Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


76.Қ.А.Яссауи хикметтеріндегі қанағатшылдықтуралы пайымын талдаңыз.

Қанағатшылдыққа қатысты «Қанағат қылсаң, қарның тоқ» деген мақал секілді Яссауи барға қанағат ету керектігінайтады. Менмен, көрсеқызар, кеудемсоқ, дүниеқоңызболмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздыңхикметтері толған ғибрат, мәнді де мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы. Қожа Ахмет бірхикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерденқайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние-байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ, дүние жалған ешкімге де опа болғанемес дейді. 

Өзіндегі барына қанғаттанбайтын пенде өзгелердің қолжеткенін көргенде қызғаныштан жарыла жаздайды. Онда бар нәрсе неге менде жоқ деген ой оның күндіз күлкісін, түндеұйқысын бұзады.
Қанағатсыз адамның санасы бір ғана «ала берсем» дегеноймен уланған. Одан құтылудың ең сенімді жолы – тәубегекелу. Дәстүрлі діндердің бәрінде тәубеге келуге үлкен мәнберіледі. Оның құдіреті сол – адамның бойындағы ашкөздіктіжойып, қанағатшылдық қасиеттің орнығуына ықпалынтигізеді. Тақуа, иманды адам әрдайым Жаратқанның бергенінқанағат тұтып, фәни жалғанның игіліктеріне ашкөздікпенұмтылмайды.

77.Яссауидің ақиқат жолындағы  сопылық ілімінжалғастырушысы ретіндегі ойларын талдаңыз.

Яссауи хикметтерінде біреудің ала жібін аттамау, адалболу, достық пен махаббатты қастерлеу, әділетті болу секілді қасиеттерді насихаттай отырып, дүние байлыққақызықпа, арамдықпен дүние жима, кісі ақысын жеме депкеңес береді. Осылайша өзі Алланың жолында, Аллағадеген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолындасопылық жолына түседі.

Ұлы ғұлама ақын, ойшыл өзінің туындысында дін мұсылманқауымына Алланың ақ жолын-Ақиқат жолын айтып беруді, ұғындыруды мақсат еткен. Кемеңгер бабамыз бұлжинағында өз уақытының шындығын өмірінің бүкілболмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын табу мен тану үшін не істеу керектігінөлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шынмұсылмандық ұғыммен жырлап отырған.

78. ‘’Оғыз-наме’’ дастанының  композициялыққұрылымына талдау жасаңыз.


‘’Оғыз-наме’’ өзінің композициялық құрылысы жағынан “Күлтегін” жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Бұл екі шығарманың авторлары сол дәуірдің өзіндік әдеби дәстүрін берік ұстаған сөз зергерлері болса керек. “Оғыз-наме” –қырықтан аса цикл-хикаядан тұрады. Әрбір циклда “Оғыз қаған” туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Әрбір циклдың өзі үш элементті қамтиды. Олар : бірінші — оқиғаның басталуы, екінші – оқиға желісінің үлғайып, өрістеуі, үшінші – оқиғаның түйіні, қорытынды.

“Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жатады.

Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады:

1) оғыздың өсуі, билікке келуі, 2) жорықтары мен соғыстары. Алғашқы бөлім шығарманың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкестігі екендігін аңғартса, соңғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Шығармада аты аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.

79.Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік» шежіресінің жазылутарихы туралы әдеби сараптама жасаңыз.

 Арал қазақтары 1645 жылы Хиуа хандығына қарсыкөтерілісте жеңіске жетіп, Әбілғазыны — Хиуа ханы депжариялайды. Әбілғазы хан тағында отырған жылдарыкөптеген игілікті істер жасайды. Ол алпыс жасқа келгеніндехандық билікті баласы Ануш Мұхамедке беріп, енді өзі ата-бабаларының шежіресін жазуға кіріседі. Сонымен, «Түрікшежіресінің» жазылу тарихы туралы Әбілғазы: «Бұл тарихтыжазуды бір кісіге тапсыралық деп ойлап едік, лайықты кісітаппадық. Сондықтан «Жетім өз кіңдігін өзі кесер» дегендей, өз тарихымызды өзіміз жаздық. Адам атадан бұл кезге шейін, есебін бірқұдайдың өзі біледі.Патша, бірде-бір әмір, бірде-бірауылды билеуші өз тарихын өзі жазған емес. Ешкімжазуға бата алмаған бүл кітапты жазғанда мен пақыр жалғанайтуды не өз кемшілігімді жасыруды мақсұт еткен екен депойлай көрмеңіздер»,- деп жа- зады.Әбілғазыжазғанекішежіресақталып, бүгінгі күнгежеткен. Олардың бірі — «Түркімен шежіресі», ал екіншісі — «Түрік шежіресі» депаталады.

80.Гәнжәуи Низамидің «Хұсрау мен Шырын» поэмасымен Құтб ақынның «Хұсрау мен Шырын» дастанынсалыстыра талдаңыз.

“Хұсрау мен Шырын” — Алтын Орда дәуірінің әдебимұрасы. Авторы — Құтб қыпшақ тайпасынан шыққан. Ол бұл шығарманы Низами Гәнжауидің парсы тілінде жазылған“Хұсрау уа Шырын” поэмасынан аударған. Поэма Хұсраудеген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы шынайымахаббатты баяндауға арналған. Хұсрау мен Шырынмахаббаты — Әзірбайжан ақыны Низами мен үнді ақыныӘмір Хұсрау Дехлевиден бастап қазіргі уақытқа дейінжырланып келе жатқан тақырыптардың бірі. Құтб жазғандастан 4740 бәйіттен тұрады (Низамиде 7000 бәйіт). Дастанда Құтб ақынның өзі жазған жыр жолдары да бар. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылғанөлеңдер болып келеді. 


81.Әбу Насыр Әл-Фараби «Поэзия өнерi туралы» аттыөлең өнерінің қағидалары туралы трактатынсаралаңыз.

Поэзия өнері жөніндегі трактатында Әбу Насыр әл-Фараби ақындарды үш санатқа бөлуге болатындығын атапкөрсеткендігі – қазіргі дәуірде де құнды пікір деуімізгеболады. Әл-Фараби өз жіктемесі бойынша бірінші санатқажататындарды былайша сипаттайды: «Біріншілері: табиғидарынға және шығармашылық қабілетке әрі өлең оқуқабілетіне әрі көпшілік жағдайда не поэзия жанрында, не қандайда бір нақты жанрда керемет салыстыру мен метафораларды ойлап табу бейімділігіне ие болғандар».

Ал екінші топқа жататын ақындар: «Поэзия өнерініңзаңдарымен шын мәнісінде таныс адамдар. Олар қандай салаға бармасын, оларға поэзияны көрсету құралдарыныңешқайсысы немесе поэзия канондарының ешқайсысы жат болмайды. Бұл ақындар салыстыру мен метафораны шеберойлап табу сияқты керемет қабілетке ие болады. Мұндайақындар заң бойынша «ойшыл» ақын мәртебесін алуғалайықты», - деген сипаттамаға ие.

Әл-Фарабидің пайымдауы бойынша, Ақындардың үшіншітопқа жататын ақындар тобы «алдыңғы екі топ ақындарынажәне олардың шығарғандарын сақтай отырып әрі салыстырумен метафорада оларға еліктей отырып, олардыңшығармашылығына еліктейтіндер жатады». Демек, бұлтоптағыларға жататындар – әдепкі сипаттамада «халтурщик», «графоман» т.б. аталып жүретін, қарасы мол, ұмтылысы зорқауым болса керек.

Ғалымның айқындауынша, оларда ешқандай поэтикалықтума дарын жоқ және олар ақындық өнердің канондарынтүсіну қабілетіне де ие болмақ емес. Сондықтан да, ақындардың дәл осы санатына жататындар арасындакемшіліктер мен қателіктер өте жиі болатындығына ӘбуНасып әл-Фараби арнайы екпін қоя атап өтеді.

82.Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегіндегі «түрік» сөзіне берген пікірін сараптаңыз.

83.Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің тарихы, аударылуы, сөздік қорына  талдаужасаңыз.

М. Қашқаридың ерекше зейін қойып, ұзақ жылдар бойызерттеген мәселесі-түркі тектес ру тайпалардың тілерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиетүлгілері, өткендегі тарихы т. б. болды. Осы жинаған, зерттеген материалдарының нәтижесінде ғалым тіл білімімен әдебиетке қатысты көлемді де күрделі екі ғылыми еңбекжазды. Соның бірі Диуани лұғат ат-түрк. Сөздікте әр-түрліру-тайпалардың барлығына ортақ алты мыңнан астам сөз бен диалект сөздер бар.


Сөздікті энцтклопедиялық туынды деп те айтсақ болады. Сөздікке екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркем теңеулер енген. МахмұдҚашқаридің бұл еңбегін зерттеуге , оны баска тілдергеаударуга, оған тілдік  және әдебиет тұрғысынан түсініктержазуга кеңес ғалымдары қыруар үлес қосты. Мәселен, тілші – ғалым С.Муталлибов «Диуани лұғат ат- түрікті» өзбек тілінеаударып, оны 1960-1963 жылдары Ташкенттегі «Фан» баспасынан  үш кітап етіп шығарды. Махмұд Қашқари қазақтіліне аударған – А.Егеубай.

84.«Күлтегін» жырындағы батыр Күлтегіннің бейнесінберудегі ерекшеліктерді мысалдармен көрсетіңіз.

Эпостық батырдың бойынан табылатын асқақ қасиеттер: батылдық, адалдық, алыптық. Сонымен қатар:

- батырдың текті ортадан шығуы;

- жастайынан халық қамын ойлауы;

- өзінің ерлік бейнесін елге ерте танытуы;

- нағыз батырға лайықты тұлпар таңдауы;

- елін сыртқы жаудан қорғау үшін сан рет шайқасқа

- батырдың шайқастарда міндетті түрде жеңіске жетіпотыруы;

- халық құрметіне бөленуі сияқты болып келеді Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жаудыжеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. АқынКүлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді.

85."Күлтегін" жырының басты идеясынатоқталыңыз.

Күлтегін жырында түрік елінің ең басты идеясы Түрікқағанатының мемлекеттік тəуелсіздік актісі. Жырдың бастыидеясы түркі халықтарын ауызбіршілікке, сыртқы жауғақарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен дәстүрін берік ұстауға үндеу. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төртбұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

86.«Күлтегін» жырының кейіпкерлеріне сипаттамаберіңіз.

Күлтегін жырының кейіпкерлері: Күлтегін батыр, Білге, Елтеріс, Бумын, Қапаған қағандар.

Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, атәбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінінұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегінтүркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігітуралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді.


Бумын қаған- түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекеторнатқан .

87.Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағыадам өмірінің мәніне мысалдар келтіріңіз.

Құтты білік дастанының мазмұнынан тірліктің адамболудың кепілі-кісілік пен адамдық екенін ұғынуымызғаболады. Жүсіп Баласағұн адамдағы барлық асыл қасиетпен жаман қасиеттерді қатар қойып сипаттай отыра солқасиеттер арқылы адам өмірінің мәнін саралайды. Асылқасиеттер адамды асқақтатып, құтты етсе, жаманқасиеттер адамды төмендетіп, күлкі күйге түсіреді. Ғұламаақын баюдың жолдарын ашып айтпаса да, байлыққа дегенөзінің көзқарасын білдірген. Оның пайымдауынша, байлық, алтын-күміс дүниедегі ең қымбат нəрсе емес. Керісінше, еңқымбат нəрсе — ол оқу-білім, ақыл-қанағат, адамгершілік. Сондықтан да Баласағұн алтын, күміске көзі тұнбағанадамды нағыз періштеге балайды. Адам өміріндеэстетикалық тəрбие зор рөл атқарады. Əсемдікті көре, түсінежəне жасай алу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Оған ең жоғары деңгейде руханилəззаттануға мүмкіндік береді. 

88.«Құтты білік» дастанындағы биліктіадамгершілікпен, имандылықпен бірге ұстау керек деген автор пікірін дәлелдеңіз.

Дастанның басты идеясының бірі ретінде билікті басқаруүшін әділ заңның болуын алып қарауымызға болады. Кітапта еңбектің жəне кəсіптің қай түрі болмасын маңыздыдеген ой білдіреді. Тек соны адал істей білген адам ғана өзеңбегінің жемісін көреді. Ақын дастанда адамгершілік пен Аллаға деген сенім, имандылық арқылы билікті ұстап тұру, мемлекет пен қоғамды қуатты, құтты етуге болатынынайтады. Адамзат қоғамына керекгі-Аллаға иман, пайғамбарғадеген сенім. елді жоғары қызметке ие болып жүрген білімсіз, қараңғы, надан жандардың төрден алған орнының өзі босағасекілденіп қалатынын ескертеді:

       Наданға төрден орын тисе, қор етеді,

       Данышпанға босағадан орын тисе, төр етеді.

Ел-жұртты қылыштың қалың күшімен ғана ұстап отырумүмкін емес. Билікте отырған адамдарда да адамгершілік, әділдік, имандылыұ сынды асыл қасиеттер болуы шарт.

 

89.Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанындағыадамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуінемысал келтіріңіз. Кісілік ұғымын Абайдың «толықадамымен» салыстырыңыз.