Файл: Бекітемін Келісілді аралды Мектеп Директоры Директорды оу ісі орын басары Б отырысында.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 89
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Тері жабыны. Тері гигиенасы мен физиологиясы.Термореттелу. (3 сағат)
жауаптары: 1-б, 2- в, 3-ә, 4-ә
Зертханалық жҧмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен тҥсініктерді қарастыруы қажет:
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Тәжірибені нҧсқаулық арқылы орындайды:
Мәліметтерді талдау ҥшін сҧрақтар қарастырылады:
Сыни ойлауын дамытатын сҧрақтар:
Тақырыпты қорытындылауға арналған тест сҧрақтары:
Сабақ тақырыбы: Сарамандық жҧмыс №3: ЭКГ: жҥрекке әсер ететін факторлар
Зертханалық жҧмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен тҥсініктерді қарастыруы қажет:
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Тапсырмалар нҧсқаулық бойынша орындалады.
Сыни ойлауға арналған сҧрақтар:
Тақырыпты бекітуге және қорытындылауға тест сҧрақтарын пайдалануға болады.
Мәліметтерді жинау жҥйесін қолдану
Зертханалық жҧмыс алдында орындалатын талқылаулар
Жауаптардың бірнеше нҧсқасы бар сҧрақтар
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Жҧмыс нәтижесін талдау ҥшін ҧсынылатын сҧрақтар:
Зертханалық жҧмыс алдында проблема қойып бірнеше сҧрақтарды талқылау ҧсынылады:
Жҥргізілген жҧмысты талдау ҥшін ҧсынылатын сҧрақтар:
Сарамандық жҧмыс № 8. Дене температурасын реттеу.
Дҧрыс жауапты таңдаңыз немесе толық емес сӛйлемдерді толтырыңыз.
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Дене белсенділігі тыныштық күйге қарағанда жүректің қаттырақ соғуына әкеледі. ЭКГ датчигі жүрек камералары жиырылғанда ӛндірілетін әлеуетті электртолқындарды ӛлшейді. ЭКГ –бұл жүрек бұлшықетінің қызметін тікелей ӛлшеу емес. Тыныштық күйде ӛлшенетін ЭКГ кӛрсеткіштерін және дене белсенділігі кезіндегі ЭКГ мәліметтерін салыстыру дене белсенділігі кезіндегі жүрек жиырылуындағы ӛзгерістерді кӛрсете алады.
ЭКГ жүректің тұрақты және тұрақсыз ырғағын кӛрсетеді. Жүрек соққан сайын жүрек кардиостимуляторы электр толқынын ӛткізеді. Электр ағыны синустық –жүрекше түйін арқылы жүректің жоғарғы оң камерасына және екі тӛсенгі камерасына, жүректің қарыншаларына ӛтеді. Әр жиырылу электр белсенділіктен кейін пайда болады. Бүкіл дене бойынша орналасқан электродтар жүректен шыққан сигналдарды жазады. Электрокардиограмма сигналының кәдімгі бес толқыны бар:
-
Р толқыны – қанды тӛменгі камераларға ӛткізу үшін жүрекшенің жиырылуына дейін пайда болатын жүректің жоғарғы камераларындағы электр сигналы болып табылады. -
Q,R,S толқындары –жүректің қарыншалары қанды қолқа арқылы денеге ӛткізуіне дейін пайда болатын электр сигналы болып табылады. -
Т толқыны –жүректің жоғары камераларының кеңеюі мен аса толуы алдында пайда болатын электр сигналы болып табылады.
Үлгілі ЭКГ-ның бір бӛлігі –электробелсенділіктің жоқтығын кӛрсететін түзу сызық немесе із. Бұл сызық изоэлектр сызық деп аталады. Осы сызықтан ауытқу жүрек бұлшықеттерінің электробелсенділігін кӛрсетеді.
Әдеттегі ЭКГ-де изоэлектр сызықтан алғашқы ауытқуы –бұл жоғарғы тамыр соғысы, одан кейін изоэлектр сызық орнына келеді. Бұл Р толқын деп аталады, оның ұзақтығы -0,04 секунд. Бұл толқын жүрекшенің деполяризациялануынан және жүрекшенің жиырылуынан пайда болады.
Изоэлектр сызық оралғаннан кейін жүректің АВ түйіндері деполяризацияланып ӛткізгіш талшықтардың атриовентикулярлық байламы бойынша Пуркинье талшықтарына сигнал бергенше жүректің қан қуыстарының барлық бӛліктеріне дерлік бір кезде деполяризациялануына келтіретін кішкентай кідіріс пайда болады.
АВ түйіні деполяризацияланғаннан кейін Q толқын деп аталатын тӛмен қарай жүретін соққы пайда болады. Q толқынынан кейін тез
арада R толқын деп аталатын сызық қаттты кӛтеріледі, содан S толқын сызығы тӛмен түсе бастайды және изоэлектр сызық орнына келеді. Осы үш толқын бірге QRS кешені деп аталады. Бұл кешен жүректің қан қуыстарының деполяризациялануынан пайда болады және жүректің қан қуыстарының жиырылуына байланысты.
Аз уақыттан кейін жиырылуға қатысты химиялық иондар бастапқы орнына қайтып келеді. Бұл иондардың қозғалысы изоэлектр сызыққа оралатын жоғарғы толқынды тудырады. Бұл жоғарғы импульс Т толқын деп аталады және жүректің қан қуыстарының қайта поляризациялануын білдіреді.
Р толқыннан Т толқынға Өту жүректің бір циклі болып табылады. Осындай циклдердің бір минуттағы саны жүрек ырғағының жиілігі деп аталады және тыныштық күйінде жүректің бір минутта 70-80 соғуына тең.
Жұмыс барысы:
Тақтаға ЭКГ үлгісі жазылып бес толқын белгіленеді. РR аралығын белгілеу: РR аралығы жүректің қарыншаларының деполяризациялануынан
(Р толқынының басы) жүрекшелердің деполяризациялануына дейінгі (QRS кешенінің басы) кезең болып табылады.
QRS кешенінін белгілеу: QRS кешені жүрек қарыншаларының деполяризациялануы кезеңін кӛрсетіп, Q толқынының басынан S толқынының аяғына дейін созылады.
QТ аралығын белгілеу: QТ аралығы Q толқынының пайда болуынан Т толқынының аяқталуына дейін ӛлшенеді. Бұл жүрек қарыншаларының деполяризациялануының басталуынан жүрек қарыншаларының қайта поляризациялануының аяқталуына дейін созылатын кезең.
Тапсырмалар нҧсқаулық бойынша орындалады.
-
Мәліметтерді жинау жүйесімен жаңа тәжірибені бастаңыз. -
ЭКГ датчигін мәліметтерді жинау жүйесіне жалғаңыз. -
Кернеуді у осінде милливольтпен х осінде уақыт бойынша секундпен ӛзгертуді таңдаңыз. -
Үш электродты тілікшені қағаз астарынан босатыңыз. Бірінші электродты оң білезікке жақсылап жапсырыңыз. Екінші электродты оң шынтақ қуысына салыңыз. Үшіншісін сол шынтақ қуысына салыңыз.
-
Әр электродты тілікшені қолдың ішкі жағында орналастырыңыз, электрод сымының шетіндегі кӛзі тӛмен қарай кӛрсетіп тұрсын және датчик сымы бос салбырап тұруы үшін электродты тілікшенің ұшын бұрамаңыз. -
Қара «қолтырауын» қысқышты электродты тілікшемен білезікте жалғаңыз. -
Жасыл «қолтырауын» қысқышты оң шынтақ бүгілісіндегі электродты тілікшеге жалғаңыз. -
Қызыл «қолтырауын» қысқышты сол шынтақ бүгілісіндегі электродты тілікшеге жалғаңыз. -
ЭКГ-ге түсірілетін адам босаңсып, тыныш күйде болуы керек. Оның тыныш дем алғанын бақылаңыз. -
Мәліметтерді жазуды бастаңыз.
Дене жаттығуларын орындағаннан кейін бақылауды дәл осылай қайталайды. Тәжірибелердің барлығының нәтижелері құрылғының жадында сақталады. Жасалған тәжірибелердің нәтижелерін мына графиктерді үлгі ретінде қолдана отырып талдауға болады.
Әр сарамандық сабақты жүргізгеннен кейін оқушылардың тақырыпты толығырақ түсінуі және сыни ойлау қабілеттерін ұштай түсу үшін әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды талдау қарастырылады.
Талдауға арналған сҧрақтар:
-
ЭКГ РR аралығының тыныштық күйіндегі және жаттығудан кейінгі ұзақтығын салыстырып, айырмашылығын түсіндіріңіз. -
ЭКГ –жүректің белгілі мәселелерін анықтайтын құрал, ЭКГ арқылы жүректің қандай күйлерін анықтауға болады? -
Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін жазылған ЭКГ аралықтарының ұзақтығы мен аралықтардың үлгілі ұзақтықтарын салыстырыңдар. Олар денсаулығыңыздың жағдайы туралы не дейді? -
Қыздар мен ұлдардың ЭКГ аралықтарының ұзақтығын салыстырыңыз.
Сыни ойлауға арналған сҧрақтар:
-
Спорттық жаттығу барысында энергетикалық сусындар ішу ЭКГ жазуындағы ӛзгерістердің себебі болуы мүмкін ба? -
Кофедегі кофеин немесе газдандырылған сусындар ЭКГ жазуына әсер етуі мүмкін ба? -
Банан немесе басқа да калийге бай азық-түліктерді жаттығулардан кейін үнемі пайдалану жүрек жұмысына қалай әсер етуі мүмкін?
Тақырыпты бекітуге және қорытындылауға тест сҧрақтарын пайдалануға болады.
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
-
ЭКГ жазуына әсер етпейтін жағдай:-
дене күйі -
кофеин -
темекі -
балмұздақ
-
-
Адамның тыныштық күйіндегі және дене жаттығуларынан кейінгі QRS кешені ұзақтығын салыстырыңыз. QRS кешенінің ұзақтығы денеге түсетін ұзақтықтан кейін қалай ӛзгерді?-
Сол қалпында қалады -
Ұзақтығы кӛбейеді -
Ұзақтығыазаяды -
Кӛбейеді, сосын азаяды
-
-
Р толқынынан Т толқынына дейінгі цикл қалай аталады?-
Жүрек соғу жиілігінің ең кӛп жиілігі -
Жүрек соғужиілігі -
QRS кешені -
Электрокардиограмма
-
-
Жүректің жоғарғы камералар арқылы ӛтетін электрбелсенділігі қалай аталады?
A.QRS кешені
B. Р толқыны
C. Т толқыны
D.SТ толқындар кешені
Сабақты қорытындылау.
Сарамандық жҧмыс №4.Физикалық жҥктеме және жҥрек соғысының жиілігі
Мақасаты: Жүрек соғуының жиілігі датчигін қолдана отырып, оқушылар физикалық жүктеменің физикалық дайындық деңгейімен салыстырғандағы әсерін бақылайды. Оқушыларға қойылатын тапсырма:
Физикалық жаттығуларды орындау кезіндегі және одан кейінгі жүрек қағысының орташа деңгейін анықтау. Жүрек қағысы жиілігінің негізінде денсаулыққа максималды пайда әкелетін жаттығулар деңгейін анықтау.
Тапсырмаларға шолу
Келесі тапсымаларды орындай отырып, оқушылар тәжірибе жинайды: Жүрек қағысының жиілігін ӛлшеу үшін Prepare the exercise heart rate sensor датчигін дайындау;
Физикалық жаттығуды орындағанға дейінгі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Физикалық жаттығуды орындау кезіндегі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Физикалық жаттығуды орындағаннан кейінгі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Жүрек қағысының проекциялық жиілігін анықтау;
Материалдар мен жабдықтар
Әр оқушыға немесе топқа:
Мәліметтерді жинау жүйесі
Жүрек соғысы жиілігінің Hand Grip датчигі.
Мәліметтерді жинау жҥйесін қолдану
Бұл тәжірибеде оқушылар келесі техникалық жұмыстарды орындайды.
-
Мәліметтерді жинау жүйесіндегі жаңа тәжірибенің басы -
Датчикті мәліметтерді жинау жүйесіне қосу -
Мәліметтерді жазудың бастауы және аяқталуы -
Мәліметтерді кестеде кӛрсету -
Кестенің шкаласын орнату -
Кесте шыңының мәнін табу -
Мәліметтер статистикасын қарау -
Тәжірибені сақтау
Қысқаша ақпарат
Жүрек соғуының жиілігі – бұл жүрек кезеңінің жиілігін суреттеу үшін қолданылатын термин. Әдетте ол жүректің минутына жиырылуының (қағысынын) саны ретінде есептеледі және «минутына қағысы (мқ)» ретінде кӛрсетіледі. Ересек адамның жүрегі қалыпты жағдайда шамамен мқ 70 (еркектер) және мқ 75 (әйелдер) соғады, бірақ бұл қӛрсеткіш барлық адамдар үшін түрліше болады. Тамыр соғуы – бұл жүрек ырғағының жиілігін ӛлшеу әдістерінің бірі.
Ағза жүрек шығысын (жүрек бір секундта шығаратын қанның мӛлшері) арттыру үшін жағдайларды кеңінен тандауға жауап ретінде жүрек ырғағының жиілігін арттыра алады. Физикалық жүктеме қалыпты адамның жүрек қағысының жиілігін қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігімен салыстырғанда артуына мәжбүрлейді. Жаттығу неғұрлым қарқынды болса, жүрек қағысының жиілігі де жоғары болады.