Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бабырдың осы томды құрап отырған «Мубəййəн дəр фикһ» («Шариғат түсініктері») еңбегінің түркі жазба əдебиетінде алар орны ерекше. Бабыр бұл шығармасында Ислам дінінің ұстындарын, иман негіздері мен шариғат шарттарын өлең сөзбен өрнектеген.

65.​«Махаббат-намедегі» жігіттің қызға жазған хаттарының мазмұнын, идеясын саралаңыз. 

 

Дастанда 11 наме (хат) бар.Жігіттің қызға жазған он бір хаты жырға негіз болған. Солардың ішінде төртінші, сегізінші, он бірінші хаттар парсы тілінде жазылған. Қалғандары Алтын Орда қыпшақтарының тіліндегі жырлар болып келеді. Сонымен, дастандағы 317 бәйіт қыпшақ тілінде, 156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. Әйтсе де «Мұхаббат наменің» негізгі тілі Алтын Орда қыпшақтарының тілі екенін ұмытуға болмайды. Дастанның әрбір жолы бұған айқын дәлел. Мұнда грамматикалық жағынан да, лексикалық тұрғыдан да қыпшақ тілі элементтері басым. «Мұхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдір махаббаты жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік әлемнен тең таппай, оны Айға да, күнге де теңеп, жер бетіндегі сұлулық атауынының ғажайып суретін жасайды. Дастанда адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады, ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды, шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі үшін еш қандай қауып–қатерден тайсалмайды. Дастанның басты қаһармандары-бір-біріне ғашық болған жігіт пен қыз. Шығарма негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан тұрады. Дастанда қыздың жігітке жазылған жауап хаты берілмейді. Алайда жігіттің хатынан қыздың сүйген жігітке деген сүйіспеншілік сезімін, қуныш-реніштерін айқын аңғаруға болады. 

66.​Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі тарихи оқиғаларға талдау жасаңыз.

Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһур еткен ең басты шығармасы. Бүл еңбегінде ғалым XV—XVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, ІІІығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазады. Сондай-ақ Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған.

 

«Тарихи Рашиди» атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 


67.​Әйгілі ғалым Ә.Қоңыратбаевтың «Қорқыт ата» дастаны туралы зерттеген еңбектерін саралаңыз.

Әлем әдебиетіне белгілі «Қорқыт ата кітабы» туралы мәліметтердің қазақ ғылымында бой көрсетуі Әуелбек Қоңыратбаев есімімен тығыз байланысты. Сонау 1947 жылы  Қазақ КСР Ғылым академиясы тарапынан жоспарланған «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2-том) атты ұжымдық еңбектің көне әдебиетке қатысты тарауларын жазу ісі Ә.Қоңыратбаевқа жүктелгені мәлім.

68.​Қорқыттың дүниеге келуі, ажалдан қашуы, жалпы өмірдеректеріне тоқталыңыз.

Мәңгілік өмірді іздеген Қорқыт ата қайда барса да алдында қазулы тұрған көр арқылы жеке адам ретінде өзінің өлімге душар екендігі, тек жасампаздық ісімен, музыкалық өнерімен өлмейтініне, мәңгілікке қалатынына көзін жеткізеді. «Ол тіршілік көзі, өмір мәні және ел қамы, халық тағдыры істерінің ең киелі өзегі өмір үшін жан қиярлықпен күресте, қаралы жауыз күштің ең үлкен алпауыты ажалға қарсы қасқайып тұрды; теңдесі жоқ ерлік жасады. Сондықтан ол Ер Қорқыт атанды». Қорқыт туралы мәңгілік философиясының мәні де осында жатыр. Қорқыт арқылы адамдардың өмір үшін күресуші, бұл ғаламды гүлдендіруші, үйлесімдендіруші миссияны атқарушы екендігін мойындауға болады. Адамның бақыттылығы осы өмірлік қызметімен өлшенеді.Қорқыттың өмірі – ерекше жасампаздыққа бағыт, бағдар беретін рухани мұрат сияқты, яғни оның негізінде адамның өмірі күнделікті тамақ жеу мен ұйқыға негізделген қарапайым тіршілік емес, ол жасампаздық шығармашылыққа сүйенген, рухани 

Құндылықтардан нәр алатын іс-әрекеті ғана адамды нағыз өмірге, мәңгілікке жетелейді» дегенді үлгі етеді.  Қорқыт Ата аңызының түпкі философиялық пайымы – адам тәні өткінші, ал жаны, рухани жасампаздық еңбегі мен өнері – мәңгілік. Негізінен алғанда жан мен тәннің арасындағы айырмашылық та, бірлік те болмыстың екі қырының – өлім мен өмірдің байланысын танытады. Тәннің уақытша болмысы осындай жалпы табиғаттың заңдылығына бағынады.Қорқыт уағыздайтын мәңгілік мәселесі – өмірге құштар адам ғана жалпы ел мен қоғамның болашағы алдында өзінің жауапкершілігін түсінеді және парасаттылықпен орындай алады. Қорыта келгенде, Қорқыттың өлімнен қашуы – өткіншілік пен мәңгіліктің қайшылығын көрсетіп қана қоймай, мәңгіліктің өткіншіліктен артықшылығын, тіпті оның үстемдігін де айшықтайды десек қателеспейміз. 

69.​“Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жыр. Жырдың екі бөлімін сипаттаңыз.

‘’Оғыз-наме’’-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. ‘’Оғыз-намені’’-әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.


‘’Оғыз-намеде’’, негізінен, Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы-елді ауызбірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.“Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жатады.Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады:1) оғыздың өсуі, билікке келуі, 2) жорықтары мен соғыстары. Алғашқы бөлім шығарманың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкестігі екендігін аңғартса, соңғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Шығармада аты аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.“Оғыз-наменің” негізгі идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру болып табылады.“Оғыз-наме” – генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.

70.​Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегінің тәрбиелік мәніне тоқталыңыз.

Біздің заманымызға жеткен “Хибатул – хақайық” (“Ақиқат сыйы”) атты кітабы – тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлеңдер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған.«Ақиқат сыйы» атты еңбегімен мұсылмандықтың асыл қасиеттерін халыққа уағыздап, олардың діни сауатын көтеруге, білімін арттыруға өз үлесін қосқан еңбегі.

71.​Ахмет Йүгінекидің білім туралы айтқан ойларын  саралаңыз.

Білімсіз жан – тірі өлік, – деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. Халқымыздың “оқу-инемен құдық қазғандай”, “Оқу – білім қазығы, білім-өмір азығы” деген мақалы осы бір отты қайнар көзінен туындаған болу керек.

«Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал». Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы. «Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды.


72.​Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегінің нұсқаларын, зерттелу тарихын қарастырыңыз.

«Ақиқат сыйы» - тарихи- әдеби шығарма.Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйының» түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының ХІУ-ХУ ғасырда жасалған үш түрлі көшірмесі, үш түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі – 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі – 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы. Екінші нұсқа – Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар бұл нұсқа Стамбұлдағы Айя – София кітапханасында сақтаулы. Қолжазбаны Н. Әсім 1915 жылы, ал Маһмудов 1972 жылы алғаш рет жариялаған. «Ақиқат сыйының» үшінші арабша нұсқасы шамамен ХІУ ғасырдың соңында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты «Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі» деген адамның кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен. Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады.

 

 


73.Қ.А.Яссауидің «мейірімсіз менмендерден қаштым, міне» деген хикмет жолдарын талдаңыз.

Яссауидің «мейірімсіз менмендерден қаштым, міне» депбасталатын бірінші хикметінде пендеге үлгі-өнеге, насихат айтудан басталады. Қожа Ахмет Яссауи дос, дұшпан,шариғаттың қыр-сырын, жақсы және жаманқасиеттердің бәрін зерттеп саралайды.

Мейірімсіз менмен адамдардан, иманы жоқ, діні қаттыадамдардан қашу керектегін айтады.Мейірімсіз менменадамдар иманы төмен, өзін басқадан артық санап, бақпен байлықты көтере алмай, ақымақтық пен тәкәппарлыққа салынуынан көрінеді.

Яссауи дүниеқоңыздықтан, пасыөтардан бойыңдытиып, иманыңды арттыруға кеңес береді, насихат айтады.

74.Яссауи хикметтеріндегі тәубашылдық, сабырлылық, имандылық туралы ой-тұжырымдардысаралаңыз.

Яссауидің өз хикметтерінде арқау еткен мәселелердің біріҚұдайдың кеңдігі мен пенденің күналарын кешірудегіқайырымдылығы десек те болады. Бұл жерде әулиенің Құдай салған қиыншылық пен азапты да шыдамдылық, сабырмен жеңе білу, төзімділік таныту жөн, тынбай жылапдертін тарт, Құдай көзді тек көру үшін ғана емес, жас ағызыпжылау үшін де берген дейді.

Өмірдің қызығы мен қиыншылығы қатар жүреді. Пендеқызығына сабыр қылып, қиыншылығына төзіп, қазіргіөміріне тәубашылық ету керек деп айтқан. «Күнәсінмойындағанды Құдай да кешеді» дегендей адам, алдымен, өзінің Аллаға деген көңілін, пиғылын жөндеп алуы керек. Өмірде қуаныштан қайғы-қасіреті көбірек, сол себепті олҚұдайға деген сенімін жоғалтпай, қайта оның шарапатына, кешірімділігіне нық сеніп, иманын арттырған дұрыс.

75.Қ.А.Яссауи хикметтерінің жазылу тарихын, сопылық-философиялық идеясын, ислам дінінтаратудағы ролін саралаңыз.

Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикметтері» сопылықидеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағыәдеби шығарма.Шариғаттың қыр-сырын терең меңгеруде, дінқағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен танытумақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықтыайқын поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Яссауи түркітілінде халыққа бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркітілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегішығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасып,дамып келе жатқан суырып салмалық дәстүрдегі әдебиеткежаңа серпін, тың мазмұнды өзгерістер алып келумен қатар, оны түр және мазмұн жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиетінасихаттық негіздегі ой тұжырымдармен толыға түсті. ҚожаАхмет Яссауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлемінекеңінен жан-жақты таныла отырып , Яссауи ізімен хикметжазу дәстүрге айналды. «Диуани Хикмет» — түркі тілдесхалықтардың ортақ мұрасы, ұрпақтан ұрпаққа таралды, халықты имандылыққа, адалдыққа, адамгершілікке , әділдікке, мейірімділікке және шыдамдылыққа шақырды. Хикметтері ислам дінін насихаттады және халық арасындамұсылмандықтың, еліміздің бірлігінің нығаюына ықпал етті.