Файл: Таным бадарламаларды сатау,растыру,жинау,сараптау жне айтандеу бойынша сезім мен ойлау ісрекеті. Методология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Антика ғылымы -бұл фундаменталдық,имперсоналдық,жетілмегенэмпиризмге бағынатын концептуалдық модельдеуге икемделген ғылыми интенциялардың жиынтығы. Біріншісінің апологиясы - Пифагор, стоиктер мен
элеаттардың, Платонның болмыс-логостың бейнесін дамытқан
шығармашылықтарында айқын. Платон тек ой арқылы заттарды тану керек деген; сезім-түйсіктер, яғни, адам өзінің көзі, құлағы, жалпы тəнінен алыстап, болмыстың өзін, таза түрде түсінеді. Екіншілердің апологиясы - Аристотельдің шығармаларында көрсетілген; ол білімнің тəжірибелік табиғатына назар аударды; тəжірибесіз алынған, дерексіз, жалпылықты нақтылықсыз тану түбінде қателікке əкеледі, себебі, тек нақтылыққа бет бұрады.
Архаика -рецептурлық-эмпириялық,утилитарлық-технологиялық білім,индуктивтік генерализация мен қолданбалы əдеттер түрінде қызмет етеді. Бұл танымдық формаларды ғылыми деп айтуға болмайды, себебі, жүйесіз, теориялық-номологиялық болған емес. Ғылым фундаменталды жүйелік заңдық дискурсымен өзі оңайланады. Ғылым - ол қарапайым түрінде идеалдандыру кеңістігінде шығарылған заң деп тұжырымдасақ, онда, архаикалық мəдениеттер (Майя, Мысыр, Қытай, Үнді, Таяу Шығыс) ғылымды білмеген деуге болады. Ежелгі əлемнің архаикалық білімі - ғылымның қарсаңы. Нағыз заңдарды білдірмесе де ол ғылымның қалыптасуында маңызды каузалдық байланысты шығаруға бағытталған. Индуктивтік генерализациялар, түбінде, заңдардан алыстататын импликативтік қатынастарға əкеледі. Нормативтік-инструктивтік мəртебеге ие болған техникалық қабілеттер (субъект пен объекттің қызметін ұйымдастырады, осында ғылым-технологиясы білім-бейнелеуден ерекше) нақтылықтың нағыз қатынастарына сүйенгенде тиімді болуы мүмкін. Жалпы осы əлемнің заңдылық қасиеттерін жаңғыртуға бағытталған ғылыми ұстанымның дамуына себепші болады. Тарихи уақытта осы гносеологиялық процесс ежелгі шығыс мəдениетінің өркендеуімен сəйкес.
Ежелгі Шыгыс білімі -бұл Ежелгі Шығыста практикалық тəжірибеніиндуктивтік жалпылау арқылы жəне қоғамда кəсіби түрде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берген білім. Білімнің дамуы стихиялық түрде өткен; таным нəтижелеріне ешқандай сынау-рефлексиялық қызмет өткізілмей, оны сынаудан айналдырмай, дəлелсіз догматикалық негізбен қабылдаған; білім дайын түрде жарияланған қызмет рецепті түрінде қалыптасқан, оған практикалық-технологиялық, утилитарлық қасиеттері себеп. Ежелгі Шығыста қалыптасқан таным іс-əрекетінің тарихи типі интеллекттің ғылымға дейінгі кезеңіне сай жəне əлі де ғылыми деп аталмайды.
Классикалық ғылым -өзі Галилей мен Пуанкареге дейін қалыптасқантарихи-мəдени кеңістіктегі үстемді ой өріс түрінде жарияланған ғылыми интеллекттің өзгеше жағдайы. Ғылым дамуының классикалық кезеңінде теорияландырудың (мəселені қою тəсілдері, зерттеу тəсілдері, пəндік аймақтарын сипаттау, нəтижелерді дəлелдеу түрлері, нəтижелерді ұсыну, мазмұндау, бекіту түрлері) типтік ерекшеліктерінің эвристикалық бастамасы болғандар: фундаментализм, финализм, имперсоналдылық, абсолютизм, қияли реализм, субстанционалдылық, динамизм, сумматизм, эссенциализм, аналитизм, механицизм, кумулятивизм.
Бейклассикалық (классикалық емес) ғылым -классикалық емес кезеңніңидеялық негіздері - ХХ ғ. архетиптеріндегі көп мағыналы идиомалар: жаңашылдық, ревизия, дəстүрмен кездесу, экспериментаторлық, стандарттан ерекшелік, шарттылық, визуалдылықтан бет қайтару, концептуализм, рəмізділік, бейнелеудің өзгертілген стратегиясы. Осы, өмір мағыналы ортада канонға сəйкес емес белгілерге толы дəстүрлі емес интеллектуалды келешек
қалыптасты. Соның ішінде: полифундаментализм, интегратизм, бірізгіліксізділік, когеренттік, көрнекіліктен айырылу, интертеориялылық.
Неонеклассикалық ғылым -əлемнің мағыналы қасиеттерін көрсеткенжəне класикалық пен классикалық емес ғылымдарды қалыптастырған білім-бейнеге қарағанда, «біз басында» тұрған необейклассика білім құралы ретінде қызмет етеді. Алғашқы кезеңдерде танымның мақсаты болмыс туралы білім болса, қазіргі кезден бастап осындай мақсат ретінде біздің қажеттілігімізге сай болмыстың жарату болашағын тану өзекті. Сөйтіп, неонеклассикада субстанционализмнен креативизмге, онтологиядан телеологияға жылжуды байқаймыз, бұл білімге жаңа тенденциялардың енгізілу белгісі. Соның ішінде: синкретизм - айқын білімді алуға негізделген фундаменталдық ғылымның интенциясы мен қоғамда жұмыс атқаратын қолданбалы ғылымның интенциясының бірігуі; телеономия - əлемнің антропоморфтық анықтамасын, əлемді өкпек, рызық мақсаттық-мағыналық бастамасын ашу; жаңа рационалдылық - қатаюдың оптималдық жолы арқылы қабылдалынатын
құндылық-мақсаттылық түрде іске асырудың болмыс-ұйытындысы. Классикалықпен қабылданған өзіндік əр бөліктерінде анық, жоққа келтірілмейтін, қажетті, өзінің ішкі жағында анық гносеологиялық утопия түбінде шекке жетті. Білімнің классикалық идеалдарының құлдырауына əкелген бəріне ортақ өзгерістер: ғылымның пəндік аймағында (неэвклид геометрияны құрастыру, небульдік алгебра, кванттық-релятивистік құрылыстар т. б.), оның бүкіл методологиялары (Гедель, Тарский, Коэн, Левенгейм, Сколем, Бринджмен, Бор, Гейзенберг т.б. ғалымдардың шектелген нəтижелері).
Орта ғасыр ғылымы - орта ғасыр ойлаудың өзгеше сипаттары:
схоластикалық теорияландыру, герметизм, символизм, иерархизм, авторитаризм, консерватизм, традиционализм, ретроспективтілік, дидактизм, талмудизм, телеологизм, универсализм, маңыраю, квалитатизм, мистицизм, эссенциализм, фундаментализм - түбінде білімнің жоғары гносеологиялық құндылығына мүмкіндік бермейді. Кондорсе айтқандай, Орта ғасырда «бір принциптің мəнін зерттеу емес, соны негіздейтін мəтіндерді талдау, пайымдау, жоққа шығару немесе растау. Ереже айқын ақиқат болған соң қабылданбайды, бір кітапта немесе бір елде бір ғасырда қабылданған соң. Сөйтіп, адам билігі ақыл билігінен үстемді болды. Табиғатқа қарағанда кітаптар зерттелген, ежелгі данышпандардың ақылы Ғарыш құбылыстарымен салыстырғанда үстемді болған».
Философия -қөзқарастың тарихи түрі,адамзат мəдениетінде басқакөзқарас түрлерімен бірге дамиды (қарапайым, дін, аңыз, өнер жəне жартылай ғылым). Көзқарастың негізгі мəселесі - адамның қоршаған ортаға қатынасы болып табылады (табиғатқа, қоғамға, басқа адамдар мен өзіне). Осы қатынастардың негізінде жеке адам мен əлеуметтік қоғамда қалыптасқан құндылық жүйесі жатыр (игілік пен зұлымдылық, ақиқат пен жалған, үйлесімдік пен үйлесімсіздік, борыш пен іс-шексіздігі, махаббат пен кек алу, үміт пен үмітсіздік, пайда мен зияндылық, белсенділік пен қабілетсіздік т.б.). Осы дүниеге көзқарастардың барлық түрлері (қарапайым түрінен басқа) өзгеше қасиеттерге ие, яғни мəселелерді шешуде өзге тіл мен əдістерді қолданады. Философияға келсек оның теориялық қасиетін айтып кетуге болады. Əртүрлі дүниеге көзқарас мəселелердің шешімінде (онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, эстетикалық, экзистенциалдық, праксеологиялық т.б.) ол ақылға, анықтамалық ойлауға, дəлелге арқа сүйейді. Осы оның басымдылығы да кемшілігі де деп айтуға болады. Себебі, əртүрлі құндылыққа қатысты мəселелердің шешімі логика заңдылығына бағынбайды. Философия өзінің жалпылыққа жақын табиғатымен бүкіл эмпириялық материалдардың жəй жиынтығы емес, керісінше соларды рационалдық тұрғыдан сызбамен көрсетеді, талдау, салыстыру арқылы жүйелендіреді. Осы қасиетінің жақсы ұтымды жағы бар: 1. адамзат ұжымы көптүрлі жəне қайшылығы мол болған соң, оларға ортақ рационалды түсінік мүмкін емес; 2. нақты тарихқа қарағанда философияның алуан түрлілігі адамзатты болашақта күтіп тұрған əртүрлі мəселелердің шешімін кесте немесе басқа рационалды түрмен көрсете алады.
Ғылым –əртүрлі заттар мен объектілерді,олардың қасиеттері менқатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нəтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін құрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.
Философия мен ғылымның қатынасы туралы трансценденталдық концепция - тарихи тұрғыдан алғашқы, антика кезеңінен бастап біздің ғасырға дейін ұзақ эволюциядан өткен, ХІХ ғ. бірінші жартысына дейін мəдениетте үстемді орын алған, философияның (метафизика, натурфилософия) нақты ғылымдарға қарағанда гносеологиялық пен əлеуметтік-гуманитарлық үстемділігін дəлелдеп тұжырымдаған концепция. Осы концепцияның мағынасы келесі формула түрлерімен көрсетіледі: «Философия - ғылымның ғылымы», «Философия - ғылымдардың патшасы». Тəжірибе тұрғысында нақты ғылымдарға болмыс пен танымды философиялық схемалар арқылы түсіндіру, түбінде ХІХ ғ. ортасында ғылымның дамуын тоқтатуға əкелді. Осы концепцияны ұсынғандар: Аристотель, Фома Аквинский, Спиноза, Гегель,
Шеллинг, диалектикалық материализмнің ортодоксалдық өкілдері т.б. Қазіргі кезеңде де осы концепцияның ұстанушылары философиялық білімнің жоғары деңгейі мен жалпы мəдени қажеттілігін қолдайды (Тейяр де Шарден т.б.).
Философия мен ғылымның қатынасы туралы позитивистік концепция - ХІХ ғ. 30-шы ж. (О. Конт, Г. Спенсер, Дж.Ст. Милль) шыққан, келесі де философия мен ғалымдар ортасында кең таралған концепция. Ол нақты-ғылыми танымды дəстүрлі философияға қарағанда үстемділігін жариялайды. Философия позитивистері айтуынша өтірік білім, спекулятивті, оймен тану теорияландыру, қазіргі ғылым үшін пайдасы жоқ, себебі, ол тек өтірік білім вирусымен «жұқтырады». Табиғат, қоғам мен танымды ғылыми əдістермен зерттеу үшін философияға ғылыми əдістерді қолдану қажет (бақылауды, жалпылау мен заңдылықтардың математикалық дəлелдемесін). «Ғылым өзі үшін философия» (О. Конт), «Физика метафизикадан байқа!» (И. Ньютон) - позитивистік концепцияның формулалары. Бірақ, позитивистердің ғылыми философияны құрастыру мақсаты - дүниенің ғылыми бейнесі (Г. Спенсер), ғылым методологиясы (Дж. Ст. Милль), ғылыми қызметтің психологиясы (Э. Мах), ғылыми тілдің логикалық-математикалық талдауы - М. Шлик, Б. Рассел, Р. Карнап, ғылыми білім даму туралы теория - К. Поппер жəне ғылымның лингвистикалық талдауы сəтсіздікке əкелді. Ғылым принципиалды түрде метафизикалық философиялық ережелерден бос емес, себебі, адамның санасының қызметінің тұтастығымен жəне оның барлық когнитивтік құрылыстырының ішкі байланысымен негізделеді.
Философия мен ғылымның қатынасы туралы диалектикалық тұжырымдама - философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы ілім, сапалық белгілер бойынша олар өзгеше, бірақ ішкі мəнінде бір-бірімен байланысты жəне де дамуларында бір-бірінің когнитивтік ресурстарын қолданады. Оның дəлелі - олардың дамуы мен байланысы. Нақты түрде дəлелдеріне жатады: фундаменталды ғылыми теориялардың философиялық негіздерінің бар екендігі; нақты ғылыми білімдердің философиялық аргументтері мен құрылыстарды қолдануы. Олардың арасындағы шекара ықтималды. Философия нақты ғылымдарға қатысты интерпретативтік, бағалау, жалпы мəдени рөл атқарады. Себебі, ғылым мəдениеттің органикалық бөлігі,
философия арқылы мəдениет өзін тұтас жəне өзінің негізін рефлексияландырады. Тағы бір байланысты дəлелдейтін «кентавр» сияқты білім аймағы - «ғылым философиясы». Осы концепцияның дамуына үлес қосқандар: Платон, Аристотель, Декарт, Спиноза, Лейбниц, Гегель, Кант, Рассел, Пуанкаре, Гильберт, Бор, Гейзенберг, Пригожин, Моисеев, т.б.