Файл: Таным бадарламаларды сатау,растыру,жинау,сараптау жне айтандеу бойынша сезім мен ойлау ісрекеті. Методология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
195
макроскопиялық масштабын қалыптасуы мен қолдауы. Синергетикаға қатысты негізгі шығармалар: И. Пригожин «Переоткрытие времени», «Философия нестабильности», «От существующего к возникающему. Время и сложность в физических науках»; И. Пригожин, И. Стенгерс «Порядок из хаоса. Новый диалог человека с природой», Г. Николис, И. Пригожин «Познание сложного. Введение»; А. Баблоянц «Молекулы, динамика и жизнь. Введение в
самоорганизацию материи»; Г. Хакен «Синергетика. Иерархии неустойчивостей в самоорганизующихся системах и устройствах» жəне Еркін Брюссель Университетінің қызметкерлерінің зерттеу шығармалары.
Диссипативтік жүйе немесе диссипативтік құрылым -термодинамикалық теңдік өлшемнен алшақ тұратын ашық жүйе. Басқаша, тұрақты жағдай, теңсіздік ортада сырттай энергияның диссипация (жайылу) кезінде пайда болады. Диссипативтік жүйені кейбір кезде ашық стационарлық жүйе немесе теңсіздік ашық жүйе деп атайды. Диссипативтік жүйеге аяқ асты қиын, тəртіпсіз құрылымдар тəрізді. Оларға фазалық кеңістікте мөлшерді сақтау мүмкін емес, яғни Лиувилл теоремасын сақтауға қарсы себептердің үстемділігі айқын. Ең қарапайым мысалы - Бенар ұйымы. Ал, қиын мысалдарына лазерлер, Белоусов-Жибутискийдің реакциясы жəне биологиялық өмірдің өзі жатады.
«Диссипативтік жүйе» атты терминді Илья Пригожин ұсынған.
Термодинамикалық теңдік -жекеленген термодинамикалық жүйеніңжағдайы, сол жағдайда əр химиялық, диффузиялық, ядерлік т.б. процестердің əр нүктесінде тіке реакцияның жылдамдығы керісіншесінің жылдамдығына тең. Термодинамикалық теңдіктерді физикалық процестердің типтеріне қарай
келесі түрлерге бөлеміз: термиялық, механикалық, химиялық. Термодинамиканың нөлдік бастамасына қарай термодинамикалық теңдікке сыртқы əсерден жекеленген термодинамикалық жүйе тырысады. Практикада жекеленген шарты бойынша, жүйенің ішінде алмастыру процесі жылдам өтеді деген жағдай.
Нақты процестерде толықсыз теңдік белгілі, бірақ олар мəнді жəне мəнсіз болуы мүмкін. Сонымен үш түрі мүмкін:
-
локалды теңдік - үлкен жүйенің бөлшектерінде теңдік болады; -
жартылай теңдік - жүйеде өтіп жатқан релаксациондық процестердің жылдамдығы əртүрлі болған соң жеткіліксіз теңдік пайда болады;
-
қосымша - локалдық жəне жартылай теңдік мүмкін. Термодинамикалық энтропия S - энтропия деп аталады, химия мен термодинамикада термодинамикалық жүйенің жағдайының функциясы; оның болуы термодинамиканың екінші бастамасымен бекітіледі. Энтропияның термодинамикалық анықтамасы - энтропия ұғымын 65 ж. Рудольф Клазиус еңгізген; термодинамикалық жүйенің энторопиясының өзгерісін ол
қайталанатын процесте жылудың жалпы көлемдік өзгерісінің Q абсолюттік температураға Т қатынасы деп түсіндірген.
Рудольф Клаузиус S -ті «энтропия» деп атаған, грек. «өзгеру» (айналу,
196
өзгеріс) мағына береді. Осы теңдік тек энтропия өзгерісіне қатысты, ал энтропияның өзін анықтамайды.
Термодинамиканың екінші бастамасы -заттар арасында жылу берупроцесінің жолына кедергі жасайтын физикалық қағида. Термодинамиканың екінші бастамасы мəңгі қозғалтқыштың жоқтығын бекітіп, жүйенің ішкі энергиясын пайдалы іске айналдыруға мүмкін емес дейді. Оны термодинамиканың шеңберінде дəлелсіз қабылданатын постулат деп есептейді. Ол көп тəжірибелік фактілер мен эксперименттер арқылы қалыптасқан. Оның бірнеше эквиваленттік анықтамалары бар:
Клаузиус постулаты: «Жалғыз нəтижесі бар тек мұздай заттан ыстық затқа жылу беру деген процесс мүмкін емес (Клаузиус атымен аталған процесс).
Томсон постулаты: «Нəтижесі жылы резервуардың суытуының өндіріс жұмысы деген айналмалы процесс мүмкін емес (Томсон процесі деп аталады).
Энтропиямен негізделген: «Жекеленген жүйенің энтропиясы азаймайды (энтропияның азаймау заңы). Бұл анықтама бойынша энтропияны жүйенің жағдайының қызметі деп қабылдаудан шыққан.
Диссипация (лат.Жайылу).Диссипацияның түрлері:газдардиссипациясы (планеталар арасында Жер планетаның газдарының жайылуы); энергия диссипациясы (реттелген энергияны реттелмеген процестердің энергиясына айналу, мысалы, жылуға - кинетикалық, электр тоқ т.б.); планета атмосфераларының диссипациясы (планета атмосферасындағы газдар ғарыш кеңістігіне жайылады).
Илья Романович Пригожин (25қаңтар1917,Москва,Ресей патшалығы-
-
мамыр 2003 Остин, Техас) - бельгиялық жəне американдық физик, химик, химиядан Нобель лауреаты (1977). 1967 ж. Остин қ. Қиын кванттік жүйелерді зерттейтін орталық ашты. Шығармалары теңсіздік термодинамика мен статистикалық механикадағы қайталанбайтын процестерге арналған. Оның зерттеулерінің ең жетілген нəтижесі - теңсіздік термодинамикалық жүйелер бір ерекше жағдайда кеңістіктен салмақ пен энергияны қабылдауда өзінің диссипативтік құрылымын сапалық тұрғыдан өзгертеді деген тұжырым. Оның себептері статистиканың классикалық заңдарымен негізделмеген. Ол жүйелер келешекте соның атымен аталған. Олардың есебі 1947 ж. шыққан шығармалары
арқылы шешілген. Сонымен қатар, теңсіздік процестердің термодинамикасының теоремасын дəлелдеп берген, ол ашық жүйедегі энтропияны өндіру минимумы деп аталады. 1982 ж. Ғылым академиясының шетелдік мүшесі болып тағайындалған.
Катастрофа теориясы -қолданбалы математиканың бөлігі,бифуркациятеориясының бұтағы, динамикалық жүйелерді зерттеу құралы, геометрияда сингуларлық жалпы теорияның ерекше бөлігі. Осы теорияның негізін қалаған американдық тополог Хасслер Уитни (1955), ал 1958 ж. француз математигі Рене Том. Олардың теориялары Кристофер Зиманның шығармалары арқылы
197
танылды.
Фрактал (лат.жарма,ұнтақталған) -өзіне ұқсайтын қасиеті бар,яғни,əрбөлігі өзінің толық фигурасына ұқсас геометириялық фигураны мазмұндайды. Кең мағынада фрактал деп Евклид кеңістігіндегі ұнтақталған метрлік бір қалыптық (мысалы, Минковскийдікі немесе Хаусдерфтікі) немесе қатал топологикалықтан кең метрлік бір қалыптық көп түрлі нүктелерді айтады.
Бифуркация (лат. «екіге бөлінген»),кең мағынасында объектілердіңəр-түрлі сапалық тұрғыдан құрылым өзгерістері мен метаморфоза параметрларының өзгеруін мазмұндайды.
-
Өзен бифуркациясы - өзенің арнасы мен ангары екі бұтаққа бөлінуі. -
Медицинадағы бифуркация - құбырлы мүшенің (түтікше немесе кеңірдек) екі ұқсас бұрыш бойынша екі бұтаққа бөлінуін айтады.
-
Механикалық бифуркация - динамикалық жүйенің қозғалысында параметрларының кішкентай өзгерісіне қарамай жаңа сапаға өтуді айтады.
-
Білім бифуркациясы - жоғары оқу орында жоғары сыныпты екі бөлімге бөлуді айтады.
-
Уақыт-кеңістік бифуркациясы - ғылыми фантастикада уақытты əр қайсысында қатарлас түрде сол жағдайлар болып жатқан (қайталанатын) бір-неше ағымға бөлу. Қатарлас уақыт пен кеңістікте өмір өзгеше болу мүмкін.
-
Бифуркация нүктесі - жүйенің тұрақты жұмыс уақытының ауысуы. Синергетика мен теңсіз өлшем термодинамикадан алынған термин.
-
Аттрактор (ағыл. қатыстыру, тарту) деп - динамикалық жүйенің фазалық кеңістігінде жүйенің траекториясы ұмтылған көп нүктелерді атайды. Траектория аттракторға қарай жақын өтсе, келесіде сол аймақтан шықпай оған жақындай береді, яғни, аттракторда тартылу эффекті байқалады (аттракторлардың бəріне тəрізді емес). Нүкте аттрактордың ең қарапайым түрі. Аттрактор болып қисық жəне тегіс көп түрлердің астары болуы мүмкін; сонымен қатар фракталды көптер. Аттракторлар тұрақты жəне тұрақсыз деп бөлінеді. Тұрақты деп:
-
өзгеше (асимптотикалық тұрақты) нүктелер; -
тұрақты (орбиталды асимптотикалық) шекті циклдер (айналма); -
тұрақты инвариантты торлар.
Хаос теориясы -сызықты емес динамикалық жүйелердің жағдайынсипаттайтын математикалық аппарат. Жүйе бастаушы шартқа сезімтал болса хаосқа ұрынады. Салдары ретінде жүйенің мінез-құлығын детерминистік сипаттау моделіне қарамай оның мінез-құлығы кездейсоқтыққа ұқсас. Мысалы, атмосфера, турбуленттік ағымдар, коммуникативті қоғам, биологиялық популяциялар т.б.
Хаос теориясы бойынша, қиын жүйелер алғашқы шарттарға тəуелді жəне қоршаған ортадағы кішкентай өзгерістер күтпеген салдарға əкелуі мүмкін.
Хаотикалық мінез-құлығына ие математикалық жүйелер детерминацияға бағынады, сол себепте реттелген деп саналады.
198
Осы теорияның пионерлары: француз физигі, математик Анри Пуанкаре; совет үкіметінің математиктері А.Н. Колмогоров, В.И. Арнольц, Мозер (басқаша Колмогоров, Арнольд, Мозер – КАМ) хаос теориясын құрастырған.
Эвристика (грек. «іздеймін», «ашамын») -жаңа тұжырымдамаларды,идеялар мен объектлердін арасындағы байланысты ашу үшін əдістерді қолдану, қосымша оқыту процестердің тəсілдері туралы шығармашылық іс-əрекетті зерттейтін ғылым. Эвристикалық əдістердің (эвристиканың басқа атауы) шешімдерді жылдамдатуға ықпал жасайтын өзгешелігі бар. Сол жағдайда, эвристика деп, мақсаттарды шешу əдістерінің жиынтығын атайды; немесе Сократикалық майевтикадан бастама алатын оқыту тəсілін атайды. «Эвристика» сөзі грек тілінен «іздеймін», «табамын». Ежелгі аңыз бойынша, «Эврика!» («Таптым!») деген сөзді ежелгі грек математигі жəне механик Архимед (б.д.д. 287-212) гидростатика заңын ашқанда айтқан. Осы сөзден антика философиясында «ақиқат іздеу өнері» - эвристика деп аталған.
Демаркация мəселесі -Поппердің философиялық концепциясында бұлмəселе қосымша негізгі ұғымы болып саналады. Философияның мақсаты ғылыми білімді ғылыми еместен ажырату. Ажырату əдісіне Поппердің пікірінше, фальсификация əдісі жатады.
Фальсификация мəселесі -Поппермен неопозитивистердің верификацияпринципіне альтернатива ретінде ғылымды «метафизикадан» демаркация (ажырату) жасауға ұсынылған қағида. Бұл қағида бойынша ғылымға қатысты əр пікірді принципиалдық түрде жоққа шығаруды қажет етеді.
Фаллибилизм принципі -бұл Поппер тұжырымдамасының қағидасыбойынша, əр ғылыми білім түбінде тек гипотетикалық қасиеті бар жəне қателікке шалдығады. Поппердің пікірінше, ғылыми білімнің өсуі ауқымды гипотезаларды ұсынудан жəне оларды кесімді түрде жоққа шығарудан тұрады.