Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 152
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Негізгі әдебиеттер:[ 1, 7, 8, 10, 12,]
Қосымша әдебиеттер: [41,46, 50,54]
9. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
Тақырып 1: Этнопедагогика және этнопсихология пәнінің әдіснамалық негіздері
Сұрақнама:
1. Этнопедагогика және этнопсихология пәні қалай қалыптасты?
2. Этнопедагогика және этнопсихология пәнінің маңызды қасиеттерін сипаттаңыз.
3. «Этнопедагогика», «этнопсихология», «халықтық педагогика» ұғымдарының өзара қатынасы қандай?
Тапсырмалар:
«Қазіргі этнопедагогиканы оқытудың маңыздылығы» тақырыбына презентация дайындау (әр студент жеке орындайды).
Тақырыбып 2: Этнопедагогика және этнопсихология пәнінің негізгі категориялары
Сұрақнама:
1. Этнопедагогика және этнопсихология принциптері бастапқы теориялық әдіснамалық қағидалар ретінде.
2. Этнопедагогика және этнопсихологияның категориялық аппараты ұғымдарының көп деңгейлі жүйесі.
3. Ұлттық-этникалық ерекшеліктер этникалық психологияның негізгі категориясы ретінде.
Тапсырмалар:
1. Этнопедагогика және этнопсихология принциптерін жіктеп жазу.
Тақырып 3: Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың гинезисі (тегі)
Сұрақнама:
1. Халықтық педагогиканың тәрбиелік қуаты қандай?
2. Халықтық педагогика мен этнопедагогикада қолданылатын негізгі ұғымдарының мазмұнын ашыңыз.
3. Халықтық педагогиканың тууы мен дамуы жайлы айтыңыз.
4. Салт-дәстүрлерді топтап, жіктеп, негізгілеріне сипаттама бер.
Тапсырмалар:
-
«Ұлттық салт-дәстүрлердің озығы мен тозығы» тақырыбына реферат дайындау.
Тақырыбы 4: Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты
Сұрақнама:
1. Кемел адам туралы түсінік бер?
2. Халықтық педагогикадағы «Кемел адам» ұғымының мәнін ашыңыз.
3. Кемел адам тұлғасын тәрбиелеудің негізгі міндеттері.
4. Абай Құнанбаевтың «Кемел адам» туралы көзқарасы қандай?
Тапсырмалар:
-
Халықтық педагогикадағы «Кемел адам» ұғымының мәнін ашыңыз.
Тақырып 5: Әлем ойшылдарының этнопедагогика және этнопсихологиялық идеялары
Сұрақнама:
1. Ежелгі дәуірдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы
2. М.Монтескье – «географиялық детерминизм теориясының» негізін қалаушы
3. К.Гельвеций, Д.Юм. И.Гердер, И.Кант еңбектерінде ұлттық мінезді зерттеу.
4. Фихте мен Г.Гегель еңбектеріндегі «халықтық рух» ұғымы
5. Г.Штейнталь, М.Лацарус – жаңа ғылыми пән – этнопсихологияның негізін салушылар.
6. В.Вундттың «халықтар психологиясын» дамытудағы қосқан үлесі
Тапсырмалар:
1. Этнопсихологияның негізгі тұжырымдарын терең талдап жазу
2. Этнопсихология тарихы бойынша конспект жазу
Тақырып 6: Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері мен құралдары
Сұрақнама:
1. Қазақ мақал-мәтелдерінің тарихын қай ғасырдан тарқатамыз?
2. Мақал-мәтелдерді класификациялау жөнінде түсінік беріңіз.
3. Жұмбақ деген не?
Тапсырмалар:
1. Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері мен құралдарын жіктеп жазу.
Тақырып 7: Ресей және Қазақстанда этнопедагогика және этнопсихологиялық ойлардың дамуы
Сұрақнама:
1. Ресей және Қазақстанда этнопедагогика және этнопсихологиялық жаңа ғылыми бағыттың қалыптасуы
2. Этнопсихологияның дамуында орыс зерттеушілерінің рөлі
3. Қазақстанда этнопсихологиялық ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуы
4. Ұлттық мінезді зерттеу саласындағы ғылыми зерттеулерді белсенді етудегі қазақ зерттеушілерінің еңбектерінің мәні
5. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі этнопсихологияның негізгі мәселелері
Тапсырмалар:
-
Ресей және Қазақстанда этнопедагогика және этнопсихологиялық ойлардың дамуы жайлы реферат дайындау.
Тақырып 8: Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халықтық тәрбиенің негізі
Сұрақнама:
1. Қазақтың халық әндерінің қандай жанрларын білесіңдер?
2. Бесік жырларын білесің бе? Айтып бере алар ма едің?
Тапсырмалар:
-
Бір-екі бесік жырын жатқа айту.
Тақырып 9: Жаңа этномәдени ортаға халықтардың бейімделуі
Сұрақнама:
1. Жаңа мәдени ортаға бейімделу процесіне әсер ететін негізгі факторлар
2. Топтың мәдениаралық қатынасының негізгі категориялары
3. Мәдениет аралық өзара қатынасқа дайындық тәсілдері.
Тапсырмалар:
1. Жаңа этномәдени ортаға халықтардың бейімделуі атты тақырыпқа эссе жазу.
Тақырып 10: Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Сұрақнама:
1. Құрсақ және бесік тәрбиесі деген не?
2. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің рөлі
3. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің рөлі
4. Халық педагогикасындағы сұлулық-сымбат тәрбиесінің рөлі
5. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесінің рөлі
6. Халық педагогикасындағы адамгершілік-имандылық тәрбиесінің ерекшеліктері?
7. Халық педагогикасындағы ерлік тәрбиесінің рөлі
8. Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбиенің рөлі
9. Халықтық педагогикада ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының алатын орны қандай?
Тапсырмалар:
1.«Ұлттық салт-дәстүрлердің жаңарған түрлері, жаңа заман туғызатын салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні» тақырыбына баяндама дайындау.
Тақырып 11: Әлем халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
Сұрақнама:
1. Әр халықтардың өзіне тән ерекшеліктеріне тоқтал.
2. Әлем халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің ұқсас жақтары мен айырмашылықтары туралы талдау.
Тапсырмалар:
-
Әлем халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері атты тақырыпқа презентация немесе реферат дайындау.
Тақырып 12: Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі
Сұрақнама:
1. Қазақ отбасына тән қандай дәстүрлер бар?
2. Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтарға нені жатқызар едің?
3. Ерте жастан отбасын құруға қалай қарайсың?
4. Отбасында кімнің сөзі шешеуші болған жөн деп ойлайсың?
5. Бар халыққа ортақ немесе жиі кездесетін салт-дәстүрлері бар ма? Олар қандай?
6. Жаңа заман тудырған қандай салт-дәстүрлерді білесің? Оның тәлімдік мәнін сипатта.
7. Қазақ халқының қонақ күту рәсімдеріне қазіргі заман талаптары қандай өзгерістер енгізді?
8. Қонаққа шақырудың тәртібі (реті) қандай? Оған өзіңнің сыни пікіріңді білдір.
9. Этностар мәдениетінің өсіп-өркендеуі үшін не қажет?
10 .Қазақ халықтарының достығын нығайта түсу үшін не істеп жүрсің немесе не істер едің?
11. Өзге ұлттардың қандай салт-дәстүрлері саған ұнайды және ол неліктен ұнайды?
12. Қыз өссе-елдің көркі, мән-мағынасын ашып көрсету.
13. Жастарды жұбайылық өмірге дайындауда ата-ананың рөлі қандай болмақ.
Тапсырмалар:
1. «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбына баяндама дайындау.
2. Ата көрген оқ жонар.
3. Ары тазаның жаны таза.
4. Жастар және жаңа заман тудырған салт-дәстүрлер.
Тақырып 13: Халық педагогикасындағы тұрмыс-салт дәстүрлері
Сұрақнама:
1. Киіз үйдің бөлшектерін атап, олардың атқаратын қызметіне сипаттама бер.
2. Киіз үйдің жасау-жиһаздарын атап шығып, олардың жасалу ерекшеліктері мен тұрмыстық қызметіне талдау жаса.
3. Киіз үйдің жиһаздары, ыдыс-аяқтары мен ұлттық киімдері түрдеріне тоқтал
4. Қазақтың тағамдары, дастарқан мәзірі қандай?
5. Қазақтың ет және сүттен жасалатын тағамдарын ата.
6. Қазақтың ет және сүт тағамдарын сақтау ерекшеліктеріне сипаттама бер.
7. Ұлттық киімдер мен ұлттық музыка аспаптары туралы баяндама.
8. Қазақтың зергерлік қолөнері түрлері
9. Қазақтың музыкалық аспаптары түрлері
Тапсырмалар:
1. «Ұлттық ою-өрнек үлгілерінің тәлімдік мәні» реферат жазу.
2. «Шебердің қолы ортақ» тақырыбына баяндама дайындау.
Тақырып 14: Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт-дәстүріндегі үндестік
Сұрақнама:
1. Үйлену және үй болумен байланысты салт-дәстүрлер
2. Өлікті жөнелтумен байланысты салт-дәстүрлер
3. Діни наным-сенімдермен байланысты салт-дәстүрлер
4. Жаңа заман тудырған байланысты салт-дәстүрлер. Олардың тәлімдік мәні.
Тапсырмалар:
1. «Үй шаруашылығындағы қарапайым еңбек түрлерінің пайда болуы» еңбегіне талдау жасаңыз.
2. «Шебердің қолы ортақ» тақырыбына баяндама дайындау.
Тақырып 15: Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану
Сұрақнама:
1. Асанқайғы не себептi “Жерұйықты” iздеумен болды?
2. Шалкиiз жыраудың елдiк пен ерлiк ұғымдарын қатар қою себебi неде?
3. Ақтамбердi жырау не себептен жақсы мен жаманда шығармаларына арқау еттi?
4. Бұқар жыраудың басты тiлектерi туралы түсiнiгiң қандай?
5. Батыл-шешен дегенiмiз кiмдер және оларды неге жаңа заманның иегерлерi деймiз?
Тапсырмалар:
1. «Би-шешендерге өз заманында қойылған талаптар» тақырыбына баяндама дайындау.
10. Зертханалық сабақтар жоспары (жоқ)
11. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар: Қоғамды өркендетудің міндеттерін ойдағыдай шешудің шарттарының бірі жастарды заманға сай тәрбиелеу. Сондықтан адамның дамуы мен қалыптасуындағы тәрбиенің шешуші ролін ашып көрсету тиімді болады. Адам, жеке адам, тұлға ұғымдарына түсінік беріледі. Баланың дамуына, қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар (тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие) туралы мағлұмат беру өте маңызды. Жеке адамның дамуы үнемі жетіліп отыратын заңды процесс болғандықтан, оның әрбір саласы белгілі бір жағдайларға, іс-әрекетке, айнала қоршаған өмірге, адамдармен қарым-қатынасқа тікелей байланысты болатыны мазмұдалады. Оқу материалдарын негізгі түсініктердің мазмұнын игерумен және құбылыстардан, процестерден нақты мысалдар келтіру арқылы бекіту керек.
12. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы орындау барысында мынаған назар аударыңыз: реферат – бұл қарастырып отырған тақырыптың негізгі мазмұнын қысқаша баяндау. Әдетте рефератта автордың тақырып бойынша өз ойы мен цитатасы беріледі. Сондықтан да рефератта сіздің өз көзқарасыңыз да болуы қажет. Реферат құрылымы: титульдық бет, жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. Оның көлемі: кем дегенде 5-7 бетті құрау қажет, форматы - А4. Кем дегенде 5 дерек көздері қолданылуы тиіс. Әр рефератқа баяндамашы мен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, пікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. СОӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.
13. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып 1: Этнопедагогика және этнопсихология пәнінің әдіснамалық негіздері
Өткізу түрі: топтық жұмыс.
Тапсырма 1. Этнопедагогиканың түсінігіне, оның пәні мен міндеттеріне тоқталып, талқылаңыз.
Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Этнопедагогика ғылымына анықтама беріңіз.
2. Этнопсихология ғылымына анықтама беріңіз.
3. Этнопедагогиканың зерттеу пәніне деген негізгі көзқарастарға сипаттама беріңіз.
4. Этнопедагогика және этнопсихология ғылымының қандай міндеттері бар?
Әдістемелік нұсқау: Бірінші тапсырманы орындау үшін мамандығыныз бойынша өткен жылғы оқу-танысу педагогикалық практика бағдарламасын басшылыққа алып тапсырманы орындайсыз, 2-ші сұрақтың жауабын берілген негізгі және қосымша әдебиеттерден табасыз.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1,3, 9, 12, 26, 30
Тақырып 2: Этнопедагогика және этнопсихология пәнінің негізгі категориялары
Өткізу түрі: топтық жұмыс.
Тапсырма 1. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Этнопедагогика және этнопсихологияның негізгі категориялары мен ұғымдарын атап шығыңыз. Аталған ұғымдардың мәнін жазыңыз.
2. Этнопедагогика және этнопсихология пәні бойынша әдебиеттердің библографиялық тізімін құрыңыз. Орындауға әдістемелік нұсқау: дәріс материалдары мен этнопедагогика, этнопсихология оқулықтарына, сөздіктерге сүйене отырып дайындаңыздар.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындау үшін дәріс, семинар сабақтарынан алған білімге, сондай-ақ осы мәселе бойынша жазылған әдебиеттерге сүйену қажет.