Файл: 8сынып жоба рметті малім!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

География

8-сынып

ЖОБА

Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге

көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды

өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу

мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып

табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен

мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),

форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»

ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша

өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио

материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық

емес мақсатта құрастырылған.

2

ЖОБА

Мазмұны

1-тоқсан .......................................................................................................................................... 4

Бөлім Географияны зерттеу тәсілдері .................................................................................... 4

Бөлім Картография және географиялық деректер базасы ................ Ошибка! Закладка не

определена.

Бөлім Физикалық география ........................................ Ошибка! Закладка не определена.

2- тоқсан ........................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 4

Бөлім Физикалық география ...................................... Ошибка! Закладка не определена. 4

Бөлім Физикалық география ............................................................................................... 30

3- тоқсан ........................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 7

Бөлім Физикалық география .................................... Ошибка! Закладка не определена. 37

Бөлім Физикалық география ................................................................................................44


Бөлім Әлеуметтік география .................................................................................................. 46

4-тоқсан .......................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 53

Бөлім Экономикалық география .............................. Ошибка! Закладка не определена. 53

Бөлім Экономикалық география .............................. Ошибка! Закладка не определена. 56

Бөлім Елтану және саяси география негіздері ...................................................................... 61

3

ЖОБА

1-тоқсан

Бөлім 1. Географиялық зерттеу әдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер

Тақырып

География ғылымының салалары

Оқу мақсаты

8.1.1.1 География ғылымының салаларға бөлінуін

графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді

Бағалау критерийі

Білім алушы



География ғылымының салаларын

графикалық түрде бейнелейді

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Төменде берілген сызбаға география ғылымының салаларын жазыңыз.

ГЕОГРАФИЯ

1.

2.

2. Әр саланың ерекшелігін түсіндіріңіз.

Дескриптор

Білім алушы

− география ғылымының салаларын атайды;

− әр саланың ерекшелігін сипаттайды.

4

ЖОБА

Бөлім 1. Географиялық зерттеу әдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер

Тақырып

География ғылымының салалары

Оқу мақсаты

8.1.1.2 География ғылымы салаларындағы

маңызды зерттеулерді анықтайды

Бағалау критерийі

Білім алушы



География ғылымында зерттеулердің

маңыздылығын сипаттайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Кестені толтырыңыз.

География ғылымын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар

1) В.В. Докучаев

1) В.П. Максаковский

2) А.Вегенер

2) В.В. Баранский

3) П.Л. Воейков

Зерттеген ғылым саласы

География ғылымы салаларын зерттеуде үлес қосқан ғалымдардың біреуінің еңбегін

сипаттаңыз.

- Ғылым саласында ашқан жаңалықтарына мысал келтіріңіз.

- Ғылым саласында ашқан жаңалықтарының қазіргі кездегі өзектілігін анықтаңыз.

Дескриптор

Білім алушы

− ғалымдардың зерттеген ғылым саласын анықтайды;

− ғылым саласында ашқан жаңалықтарына мысал

келтіреді;

− ашқан жаңалықтарының қазіргі кездегі өзектілігін

сипаттайды.

5

ЖОБА

Бөлім 1. Географиялық зерттеу әдістері


Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер

Тақырып

Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері

Оқу мақсаты

8.1.1.3 Далалық, картографиялық, теориялық

географиялық зерттеу әдістерінің мәнін

түсіндіріп, қолданады

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Географиялық зерттеу әдістерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Топтық жұмыс

Географиялық зерттеу әдістерінің түрлерін түсіндіріңіздер.

1-топ. Далалық әдіс.

Табиғатта болатын құбылыстарды: жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қоршаған

ортада болатын өзгерістер, географиялық алаңда климаттық өзгерістерді бақылау

негізінде.

2-топ. Картографиялық әдіс.

Географиялық карта мен топографиялық картаны салыстыра отырып, шартты

белгілердің негізінде.

3-топ. Теориялық әдіс.

Мемлекеттердің жер көлемдеріне, халық санына, халықтың қоныстану тығыздығына

байланысты статистикалық мәліметтер негізінде.

Дескриптор

Білім алушы

− далалық зерттеу әдісін түсіндіреді;

− картографиялық зерттеу әдісін түсіндіреді;

− теориялық зерттеу әдісін түсіндіреді.

6





ЖОБА

Бөлім 1. Географиялық зерттеу әдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер

Тақырып

Географиялық деректерді өңдеу және талдау

Оқу мақсаты

8.1.1.4 Сандық және сапалық географиялық

деректерді өңдеп, талдайды

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Сандық және сапалық деректерді жіктейді

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Қазақстан территориясын зерттеген саяхатшылар мен зерттеушілерді тарихи уақыт белдеуі

бойынша сипаттаңыз.



ежелгі ғасыр

орта ғасыр

жаңа ғасыр

Зерттеуші

Зерттеу нысаны

Зерттеу жұмысының

маңыздылығы

Дескриптор

Білім алушы

− ежелгі ғасырлық уақыт белдеуін сипаттайды;

− орта ғасырлық уақыт белдеуін сипаттайды;

− жаңа ғасырлық уақыт белдеуін сипаттайды.

7





ЖОБА

Бөлім 1. Географиялық зерттеу әдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер

Тақырып


Географиялық модельдер

Оқу мақсаты

8.1.1.5 Географиялық нысандардың,

құбылыстардың және үдерістердің модельдерін

түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда

жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін

түсіндіреді

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Географиялық нысандарды, құбылыстарды

және үдерістерді модельдеп, жасалу

ерекшелігін сипаттайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Модельдеу түрлерінің сипаттамасымен танысыңыз.

Иммитациялық моделькүрделі жүйелердегі процестерді бейнелейді. Есептеу қоры

ретінде электронды-есептеу машиналары пайдаланылады.

Графикалық модель -объектіні көрнекі бейнелеу тәсілі: сурет, сызба,схема.

• Модельдеу түрлерінің біреуін таңдап алып, өзіңізге таныс географиялық нысан

немесе құбылыстың моделін жасаңыз.

• Өзіңіз жасаған модельдің жасалу жолын түсіндіріңіз.

Ескерту: төмендегі суреттер мысал ретінде ұсынылады.

Дескриптор

Білім алушы

− географиялық нысан немесе құбылыстың моделін

жасайды;

− өзі жасаған модельдің жасалу жолын түсіндіреді.

8

ЖОБА

Бөлім 1. Географиялық зерттеу әдістері

Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер

Тақырып

Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары

Оқу мақсаты

8.1.1.6 Зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Зерттеу нәтижелерін түрлі формада

көрсетеді

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Өзіңіз тұратын аймақтың ашылу тарихына зерттеу жасаңыз.

• Өзіңіз тұратын жер атауының топонимикасын анықтаңыз.

• Өзіңіз тұратын аймақта зерттеушілер есімімен аталатын географиялық

нысандарды анықтаңыз.

• Өз аймағыңыздағы рекреациялық маңызы бар жерлерді жазыңыз.

• Сіздің аймағыңыздың республика үшін маңызын сипаттаңыз.

2. Жасалған зерттеу жұмысын өз қалауыңыз бойынша: постер, презентация, ашық

журнал, эссе т.б. формада қорғаңыз.

Дескриптор

Білім алушы

− жер атауының топонимикасын анықтайды;

− сол аймақ арқылы өткен саяхатшылар мен

зерттеушілерді атайды;

− өз жерінің көрікті жерлерін насихаттайды.

9

ЖОБА

Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы

Бөлімше 2.1 Географиялық карталар

Тақырып

Тақырыптық карталар және оларды қосымша


сипаттайтын элементтер

Оқу мақсаты

8.2.1.1 Тақырыптық карталарды сипаттайтын

қосымша элементтерді құрастырады: профиль,

диаграмма, график, кесте

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Тақырыптық карталарды

сипаттайтын қосымша элементтерді

қолданады

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Физикалық карта (геологиялық, климаттық, т.б.) немесе әлеуметтік-экономикалық

карталардағы шартты белгілерді оқи отырып, төмендегі жоспар негізінде жұмыс

жасаңыз.

• Картадағы шартты белгілерді оқыңыз.

• Картаға қажетті қосымша элементтерді анықтаңыз.

• Өздеріңіз қосатын қосымша элементтерді сызыңыз.

Дескриптор

Білім алушы

− картаны шартты белгілерге сәйкес оқиды;

− картадағы қосымша элементтерді анықтайды;

− өздігінен қосымша элементтер қосып, сызады.

10

ЖОБА

Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы

Бөлімше 2.1 Географиялық карталар

Тақырып

Тақырыптық карталарды оқу

Оқу мақсаты

8.2.1.2 Географиялық шартты белгілер мен

карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді

қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шартты белгілер мен қосымша

элементтер арқылы тақырыптық

карталарды сипаттайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Тақырыптық картадан астанасының географиялық координаттары - 52°31′ с.е. және

13°24′ ш.б. болатын мемлекетті табыңыз.

• Оның шекараларын, астанасын анықтаңыз.

• Осы елге көрші мемлекеттерді анықтаңыз.

• Көрші мемлекеттерді төмендегі кестеге толтырып жазыңыз.

Көршілес мемлекеттер

Солтүстік көршілері

Оңтүстік көршілері

Шығыс көршілері

Батыс көршілері

Дескриптор

Білім алушы

− географиялық координаттары бойынша картадан

елді, астанасын анықтайды;

− көршілес елдерді атайды.

11



ЖОБА

Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы

Бөлімше 2.1 Географиялық карталар

Тақырып

Тақырыптық карталарды оқу

Оқу мақсаты

8.2.1.3 Географиялық номенклатура нысандарын

кескін картадан көрсетеді

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Кескін картаға географиялық

нысандарды белгілейді