқа біреу жасаған талдау негізінде жүргізіледі.
Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары
Кезең | Кезеңді сипаттау | Мысалы, зейнетке шығу мәселесін зерттеу қажет болса (Джонс және басқалары. 2010 мақала үлгісі) |
Әдебиетке шолу | Қолда бар зерттеулерді қызығушылық феноменіне қатысты және соған сәйкес теориялық идеяларды сыни тұрғыдан қарастыру. | Зейнетке шығу және зейнет жасы ұғымы түсінігіне қатысты әдебиет қарастыру қажет |
Тұжырымдамалар мен теориялар | Зерттеу үдерісін меңгеретін идеялар мен алынған нәтижелерді анықтай түсу. Аталмыш нәтижелер идеялардың тууына ықпал етеді. | Мерзімінен ерте зейнетке шығу; Жинақтаушы зейнетақы қорлары; |
Ғылыми сұрақтар | Зерттеушінің білгісі келетіні туралы ашық мәлімдейтін сұрақ. | Әлем бойынша ортша зейнетке шығу жасы қандай? Біздің мемлекетімізде қандай? Зейнетке шығу жасы қандай болған дұрыс? |
Нақты оқиғалар үлгілерін іріктеу | Зерттеу мәселелеріне қатысты нақты оқиғалар үлгілерін таңдау. | Зейнеттік демалысқа ерте шыққан жиырма адамның үлгісі, Зейнеткерлері зейнетке шықса да, жұмыс істеп жүрген ұйымдардың мәліметтері. |
Мәліметтер жинау | Үлгілерден мәліметтерді ғылымизерттеу сұрақтарына жауап бере алатындай етіп жинау. | Жартылай құрылымдалған сұхбат |
Мәліметтерді талдау | Мәліметтерді түсіндіру. | Сауалнама мәліметтерін тақырыптық талдау. |
Жазбаша есеп | Ғылыми-зерттеу жұмысын және оның қорытындыларын тарату және жариялау | Зерттеу жұмысы мақала түрінде жазылған. Мақаланың негізгі бөлімдері:
|
Ескерту – [1, 43б] әдебет негізінде құрастырылған |