Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Көне түркі ескерткіштерінің жанрлық және көркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаңыз.

Жауап: Тарихи,көне мұраларда поэтикалық және рухани сипаты өте күшті болады.Бұл мұралардың эстетикалық көркемдік танымдығы биікте.Сондықтанда бұл тарихи мұралардың қызметі зор.Көне түркі мұралар олар мысалы Күлтегін,Тоныкөк,Білге қаған және тағы басқалары.Бұл шығармалар түркі елінің,халқының тарихи генеалогиялық,тарихи сипаттағы эпостық мұралар болып табылады.Өміралиева,Стеблева және тағы басқа ғалымдарының еңбектерінде дәлелденген болатын.

  1. «Алып Ер Тоңға» дастанының негізгі тақырыбы мен идеясына сараптама жасаңыз.

Жауап: Өте ерте заманда түркі елінің патшасы болған.Фирдоусидің Шаһнаме дастанының кейіпкері.

Бұл дастанның негізгі идеясы Тұран елін,жұртын сыртқы жаудан қорғау.Түркі елінің ішін ынтымақ,бірлікке үндеп бағыттау.Туған жерлерінің абырой даңқын арттырып күшейту болып табылады.Ал бұл дастанның соңы қайғымен аяқталады,яғни Ер Тоңға қайтыс болады және оны бүкіл түркі елінің жоқтауымен бітеді.


  1. Орхон ескерткіштерінің қазақтың эпостық жырларымен ұқсастық бірліктерін салыстырыңыз және қорытынды жасаңыз.

Жауап: Орхон ескерткіштеріндегі Білге қаған,Тоныкөк,Күлтегін бұлардың барлығы қаһармандық,батырлар дастаны. Қазақтың эпостық жырларымен ұқсастықтары аз емес.Мысалы,Қобыланды батыр,Алпамыс батырларымен ұқсас.

Біріншіден,олардың идеялары бір.Ол-елін,жерін сыртқы жаудан қорғау.

Екіншіден,ат жалын,қару ұстаған батырлар.Жаумен намыс үшін күресіп жеңіспен оралған.

Үшіншіден бұл жырларда батырлардың туғанынан бастап өмірінің соңына дейінгі күрес әрекеттері баяндалады.


  1. "Оғызнаме" - түркі тектес халықтардың шежіресі туралы эпостық шығарма. Дәйектеме жасаңыз.

Жауап: .«Оғыз-наменің» түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма. «Оғыз-қаған» эпосына негіз болатын аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер.Оғыз қаған және оғыз тайпа-ұлысы туралы мәліметтер.Оғыз қаған-жазба шежіре мен аңыз шежіренің тарихи кейіпкері. «Оғыз наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктері.Оғызнеме дастанының тілі көркем, көріктеу құралдары сан түрлі, композициялық құрылысы ширақ жасалған, бейнелі, қанатты сөздерге бай болып келеді. Тегінде түркі халықтары ауыз әдебиетінде шығарма сюжетін баяндап айтып берудің қалыптасқан өзіндік жүйесі болған сияқты. Бұл дәстүр эпостық туындыларда ғана емес, сонымен бірге, жазба әдебиетінде де өз жалғасын тапқан. Бұған Оғызнама эпосы мен Күлтегін жырын өзара салыстырып отырып көз жеткізуге болады.


  1. «Ақиқат сыйы» дастанының мазмұны мен көркемдігін сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз.

Жауап:Aхмет Йгүнікейдің біздің заманымызға дейін сақталып,жеткен жалғызғана осы Ақиқат сыйы деген дидактикалық шығармасы.Бұл шығарманың әр тарауында әр түрлі өмірлік жағдаяттар туралы жазылған. Оқып жатқан адамға автор ақыл кеңес бере алады.Жалпы дастанның мазмұны өмірге құралған.Мінез құлықтың нормалары туралы жиынтық.Қорытындылай келетін болсақ,меніңше осы Ақиқат сыйы дастаны өз жылдарындағы,заманындағы өмірлік проблемаларды,мәселелерді осы дастанға жырлаған.Қазақтың әдебиетіне қосқан үлесі үлкен,зор деп есептеймін.

  1. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хақайық») еңбегінің танымдық мәнін саралаңыз.

Жауап: Aхмет Йгүнікейдің біздің заманымызға дейін сақталып,жеткен жалғызғана осы Ақиқат сыйы деген дидактикалық шығармасы.Дастан о басында өте көне түркі тілінде жазылсада,ақын шығарманың атын арабша Хибатул-хақайық деп қойған. Бұл шығарманың әр тарауында әр түрлі өмірлік жағдаяттар туралы жазылған. Оқып жатқан адамға автор ақыл кеңес бере алады.Жалпы дастанның мазмұны өмірге құралған.Мінез құлықтың нормалары туралы жиынтық.Қорытындылай келетін болсақ,меніңше осы Ақиқат сыйы дастаны өз жылдарындағы,заманындағы өмірлік проблемаларды,мәселелерді осы дастанға жырлаған.Қазақтың әдебиетіне қосқан үлесі үлкен,зор деп есептеймін.

  1. Ахмет Йүгінекидің « Ақиқат сыйы» атты еңбегіндегі жомарттық пен сараңдық туралы ойларын «Фишбоун» әдісі арқылы талдаңыз.

Ахмед дүниеге қызығушылық, жомарттық пен сараңдық, игі мінез бен жарамсыз қылық туралы да өз ойын білдірген. Адамның даңқын асырып, құрметке бөлейтін әрекеті оның жомарттығы деп білген. Қазақ халқы қолы ашық, жетім-жесірлерге демеуші болып жүретіндерді «Атымтай Жомарт» деп атаған. Мұндай адамдар біздің де қоғамда бар, алайда көп емес. Дегенмен дер кезінде кедей-кепшікке, кем кетікке көмекке келетін жандарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танып, біліп жатамыз. Кеңестік кезеңдегі «адам адамға дос, бауыр» деген тәлімді сөздерді жиі айтқанымыз жөн. Қайырымдылығымен қатар қатыгездігі қатар заманда жомарт адамдардың қол созуы – игі әрекет. Ойшыл жомарт адамдарға пәлежала жоламайды, кемшіліктері көрінбей қалады, сондықтан да сондай болуға асығу керек деген ойын былай жеткізген: 

«Әр тілде бәрі мақтан асырады, 

Айыбын жомарт жанның жасырады. 

Бол жомарт – жуымайды пәлендей сөз, 

Ол өзі жаман сөзді қашырады» (Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 395). 


Жомарттықпен қатар жүретін сараңдық ешқашан жақсы абырой, атақ әкелмейтіндігін, оның жинаған байлығының берекесіздікке ұшырайтындығын ескерткен ойшылдың ойлары өз мәнін жомақ емес. 


  1. Күлтегін-Тоныкөк жырларының көркемдік ерекшелігін айқындаңыз және ПОПС формуласымен дәлелдеңіз.

Жауап: Менің ойымша: Бұл жырлар нағыз тарихи,тарихи маңызы өте зор жырлардың бірі болып саналады.

Себебі: Бұл жыр кейіперлері шын өмірде болған,ешқандай аңыз емес нағыз қаһарман батырлар.

Мысалы: Күлтегін мен Тоныкөк жырлары ұқсас болып келеді.Яғни Тоныкөкте Күлтегін осы Тоныкөктің ақылымен айласы арқасында жеңіске жеткендігін айтатын болса,Күлтегінде Күлтегіннің ерлігі,батырлығы туралы айтылған

Қорытынды: Қорытындылай келе бұл жырлардың қазақ әдебтеінде алатын орны үлкен әрі маңызды.Осы ескерткіштегі жазбалар арқылы біз тарихымызды тереңдете түсеміз


  1. «Оғызнаме» эпосының композициялық құрылысы мен мазмұнын қарастырыңыз және қорытынды жасаңыз.

Жауап: Жалпы осы эпос түркі халқына тектес,ұқсас халықтардың шежіресін,өмірін баяндайтын шығарманың бірі.Әрі көркем және де тарихи шығарма десекте болады. Бұл эпоста жалпы Оғыз қағанның әскери жорықтары,майдан соғысындағы ерлік,батырлық істері баяндалып мадақталады.Жыр негізгі екі басты бөлімнен құралған.Оның біріншісі Оғыздың өсіп жетіліп,билікке келуі.Екіншісі болса жорықтары мен соғыстары жайлы.Қорытындылай келе меніңше Оғызнаме аңыз негізінде жазылған, және осы қазірге түркі тектес елдер туралы ежелгі тарихынан мағлұмат беретін,көркемдік дәрежесі биіктегі эпостық туынды


  1. Ежелгі түркі әдебиетіндегі «Түрік» термині. Тарихи-әдеби сипаттама жасаңыз.

Жауап: Ең алғашқы тайпалар,мемлекет осы Орта Азия аймағында дәлірек айтқанда Қазақстан маңында пайда болған болатын.Мысалы,сақтар,ғұндар және тағы басқалары.Орталық Азиядағы осы тайпалар бірнеше рет бірлесіп мемлекеттер мен империялар құралған,соның бірі Түрік қағанаты.

Махмұд Қашқаридың еңбегінде осы түрік термині туралы түсіндірілген болатын.Ол жерде Тәңір жарылқаушысы Нұқтың ұлының аты осы Түрік болған.Ұлы Тәңір мен бір тайпаға осы түрік атауын беремін және күншығысқа орналастырамын дейді.Бұл түркілердің даңқын,үстемін басқа тайпаларға қарағанда әлде қайда көтерді.

  1. Ахмет Яссауи және сопылық поэзия туралы түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

Жауап:
Ахмет Ясауи ақын ойшыл сопылық жолының ғұламасы.Ұлы адамның шын аты Ахмет.Кейіннен ислам дінін таратып,уағыздаушылық қызметіне қарай Қожа сөзлі қосылып Қожа Ахмет болды.Ол осы өмірін түгелімен дін жолына,поэзия жазуға берді.Тіпті 63 жасқа Пайғамбардың жасына келдім деп өмірінің жалғасын Қылуетте өткізеді.

  1. Қорқыт ата кітабының ғылыми тұрғыдан зерттелуі. Қорқыт ата кітабының 3- жырына композициялық тұрғыдан талдау жасаңыз.

Жауап: Қорқыт ата кітабы түркі халықтарының ортақ мұрасы,жәдігері болып келеді.Өте бағалы және асыл мұра ретінде бұл кітап әлем деңгейі бойын зерттелген.Бұл кітап батырлық жырлар жиынтығы.Оның екі нұсқасы сақталған,бірі Дрезденде бірі Ватиканда.Қорқыт ата кітабын көптеген ғалымдар зерттеген болатын,солардың ішінде Х.Диц,Р.Килсси,Э.Росси,Ф.Дицтен және тағы да басқа ғалымдар бар.Қазақ ғалымдарынан болса Ә.Марғұлан,Ә.Қоңыратбаев,Ф.Зейналов және тағы да басқа ғалымдар зерттеген болатын.

Жырға талдау Қам Бөрінің ұлы Бамсы Бей­рек туралы жыр

Басталауы: Баяндүр ханның той жасауы.Байбөрінің Баяндүр ханның жанында тұрған жігіттерге қарап жылауы.Сонда бектердің Тәңірден Байбөріге ұл тілейді.

Дамуы: Күндер өтіп Байбөрі ұлды болады.Саудагерлерін шақырып Рум еліне барып ұлыма жақсы қару жарақтар әкеліңдер деп бұйырады.

Шиеленісуі: Саудагерлері қайтып бара жатқанда гәуірлердің тонап кетіп сол кезде олар көрші ауылға жас батырдан көмек сұрайды.Батыр оларға көмектесіп өз еліне оралады.

Шарықтау шегі: Жігіт үйіне оралып әкесіне саудагерлердің келе жатқанын айтады,әкесі ақ шатырды ашып өзі төрге,баласын оң жағына отырғызады.

Шешімі:Әкесіне өзінің жасаған көмегін айтады және сол кезде оның атасы Қорқыт келіп баласына есімін қойдыртып батасын алады.


  1. Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат. ВЕНН диаграмасы арқалы талдаңыз.

Жауап: Қорқыт ата туралы аңыз ол анасының құрсағында 3 жыл бойы жатады. Ал енді ақиқатқа келетін болсақ ол Қорқыт атаның кітабы.Оның тіпті екі нұсқасы бар бірі Дрезденда екіншісі Ватиканда.Тағы бір ақиқат оның ескерткіші. Қызылорда облысында орналасқан.

  1. Қорқыттың нақыл сөздеріне талдау жасаңыз.

Жауап: Қорқыт ата көне түркілердің ағартушысы,дана ойшылы,күйші әрі ақын.

Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата- салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбиесі, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы айтылады. «Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас», «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес», «Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса».


Қорқыт атадан қалған тағы бір нақыл сөздерінен мысал келтірсек: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады». «Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді»

Қорқыттың ой-пікірін философиялық тұрғыдан тұжырымдайтын нақыл сөздер, өсиеттер, қанатты сөз тіркестері өте көп.Осындай үлгі-өнеге сөздер ел аузында көп сақталған.


  1. Әл-Фараби - әдебиетші, ақын сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз.

Жауап:Әл Фараби қазіргі Фараб қаласында дүниеге келген.Оның балалық,жастық шағы туралы деректер жоқ.Сондықтан тек елуден асқан жасынан кейінгі мағлұматтартар кездеседі.Әл Фараби жетпіске жуық кітаптар мен зерттеу еңбектерін қалдырған болатын.Оларда философия,астрономия,музыка,алгебра,логика,геометрия сынды түрлі мәселелер талқыланған.Алайда осы еңбектердің жартысынан көбі сол замандағы қиындық кезінде жоғалып кетіп,бізге тек аздаған бөлігі ғана мәлім.

Расында да Әл Фараби тек қазақ халқының ғана емес барша мұсылман елінің мақтанышы,барша адамзатқа ортақ тұлға.

  1. Әл-Фарабидің «Риторика», «Поэзия өнері туралы» атты тіл және сөз өнері, білім туралы трактаттарына талдау жасаңыз.

Жауап: Поэзия өнері жөніндегі трактатында Әбу Насыр әл-Фараби ақындарды үш санатқа бөлуге болатындығын атап көрсеткендігі – қазіргі дәуірде де құнды пікір деуімізге болады. Әл-Фараби өз жіктемесі бойынша бірінші санатқа жататындарды былайша сипаттайды: «Біріншілері: табиғи дарынға және шығармашылық қабілетке әрі өлең оқу қабілетіне әрі көпшілік жағдайда не поэзия жанрында, не қандайда бір нақты жанрда керемет салыстыру мен метафораларды ойлап табу бейімділігіне ие болғандар».

Ал екінші топқа жататын ақындар: «Поэзия өнерінің заңдарымен шын мәнісінде таныс адамдар. Олар қандай салаға бармасын, оларға поэзияны көрсету құралдарының ешқайсысы немесе поэзия канондарының ешқайсысы жат болмайды. Бұл ақындар салыстыру мен метафораны шебер ойлап табу сияқты керемет қабілетке ие болады. Мұндай ақындар заң бойынша «ойшыл» ақын мәртебесін алуға лайықты», - деген сипаттамаға ие.

Әл-Фарабидің пайымдауы бойынша, Ақындардың үшінші топқа жататын ақындар тобы «алдыңғы екі топ ақындарына және олардың шығарғандарын сақтай отырып әрі салыстыру мен метафорада оларға еліктей отырып, олардың шығармашылығына еліктейтіндер жатады». Демек, бұл топтағыларға жататындар – әдепкі сипаттамада «халтурщик», «графоман» т.б. аталып жүретін,