Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 53

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


56.Мырзатай Жолдасбековтың «Асыл арналар»  атты еңбегіне әдеби сараптама жасаңыз.

Әдебиетші ғалым Мырзатай Жолдас­бек­овтің «Асыл арналар» кітабы – қазақ хал­қының рухани азаттығын жоқтаған, қазақ ұлтының тамырын тереңге жіберген халық екенін танытқан биік мақсатты еңбектер еді.

Мырзатай Жолдасбеков «Асыл арналары» қазақ әдебиеттану ғылымына соны серпін әкелген кітаптардың бірі болды. Өйткені ғалымның бұл еңбегі арқылы күллі қазақ түркі жазуы, сол жазумен жазылған әдеби мұралар жөнінде тұңғыш рет осы кітап арқылы кең түрде түсінік алды.«Асыл арналар» атты ғылыми,әдеби мақалалар жинағының алғашқы тарауы «Ежелгі әдебиет» деп аталады.Мұнда «Қазақ әдебиетінің түп-төркіні жайында»,»Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮШ ғ.ғ), «Орхон ескерткіштері туған дәуір,ондағы тарихи шындық»,»Орхон ескерткіштерінің тексті», »Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты» және «Қорқыт (ҮШ ғ)», »Оғыз нама (ІХғ)» туралы жеке мақалалар топтастырылған

57.​Әл-Фарабидің әдебиеттану, тіл білімі, музыка салалары бойынша жазған зерттеу еңбектерін саралаңыз.

Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. 

Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған)

58.​Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жөнінде жүйелі сараптама жасаңыз.

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы
Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IXғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды.Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. 

59.​Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Бақытқа жету» атты трактатына талдау жасаңыз

«Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы – бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында. Әл-Фараби бақытқа жету ұғымынның мәселелерін, негізінен филосфиялық мәнмен ұштастырып қарастырған.

Бақытқа жету – философияның алдыңғы шарттарының бірі болып есептеледі. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады. Негізімен адамдар бақытты болуды әркім әрқилы түсінеді.Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазыпты. Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқым іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетеді. Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысынна қол жеткізеді.Философиялық анықтамасы бойынша бақытты- адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Ал, Әл-Фараби бақытқа жетуді, адамның алға қойған мақсаттарын отындағанда ғана адам бақытты болады деген қортынды жасаған. Әл-Фараби осы еңбектерінде бақытыт ұғымын төрт түрге бөліп қарастырған. 1. Жақсылыққа жету, даналық, 2. Қуаныш, рахат, 3. Өмірден өз орнын табу, 4. Бақ- дәулет. Міне, осы төрт шарт орындалса адам өзін бақытты санайды.


60.​Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі Қорқыт тұлғасына талдау жасаңыз.

Қорқыт айтқан ойлар бұдан әрі қарай отбасыңдагы келісім, тайпа-ру бірлігі, патротизм, жауға деген қаталдық, досқа адалдық, батырлық, табиғат, тіршілік меселелеріне катысты пікірлермен кеңейе түсті. Қоркыт түлғасы халқымыз мәдениеті дамуыңдағы көп ғасырлық желіні жалғастырады, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз. Әсіресе, тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріңдегі салт-дәстүр, құңдылықтар мен мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып қарағанда «Қорқыт ата кітабының» халқымыздың тәлім-тәрбиесі тарихындағы алатын орны айтарлықтай екеңдігі даусыз.Қорқыттың өзі – нағыз ұстаз, тәрбиеші. Өзіндік тәжірибесіне, жеке өнегесі, білімі мен даналығына сай ол түркілер үшін кеңес беруші, жол сілтеуші, ақыл-парасатқа үйретуші болды және болып қала береді. Дастанның басында Қорқыт дәл осындай бәрін өзі біліп тұрған жетекші деп көрсетіледі, оның түркі халқы қиыншылықтарын шешкені айтылады. Қандай іс болмасын Қорқыт атадан кеңес сұрамай шешілмейді. Дастанның бүкіл жыр жолдарыңда барлық жерде ол нағыз оқытушы және шебер тәрбиеші, қуатты ой-өрісті иемденуші ретіңде әрекет етеді. Ол халық жиналысын жүргізеді, жаңа туғаңдарға ат береді, дана сөздер айтады, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді, ол бәріне канық қауым ақсақалы ретіңде оны ізгі істерге шақырады, бейбітшілік пен жақсылыққа үндейді, отаңды қорғауға ықпал жасайды.Халқымыздың көне замандардағы таным-түйсігінен туған Қорқыт туралы аңыздардың астарында философиялық-эстетикалық зор мән-мағына бар; Бұл аңыздарды халқымыздан рухани мұрасының бір болігі ретіңде бағалап, қастерлеуіміз де соңдықтан. Аңыздардағы Корқыт философиясының негізгі түйіндерінің бірі – ажалды өмірдегі бар зұлымдық пек жауыздықтың басы деп тану, онымен күресу, өмірдің тұрлаусыздығын мойындау, мәңгілік ғүмырды аңсау. Қорқыт туралы Мүхтар Әуезов былай деп жазды: «…Аңыздарда оптимистік мағына басым. Қорқыт жайындағыаңыздардың тақырыбы – ажалмен алысу туралы тақырып. Қорқыт жазмыш, тағдыр даярлап қойған талайына қарсы алысады». Ал академик Әлкей Марғүланның сөзімен айтқанда: «Қорқыттың өліммен алысу туралы фәлсафасы – дүние тарихында өте сирек жолығатын, адам баласы тудырған ойдың ең жарқын бейнесінің бірі болып суреттеледі.Аты аңызға айналған күй атасы Қорқыттың мұрасын халқымыз ғасырлар бойы қадірлеп-қастерлеп, көзінің қарашығындай сақтап келді. Соның аркасында Қорқыт күйлері біздің заманымызга жарқырай жетіп, бүгінгі бақытты ұрпағымен табысты.


61.​Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігіндегі «Түркі халықтары мен тайпалары» бөліміне талдау жасаңыз.

Түркі халықтары мен тайпалары 
Ғалымның  түркі  тайпалары  мен  халықтары  жайлы  жасаған  шолулары [2; 18–24] өзіндік 
сонылығымен  ерекшеленеді.  Ол  өз  шығармасын  «Түрік»  атымен  атап  жəне  сол  еңбегінде  «Түрік» 
жөнінде егжей-тегжейлі тоқталған. 
Махмұдтың ойынша, түркілер — Тəңірдің сүйікті құлы, оларды тəңірі жебеп, басқалардан артық 
қадірлейді. Ол  былай  ой  толғайды: «Түрік — Тəңір  жарылқаушы  Нұh пайғамбардың  ұлының есімі. 
Бұл есімді оған Тəңірдің өзі қойған. Оның ұрпақтары да түрік деп аталады. Мысалы, «Рұм» сөзі Тəңір 
жарылқаған  Ысқақ  пайғамбардың  Иса,  Иса  пайғамбардың  ұлы  Рұмға  есім  болғанындай,  бүкіл  Рұм 
əулеттерінің аты болып келеді». 
Бірде Ұлы Тəңір былай депті: «Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды Түрік деп атап, күншығысқа 
қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түріктерімді қарсы аттандырамын!» 
Бұл  жағдай  Түріктердің  басқалардан  ерекше  екенін  көрсетеді.  Сондықтан  Түріктерге  Тəңірдің 
өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлегіне қоныстандырып, «Өз қосыным» деп 
атаған.  Оған  қоса  түріктер  көрікті,  өңдері  ұнамды,  жүздері  мейірімді,  əдепті,  үлкендерді  құрметтей 
білетін  кішіпейіл,  уəделерінде  берік  тұратын  мəрт  жəне  сол  сияқты  көптеген  жақсы  қасиеттерге  ие 
болған ашық-жарқын жандар», — деп жазады ғұлама. 
М.Қашқари еңбегінде былай дейді: «Түркі халықтары негізінен жиырма тайпа. Əрбір тайпаның 
бірталай  ұсақ  рулары  бар.  Олардың  саны  Ұлы  Тəңірдің  өзіне  ғана  аян.  Мен  солардың  негізгілерін 
ғана жаздым. 
Оғыз түріктерін білуге құмарлық аса көп болғандықтан, олардың тектері мен малдарына басатын 
таңбаларына  дейін  нақтылап  көрсеттім.  Рұм  өлкесінен  тараған  тəртіп  бойынша  шығыстағы  түркі 
тайпаларының  тұратын  мекен-жайларына  дейін  анықтап  жаздым.  Рұмға  бəрінен  жақын  орналасқан 
тайпа  бажанақ,  онан  кейін  қыфжақ,  оғұз,  иəмəк,  башғырт,  басмыл,  қай,  яба-қу,  татар,  қырқыз 


 

 

62.​«Құтты білікте» көтерілген этикалық-философиялық мəселелердің бірі — қанағат, ынсап мəселесіне әдеби сараптама жасаңыз.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында этникалық , қанағат туралы шақырады. Ел басқарған әкімдерді қанағатшыл, ынсапты болуға шақырады. Сондай –ақ дүниеқұмарлықты, ашкөздікті, парақорлықты сынайды:


Аш көзденебе, ұятты ойла, адал бол,

Ашық айтып, әділ іске жарар бол!

Сұғанақтық –дауасыз дерт, арылмас,

Күллі жиһан емі қонбас, жазылмас.

 Барлық аштар жесе ақыры тояды,

 Сұғанақ көз  тек көрінде кояды.

Жүсіп Баласағұн өз оқырманын әдептілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, имандылыққа шақырады. Әке-шешеден тәрбие алғандар жомар, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келеді. Жүсіп Баласағұн әдептіліктің сан түрін айта келе, ең бастысы – тіл әдептілігі деген. Мәнерлі, сыпайлы, мәнді сөйлей білу өнеріне арналған. Сөйлей білу әдептіліктің басы деген тұжырым жасайды

63.​Ахмет Яссауи іліміндегі «инсони камал» дәрежесі, хәл ілімі туралы ойларын Абайдың «Толық адам» ілімімен салыстырыңыз.

 

Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – моральдық-этикалық (парасаттылық), ал екіншісі – сопылық хикметтер деп атауға болар еді.Ахмет Йассауи ілімінің моральдық-этикалық бөлімі адамның бойындағы адамгершілік қасиеттердің мәртебесін арттыра түсуді көздеп, «инсони камал» («кемелденген адам»)дәрежесінежетуді мақсат етеді. Ал«кемелдік»дәрежесіне жету үшін адам сан алуан ілім-ғылым түрлерін игеруі қажет.Йассауи дүниетанымының теориялық негізі шариғат пен марифат болса, бұл ілімнің практикалық негізі тарихат болып табылады.  Сонымен, «Диуани хикметте» «адамның өзін-өзі тануы» арқылы Ақиқатты, яғни Хақты (құдайды) тану жолдары сөз болады. Ал сопылық хикметтер арқылы ақын адамның түпкілікті мақсаты – ақиқатқа, яғни Хаққа жету екенін айтады.Ахмет Йассауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Бұл белестер, жоғарыда көрсетілгендей, төрт өлшемнен жоғарыда көрсетілгендей, төрт өлшемнен тұрады, олар: шариғат, тариқат, маърифат және хақиқат. Ал Абай адам болып қалыптасуға қажетті бес асыл қасиеттің бірі –қанағат деп біледі:

Талап, еңбек, тереңой, Қанағат, рақым, ойлап қой –Бес асыл іс кенсеңіз. 

Абай өз ұстазы Йассауи сөзімен айтқанда, «ділі, көңілі қара надандарды», «ғибрат сөзді естімейтін, білмейтіндерді» өлтіре сынайды. Абайдың жәуанмәртлікке қатынасы. 

Абай көптеген өлеңдері мен, әсіресе, 17-қарасөзінде жүректің культін көтеріп, барлық ізгі сезім, рахым, шапағат, махаббат   атаулының  шығар   кезі  ретінде  жүректі   шешуші орынға қойып, онда адамгершілік танымның негізі жатыр деп қараған.

64.​Бабырдың «Шариғат түсініктері» («Мубəййəн дəр фикһ») атты еңбегіндегі діни көзқарастарын саралаңыз.