Файл: 711сыныптар механика молекулалы физика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 151

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жауабы: , , .


  1. Серіппелі маятниктің амплитудасы 0,04м. 0,03 метр ығысудағы сепімділік күші . Осы ығысудағы маятниктің потенциалдық, кинетикалық және толық энергияларын анықтау керек.


Серіппенің толық энергиясы . Немесе ;

мұндағы к – серіппенің қатаңдығы, ол , х – абсолюттік ығысу,

сонда .

Яғни толық энергия: .

Потенциалдық энергия: .

Кинетикалық энергия: .

Жауабы:

сұрақ-жауап
Механика
I Кинематика


  1. Механиканың негізгі есебі: (дененің кез-келген уақыт мезетіндегі дененің орнының координаталарын анықтау)

  2. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың шартын көрсетіңіз. (а=0; υ=const)

  3. Түзу сызықпен қозғалып келе жатқан дене жылдамдығын азайтты. Үдеу қалай бағытталған? (Қозғалысқа қарсы)

  4. Дененің жылдамдық векторы мен үдеу векторы бір-біріне қарама-қарсы бағыттала ала ма? (Бағыттала алады, бірқалыпты баяу қозғалыс кезінде (υ>0,а<0)

  5. Дене түзусызықты қозғалады және жылдамдығын азайтады. Үдеудің бағытын анықтаңдар.(Үдеу қозғалысқа қарсы бағытталған)

  6. Инерциалық санақ жүйесінің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз. Осы жүйеге қатысты... (Егер күштер әрекет етпесе, дене тыныштықтағы күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды)

  7. Ауасы сорылып алынған түтіктің ішінде бытыра, тығын және құс қауырсыны бар. Осы денелердің қайсысы ең үлкен үдеумен құлайды? (Барлық денелердің үдеулері бірдей)

  8. Горизонталь жолда тұрған вагон терезесінен тас тасталған. Қай жағдайда ол тезірек жерге түседі: вагон тыныштықта тұрғанда, вагон бірқалыпты түзу сызықты қозғалғанда, вагон үдеумен қозғалғанда? Ауаның үйкелісі ескерілмейді. (Барлық жағдайда бірдей)

  9. Центрге тартқыш үдеу нені сипаттайды? (Жылдамдық векторының бағыты бойынша өзгеру шапшаңдығын)

  10. Нормаль үдеу деген не? (Жылдамдықтың бағыты бойынша өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын толық үдеудің құраушысы)

  11. Дененің жылдамдық векторы мен үдеу векторлары әркез тікбұрыш жасай орналасады. Осы дене қалай қозғалады? (Модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен)

  12. Кез-келген уақыт кезегінде дененің үдеуі мен жылдамдық векторлары біріне-бірі тік бұрышпен бағытталған. Дене қалай қозғалады? (Шеңбер бойымен бір қалыпты үдемелі қозғалады)

  13. Дене қисық сызықты қозғалғанда траекторияның кез-келген нүктесіндегі оның лездік жылдамдығы қалай бағытталған? (Траекторияға жанама бойымен)

  14. Дене шеңбер бойымен жылдамдығын бірқалыпты кеміте отырып қозғалады. Үдеудің бағыты қандай? (Центрге тартқыш және тангенциал үдеулердің қорытқы бағытында)

  15. Дене шеңбер бойымен модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Егер радиус өзгермейтін болса, жылдамдық екі есе артқанда центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді? (4 есе артады)

  16. Дене шеңбер бойымен модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Егер радиусты екі есе арттырса, центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді? (2 есе кемиді)

  17. Дене шеңбер бойымен модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Егер радиус өзгермейтін болса, жылдамдық екі есе кемігенде центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді? (4 есе кемиді)

  18. Дене шеңбер бойымен модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Егер радиусты екі есе кемітсе, центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді? (2 есе артады)

  19. Есептеулер кезінде не себепті Айды Жерге қатысты материалық нүкте деп санауға болады? (Айдан Жерге дейінгі қашықтық Айдың өлшемдерінен көп артық)

  20. Жер бетінен көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясының ең жоғарғы нүктесіндегі үдеудің бағыты Ауаның үйкелісі ескерілмейді (g, төмен бағытталады)

  21. Көкжиекке бұрышпен лақтырылған дене қандай траекториямен қозғалады? Ауа кедергісі ескерілмейді. (Тармақтары төмен қараған парабола бойымен)

  22. Қисықсызықты қозғалыс кезінде дененің қозғалыс жылдамдығы траекторияның кез келген нүктесінле...(траекторияға жанама бойымен бағытталған)

  23. Тік жоғары, көкжиекке бұрыш жасай және горизонталь бағытта лақтырылған денелер қозғалысында қандай ортақ қасиет бар? Ауаның кедергісі ескерілмейді. (Барлық жағдайда дене g үдеумен қозғалады)

  24. Вагонның терезесінен жолдың горизонталь табанына дене еркін түседі. Қай жағдайда дене тезірек түседі: вагон тоқтап тұр, бірқалыпты түзусызықты қозғалыста, үдемелі қозғалады? (Еркін түсу еш нәрсеге тәуелсіз; дене барлық жағдайларда да бірдей g үдеумен түседі)



II Динамика


  1. Уақыттың қандай да бір аралығындағы орын ауыстыруды анықтау үшін,мынаны білген жеткілікті: (дененің массасын, денеге әсер ететін күшті және бастапқы жылдамдықты)

  2. Егер денеге әрекет ететін барлық күштердің тең әсерлісі нөлге тең болса, осы дене

қалай қозғалады? (Дененің жылдамдығы кез-келген мәнде бола алады, тек уақыт бойынша өзгермейді)

  1. Метро эскалаторымен қозғалып бара жатқан адам қандай да бір уақытта

Жермен байланысқан санақ жүйесінде тыныштық қалыпта бола ала ма? (Бола алады егер эскалатор жылдамдығының модуліне тең жылдамдықпен қарама-қарсы қозғалыста болса)

  1. Жіпке байланған шарды горизонталь жазықтықта айналдыруға қажет центрге тартқыш күштің табиғаты қандай? (Серпімділік күші)

  2. Серпімділік күші деген не? (Дененің деформациясы кезінде пайда болатын және серпімді деформация кезінде дене бөлшектерінің ығысуына қарсы бағытталған күш)

  3. Серіппенің қатаңдық коэффициенті деген не? (Серпімділік күшінің серіппенің абсолют деформациясының шамасына қатынасы)

  4. Гитарада ойнағанда, оның шектерінде байқалатын деформация (Серпімді деформация)

  5. Қандай энергияны потенциалдық деуге болады? (Серпімді деформацияланған дене энергиясын)

  6. Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы (деформациясының шамасы нөлге тең күйге өткендегі серпінділік күшінің жұмысына тең)

  7. Еркін денеге күш әсер етсе, ол қалай қозғалады? (Үдеумен)

  8. Қай физикалық шама дененің инерттілігін көрсетеді (Масса)

  9. Динамиканың инерция заңы қалай тұжырымдалады? (Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, ол өзінің салыстырмалы тыныштық күйін немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын сақтайды)

  10. Комбайн барабаны дәнді ұсатқанда қандай физикалық құбылыс байқалады? (Инерция)

  11. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы осы дененің тыныштықтағы салмағынан кем болады? (Тіреу бірқалыпты үдемелі төмен қозғалғанда)

  12. Автомобиль тұрақты жылдамдықпен дөңес көпірдің үстінен өткенде оның салмағы қалай өзгереді? (Кемиді)

  13. Дене салмақсыз жағдайда. Дене қандай күштің әсерінен қозғалады? (Тек ауырлық күшінің әсерінен)

  14. Дене сұйыққа батып жүр. Салмақсыздық жағдайында кері итеруші күш қалай өзгереді? (Нөлге тең болады)

  15. Бір кірпішті екінші кірпіштің үстіне қойып, екеуі бірге вертикаль жоғары лақтырылған. Қай кезде үстіңгі кірпіштің астыңғысына қысымы нөлге тең болады? Ауа кедергісі ескерілмейді. (Тек жоғарғы нүктеде)

  16. Қуат тұрақты болған жағдайда, жылдамдық артса ( күш кемиді)

  17. Автомобиль двигателі сөндірулі тұрғанда горизонталь тас жолмен бірқалыпты қозғалыс жасай ала ма?(Жоқ, себебі дөңгелектердің жолмен үйкелісі және ауаның кедергісі басқа денелердің әсерімен теңгерілмейді)

  18. Горизонталь жолда шананың тоқтату уақыты қандай шамаларға тәуелді болады? (бастапқы жылдамдық пен сырғанау үйкеліс коэффициентіне)

  19. Үйкелісті ескерген жағдайда, көлбеу жазықтықпен көтерілетін жүктің массасы артқанда, оның ПӘК-і...(өзгермейді)

  20. Күш моменті дегеніміз ... тең физикалық шама (күштің күш иініне көбейтіндісіне)

  21. Жай механизмдердің қайсысы жұмыста үлкен ұтыс бере алады? (Ешқандай жай механизм жұмыста ұтыс бермейді)

  22. Егер денеге ... әрекет етсе, ол салмақсыздық күйінде болады (центрге тартқыш күш)

  23. Сұйықтағы немесе газдағы кедергі күшінің құрғақ денелер арасындағы кедергі күшінен айырмашылығы неде? (Құрғақ денеде тек қозғалыс кезінде ғана пайда болады)

  24. Архимед заңының тұжырымдамасы: сұйыққа батырылған денеге ... тең кері итеруші күш әрекет етеді. (Ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына)

  25. Сұйық бетінде жүзіп жүрген дене үшін Архимед күші неге тең? (Жүзіп жүрген дененің салмағына)

  26. Архимед заңын анықтайтын қағида (сұйыққа толық батырылған денені кері итеруші күш көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең)

  27. Сұйыққа толық батырылған денеге әсер ететін Архимед күші неге тең? (Сұйықтың тығыздығының дененің көлеміне және еркін түсу үдеуіне көбейтіндісіне)

  28. Тығын суда жүзіп жүр.Егер тығын майда жүзетін болса, оған әрекет ететін Архимед күші қалай өзгереді? (Жүзу шарты бойынша дененің салмағы ығыстырылған сұйық көлемінің салмағынан артық болмау керек.Демек, Архимед күші өзгермейді)

  29. Суңгуір қайық судың түбінде қатты жерде тұр. Қандай денелердің әсерлері теңгеріледі? (Жердің қайықты тарту күші мен судың кері итеруші күші және қатты жердің серпінділігі)

  30. Сұйықтың бетінде қалқып жүрген денеге әрекет ететін Архимед күші неге тең? (Дененің салмағына)

  31. Дене сұйыққа батырылған. Салмақсыздық жағдайында кері итеруші күш қалай өзгереді?(Нөлге тең)

  32. Ғарыш кемесіндегі салмақсыздық күйде уақытты маятникті сағат немесе серіппелі сағаттың қайсысымен өлшейді? (Серіппелі сағатпен)

  33. Айдағы ғарышкерлерге орын ауыстыру үшін ауа шарларын қолдануға бола ма? (Жоқ)

  34. Ыдыстың түбіне түсірілетін гидростатикалық қысым неге тәуелді? (Ыдыс түбінен санағанда сұйықтың биіктігіне)

  35. Текше (куб) пішінді ыдыс салмағы Р сұйықпен толтырылған. Ыдыстың түбі мен төрт бүйір жақтарына түсірілетін толық қысым күшін анықтаңыз. (Ж: 3Р)

  36. Сұйық қысымын өлшеу тәсілімен атмосфералық қысымды неліктен есептеуге болмайды (атмосферада нақты шекара жоқ және оның тығыздығы биіктігіне байланысты өзгереді)

  37. Қарағайдан жасалған білеуше суда қалқып жүр. Судың үстіне оның көлемінің жартысы орналасқан. Судың тығыздығы қарағайдың тығыздығынан неше есе өзгеше? (Судың тығыздығы 2 есе артық)

  38. Суы бар ыдыста мұз кесегі қалқып жүр. Мұз толығымен ерісе, ыдыстағы судың деңгейі қалай өзгереді? (Өзгермейді)

  39. Суы бар шыны шөлмек суда; сынап құйылғаны сынапта қалқи ма? (Иә,жоқ)

  40. Су құйылған ыдыстың ішінде арасына ауаның көпіршігі кірген мұз қалқып жүр. Мұз еріп кеткенде ыдыстағы су деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)

  41. Су құйылған ыдыстың ішінде арасына кішкене болат шар қатырылған мұз қалқып жүр. Мұз еріп кеткенде ыдыстағы су деңгейі өзгере ме? (Азаяды)

  42. Суы бар ыдыста түбіне жіппен болат шар ілінген темір қорап жүзіп жүр. Шар ыдыстың түбіне жетпейді. Егер шарды ұстап тұрған жіп үзіліп кетсе, ыдыстағы судың деңгейінің биіктігі қалай өзгереді? (Төмендейді)

  43. Бассейнде жүзіп жүрген қайықтан суға алдымен бөрене тасталды, содан кейін темір білеуше тасталды. Судың деңгейі қалай өзгереді? (Бөрене тасталғанда өзгермейді, темір білеуше тасталғанда төмендейді)

  44. Дененің потенциалдық энергиясы деген не? (Басқа денелермен әрекеттесу энергиясы)

  45. Денелер жүйесінің кинетикалық энергиясы ... тең. (Жүйені құрайтын денелердің кинетикалық энергияларының қосындысына)

  46. Толық механикалық энергияның сақталу заңы қандай жүйелер үшін дұрыс болады? (Консервативті тұйықталған жүйелер үшін)

  47. Адам Жер бетінен бесінші қабатқа бірінші рет кәдімгі сатымен, екінші рет өрттік сатымен, үшінші рет лифтімен көтерілді. Ауырлық күшінің жұмысы (үш жағдайда да жұмысы бірдей)

  48. Қандай жағдайда денеге түсірілген күш жұмыс жасамайды? (Күш пен орын ауыстыру перпендикуляр болса)

  49. Жүзушілер суға сүңгігенде неге қолдарын алға қарай айқастырады (сұйықтың денені орағытып ағуын жақсарту үшін)

  50. Паскаль заңын көрсетіңіз. (Сұйыққа немесе газға түсірілген күш сол сұйық пен газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі)

  51. Егер дене тек ... әсерінен ғана қозғалатын болса, ол салмақсыздық күйде болады.(Ауырлық күшінің)

  52. Салмақсыздық күйде Паскаль заңы орындала ма? (Орындалады)

  53. Салмақсыздық жағдайында бір ыдыстан екінші ыдысқа суды қалай құяды? (Ыдыстағы суды сығылған ауамен қысып немесе ыдыс қабырғаларына қысым түсіруге болады, олар майысқақ)

  54. Салмақсыздық жағдайында суды қалай қыздырады? (Қыздыру шамы, электр спиралінің инфрақызыл сәулелерін және жоғарғы жиіліктің тогын қолдануға болады)

  55. Жердің жасанды серігінде Паскаль заңы және Архимед күші орындала ма?(Иә, жоқ)

  56. Жердің жасанды серігімен салыстырғанда бастапқы жылдамдықсыз бомба лақтырылған.Ауаның кедергісін есепке алмай,бомбаның Жердің қай нүктесіне келіп түсетінін анықтаңдар (ол еш уақытта Жерге түспейді)

  57. «Арқан тарту» сайысына екі топ қатысқан. Әр топ 5000Н күшпен тартады. Арқанның керілуі неге тең? (5000Н)

  58. Ауада өте үлкен биіктіктен жеңіл серпімді шар құлап түскен. Шардың Жерде жатқан горизонталь тұғырға серпімді соққысынан кейінгі үдеуінің модулі неге тең? (2g)

  59. Егер:а) Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұздар ерісе;ә)Антарктидағы мұздар ерісе, Жердің өз өсінен айналу периоды қалай өзгерер еді? (Бірінші жағдайда өзгермейді, екінші жағдайда кемиді)

  60. Массасы М дене жіпке ілінген.Горизонталь ұшқан оқ жүкке тиеді. Мұнда үш жағдай болуы мүмкін:1) оқ жүкті тесіп өтіп, жылдамдығының бір бөлігін сақтай отырып, әрі қарай ұшады;2) оқ жүктің ішінде қалады; 3)оқ соққыдан кейін жүктен кері қарай ұшады. Осы жағдайлардың қайсысында жүк үлкен бұрышқа ауытқиды? Барлық жағдайларда оқтың жылдамдығы бірдей (үшінші жағдайда)

  61. Автобустың жолаушылары еріксіз оңға қарай қисаяды. Автобустың қозғалысы қалай өзгерді? (Автобус солға бұрылды)

  62. Темір жол бойындағы тұрған адамға, алыстағы рельстер бір-біріне қосылып тұрған сияқты болады, алыстағы нәрселер жақындағылардан қарағанда тезірек жылжиды, себебі ( көру бұрышының кішіреюіне байланысты)

  63. Аристотель ойынша (дененің қалыпты күйі – тыныштық және ол тыныштыққа ұмтылады, денеге түсірілген қорытқы күш ( толық күш) оның қозғалысына себеп болады)

  64. Галилео Галилейдің принципі (егер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе күштер теңгерілген болса, онда дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалыс күйін шексіз ұзақ сақтайды)

  65. Ньютонның І заңы (егер денеге түсірілген барлық күштер өзара теңгерілген болса, онда дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайтын санақ жүйелері болады)

  66. Ньютонның ІІ заңы ( денеге түсірілген қорытқы күш оның қозғалысының өзгеру себебі болып табылады)

  67. Статика нені зерттейді (механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі)

  68. Сұйық қимасы әр түрлі құбырмен ағады. Құбырдың қай қимасында қысым минимал болады (Қимасы ең үлкен жерде қысым үлкен, ал қимасы ең аз жерде қысым минимал болады)



III Сақталу заңдары


  1. Қандай физикалық шама кг·(м/с) бірлігінде өлшенеді? (Импульс)

  2. Дененің импульс векторының бағыты (жылдамдық векторымен бағыттас)

  3. Импульстың сақталу заңы қандай жағдайда орындалады? (Тұйықталған жүйелер үшін)

  4. Механикалық жүйе тұйық болса қай тұжырым дұрыс? (Жүйе импульстерінің қосындысы тұрақты болады)

  5. Тұйық механикалық жүйе үшін қай тұжырым орындалады? (Жүйенің толық импульсі өзгермейді)

  6. Дене импульсінің өзгерісі (күш импульсына тең)

  7. Зымыранның реактивті қозғалысын түсіндіретін заң (импульстің сақталу заңы)

  8. Снарядтың массасын арттырған сайын, қарудың массасын арттырудың мақсаты (қару мен снаряд әсерлескенде пайда болатын қарудың жылдамдығы мен үдеуін азайту)

  9. Механикалық жүйе тұйық болса, қай тұжырым дұрыс? (Жүйедегі барлық денелердің импульсі өзгеріссіз болады)

  10. Белгілі бір денелер жүйесінің кинетикалық энергиясы:(жүйені құрайтын денелердің кинетикалық энергияларының қосындысы)

  11. Идеал тегіс горизонталь мұзды алаңда тұрған адам еш нәрсеге сүйенбей орнынан қозғала ала ма? (Қозғала алады егер, өзінен бір нәрселерді лақтыра отырып)




Молекулалы-кинетикалық теория және термодинамика негіздері


  1. Температура деген не? (Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өлшемі)

  2. Денелер жылулық тепе-теңдікте болмас үшін олардың қандай физикалық параметрлері әр түрлі болу керек? (Температура)

  3. Мешікті балқу жылуы деген не? (1кг қатты затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері)

  4. Металл балқығанда энергия бөліне ме, әлде жұтыла ма? (Негізінен энергия жұтылады)

  5. Қатты зат балқи бастағаннан толық балқып болғанша оның температурасы қалай өзгереді? (Өзгермейді)

  6. Су 0 0С температурада мұзға айналады. Осы кезде энергия бөліне ме, әлде жұтыла ма? (Бөлінеді)

  7. Мұз 0 0С тұрақты температурада ериді.Осы кезде энергия бөліне ме, әлде жұтыла ма? (Жұтылады)

  8. Қандай жағдайда затқа берілген жылу мөлшері есебінен оның температурасы өзгермейді? (0 0С температурадағы және 760мм сын. бағ. қысымдағы мұз)

  9. Мыстан жасалған денені қыздырғанда, оның массасы, көлемі және тығыздығының өзгерісі (массасы өзгермейді, көлемі ұлғаяды,тығыздығы кемиді)

  10. Кристалдану кезінде дененің температурасы қалай өзгереді? (Температура тұрақты және белгілі бір мәнге ие)

  11. Кристалдық денелердің негізгі қасиеті (балқу температурасының тұрақтылығы)

  12. Меншікті булану жылуы деген не? (Қайнау температурасындағы сұйықтың бірлік массасын буландыруға қажет жылу мөлшері)

  13. Меншікті булану жылуы деген не? (Тұрақты температурадағы 1кг сұйықты толықтай буға айналдыруға кететін жылу мөлшері)

  14. Спирт 78 0С тұрақты температурада буланады. Осы кезде энергия бөліне ме, әлде жұтыла ма? (Жұтылады)

  15. Герметикалық жабық ыдыста су мен су буы бар. Ыдысты қыздырғанда су буының молекулалар шоғыры қалай өзгереді? (Артады)

  16. Температура артқанда сұйықтың кебу жылдамдығы қалай өзгереді? (Артады)

  17. Қайнау кезінде сұйық толық буланып болғанша, температураның өзгерісі (өзгермейді)

  18. Сұйықтықтың ішіндегі көпіршіктердің ұлғаюына қандай қысым әсер етеді (сұйықтықтың бетіне түсірілетін сыртқы атмосфералық қысым, биіктігі сұйықтың бетінен көпіршік тұрған жерге дейінгі аралыққа тең болатын су бағанының гидростатикалық қысым, көпіршіктердің радиусына кері пропорционал болатын лапластық қысым қарсы әрекет етеді)

  19. Сұйықтық ішіндегі көпіршіктердің радиусы аз болса лапластық қысым атмосфералық қысымнан ( артық)

  20. Үлкен радиустар кезінде лапластық қысым неге тең (ескермеуге болады)

  21. Сұйықтық ішіндегі көпіршік ұлғайса, лапластық қысым қалай өзгереді?(Азаяды)

  22. Сұйық зат қайнай бастағаннан толық қайнап болғанша оның температурасы қалай өзгереді? (Өзгермейді)

  23. Таудың жоғарғы жағында қайнап жатқан суда тамақ неге пісірілмейді? (Атмосфералық қысымның төмендеуімен қайнау температурасы да төмендейді)

  24. Атмосфералық қысым бойынша биіктікті өлшейтін құралдың аты (биіктік өлшегіш)

  25. Егер суы бар ыдысты терең шахтаның түбіне түсірсе, оның қайнау температурасы қалай өзгереді? (Қысымы артады, содан қайнау температурасы да артады)

  26. Қайнаған суы бар ыдыстың ішіндегі басқа ыдыста су қайнай ма? (Жоқ.Қайнай алады, егер сыртқы ыдыстағы сұйықтан ішкі ыдыстағы сұықтықтың қайнау нүктесі төмен болса)

  27. Жалынды қайнаған су тез өшіре ме әлде суық су ма? (Қайнаған су)

  28. Су буы конденсацияланады. Осы кезде энергия бөліне ме, әлде жұтыла ма? (Бөлінеді)

  29. Газ деп заттың қандай күйін атайды? (температурасы кризистік температурадан жоғары кездегі күйі)

  30. Бу деп заттың қандай күйін атайды?(температурасы кризистік температурадан төмен кездегі заттың күйі )

  31. Зат күйі неге тәуелді? (қысым мен температураға )

  32. Заттың барлық үш фазасының арасындағы тепе-теңдікті өрнектейтін температураны қалай атайды? ( Үштік нүкте деп атайды)

  33. Шық нүктесі деген не? (Су буы қаныққан буға айналатын температура)

  34. Орталық жылу жүйесіндегі қазандықтан батареяларға энергия қандай жолмен тасымалданады? (Конвекция арқылы)

  35. Күннен Жерге энергия қандай жолмен тасымалданады? (Сәуле шығару арқылы)

  36. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деген не? (1 кг заттың температурасы 1 К-ге өзгергенде алатын немесе беретін жылу мөлшері)

  37. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы неге тәуелді? (Тұрақты шама)

  38. Стакандағы ыстық суға массалары бірдей күміс немесе алюминий қасық салынса, суды тез суытатыны(салюм.=920Дж/кгК; скүм=250Дж/кгК) (алюминий)

  39. Қалыпты жағдайдың шартын көрсетіңіз. (ρ=105 Па; Т=273 К)

  40. Цельсий шкаласы бойынша абсолют нөл температура ( температураның абсолют нөлі) ( -273)

  41. Газдың қандай күйі вакуум деп аталады? (Молекулалардың орташа еркін жүру жолы газ тұрған ыдыстың өлшемдерімен шамалас болатын газ күйі)

  42. Броун бақылаған қозғалыс (Броундық қозғалыс, заттың атомдарының хаостық қозғалысы)

  43. Қаныққан будың қысымы температураға қалай тәуелді?Температура артса, қысым ... (Артады)

  44. Қаныққан бу дегеніміз не? (Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі бу)

  45. Заттың кризистік температурасы деп (сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады)

  46. Дененің ішкі энергиясы анықталады (денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық, олардың потенциялдық энергиясымен, сонымен қатар электрондар қабатындағы электрондар және ядроаралық энергияларымен)

  47. Қандай поцесс кезінде берілген жылу мөлшері толығынан ішкі энергияны өзгертуге кетеді? (Жұмыс атқарылмайтын процесс кезінде, яғни температураны изохоралық түрде арттырғанда)

  48. Жүйенің ішкі энергиясы қалай анықталады? (Жүйені осы күйге алып келген процестің түрімен анықталады)

  49. Жүйенің ішкі энергиясы қалай анықталады? (Күй параметрлерімен)

  50. Атмосферадағы оттегі мен сутегі газдарының қайсысының молекулалары шапшаңырақ қозғалады? (Сутегінің)

  51. Молекулалардың қозғалысын сипаттайтын қандай шамалардан газдың қысымы тікелей тәуелді? (Молекулалардың кинетикалық энергиясынан)

  52. Молекулалардың қозғалысын сипаттайтын қандай шамаға қысым тікелей тәуелді? (Молекулалардың кинетикалық энергиясына)

  53. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын көрсетіңіз (зат бөлшектерден, молекулалардан тұрады; бұл бөлшектер бейберекет қозғалады; бөлшектер бір-бірімен әсерлеседі)

  54. Беттік керілу коэффициенті қандай бірлікте өлшенеді? (Ж: Н/м)

  55. Волейбол добы жаңбырдан кейін неліктен қатты керіледі? (Беттік керілу күшінің әсерінен)

  56. Қысымы мен температурасы бірдей барлық газдар үшін молекулалар концентрациясы (бірдей)

  57. Идеал газ деп ( молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір- бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ)

  58. Төмендегі қасиеттердің қайсысы идеал газға тән емес? (Идеал газ салмақсыз)

  59. Газды идеал деп санау үшін қандай эффект ескерілмеу керек? (Молекулалардың қашықтықтан әрекеттесуі)

  60. Идеал газ болу үшін газдың қандай эффектін ескермеуге болады? (Молекулалардың соқтығысуы кезіндегі әсерлесуі)

  61. Идеал газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымы: (Молекулалардың бірлік ауданға түсіретін орташа күші)

  62. Идеал газдың ішкі энергиясы тәуелді физикалық шама (газдың температурасына)

  63. Сиретілген газдың берілген массасының күйін сипаттайтын идеал газ күйінің теңдеуі берілетін макроскопиялық параметрлер (қысым,көлем және температура)

  64. Температура тұрақты болғанда, газ күйінің өзгеру процесі (изотермиялық)

  65. Аморф денелердің кристалл денелерден айрымашылығы: (анизотроптылығы)

  66. Поликристалл дене дегеніміз (саны көп майда кристалдан тұратын қатты денені айтады)

  67. Шыныдан және кварц монокристалынан кесіп алынған кубиктер ыстық суға салынған. Кубиктер өз пішінін сақтай ма? (Кварцтан жасалған куб өз пішінін өзгертеді)

  68. Монокристалдан кесіп алынған кубикті қыздырса, оның параллелепипедке айналуы мүмкін. Неліктен? (Анизотропия салдарынан әр бағытта ұлғаю әр түрлі болуы мүмкін)

  69. Қысым тұрақты болғанда, газ күйінің өзгеру процесі (изобаралық)

  70. Поршень астындағы газды қыздырғанда ол атмосфералық қысымда ұлғаяды. Аталған процестердің қайсысы жүзеге асады? (Изобаралық)

  71. Идеал газ V1 көлемнен V2 көлемге дейін алдымен изотермиялық түрде, содан соң изобаралық түрде ұлғайған.Қай жағдайда газдың жұмысы үлкен? (Изобаралық)

  72. Газға берілген жылу мөлшері түгелімен ішкі энергияға айналатын процесс: (изохоралық)

  73. Қандай процесте идеал газдың жұмысы нөлге тең? (Изохоралық)

  74. Төменде келтірілген процестерде жұмыс орындалмайтын процесс: (изохоралық)

  75. Жабық ыдыста газға берілген жылу мөлшері (ішкі энергияны арттыруға жұмсалады)

  76. Идеал газды герметикалық түрде жабылған ыдыста қыздырады. Аталған процестердің қайсысы жүзеге асады? (Изохоралық)

  77. Бірдей төрт ыдысқа жеке оттегі, азот, гелий және сутегі бар. Газдардың температурасы мен массалары бірдей. Қай ыдыста қысым өте аз болады? (Оттегі)

  78. Егер идеал газ қоршаған денелерге жылу мөлшерін бергенде уақыттың кез-келген мезетінде берілген жылу мөлшері Q газдың ішкі энергиясының U өзгеруіне тең болса, онда бұл процесс (изохоралық)

  79. Психрометрдің құрғақ және ылғал термометрлері бірдей температура көрсетіп тұр, олай болса, ауаның ылғалдылығын анықтаңыз (100%)

  80. Жүйедегі процесс адиабаталық деп аталады, егер жүйе... (жылудан оқшауланған болса)

  81. Адиабаталық сығылу кезінде идеал газдың температурасы қалай өзгереді? (Артады)

  82. Газдың сығылу жұмысы оның ішкі энергиясының өзгерісіне тең болып шыққан. Бұл қандай процесс? (Адиабаталық)

  83. Идеал газдың ішкі энергиясы адиабаталық ұлғаю кезінде қалай өзгереді? (Адиабаталық процесте жылу алмасу болмайды, сондықтан газдағы барлық өзгерістер ішкі энергияның есебінен болады. Адиабаталық ұлғаюда жұмыс ішкі энергия есебінен атқарылады да, ішкі энергия кемиді)

  84. Егер сыртқы күштердің газға атқарған жұмысы оның ішкі энергиясының өзгерісіне тең болса, онда идеал газды сығу қандай процесте өтеді? (Бұл жерде жылу алмасу жоқ, демек процесс – адиабаталық)

  85. Егер жүйе параметрлерінің өзгерісі қоршаған ортамен жылу алмасуынсыз жүрсе, бұл процесс қалай аталады? (Адиабаталық)

  86. Идеал газды сығу кезінде сыртқы күштердің жұмысы ішкі энергияның өзгерісіне тең болса, қандай процесс жүрген? (Адиабаталық)

  87. Егер жылудан изоляциаланған ыдыстағы газ сығылатын болса, онда газ температурасы қалай өзгереді? (Артады)

  88. Термодинамиканың бірінші заңы қандай заңға негізделген? (Энергияның сақталу заңы)

  89. Термодинамиканың бірінші заңы: (Энергияның сақталу заңының жылу құбылыстарына қолданылуын термодинамиканың бірінші бастамасы дейді)

  90. Карно циклінің ПӘК-і дегеніміз не? (Бір цикл ішінде атқарылған жұмыстың қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасы)

  91. Қандай жағдайда жылу машинасының ПӘК-і ең үлкен болады? Т1–қыздырғыштың температурасы,Т2–суытқыштың температурасы. 1 неғұрлым жоғары және Т2 неғұрлым төмен болса)

  92. Термодинамиканың екінші заңы: (жылу процесінің қайтымсыздығын және бағытын сипаттайтын заң)

  93. Термодинамиканың екінші заңының мағынасы:(барлық термодинамикалық жылу процестер жоғары температурадағы жүйеден температурасы төменге бағытталған)

  94. Термостат деп ( изотермиялық процесті іске асыру үшін зерттелетін газдың массасы өте үлкен, ал температурасы өзгеріссіз қалатын қоршаған ортамен жақсы жылулық байланыста болатын орта)

  95. Кейбір мұнай резервуарларында қабырғаның төмен жақтарын қалың етіп жасайды, себебі – (сұйықтың қысымы төменнен бастап артады)

  96. Неліктен жанып тұрған керосинді сумен сөндіруге болмайды ? (Керосин тығыздығы су тығыздығынан аз)

  97. Авогадро заңы ( бірдей температурада мен бірдей қысым кезінде газдың тең көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады)

  98. Дальтон заңы ( бу және газ қоспасының қысымы, егер химиялық өзара әрекеттесу болмаса, олардың әрқайсысының сол көлемде тудыратын қысымдарының қосындысына тең болады)



Электродинамика
I Электростатика


  1. Тепе-теңдік күйде өткізгіштің заряды қай жерде орналасады? (Өткізгіштің барлық бетінде)

  2. Фтордың атомы бір электрон қосып алса... (теріс ионға айналады)

  3. Электрон дегеніміз... (-1,610-19Кл теріс заряды бар элементар бөлшек)

  4. Электростатикалық өрістің қасиетін көрсетіңіз (уақытқа байланысты өзгеретін магнит өрісін туғызады)

  5. Аталған қасиеттердің қайсысы электр өрісіне тән? (Зарядталған бөлшектер мен денелерге күшпен әрекет етеді)

  6. Аталған қасиеттердің қайсысы электр өрісіне тән? (Қозғалмайтын электр зарядтары тудырады)

  7. Электростатикалық өрістің күш сызықтары эквипотенциал беттерге қатысты қалай орналасқан? (Олар өзара перпендикуляр)

  8. Электростатикалық өрісте өткізгіш орналасқан. Өткізгіш бетіндегі өріс күштерінің сызығы қалай орналасқан? (Өткізгіш бетіне перпендикуляр)

  9. Электр өрісінің қасиеттеріне жатпайтын тұжырымды анықтаңыз ( тогы бар өткізгішке әсер етеді)

  10. Электростатикалық өрістің екі нүктесінің потенциалдар айырмасының сан мәні қалай анықталады? (Өрістің берілген нүктелеріндегі бірлік оң зарядтың потенциалдық энергияларының айырмасымен)

  11. Электростатикалық өрістің энергиялық сипаттамасы бола алатын физикалық шама (потенциал - )

  12. Электр өрісінің кернеулік векторының бағыты: (оң зарядқа әсер ететін күшпен бағыттас)

  13. Электр өрісінде теріс зарядталған бөлшек орналасқан. Бөлшек өрісте қандай бағытта қозғалады? ( Өріске қарсы горизонталь бағытта)

  14. Егер өріс күштерінің электр зарядын кез-келген тұйық контур бойынша тасымалдау жұмысы нөлге тең екені белгілі болса, бұл қандай өріс? (Электростатикалық)

  15. Өлшегіш электрқұралдар тудыратын электр өрісінен қорғану үшін ( Жермен қосу керек)

  16. Электроскоптың өзегіне денені жақындатқанда,оның жапырақшалары төмен қарай түседі. Бұл жағдайды қалай тұжырымдауға болады? (Жерге орнықтырылған өткізгішті жақындатты)

  17. Электростатикалық өрістің кернеулік сызықтарымен эквипотенциалдық беттері өзара қалай орналасқан? (Кернеулік сызықтарымен эквипотенциалдық беттерге жанама болып келеді)

  18. Электростатикалық өрісте өткізгіш орналасқан.Өткізгіштің бетіне жуық кеңістікте күш сызықтары қалай орналасады? (Бетке перпендикуляр)

  19. Электростатикалық өрістің күш сызықтары мен эквипотенциал беттері өзара қалай орналасқан? (Күш сызықтары эквипотенциал беттерге перпендикуляр)

  20. Қандай да бір өрісте электр зарядының кез-келген траектория бойымен көшіру жұмысы нольге тең болса, бұл қандай өріс? (Эквипотенциалдық)

  21. Электр өрісінің жұмысы теріс болса, зарядталған дененің өрістегі потенциалдық энергиясы (өседі)

  22. Электростатикалық өрістің потенциалды деп аталатын себебі: (тұйықталған траекторияда электростатикалық өрістің жұмысы нольге тең)

  23. Электростатикалық өріс қасиеттерінің қайсысы оның потенциалды өріс екендігін көрсетеді? (Заряд тұйық контурмен орын ауыстырғанда істелінетін жұмыс нольге тең)

  24. Екі нүктелік зарядты диэлектрлік өтімділігі ε ортадан вакуумге көшірсе, олардың әрекеттесу күші қалай өзгереді? Зарядтардың ара қашықтығы тұрақты. (ε есе артады)

  25. Электр өрісінің берілген нүктесіндегі кернеулігінің мәні қалай анықталады? (Берілген нүктеде орналасқан бірлік оң зарядқа әрекет ететін күшпен)

  26. Электр өрісінің екі нүктесіндегі потенциалдар айырмасы қалай анықталады? (Осы нүктелерде орналасқан бірлік оң зарядтың потенциалдық энергияларының айырмасы ретінде)

  27. Нүктелік заряд өрісінің кернеулігі... (электр өрісінің көзінен сол нүктеге дейінгі ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал)

  28. Өткізгіштің сыйымдылығы неге тәуелді? (Өткізгіштің өлшемдеріне)

  29. Өткізгішке екінші бір өткізгішті жақындатсақ, оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді? (Артады)

  30. Егер зарядталып, кернеу көзінен ажыратылған конденсаторға дәл сондай, бірақ зарядталмаған конденсатор параллель жалғанса, оның астарындағы заряд қалай өзгереді? (4 есе кемиді)

  31. Егер зарядталып, кернеу көзінен ажыратылған конденсаторға дәл сондай, бірақ зарядталмаған конденсатор параллель жалғанса, оның энергиясы қалай өзгереді? (4 есе кемиді)

  32. Егер зарядталып, кернеу көзінен ажыратылған конденсаторға дәл сондай, бірақ зарядталмаған конденсатор параллель жалғанса, оның астарларының арасындағы кернеу қалай өзгереді? (2 есе кемиді)

  33. Егер кернеуін екі есе арттырса, конденсатордың энергиясы қалай өзгереді? (Энергия 4 есе артады)

  34. Егер кернеу көзіне қосылып тұрған конденсатордың пластиналарының ара қашықтығын 2 есе арттырса, оның энергиясы қалай өзгереді? (өзгеріссіз қалады, себебі конденсатор кернеу көзіне қосулы тұр)

  35. Егер зарядталып, кернеу көзінен ажыратылған конденсатордың астарларының ара қашықтығын 2 есе арттырса, оның энергиясы қалай өзгереді? (2 есе артады)

  36. Конденсатор кернеу көзіне қосылып тұр. Егер конденсатордың астарларының арасын ε=5 диэлектрикпен толтырса, оның энергиясы қалай өзгереді? (5 есе артады)

  37. Зарядталмаған конденсатордың электр сыйымдылығы бар ма? (Бар, себебі, сыйымдылық геометриялық өлшемдері мен диэлектриктің өтімділігіне байланысты)

  38. Конденсатор зарядталып, кернеу көзінен ажыратылған. Егер конденсатордың астарларының арасын ε=5 диэлектрикпен толтырса, оның энергиясы қалай өзгереді? (5 есе кемиді)

  39. Үш бірдей конденсатор батареяға алдымен өзара параллель, содан соң тізбектей қосылған. Параллель жалғанған кездегі конденсаторлардың жинақтаған энергиясы тізбектей қосқандағыдан неше есе артық? (9 есе артады)

  40. Егер конденсатордың әрбір астарындағы зарядты 2 есе арттырса, оның энергиясы қалай өзгереді? (4 есе артады)

  41. Конденсатордың энергиясы қай жерде? (Астарлар арасындағы кеңістікте)

  42. Массасы m оң зарядталған шарик жазық конденсатордың ішінде тербеледі. Кернеуліктің күш сызықтары төмен бағытталған. Өріс жоғалғанда, тербеліс периоды қалай өзгереді? (артады)

  43. Диэлектриктің поляризациялануы дегеніміз не? (Молекулалық дипольдердің сыртқы электр өрісіне қарама-қарсы бағытта ығысуы)

  44. Диэлектриктің полярлану процесі деген не? (Молекулалық дипольдердің сыртқы электр өрісінде бағдарланып орналасуы)

  45. Полярлық диэлектрикті біртекті электр өрісіне алып келгенде онда қандай құбылыс өтеді?(Дипольдардың өріс бойымен бағытталуы)

  46. Қандай күштің әсерінен полярсыз диэлектриктің молекулалары электрлік дипольға айналады ? (Электр өрісінің күші)

  47. Полюсті диэлектриктерді сыртқы біртекті электростатикалық өріске енгізгенде қандай құбылыс байқалады? (Молекулалық дипольдердің өріс бойымен бағдарлануы)

  48. Зарядталған электрометрдің кондукторына шыны пластинаны жақындатқанда оның көрсетуінің өзгеру себебі (шыны кондуктор өрісінде поляризацияланады)