Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қарасы мол, ұмтылысы зор қауым болса керек

Әл-Фараби «Риторика» атты еңбек жазып, онда шешеннің сөйлеу шеберлігіне тоқталған. Шешеннің сөйлеу шеберлігі жөніндегі тұжырымдарды Аристотельдің пікірімен сәйкес келеді. Өмірлік мәселелерге қатысты түрлі дау-дамайлар мен мемлекет, қоғам, адам тағдырына қатысты пікір-сайыстарында жеңіске жетер шешен образдарын айқындап, Аристотель айқын шешендік қасиеттерді: анықтылық, шыншылдық, дәлелдің молдығы,  көз жеткізушілік, білімділік, сендіру қабілеттерімен қоса, жұртты өзіне баурап алар қимыл, бет-жүз құбылыстары, дауыс сазы мен сөйлеу мәнерін талдап түсіндіреді.


  1. Әл-Фарабидің «Қайырымды(ізгі) қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатына түсіндірме жасап, саралаңыз.

Жауап:Әл-Фараби өзінің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» атты 
философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл», «Жүрек» сияқты ұғымдарға 
түсінік бере келіп: «Жүрек-басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі 
билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі 
бірінші емес»[2], - дейді. Бұл жерде Әл-Фарабидің ойын талқылайтын болсақ, 
жүрекпен істелген іс-әрекет әрқашанда шынайы және өз орнын дұрыс таба 
біледі де ол әрқашан дұрыс әрекет болды. Жүрек әрқашан ақиқатқа ұмтылады, 
ол тек сүйіспеншілікке негізделетінін бәріміз білеміз.
Әбу Насыр Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп 
есептейді. Өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін 
жамандыққа айналдырады. Яғни адам баласының елге риясыз қызмет етпесе, 
оның қоғамға да зияны болатындығын ұғынуымыз керек.


  1. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттелуін қарастырыңыз.

Жауап: “Диуани лұғат ат-түріктің” көшірме қолжазбасы XX ғасырдың бас кезінде табылды. Түпнұсқа сақталмаған. Қолжазбаның көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы. 1915-1917 ж. Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көреді.Шығыстанушы неміс ғалымы Броккельмен бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1928ж Лейпциг қаласында бастырып шығады.Түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 ж. Анкарада үш томдық кітап етіп шығарды.Тілші –ғалым С. Муталлибов сөздікті өзбек тіліне аударып, 1960-1968 ж. Ташкенттен үш кітап етіп шығарды.Көрнекті кеңес лингвист ғалымдары Н.А. Баскаков, А.Н. Кононов, А.К. Боровков, С. Муталлибов, В. Решетов т.б. осы сөздікке қатысты көптеген құнды зерттеулер жүргізді. Сөздіктегі өлең-жырлар мен мақал-мәтелдерді ақын Фариза Оңғарсынова қазақ тіліне аударды. “Дивани лұғат ат-түрктегі” ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері ішінде аңшылық, еңбек тақырыбына арналған өлең-жырлар көп. Мұндай өлеңдерде тайпа мүшелерінің бірігіп аң аулауға шыққаны, егін салғаны, мал. баққаны жырланады. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамдары жүрек жұтқан ерлікті, батырлықты ерекше қастерлеп, жырға қосқан. Жан түршігерлік үрейлі аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен көзге түскен батырларды көкке көтере мадақтайтын өлең жолдары “Дивани лұғат ат-түркте” жиі ұшырайды.


Қорыта айтқанда, Махмуд Қашғаридың теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік,әдеби,тарихи, этнографиялық т.б. тұрғыдан мейлінше бай мұра болып табылады.

18. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттелуін қарастырыңыз.

“Диуани лұғат ат — түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы”) бұл еңбек 1074 жылы жазылған. “Диуани лұғат ат-түрік”-қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Мұнда тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасалады. Сондай-ақ сөздікте тіл мен әдебиетке ғана емес, сол кездегі ру- тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет – ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне т.б. қатысты аса бағалы деректер берілген. “Диуани лұғат ат-түрік” – тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек. Көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. “Диуани лұғат ат-түріктің” көшірме қолжазбасы XX ғасырдың бас кезінде табылды. Түпнұсқа сақталмаған. Қолжазбаның көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы. 1915-1917 ж. Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көрген. Бұл кітапты көне түркі әдебиет ескерткіштерінің қысқаша хрестоматиясы деуге болады. Сөздікке екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркем теңеулер енген.

  1. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің «Түркі халықтарының жыл қайыруы мен тағамдары» бөліміне талдау жасаңыз.

«Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің үшінші бөлімі «Түрік халқының астары мен астары» бөлімі деп аталады.

Ел өмірін мұқият зерттеген ғалым түркілердің уақыт есебін жүргізу, жыл мезгілдерін анықтау мәселелеріне еңбегінің тұтас бір тарауын арнаған. Қашқари кезеңдік жылнамалар туралы: "Түріктер он екі жылды он екі жануардың атымен атайды. Олар балаларының жасын және өткен соғыстар тарихын, сондай-ақ жылдардың ауысуымен есте қалатын түрлі уақыттарды есептейді", - дейді. халық өмірінде маңызды рөл атқарған.


Қашқаридың пікірінше, ай – отыз күннен тұратын уақыт өлшемі. Бір айдың өтуі айдың ұзақтығымен есептелетіндіктен, жылдың он екінші бөлігін Ай деп те атайды. «Түркі халықтарының жаңа жыл мерекесі» деп аталатын бұл тараудағы ұлттық наным-сенімдерге қатысты деректер де қызық. Қашқаридың айтуынша, түркілер бұл жылдардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар деп есептейді: олардың ойынша, сиыр жылы келгенде төбелес көп болады. Себебі, сиыр бір-бірімен сөйлесетін жануар. Тауық жылы келгенде азық көбейеді. Өйткені тауықтың жемі астық болып табылады. Ұлу жылы келгенде жауын-шашын көбейіп, астық өседі. Өйткені ұлу суда тіршілік етеді. Жылы болса қар қалың жауып, қатты суық болады. Сыбыс көбейеді. Осы секілді түркілер жыл сайын таңба бар деп есептейді, – деп халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты наным-сенім, ұғым-түсініктердің астарына терең үңілген ғалым.

«Өскен – жарық пен қараңғының тоғысқан сәті. Оғалықтар «имір» дейді, - деп автор ата-бабамыздың күн аралығын анықтау үшін қолданған сөйлемдеріне тоқталады. Ал «Қарай» атаулары – таң, « Таң сөре», «ақша» және «түстер» беріліп, мағыналары түсіндіріледі.

«Тәңірім аспанды кең етіп жаратты,

Жұлдыз бар онда ғажап дара тіпті,

Асылды ауаменен оратыпты

Адамды болмысымен таңырқатып» - деп табиғатты шынайы, ғажайып шындық деп түсінген ата-бабаларымыз жырға қосады. Сол кездегі түрік төрелерінің әдет-ғұрып, әдет-ғұрып, эстетикалық талғамы, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, сезімдері мен әсерлері туралы түсініктер өте ұтымды бейнеленген. Мұндай нұсқалар көп

  1. Махмұд Қашқаридің картасына, «Түркі халықтарының мекен-жайлары мен тау-теңіздері» бөліміне әдеби-тарихи талдау жасаңыз.

Махмұд Қашқаридің картасына,«Түркі халықтарының мекен-жайлары мен тау-теңіздері» бөліміне әдеби-тарихи талдау жасаңыз.

Махмұд ибн әл-Қусайн сол кездегі түркі тілдеріне жалпы шолу жасау үшін (ол туралы кейінірек айтатын) оларды Румнан (Римден) шығысқа қарай тізеді: печенег, қыпшақ, оғыз, йемек, башқұрт, Басмыл, қай, ябғу, татар, қырғыз. Орналасқан жері жағынан қырғыздар Шин мемлекетімен көрші тұрған. Одан әрі (оңтүстік-шығысқа қарай) Чигил, Тухси, Ягма, Танут, Қытай елдері. Одан кейін табағаттар – Машынның елі болып есептеледі.

М.Қашқаридың өзі түркі тайпаларының орналасуын көрсететін карта жасаған (бұл түркі халықтарының тарихындағы тұңғыш карта). Бірақ сол картаның сыры күні бүгінге дейін ашылмаған. М.Қашқаридың әкесі «Барысқан» туған жері көрсетіліп, ортасындағы ішкі төрт бұрыштың оң жағында жеке-жеке жазылған.


М.Қашқари картасы бойынша олар Румнан Шығысқа қарай: Бегемен, Қыфған, Оғыз, Йемен, Башқұрт, Басмыл, Қай, Ябаку, Қатар, Қырғыз, одан әрі Чигел, Тухси, Ягма, Уграк, Чарук, Чомил, Ұйғыр, Хитай, Тағұт, Табғаш.

М.Қашқаридың «Диуани» еңбегінің түркі тілдес халықтардың этникалық тарихын және олардың мекендеген жерлерінің тарихи географиясын зерттеуде алатын орны зор. Бұл сөздікте 175 жер, қала, ауыл атаулары және кейбір атаулар мен атаулардың шығу тарихына қатысты қызықты деректер мен аңыздар бар. .

Ауыл атауларына келсек: «Алуш – Қашқардағы ауыл», «Қызылөз – Қашқар тауындағы қыстақ».

Таулар мен жұлдыздардың атаулары сөздікте де кездеседі: «Арантұз – Таразы жұлдызының қосымша атауы». Айдың бір атауы да осылай аталады»;

«Зерттеуші сөздігінде» мына өзен атауларын кездестіруге болады: «Усмитарым – Ислам елінен ұйғыр еліне ағып жатқан үлкен өзен. Сол жерде құмға батады».

21. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанының  зерттелуі, нұсқалары, бұл еңбекке əр елде əр түрлі ат берілуіне әдеби сараптама жасаңыз

«Құтты біліктің» зерттелуі

Академик Ə.Нысанбаевтың ғылыми зерттеулерінесүйеніп айтсақ, «Құтты біліктің» үш нұсқасы бар: Веналық нұсқа (1439 ж.), Каирлық нұсқа (1895 ж.) жəне Наманган нұсқасы (1913 ж.). Ғалымдар осы үш нұсқаның əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктерді жинақтай келе, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мəтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын алғаш əлемге хабарлап, 1823 ж. Парижде шығатын «Азия» журналында Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832–1913) дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 ж. Инсбрук қаласында кітап етіп шығарды.

«Құтты білікті» Қ.Кəрімов өзбек тіліне, Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов (1983)  орыс тіліне, А.Егеубаев (1986) қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984, Пекин) аударды. Дастанды аударумен В.В.Радлов (1837–1918) 20 жыл бойы үзбей айналысты. Түркия ғалымдары 1942–1943 жылдары аударып, үш нұсқасы 3 том болып Стамбулда жарық көрді. Шығарманы зерттеуге түрік ғалымдары Р.Арат (1900–1964), М.Кепрюлд (1880–1960), А.Ділашар (1897–1979) көп еңбек сіңірді.

Жоғарыда көрсетілген дастанның үш нұсқасын салыстыра келе орыс ғалымы С.Е.Малов Каир, Наманған нұсқаларының өзара жақындығын айтып, «ал ұйғыр редакциясы  (Вена-Ғират) көп жағдайда бұлардан алшақтап кетеді» дей келе, бұл нұсқа «ислам мəдениетінің ұйғыр жазбаларындағы сирек кездесетін ірі ескерткіш» деп бағалаған. В.В.Радловтың да: «Баласағұн қаласының (Жетісудағы) тұрғыны ретінде автор дастанын əуелінде ұйғыр жазба тілінің əсерінсіз араб əрпімен жазған, бірақ поэма бұл ықпалға Қашқарда аяқтап, ханға апарған тұста, ел ішінде тарату үшін ұйғыр əрпімен қайта жаздырғанда ұшыраған», — дейді


  Кезінде кітапты Шығыс патшалары көшіртіп алдырып оқитын болған. Бір қызығы, бұл еңбекке əр елде əр түрлі ат берген

• ирандықтар Фирдoусидің «Шахнамасымен» қатар қойып, «Шахнамаи түркі» («Түркі Шахнамасы») деген;

• Шың елінің (Солтүстік Қытай) адамдары «Адабул-мүлік» («Əкімдердің əдептілігі») деп, ал Машын (Оңтүстік Қытай) жұрты «Айнкүл мамлакат» («Мемлекет тəртібі»), Шығыс елдерінің əкімдері «Зийнатул-умаро» («Əмірлердің сəн-салтанаты»), турандықтар «Құтадғу біліг» («Құтты білім») деп атаған;

• дастанды зерттеуші-ғалымдар орыс тіліне де түрліше тəржіма жасап отырған: мəселен, В.В.Бартольд кітаптың атын орыс тіліне «Патшаларды ақылға шақыратын білім» («Знание, образующее царей»); С.Е.Малов — «Бақыт кітабы» («Книга счастья»); А.А.Валитова — «Басқару туралы білім» («Наука об управлении»); В.В.Радлов — «Бақыт сыйлайтын білім» («Знание, дарующее счастье»); В.Томсон — «Бақытты болу өнері» («Искусство сделаться счастливым»); С.Иванов — «Құтты білім» («Благодатное знание») деп аударған.

Бұл атаулардың қай қайсысы болса да, «Құтты білік» дастанының мемлекетті басқару істеріндегі моральдық-этикалық, адамгершілік мəселелеріне арналғанын дəлелдей түседі.

 

22. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанының құрылымы мен сюжеті.  Төрт кейіпкерге талдау жасаңыз.

«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұни (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. 

Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. 

Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.

Төрт кейіпкерге талдау жасаңыз

Төрт серігі бар еді оның сенетін,

Әрбір істе бірге қолдап еретін.