Файл: Таным бадарламаларды сатау,растыру,жинау,сараптау жне айтандеу бойынша сезім мен ойлау ісрекеті. Методология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Үш əлем» туралы теория -бұл К.Поппердің философиялықконцепциясының теориясы бойынша, бірінші - объект əлемі, екінші - субъект əлемі, үшінші - 1-ші жəне 2-ші əлемдермен объективтік білім əлемі жаратылады жəне олар бір-бірінен тəуелсіз. Осы үшінші əлемдегі білімнің дамуы жəне өсуін талдау - ғылым философиясының пəні болып табылады.
Фальсификация (лат. falsus —жалған, facio —істеймін) —гипотезаныңнемесе теорияның жалғандығын классикалық логиканың modus tollens ережесімен сəйкестігін атқаратын методологиялық процедура. Фальсификация ұғымын фальсификациялау қағидасынан ажырату қажет. Теорияның фальсификациясы үшін жаңа альтернативті теория қажетті: тек ол өзі, эксперименттердің нəтижелері емес теорияны фальсифицияландырады.
Ғылыми-зерттеу бағдарлама - И. Лакатоспен құрылған ғылым


199

дамуының əмбебапты логикалық-нормативтік реконструкциясының орталық ұғымы, келесіде ғылыми-зерттеу бағдармалардың методологиясы деп аталады. Лакатостың методологиясы бойынша жетілген ғылымның дамуы бір-бірімен байланысты жəне бір-бірін алмастыратын зерттеу бағдарламалары. Зерттеу бағдарламасының құрылыстық элементтерінде оның «қатал ұйытқысы» мен гипотезалардың «қорғау белдігі» жатыр.
Имре Лакатостың концепцияларына тəн келесі ұғымдар:ғылыми-зерттеу бағдарламасы, зерттеу бағдарламасының «қатал ядросы (ұйытқысы)», гипотезалардың «қорғау белдігі», «ad hoc» гипотезасы, жағымды (позитивті) жəне жағымды емес (негативті) эвристика.
Зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы (ұйытқысы)» -бұл И.Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясында - оның шарты түрінде қабылданған, жоққа келтірілмейтін фундаменталды кіріспелерден тұратын бағдарламасының құрылыс элементі.
Гипотезалардың «қорғау белдігі» -бағдарламаның«қатал ұйытқысын»жоққа шығарудан сақтайтын негізбен қосымша гипотезалардан тұратын бағдарламаның құрылысы. Лакатостың пікірінше, «қорғау белдігі» қарсы мысалдармен кездескенде жартылай немесе толық түрде айырбасталуы мүмкін.
«Аd һос» гипотезасы - «қорғау белдігінен»алынған,тек осы оқиғағақатысты, яғни, «қатал ұйытқысын» нақты қарсы мысалдардан қорғайды.
Жағымды (позитивті) жəне жағымды емес (негативті) эвристика -зерттеу бағдарламаның келешегінде болашақты («жағымды эвристика») жəне бұрыс жолдардан алшақтау туралы, бағдарламалардың ауысуын негіздейтін нормативтік ережелер туралы анықтамалар.

Лакатостың пікірінше, зерттеу бағдарламаның дамуында екі кезеңді шығаруға болады: прогресивтік жəне азғындаған. Эмпириялық пен теориялық мазмұндарды нығайтатын жəне гипотезалардың ұсынуына белсенді түрде итермелейтін «жағымды эвристика» прогрессивті кезеңде үстемді болады. Бірақ, содан кейін зерттеу бағдарламасының дамуы жедел тоқтала бастайды, оның «жағымды эвристикасы» өзінің эвристикалық күшінен айырылады, сол себепте «аd һос» гипотезаларының саны өсе бастайды.
Томас Кунның тұжырымдамасына, оның негізгі «Ғылыми революциялардың құрылысы» атты шығармасында ұсынылған келесі ұғымдар: парадигма; пəндік матрица, қалыпты ғылым, басты қатыру жаттығулар, парадигмалардың сəйкессіздігі.
Парадигма -Т.Кунның ғылыми білімнің даму динамикасы туралытұжырымдамасында ғылыми қоғамдардың қалыптасу негіздерінде ғылым тарихын құрастыратын олардың арасындағы бəсекені ашатын жəне білдіретін орталық ұғым. Сол негіздер ғылыми қоғамның өкілдерімен қабылданған


200

ғылыми іс-əрекеттің нақты моделі - теориялық стандарттардың жиынтығы, методологиялық нормалар, дүниеге көзқарастардың құндылық белгілері - яғни, парадигмалары деп аталады.
Пəндік матрица -парадигма ұғымына тең ұғым.
Қалыпты ғылым -бір кезеңде парадигманың басымдылығын білдіретінұғым. Осы кезеңнің соңы «аномалийлердің» (сол шеңберде шешілмейтін мəселелер) қысылымымен парадигма ішінен «жарылғанда» болады. Бір-бірінен жүлдені тартып алу, басқаша дағдарыс, революциялық кезең басталады. Біреуінің жеңісімен дағдарыс шешіледі, сөйтіп, «нормалы» кезеңін бастамасын білдіреді, келесіде, осы процесс қайталанады.
Басты қатыру жаттығулары -бұл ұғым Т.Кунныңтұжырымдамасында «нормалы ғылым» кезеңіне сипаттау береді, яғни нақты парадигманың шеңберінде сондай жаттығуларды шешу арқылы ғылыми білімнің баяу кумуляциялық дамуы өтеді.
Парадигмалардың сəйкессіздігі -бір-бірін ауыстыратын теориялардыңарасында қандай болса қатынас мүмкін емес деген. Бұл тезис парадигмадан тəуелсіз фактілердің болуы мүмкін еместігін бекітеді, яғни, бақылаудың теориялық орташа тілі жоқ. Керісінше, ғалымдар парадигманың мазмұнын меңгерген соң, оның призмасынан өтіп «дүниені көруге» үйренеді. Теорияны фактілер бағаламайды, теория мағыналы тəжірибеге кіретін фактілерді анықтайды. Осымен Кунның ғылым эволюциясында бірізгіліктік жоққа келтіріледі: алғашқы парадигмамен жиналған білім оның құлдырауымен лақтырып тасталады, ал ғылыми қоғамдар бір-бірін ығыстырады.


Пол Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмына» келесі ұғымдар қатысты: теорияның пролиферация принципі, ғылым методологиясындағы плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм.
Теорияның пролиферация (көбею) принципі -бұл қағида бойынша,ғалымдар қазіргі жəне қабылданған теориялармен келіспейтін теорияларды шығару қажет. Бұл Фейерабендтің принципі Поппер мен Лакатостың ұсынылған ғылыми теорияны жоққа шығаратын фактілермен қақтығысқан жағдайда тағы бір теория қажетті (фактты жоққа шығаратын куəлік) деген ережемен негізделген. Альтернативтік теорияны шығару Фейерабендтің пікірінше олардың екі жақты өзара сынауына негіз береді жəне ғылымның дамуын жеделдетеді. Пролиферация принципі Фейерабендтің ұсынысы бойынша ғылыми танымның методологиясының плюрализімін дəйектейді.
Ғылым методологиясындағы плюрализм -Фейерабендтіңметодологиялық концепциясына тəрізді, оны ол теорияның пролиферация принципі арқылы негіздейді, яғни, ғалым үшін бірінші түрде ұсынылған жəне бəрімен қабылданған ғылыми теорияны жоққа шығару. Фейерабендте


201

плюрализм туралы тезис теориялардың өлшемсіздігімен қосылғанда плюрализмді тудырады.
Ғылым методологиясындағы анархизм -бұл ереже бойынша,əр ғалымешқандай қайшылық пен сынға қарамай өз теориясын шығарып ұсынуы қажет. Фейерабендтің концепциясында анархизмге теорияның пролиферация принципін теориялардың өлшемсіздігі туралы тезиспен қосылуы əкеледі. Фейерабендтің пікірінше, ғалымның қызметі ешқандай рационалды нормаларға бағынбайды, сол себепте, ғылымның дамуы иррационалды, яғни, ғылым идеологияның бір түрі болып аңызбен діннен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сөйтіп, қоғамды «ғылым диктатынан» босату қажет, ғылымды мемлекеттен айыру жəне ғылымға, аңызға, дінге қоғамдық өмірде бірдей құқықтар беру.
Стивен Тулминнің концепциясына келесі ұғымдар қатысты: рационалдылық пен түсінудің стандарттары, түсіну матрицасы, концептуалды популяциялар.
Рационалдылық пен түсінудің стандарттары - «ғылыми теорияныңнегізіндегі рационалдылық пен түсіну стандарттар» ретінде қызмет ететін жəне тарихи қалыптасу теория сияқты дамитын эпистемологияның негізгі ұғымы болып жарияланады.
Тулминнің пікірінше, ғалым қабылданған стандарттарға сəйкес оқиғалар мен құбылыстарды анық деп есептейді. Ғылыми білімнің рационалдылығы, Тулмин айтуынша, қабылданған түсіну стандарттарға сəйкес келу. Рационалдылықтың стандарттары ғылыми теорияның өзгеруімен ауысады - үзілмейтін концептуалды жаңалықтарды іріктеу процесі.

Түсіну матрицасы -бұл ұғым арқылы эпистемологияны түсіну менрационалдылықтың стандарттарының қызметі мен тарихи қалыптасу теориясы деп санайды. Тулмин пікірінше, қабылданған стандарттарға сəйкес жағдайлар мен құбылыстарды ғалым анық деп санайды.
Концептуалды популяциялар -С.Тулминнің тұжырымдамасындатеориялардың мазмұнды пікірлерін логикалық жүйе сияқты емес, анықтамалардың өзгеше популяциясы ретінде қарастыратын ұғым. Тулминнің пікірінше, ғылымның эволюциясының негізгі қасиеттері Дарвиннің биологиялық эволюцияның кестесіне ұқсас. Концептуалды популяциялардың мазмұны (биологиялық түрлердің ұқсастықтары) өзгеріске ықпал, яғни, оның нəтижесінде ғылыми іс-əрекеттің əдістері мен мақсаттары өзгереді; концептуалды жаңалықтардың шығуы сынау іріктеумен теңестікке келтіріледі (биологиялық мутация мен селекцияның ұқсастықтары). Бұл екі ұштасты үрдіс тек нақты жағдайда өзгеріске əкеледі (өмір үшін күрестегі құлдырау мен жоғалу ұқсастықтары); интеллектуалды ортаның қажеттіліктеріне адаптация жасаған концептуалды нұсқаулар сақталады.
Индоктринация -қандай да бір доктринаны ғылымныңкоммуникативтілігінің салдарының бірі ретінде енгізу, тарату жəне «көндіре


202

отырып ендіру».