Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бәрінен де Атық[1] ұлы, ірі де,

Хаққа түзу көңілі де, ділі де!

Тәрк қылды мал, жан-тәнін, жүдеді,

Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.

Сонсоң, Фаруқ[2] еді кісі сарасы,

Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.

Діннің көркі, жәрдемші еді асқан ол,

Шариғатты халыққа кең ашқан сол.      

Үшіншісі, Оспан[3] - жомарт, ақылды,

Тандаулы ер, сақи, кең-мол, асыл-ды.

Әли [4] - сонсоң, жігерлі, мәрт, ер-ді,

Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.

Қолы ашық, сара-таза жүрегі,

Білімді, есті, даңқты әрі ірі еді.

Бұлар діннің, шариғаттың жаршысы,

Тартқызды азап кәпір, дінсіз қылығы.

Бұл төртеуі төрт тұғырдай мен үшін,

Түзілсе олар, болар тірлік, келісім.

 

23. «Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» және сопылық ілімін саралаңыз.
"ДАНАЛЫҒЫМ—ДҮНИЕГЕ ЖЫР ДАСТАН"
Мұсылман әлемінде аты əйгілі, жаңа кезеңдегі
сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ақын əрі ойшыл, философ Қожа Ахмет Йасауи артына мәні
өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Оның"Диуани хик-мет" атты екі əлемнің мән-жайын сипаттайтын туыңдысы
адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді
күрделі мәселелерді жырлауға арналған. Бұл дүниедегі
адамдар арасындағы əр алуан қарым-қатынас:мансап пен
байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен
тәубашылдық, хаққа сиыну секілді түйінді жәйттер дін
талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып,
қанағат, адамгершілік, мейірім-шапағат, адалдық,ізеттілік
жайыңда сөз қозғайды. Осыған орай ақын Мұхаммед
пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол:жиған малдың қызығын көру, өзге жетім-жесір,мүсәпірлерге де
қайырымды болу,жасаған күнәңді дер кезінде түсініп,
тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілден жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды. Алғашқысы – Алланы тану. Келесі Құдайды ұлықтау. Үшінші – күнәлар мен әділетсіздікті жоққа шығару. Төртіншісі – жалған дүниеден бас тарту. 

 

24. Х-ХІІ ғасырдағы Қарахан дәуіріндегі және ислам дәуіріндегі әдебиетті салысытырыңыз және қорытынды жасаңыз.

Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (Х-ХІІ ғасырлар) ерекше орын алады. Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жерін бір кезде мекен еткен түркі халықтарының тарихында Х-ХІІ ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа басқышы болды. Бұл кезде түркі қауымын айдай әлемге танытқан Әбу Насыр әл-Фараби, Әба Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Йассауи т.б. тарих сахнасына шықты. Басқаша айтсақ, Х-ХІІ ғасырлар «түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу – ренессанс дәуірі болды». Сондай-ақ енді ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы шығармалар бұрынғыдай араб тілінде емес, жергілікті халықтардың өз тілінде, яки түркі тілінде жазыла бастады. 


Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар қаласында дүниеге келді. Ол- ғалым, ақын, әдебиетші, «Шығыстың Аристотелі». 150 ге тарта ғылыми еңбек жазды. Музыка, математика,логика, философия, астраномия, әдебиеттану ғылымдарымен шұғылданған. 

Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050) Ол – астраном, математик, географ, тарихшы, акын. 22 жаста ғалым атанған. Парсы, араб,грек, үнді тілдерін меңгерген. 150 еңбек жазған. Еңбектері: «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астраномияның кілті» т.б. Жердің Күнді айналатынын тұңғыш рет айтты. Планеталардың қозғалу заңдылықтарын анықтады. Жер глобусының пішінін жасап, 600 ден астам қаланың координаталарын анықтады.
  Махмұд Қашқари (1029-39 ж.ж). аралығында туған. Өлген жылы белгісіз. (XI ғ.) Ыстықкөл маңындағы Барысхан қаласында дүниеге келді. Қашқарда өмір сүрген.
Ол — түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, ғалым.Түркі елдерін аралап, заң, арифметика, Құран, хадис бойынша білім алды. Араб, парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. М.Қашқари — тұңғыш түркі филологы. «Диуани лүғат ат-түрк» сөздігі (Түркі тілдерінің сөздігі) еңбегін 1072-1078 ж.ж.Бағдатта жазып бітірген, бірақ қазір түпнұсқасы жоғалған. 1266 ж. жасалған көшірмесі 1915 ж. Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. 

Жетісу жері мен Шығыс Түркістанда X ғасырдың орташенінде Қарахан мемлекеті пайда болады.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатуқ Боғра хан (915-955 ж) еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі халықтың едәуір бөлігі отырықшы ел болды. Қалалар мен қолөнер өндірісі өркендей түсті. Қала тұрмысы өрлеп, қолөнер кәсібі, зергерлік, сәулетшілік өнері едәуір дамыды. Қарашоқы, Қарнақ, Қойлық, Ашнас,Баршынкент сияқты қалалар пайда болды.

Сол кездегі Қазақстан қалаларының ең ірісі Отырар мейлінше өрлеп тұрды. Отырар – көшпелі және отырықшы түркі тайпаларын өзара байланыстырып тұрған экономикалық қана орталық емес, сонымен қатар, ол аса ірі сауда, қолөнер әрі ғылым мен мәдениет ошағы да болды. Мұнда көптеген білім ордалары, медреселер, аса бай кітапхана, т.б. болды.

 

25. Қожа Ахмет Яссауидің төрт басқышы: шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат. Ғылыми-теориялық тұрғыдан талдап көрсетіңіз.

Қожа Ахмет Яссауи мұраларындағы «Даналық кітабында» төрт ғақлия мадақталады:

1. «Шариғат» – ислам заңдары және салт-дәстүр негіздері. Мұсылмандық жолды қасиет тұтып, оны тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау. Мұсылмандықтың адамзатқа тән екендігін жырлап, адамгершілік дүниесін асақақ әуенмен жеткізу.


2. «Тариқат» – діни-сопылық идеяны мақсатты түрде өсиет ету. Кеңінен алып айтқанда, өлең арқылы ұрпақты имандылыққа, шынайылққа, әділеттікке , адалдыққа тәрбиелеп, татулыққа үйрету. Сөйтіп оқушыны мейірімділікке, қайырымдылыққа, қонақжайлыққа тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл салаларының қайнар көзі халықта екенін қалдықсыз айтады.

3. «Мағрифат» – дін жолына түсіп, соның бағыт-бағдарын айқындау, тану. Яғни, Алланың ақ жолына түсіп, ала жіп аттамай, ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпы сақталған тазалықты жекізу. Ақын хақты танып, соның жолында жиған-терген ілімін насихаттап, дастан етіп жазу парыз етілген. Бұл бөлікте де соның нышаны айтылады.

4. «Хақиқат» – Аллаға құлшылық қылу. Он сегіз мың ғаламды жаратушыны дәріптеп, әрбір мұсылманның парызы Құдайға құлшылық екенін меңзеу. «Иман нұры», «Хақиқат дариясы», «Ақіреттің азығы» деген дүниелермен адамды күнәдан арашалау, тазарту. Бұл еңбекте ғұлама Түркістанның пірі деп негізгі төрт мәселені қарастырған. Алғашқысы – Алланы тану. Келесі Құдайды ұлықтау. Үшінші – күнәлар мен әділетсіздікті жоққа шығару. Төртіншісі – жалған дүниеден бас тарту.

 

26. Ахмет Яссауи ілімінің моральдық-этикалық, адамгершілік қасиеттеріне әдіби сараптама жасаңыз.

Ақынның «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб» және «Пақыр-наме» деп аталатын шығармалары Ахмет Йассауидің сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясыныңтеориялық негізі болып табылады. Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – моральдық-этикалық (парасаттылық), ал екіншісі – сопылық хикметтер деп атауға болар еді.

  Ахмет Йассауи ілімінің моральдық-этикалық бөлімі адамның бойындағы адамгершілік қасиеттердің мәртебесін арттыра түсуді көздеп, «инсони камал» («кемелденген адам») дәрежесіне жетуді мақсат етеді. Ал«кемелдік»дәрежесіне жету үшін адам сан алуан ілім-ғылым түрлерін игеруі қажет. Йассауи дүниетанымының теориялық негізі шариғат пен марифат болса, бұл ілімнің практикалық негізі тарихат болып табылады.

   Сонымен, «Диуани хикметте» «адамның өзін-өзі тануы» арқылы Ақиқатты, яғни Хақты (құдайды) тану жолдары сөз болады. Ал сопылық хикметтер арқылы ақын адамның түпкілікті мақсаты – ақиқатқа, яғни Хаққа жету екенін айтады.

  Ахмет Йассауи «Ақыл кітабында» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. 


 Біріншісі – шариғат. «Шариғат» - ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді.

  Екіншісі –тариқат. «Тариқат» - дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш суфизмнің негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр.

  Үшіншісі - маръифат. «Маърифат» - негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. 

  Төртіншісі – хақиқат. «Хақиқат» («фано») - Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғарғы басқышы. Сопылық түсінік бойынша, шариғатсыз – тариқат, тариқатсыз - маърифат, маърифатсыз - «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.

27. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы даналық сөздерін қазақ мəдениеті мен халықтық мақал-мəтелдері арқылы салыстырыңыз.

1. Қазақ мақалында: Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

Баласағұнида 

Ойлы кісі айтқан сөздің ақ шынын: Кісі өлсе де, өлмес аты жақсының!

2. Қазақта: Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.

Баласағұнида 

Ертеңге — деп, бітер істі тастама, Қалар кейін, шықса ісің басқа да!...

3. Қазақта: Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

Баласағұнида 

Кеңесіп іс жасау керек кеңінен, Кеңеспеген кісі өкініп, еңірер.

4. Қазақта: Жақсымен жанассаң атаққа ілінерсің, жаманмен жанассаң шатаққа ілінерсің.

Баласағұнида 

Жаманға сен жолама, жаласына жанарсың, Жақсылыққа жанассаң, жақсы қылық табарсың!

5. Қазақта: Ит үреді, керуен көшеді.

Баласағұнида 

Көк төбетті бөрі елемей жеңбей ме? Ит үреді, керуен көше бермей ме!?

6. Қазақта: Əуелгі байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшіншісі — он саулық.

Баласағұнида 

Ішпек-жемек əуелгісі бұлардың, Қатын алмақ — бірі рахат-құмардың, Үшіншісі — тəн саулығың, тірлігің, Бұл үшеудің сақтау қажет бірлігін.

7. Қазақта: Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді.

Баласағұнида 

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді, Сөз қалады, таяқ табы кетеді!

8. Халық арасында Бір топ итті арыстан бастаса, күндердің күнінде олар арыстанға айналар, ал бір топ арыстанды ит бастаса, олар итке айналады 
деген мысал бар. Осыны ойшыл ақын поэзия тілімен 

Біл, арыстан басшы болса иттерге,

Арыстандай күркірер кеп иттер де!

Арыстандар басы болса ит бір күн,

Арыстандар жасар еді ит тірлік! —деп суреттеген.

 

28. Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани» атты еңбегіндегі хикметтердің зерттелуі мен насихатталуын жүйелеңіз.

“Бақырғани кітабы”— түркі тілдес халықтардың 12 ғасырдан сақталған сопылық ағымдағы әдеби ескерткіштердің бірі. Авторы, сопылық ағымның ірі өкілі — Сүлеймен Бақырғани. Бақырғанидың сопылық мазмұндағы хикмет-өлеңдері кезінде ұлан-ғайыр Қыпшақ даласы мен Орталық Азияның түркі тілдес халықтарының арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім болғанымен, ақын мұрасы тек 19 ғасырда ғана толық жинақталып, Қазан және Ыстамбұл баспаларынан “Бақырғани кітабы” деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1882, 1898 жылдары) басылып шықты. “Бақырғани кітабы” — бес бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімі — көңіл-күй жырлары;

екіншісі — сопылық идеясын насихаттауға арналған дидактикалық философиялық хикмет-өлеңдері;

үшіншісі — Алланы мадақтауға арналған жырлары (“Меғрожнаме”);

төртіншісі — “Ақыр заман көріністері” дастаны;

бесіншісі — “Бибі Мариям” толғауы.

“Бақырғани кітабының” басты идеясы — оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал, бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ағымның идеясы, мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың қағида-шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау). Бұл рухани асулардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Сондай-ақ осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып-біліп, жақсы игерген адам ғана Алланың (ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады. “Бақырғани кітабы” жырларында сопылық идеяның негізгі қағида-шарттарына, сонымен бірге, адамның қоғамда атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсінік беріледі. “Бақырғани кітабы” Алла сыйлаған өмірдің ләззатынан безбеуге,