Файл: Бекітемін Келісілді аралды Мектеп Директоры Директорды оу ісі орын басары Б отырысында.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 85
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Тері жабыны. Тері гигиенасы мен физиологиясы.Термореттелу. (3 сағат)
жауаптары: 1-б, 2- в, 3-ә, 4-ә
Зертханалық жҧмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен тҥсініктерді қарастыруы қажет:
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Тәжірибені нҧсқаулық арқылы орындайды:
Мәліметтерді талдау ҥшін сҧрақтар қарастырылады:
Сыни ойлауын дамытатын сҧрақтар:
Тақырыпты қорытындылауға арналған тест сҧрақтары:
Сабақ тақырыбы: Сарамандық жҧмыс №3: ЭКГ: жҥрекке әсер ететін факторлар
Зертханалық жҧмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен тҥсініктерді қарастыруы қажет:
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Тапсырмалар нҧсқаулық бойынша орындалады.
Сыни ойлауға арналған сҧрақтар:
Тақырыпты бекітуге және қорытындылауға тест сҧрақтарын пайдалануға болады.
Мәліметтерді жинау жҥйесін қолдану
Зертханалық жҧмыс алдында орындалатын талқылаулар
Жауаптардың бірнеше нҧсқасы бар сҧрақтар
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Жҧмыс нәтижесін талдау ҥшін ҧсынылатын сҧрақтар:
Зертханалық жҧмыс алдында проблема қойып бірнеше сҧрақтарды талқылау ҧсынылады:
Жҥргізілген жҧмысты талдау ҥшін ҧсынылатын сҧрақтар:
Сарамандық жҧмыс № 8. Дене температурасын реттеу.
Дҧрыс жауапты таңдаңыз немесе толық емес сӛйлемдерді толтырыңыз.
Осыған қарамастан, орташа деңгейлі мқ 60 және 100 аралығында болады. Егер жүрек қағысының жиілігі мқ 60-тан тӛмен болса, онда жағдай брадикардия деп аталады. Егер жүрек қағысының жиілігі мқ 100-ден асатын болса,онда жағдай тахикардия деп аталады.
Зертханалық жҧмыс алдында орындалатын талқылаулар
-
Жаттығу кезінде жүрек қағысының жиілігі қалай ӛзгереді? -
Сіздің жүрек қағысыңыздың жиілігі қалпына келу кезінде қалыпты жағдайдағы (жаттығуға дейінгі) жиілікке қаншалықты жақын болады? -
Әйелдердің жүрек қағысының жаттығуға дейінгі, жаттығу кезіндегі және жаттығудан кейінгі жиілігінде еркектермен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?
Орнату
-
Мәліметтерді жинау жүйесімен жаңа тәжірибе бастаңыз -
Мәліметтерді жинау жүйесінде датчикті портқа жалғаңыз -
Жүрек қағысының х осіндегі секундтық (сек) уақытқа қатысты у осіндегі минутына қағысының жиілігін тандаңыз.
Мәліметтерді жинау
Мәліметтерді жинау үш кезенде жүргізіледі.
-
Бір минут ішіндегі қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігін ӛлшеу; -
Үш минут ішіндегі жаттығуды орындау кезіндегі жүрек қағысының жиілігін ӛлшеу; -
Екі минут ішіндегі қалпына келу кезеңіндегі жүрек қағысының жиілігін ӛлшеу.
-
Осы тәжірибедегі сіздің бақылаулық жиілік мәніңіз қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігі болып табылады. -
Жүрек қағысы жиілігі датчигін екі қолыңызға алыңыз (hand qrip). Мәліметін ӛлшетіп жатқан адамға отыруды, босауын, асықпай демалуын және жазылып жатқан мәліметке қарамауын ескертіңіз. -
Мәліметтерді жазуды бастаңыз. -
Барлық мәліметтерд кӛрсету үшін кестенің шкаласын күйіне келтіріңіз. -
Кестенің мәліметтерін бірінші 60 секунд ішіндегі мәлеметтерімен сипаттаңыз. Мәлеметтер мжқ 60-тан 80-ге дейінгі аралықта едәуір тұрақты болуы қажет. -
Бір минутан кейін жүрек қағысы ӛлшеніп жатқан адам тұрып, 3 минут аралығында бір орында тұрып жүгіруді орындайды, сол уақытта мәліметтердің жиналуы жалғасады. -
Кестенің мәліметтерін осы 180 секунд ішіндегі мәліметтерімен сипаттаңыз. Мәліметтер адамның физикалық жағдайына байланысты ажыратылады. Жүрек қағысы жиілігі шамамен мжқ 110-120-ға дейін жоғарылайды. -
Жаттығуды орындағаннан кейін жүрек қағысының жиілігі ӛлшеніп жатқан адам орнына отырады және сол күйде 2 минут отырады, осы уақытта мәліметтерді жинау жалғастырылады. -
Кестеңіздің мәліметтерін осы 120 секунд ішіндегі мәліметтерімен сипаттаңыз. Мәліметтер адамдың физикалық жағдайына байланысты ажыратылады. Жүрек қағу жиілігі шамамен мжқ 80-90-ға дейін тӛмендейді. -
Мәліметтерді жинауды зерттеліп жатқан объектінің жүрек қағасының жиілігі бастапқы тыныштық күйіне оралғанға дейін жалғастырыңыз. -
Мәліметтерді жинауды тоқтаңыз -
Тәжірибеңізді сақтаңыз және оқытушыңыздың нұсқауына сәйкес жұмыс аймағын тазартыңыз.
Талдауға арналған сҧрақтар
-
Дене жаттығуын орындау кезіндегі және қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігін салыстырыңыз. -
Жүрек қағысының қалпына келу жағдайының 2 минутынан кейінгі жиілігін және қалыпты жағдайдағы жиілігін салыстырыңыз. -
Әйелдер мен еркектердің физикалық жаттығуларды орындауға дейінгі және кейінгі жүрек қағысының жиілігін салыстырыңыз. -
Белсенді ӛмір сүретін адамдар мен неғұрлым қозғалыссыз ӛмір сүретін адамдардың жүрек қағысының жиілігіндегі ӛзгерістерді салыстырыңыз. Жинақтау сҧрақтар
-
Ӛзіңіздің жүрек қағысы жиілігіңіздің проекциялық диапазонын санаңыз. -
Қандай мәліметтер сіздің физикалық жағдайыңызбен байланысты? Олар жүрек қағысы жиілігінің проекциялық диапазонына кіреді ме? Түсіндіріңіз. -
Жүрек қағысының максималды жиілігіне қол жеткізу үшін спортшы неліктен неғұрлым тӛмен дайындықтағы адамға қарағанда жаттығуды ұзақ немесе қарқынды орындауы керек? -
Қалыпты жағдайдағы жүрек қағысыңыздың жиілігін қолдана отырып, 80 жас ӛмір аралығындағы қағыстың санын есептеңіз.
Жауаптардың бірнеше нҧсқасы бар сҧрақтар
-
Жүрек қағысы проекциялық жиілігінің жоғары деңгейі (минутына қағысы) жүрек қағысының теориялық мақсималды жиілігінің 85%-на тең. Жүрек қағысының мақсималды жиілігі 220-дан адамдың жас мӛлшерін алу арқылы есептеледі. Жақын тӛменгі тұтас санға дейін дӛңгелектеу арқылы,
26 жасар адамдың жүрек қағысының проекциялық жиілігінің жоғары деңгейін анықтаңыз.
A. 134
B. 155
C. 165
D. 194
-
Қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының орташа жиілігінің артуына себеп болатын фактор;
-
Жас -
Күйзелу -
Дәрі-дәрмек қабылдау -
Жоғарыда айтылғанның барлығы
-
Жүрек қағысының максималды жиілігі қалай есептеледі.-
220 минус адамның жас мӛлшері -
220 кӛбейтілген жүрек интенсивтігі -
220 минус жүрек қағысының резервтік жиілігі -
Жауаптың ешқайсысы дұрыс емес
-
-
Әйелдердің қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының орташа жиілігі шамамен мынаған тең:
A. 120-дан 80-нен астам
B. 120
C. 75
D. Жауаптың ешқайсысы дұрыс емес.
Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс №5: Тыныс алу кӛлемі.
Мақсаты: Тыныс алу мен терең тыныс шығарудың кӛлемдік пайызы араларындағы әр түрлілікті түсіну үшін ӛкпенің функционалдық сынамасы мен тыныс алу кӛлемін зерттеу.
Оқушылар осы сарамандық жұмысты орындау үшін алдын ала мына тақырыптар туралы түсінік берілуі қажет:
Тыныс алу. Тыныс алу жүйесінің құрылымы мен қызметі.
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Тыныс алу мен тыныс шығару –біздің ағзамызға тән табиғи үдеріс. Тыныс алу мен қан айналым жүйесі бірігіп оттегі мен кӛмірқышқыл газдарының күрделі газ алмасу қызметін атқарады. Ӛкпеде кӛптеген ұсақ кӛпіршіктер –альвеолаларда газ алмасу жүреді. Спирометр –тыныс алғандағы ауа мӛлшерін ӛлшейтін құрал. Сынама барысында зерттелуші бірнеше рет қалыпты тыныс алып, содан кейін бір рет терең тыныс алады( терең тыныс алу және шығару).
Спирометр уақытқа шаққанда сыйымдылық графигінде маңызды ӛлшемді кӛрсете алады. Бірден-бір маңызды ӛлшем –ол максималды жүктемеде зерттелушінің қалай жақсы тыныс алатынын кӛрсететін бір секунд ішіндегі тез тыныс алуы. Бұл кӛрсеткіш әдетте ӛкпелері науқас адамдарда тӛмен және ӛкпе ауруларымен шектелетін адамдарда жоғары болады. Дені сау адамның тез дем шығаруы әдетте 75-85% тең. Сонымен қатар, ӛкпенің функционалдық сынамы тыныс алу кӛлемін және тыныс алу сыйымдылығын зерттейді. Тыныс алу сыйымдылығы –сабырлы тыныс алу барысында ӛкпемен тыныс алу, тыныс шығаратын бір тыныс алу. Спирометр, әдетте, тыныс алудың қалыпты сыйымдылығының абсолюттік кӛлемі мен шамамен пайызын кӛрсетеді.
Жҧмыс барысы:
SPARK қҧрылғысын жҧмысқа дайындау
-
Мәліметтерді жинау жүйесінде жаңа экспериментті бастаңыз -
Мәліметтерді жинау жүйесіне спирометрді жалғаңыз. -
Қондырғыларды тұтқалармен жалғаңыз. -
Ӛкпе қызметінің қалдықты сыйымдылығына арналған ӛкпе сыйымдылығын (2,5 литр) және ӛлшенген ауа ағыны жиілігін есептеу негізінде мәліметтерді жинау жүйесін реттеу. -
Барлық мәліметтерді кӛрсетуге арналған график шкалаларын таңдау. Мәліметтерді жинау:
-
Мәіметтер жазбасын бастаңыз: оқушы қалыпты тыныс алғанда, терең тыныс алғанда және содан кейін қайтадан қалыпты тыныс алғандағы ӛзгерістерді жазыңыз. -
Ауа ағыны қондырма арқылы ӛтіп жатқанын қадағалаңыз: ол үшін қондырманың конусты жағын алдыңғы тіс аралығына қойып, қондырманы ерінмен ұстаңыз, мұрынды жауып тек ауызбен тыныс алыңыз. -
Жасыл индикатор жанғаннан кейін тыныс алуды бастаңыз.
Ескерту: мәліметтерді жазып жатқан оқушы дауыстап нұсқаулар беріп, тыныс алуларды санап отырады:
-
4 қалыпты сабырлы тыныс алыңыз. -
Терең тыныс алып, содан кейін бірден максималды күшпен терең тыныс шығарыңыз. -
2 қалыпты, сабырлы тыныс алыңыз.
-
Мәліметтер жазбасын тоқтатыңыз. -
Экспериментіңізді сақтаңыз. Алынған мәліметтерді талдау:
-
Берілген ӛкпе кӛлемін уақытпен салыстырып, график сызыңыз. Тыныс алу сыйымдылығын, бір секундтағы тез тыныс шығару кӛлемін және тіршілік сыйымдылығын белгілеңіз. -
Алынған мәліметтерден тыныс алу сыйымдылығын, бір секунд ішіндегі тез дем шығару кӛлемін және ӛкпелердің тіршілік сыйымдылықтарын анықтайтын арақашықтықты ӛлшеңіз. Алынған мәліметтерді 1-кестеге жазыңыз. -
Тез дем шығару кӛлемін келесі жолмен, пайыз арқылы есептеңіз: бір секунд ішіндегі тез дем шығару кӛлемін ӛкпелердің тіршілік сыйымдылығына бӛліп, 100-ге кӛбейтеміз. Мәліметтерді 1-кестеге жазыңыз.
1-кесте: ӛкпенің функционалдық сынамы кӛлемі мен ӛкпелердің тіршілік сыйымдылығын ӛлшеңіз.
2 Ӛлшеу | 3 Мәні |
4 Тыныс алу кӛлемі, бір тыныс алу кӛлемі | 5 |
6 Бір секунд ішіндегі терең дем шығару кӛлемі | 7 |
8 Ӛкпелердің тіршілік сыйымдылығы: ӛкпедегі ауаның максималды кӛлемі | 9 |
10 Терең дем шығару кӛлемінің пайызы | 11 |