Файл: 8сынып жоба рметті малім!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 52

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ресурстық әлеуетін бағалаңыз.

Дескриптор

Білім алушы

− мұнайдың қанша уақытқа жететінін анықтайды;

− әр адамға қанша мөлшерде келетінін есептейді;

− мұнай қоры бойынша берілген елдердің ресурстық

әлеуетін бағалайды.

53

ЖОБА

Бөлім 5. Экономикалық география

Бөлімше 5.1 Табиғи ресурстар

Тақырып

Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы,

орталықтары және дайын өнім түрлері

Оқу мақсаты

8.5.1.3 Жергілікті компонентті қосымша қамту

негізінде жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу

технологиясын сипаттай отырып, орталықтары

мен дайын өнім түрлерін атайды

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын

сипаттайды

• Орталықтары мен дайын өнім түрлерін

анықтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

ЖОБА

Бөлім 5. Экономикалық география

Бөлімше 5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар

Тақырып

Экономикалық инфрақұрылымның элементтері

мен функциялары

Оқу мақсаты

8.5.2.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамту

негізінде экономикалық инфрақұрылымның

элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға

береді

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Инфрақұрылым элементтерін

топтастырып, маңыздылығын

бағалайды

Ойлау дағдыларының

Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Берілген инфроқұрылым түрлерін экономика салаларына бөліңіз.

Зауыт, мектеп, СЭС, жолаушылар тасымалдайтын темір жол, дәріхана, мәдени

орталықтар, театр, мұнай платформасы

Өндірістік инфрақұрылым

Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым

• Күнделікті өмірде мектепке келу үшін қолданатын көлік түрін атаңыз.

• Инфроқұрылымның қандай саласы екенін анықтаңыз.

• Коммуникация және көлік жүйелерінің жаһандану үрдісіндегі рөліне баға

беріңіз.

Дескриптор

Білім алушы

− инфроқұрылым түрлерін ажыратады;

− мектепке келу үшін қолданатын көлік түрін атайды;

− инфроқұрылымның қандай саласы екенін анықтайды;

− коммуникация және көлік жүйелерінің жаһандану үрдісіндегі

рөліне баға береді.

55

ЖОБА

Бөлім 5. Экономикалық география

Бөлімше 5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы

Тақырып

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы:

өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салалары


Оқу мақсаты

8.5.3.1 Өндіруші және өңдеуші, қызмет көрсету,

шаруашылық салаларын жіктейді

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шаруашылық салаларын

топтастырады

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Қазақстанның экономикалық картасын қолданып, таңдау бойынша бір аймақтағы

өңдеуші, өндіруші және қызмет көрсету орындарын анықтаңыз. Кестеге жазыңыз.

1-кесте

Өнеркәсіп орны

Шығаратын өнімі

Орталығы

2-кесте

Кен орны

Пайдалы қазба түрі

Алыну тәсілі

3-кесте

Қызмет көрсету

Негізгі қызметі

Орталығы

саласының түрі

Дескриптор

Білім алушы

− өңдеуші өнеркәсіп саласын сипаттайды;

− өндіруші өнеркәсіп саласын сипаттайды;

− қызмет көрсету саласын сипаттайды.

56

ЖОБА

Бөлім 5. Экономикалық география

Бөлімше 5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақты құрылымы

Тақырып

Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет

салаларын ұйымдастыру түрлері

Оқу мақсаты

8.5.3.2 Қазақстандық компонентті қосымша

қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп

өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін

сипаттайды

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шаруашылық салаларын

ұйымдастыру түрлерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Ауылшаруашылығын ұйымдастыруға әсер ететін негізгі факторлардың

маңыздылығы мен өзара байланысын сипаттаңыз.

Негізгі факторлар: жылу, жарық, топырақ, ылғал, өнеркәсіп өнімдері, энергия көзі,

көлік, тұтынушы.

2. Төмендегі мәтінді қолданып, Қарағанды металлургия зауытының шикізат, су, отын

энергиясы, өнім түрлері көрсетілген картасхемасын сызыңыз.

Қарағанды металлургия зауыты (ҚМЗ) Қазақстандағы металл+ өңдеу зауыты

болып табылады. Ең негізгі шикізат көзін Соколов-Сарыбай темір кенінен алады.

Темірді өңдеп, ең негізгі өнімдері: шойын, болат, прокат, кокс алынады. ҚМЗ –ның

негізгі отын энергиясы ретінде Қарағандының көмірі қолданылады. Ал шикізатты

тау жынысынан бөліп алу үшін Қарағанды-Ертіс каналының суын қолданады.

3. Әлеуметтік инфроқұрылымды қызмет саласымен сәйкестендіріңіз.

Әлеуметтік


Қызмет саласы

инфрақұрылым



Денсаулық сақтау

мектептер, жоғарғы оқу орындары,

кәсіптік білім беру орталығы

Білім

театр, мәдени орталықтар, музейлер т.б

Мәдениет

қоғамдық тамақтану, сауда орталықтары,

демалыс орталықтары, демалыс базалары

Тұрмыстық қызмет ету

ауруханалар, клиникалар, тіс емдеу

орындары

орталықтары



Дескриптор

Білім алушы

− ауылшаруашылығын ұйымдастыруға әсер ететін

факторлардың маңыздылығын сипаттайды;

− өнім түрлері көрсетілген картасхеманы сызып, түсіндіреді;

− инфрақұрылымға сәйкес қызмет саласын анықтайды.

57

ЖОБА

Бөлім 5. Экономикалық география

Бөлімше 5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы

Тақырып

Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет

салаларын орналастыру факторлары

Оқу мақсаты

8.5.3.3 Қазақстандық компонентті қосымша қамту

негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп

өндірісін, қызмет саласын орналастыру

факторларын талдайды

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Өнеркәсіп өндірісінің орналасуына

әсер ететін факторларды анықтайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Павлодар мұнай өңдеу зауытының орналасуына әсер ететін негізгі факторларға талдау

жасаңыз.

- тұтынушы фактор

- отын-энергетикалық фактор

- су ресурсы

- шикізат көзі

- көлік

- еңбек ресурстары

- ғылыми фактор (технопарк, технополис)

- ірі қалалар маңында орналасуы

- экологиялық фактор

Дескриптор Білім алушы

− тұтынушы факторды атайды;

− отын-энергетикалық факторды атайды;

− су ресурсын анықтайды;

− шикізат көзін атайды;

− негізгі көлік түрлерін ажыратады;

− еңбек ресурстарының әлеуетін анықтайды;

− ғылыми фактор (технопарк, технополис) анықтайды;

− орналастыру факторын сипаттайды;

− экологиялық факторды түсіндіреді.

58

ЖОБА

Бөлім 5. Экономикалық география

Бөлімше 5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы

Тақырып

Дүниежүзілік шаруашылық салаларын сипаттау

Оқу мақсаты

8.5.3.4 Дүниежүзі шаруашылығы салаларын

жоспар бойынша сипаттайды

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Жоспардың негізінде дүниежүзі

шаруашылығы салаларын сипаттайды


Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Шаруашылықтың бір саласын таңдап алыңыз: ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, қызмет

көрсету салалары, көлік.

• Осы шаруашылық саласын толық сипаттау үшін жоспар құрыңыз ( алдыңғы

сабақтардағы біліміңізді қолданыңыз).

• Сол жоспар негізінде сипаттама жасаңыз.

Дескриптор

Білім алушы

− шаруашылық саласын жоспарға сәйкес сипаттайды.

59

ЖОБА

Бөлім 6. Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше 6.1 Дүниежүзі елдері

Тақырып

Дүниежүзінің саяси картасы

Оқу мақсаты

8.6.1.1 Cаяси картаның басты нысандарын

сипаттайды

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Саяси картадағы басты нысандарды

анықтайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Берілген анықтамаларға сәйкес терминдерді жазыңыз.

делимитация, деморкация, метрополия, доминион, протекторат, тәуелді, тәуелсіз.

Анықтамалар

Терминдер

Күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы. Франция қазір

Монакоға

Басып алған отарларын иемденуші мемлекеттер.

Мысалы: Франция, Ұлыбритания.

Британ империясының құрамындағы тәуелсіз елдер. Қазір оларды

Британ Достастығы деп атайды.

Ешқандай елге бағынбайтын елдерді айтамыз.

Басқа метрополиялы мемлекеттің қарауындағы шекарасы бар жер

телімі. Мысалы: Гренландия Данияның қарамағында.

Көрші мемлекеттер арасындағы келісім бойынша мемлекеттік

шекараның орналасуын анықтау.

Карталар мен суреттеуге байланысты мемлекеттік шекараға қандай да

бір белгі орнату.

2. Атласты қолданып, кестеге метрополия, доминион, протекторат, тәуелді және

тәуелсіз елдерді жазыңыз.

Метрополия

Доминион

Тәуелді

Тәуелсіз

3. Тәуелді және тәуелсіз мемлекеттердің орналасқан аймақтарын анықтаңыз.

Тәуелді мемлекеттер басым аймақ

Тәуелсіз мемлекеттер басым аймақ

Дескриптор

Білім алушы

− анықтамаларға сәйкес терминдерді табады;

− саяси картаның басты нысандарына сәйкес елдерді

анықтайды;

− елдерді орналасу аймақтарына қарай топтастырады.

60

ЖОБА

Бөлім 6. Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше 6.1 Дүниежүзі елдері

Тақырып

Елдердің саяси типологиясы

Оқу мақсаты


8.6.1.2 Елдерді басқару формасы және мемлекеттік

құрылымы бойынша топтастырады

Бағалау критерийі

Білім алушы

Елдерді басқару формасы және мемлекеттік

құрылымы бойынша жіктейді

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Басқару формасының сипаттамасы бойынша сәйкес терминдерді анықтап, жазыңыз.

Президенттік, президенттік парламенттік, конституциялық монархия, абсолюттік

монархия, теократиялық монархия

Сипаттамасы

Терминдер

Жоғары өкімет билігі бір ғана адамның (император, герцог,

сұлтан, әмір, король, т.б) қолында шоғырланған. Билік ету

құқығы атадан балаға мұра етіп беріледі, бүкіл мемлекеттік

билікті монарх өзі жүргізеді.

Монархтың билігі конституциямен шектелген, сонымен

қатар монарх дәстүр ретінде таққа отырады, бүкіл

мемлекеттік билікті премьер министр жүргізеді.

Заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын

өкілетті органның (парламенттің) қолында , ал мемлекет

басшысын ел халқы өзі сайлайды және елді басқарады,

сонымен қатар заңды атқарады.

Мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады.

Басқару түрінің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет

басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы,

сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады. Заң күші бар

актілер шығарады. Парламентті таратуға құқылы болады.

2. Берілген мемлекеттерді басқару формасы мен құрылымына қарай топтастырыңыз.

Германия, Қазақстан, Испания, Ұлыбритания, Канада, Сауд Арабиясы, Ватикан, Непал, Ресей, БАӘ, Бахрейн, Жапония, Өзбекстан, Швейцария, Қырғызстан.

Басқару формасына қарай:

Президенттік Парламенттік Конституциялық

Абсолюттік

Теократиялық

монархия

монархия

монархия



Құрылымына қарай:

Унитарлық

Федерация

Конфедерация

Дескриптор

Білім алушы

− сипаттамаға сәйкес терминдерді анықтайды;

− мемлекеттерді басқару формасына қарай топтастырады;

− мемлекеттерді құрылымына қарай топтастырады.

61

ЖОБА

Бөлім 6. Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше 6.1 Дүниежүзі елдері

Тақырып

Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер