Файл: 711сыныптар механика молекулалы физика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 150

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



II Тұрақты электр тогы


  1. Электр тогы деген не? (Электр зарядтарының бағытталған қозғалысы)

  2. Тізбекте тұрақты электр тогы жүріп тұру үшін қажетті емес шартты көрсетіңіз (Тізбекте конденсатордың болуы, электр тізбегінде индуктивтілік катушкасының болуы)

  3. Вакуумде электр тогы жүргенде тасымалданатын зарядтың ең кем абсолют шамасы қандай? (е=1,6·10-19 Кл )

  4. Вакуум арқылы ток өткізгенде, электр тогының қандай әрекеті байқалады? ( Магниттік әрекет қана байқалады)

  5. Бос электрондардың концентрациясы металдың беткі қабатында көп бола ма әлде оның ішінде көп бола ма? (Металл ішіне қарағанда металдың беткі қабатында еркін электрондардың концентрациясы аз)

  6. Металл өткізгіштердегі бос электрондар мен еркін атомдар қандай қатынаста болады? (Өткізгіштің электрондар саны атомдар санына тең)

  7. Егер металл өткізгіштегі электрондардың концентрациясын 3 есе арттырса, олардың реттелген орын ауыстыруының жылдамдығы (3 есе кемиді)

  8. Металдардағы электр тоғы дегеніміз-...бағытталған қозғалысы. (электрондардың)

  9. Ток күші дегеніміз- (өткізгіштің көлденең қимасы арқылы Δt уақыт аралығында өтетін Δq зарядтың сол уақытқа қатынасы)

  10. Ток күшін өлшейтін аспапты көрсетіңіз. (Амперметр)

  11. Кернеуді өлшейтін аспапты көрсетіңіз. (Вольтметр)

  12. Электролиттердегі электр тоғы дегеніміз ... («+» және «-» иондар ағыны)

  13. Электролит ерітіндісі арқылы ток жүргенде электр тогында байқалатын әсерлер ( жылулық, химиялық және магниттік)

  14. Электрохимиялық эквивалент қандай бірлікпен өлшенеді? (кг/Кл)

  15. Электролит арқылы Δt уақыт аралығында кернеу U болған жағдайдағы өтетін ток күші I. Электродта бөлінетін зат массасы m-ді анықтау үшін білуге қажетті шамалар (тек қана I мен Δt)

  16. Электр тогы өткізгіштердің төрт типі:1)металдар; 2)жартылай өткізгіштер; 3)электролит ерітінділері;4)плазма берілген. Ток жүрген кездегі зат тасымалы болмайтын өткізгіштерді анықтаңыз (жауабы: 1 және 2)

  17. Газдарда иондаушы ретінде қолданылады (жоғары температура, рентген, ультракүлгін сәулелер, α- сәулелер т.б)

  18. Газдағы разряд қандай жарықтың көзі болып табылады? (Электролюминесценция)

  19. Қалыпты атмосфералық қысым кезінде пайда болатын газдың разрядтық түрі: ( тәж разряд, ұшқын разряд және электр доғасы)

  20. Газдағы ток Ом заңына бағына ма? (Кернеудің аз мәндерінде)

  21. Газдағы токты арттыру үшін не істеу керек? (Иондауыштың интенсивтігін (қарқындылығын) көтеру керек)

  22. Газдағы мәні кернеуге тәуелсіз болатын ток... (қанығу тогы деп аталады)

  23. Газдағы токтың химиялық әрекеті бола ма? ( болмайды)

  24. Газдардағы токқа Фарадей заңы қолданыла ма? (Қолданылмайды)

  25. Ом заңы доғалық разрядқа қолданыла ма? (Қолданылмайды)

  26. Плазма деген не? (Атомдарының не молекулаларының басым көпшілігі иондалған газ )

  27. Плазма деп ... (заттың оң және теріс зарядтарының мөлшері өзара тең, бірақ электрлік бейтарап күйін айтады)

  28. Төменде келтірілген заттардың қайсылары үшін Ом заңы орындалады:


  1. Металдар;

  2. Вакуум;

  3. Газдар; (Жауабы: тек қана 1)

  1. Электролит ерітіндісі арқылы ток өткізгенде электр тогының қандай әрекеті байқалады? (Қызу, химиялық және магниттік әрекеттер байқалады)

  2. Температураны төмендеткен кезде металдар мен жартылай өткізгіштердің электрлік кедергілері (Металдарда кемиді, жартылай өткізгіштерде артады)

  3. Сым бөлігін дәл екіге бөліп, шыққан бөліктерді өзара параллель жалғаған. Сымның кедергісі қалай өзгерген? (4 есе кеміген)

  4. Электр пешінің қыздырғышы күйіп кеткеннен кейін, қайта жалғаған кезде біраз қысқарып қалған. Берілген уақытта пештен бөлінетін жылу мөлшерінің шамасы қалай өзгереді? (Кедергі азаяды демек жылу мөлшері артады)

  5. Электр желісіне қосылған электр шамының ширатылымы арқылы кернеулері бірдей болатын тұрақты ток, сосын айнымалы ток жібереді. Қай жағдайда жылу көбірек бөлінеді? (Бірінші жағдайда 2 есе артады)

  6. Электр тогын берген кезде пәтердің электр желісін өшіретін автоматтар қалай қосылады? (Тізбектей)

  7. Бөлмеде үш қыздыру шамы бар люстра, телевизор және үтік электр тізбегіне жалғанған . Олар бір-біріне қатысты қалай жалғанған? (Бәрі параллель)

  8. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі қандай? (Ом·м)

  9. Асқын өткізгіштік қасиетке ие болмайтын заттар ( мыс, күміс, алтын, платина, натрий, калий, темір, никель)

  10. Өте әлсіз магнит өрісі заттың асқынөткізгіштік қасиетін жоятын температура (Кризистік температура)

  11. Асқынөткізгіштік ток ол қандай ток? ( Беттік ток)

  12. Келтірілген шарттардың қайсысына кедергі тәуелді?(Өткізгіштің геометриялық өлшемдері мен материалынан)

  13. Электр тізбегіне қосылған электр шамының қыздырғышынан кернеулері бірдей тұрақты және айнымалы токты кезекпен өткізеді. Қай жағдайда жылу көп бөлінеді? (Жылу мөлшері бірдей)

  14. Өткізгіштер тізбектей жалғанған кезде олардың барлығында бірдей болатын шама: (Ток күші I)

  15. Өткізгіштерді параллель қосқанда олардың барлығында бірдей болатын шама: (кернеу U)

  16. Электродтар дегеніміз - ... (Зарядталған металл денелер)

  17. Қандай бөлшектер газдардағы электр тогының тасымалдаушылары болады? (Оң, теріс иондар және электрондар)

  18. Қалыпты атмосфералық қысым кезінде пайда болатын газдың разрядтық түрі (тек қана ұшқын разряд)

  19. Термоэлектрондық эмиссия деген не? (Катодты жоғары температураға дейін қыздырғанда электрондардың жұлынып шығуы)

  20. Термоэлектрондық эмиссия деген не? (Металдардың қызған бетінен электрондардың шығуы)

  21. Катодтық сәуле дегеніміз – катодтан анодқа қарай үлкен жылдамдықпен ұшатын ... ағыны (электрондар)



Электр және магнетизм
I Магнит өрісі. Электромагниттік индукция


  1. Катушкадан тұрақты магнит таяқшаны суырып шығарғанда, онда электр тогы пайда болады. Бұл құбылыстың атауы (электромагниттік индукция)

  2. Өзінің магнит өрісі арқылы индукциялық ток... ( өзін туғызған магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер етеді)

  3. 1820 жылы тогы бар өткізгіштің магнит тілшесіне тигізетін әсерін байқаған ғалым – (Х.Эрстед)

  4. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы магнит өрісі үшін дұрыс емес? (Магнит өрісі тыныштықтағы зарядтарға әрекеті бойынша анықталады)

  5. Магнит өрісінің күш сызықтарының дұрыс анықтамасын көрсетіңіз (әр нүктедегі жанаманың бағыты сол нүктедегі индукция векторымен бағыттас болатын сызық)

  6. Тұрақты магнит өрісінің күш сызықтарының дұрыс анықтамасын көрсетіңіз (магниттің солтүстік және оңтүстік полюстерін қосатын сызық)

  7. Өрістің магниттік күш сызықтарының бағыты (магнит тілшенің солтүстік полюсінің бағыты)

  8. Магнит өрісінің күш сызықтары... (Тұйықталған)

  9. Токтар жүйесінің тудыратын магнит өрісінің индукциясы... (Әр токтың магнит өрісінің индукциясының геометриялық қосындысына тең)

  10. Магнит ағынының өлшем бірлігі қандай? (Вб)

  11. Индуктивтіліктің өлшем бірлігі қандай? (Гн)

  12. Ленц ережесі: (Индукциялық ток өз өрісімен өзін тудырушы себептерге қарсы әрекет ететіндей болып бағытталған)

  13. Массасы m зарядталған бөлшек біртекті магнит өрісіне перпендикуляр υ жылдамдықпен қозғалады. Бөлшектің массасын 2 есе арттырса, оның қозғалыс траекториясының радиусы қалай өзгереді? (2 есе артады)

  14. Зарядталған бөлшек υ жылдамдықпен индукциясы В біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр қозғалады. Егер өрістің индукциясын 2 есе арттырса, бөлшектің қозғалыс траекториясының радиусы қалай өзгереді? (2 есе кемиді)

  15. Егер зарядталған бөлшектің бастапқы жылдамдығының біртекті магнит өрісінің индукция сызығымен жасайтын бұрышы α≠900,00,1800 болса, ол бөлшек қандай траекториямен қозғалады? (Бұранда сызық бойымен)

  16. Егер біртекті магнит өрісінде қозғалып жүрген зарядталған бөлшектің жылдамдық векторы мен индукция векторының арасындағы бұрыш 900 болса, оның жылдамдығы қалай өзгереді? (Жылдамдықтың тек бағыты өзгереді)

  17. Кеңістікте айқасқан біртекті электр және магнит өрістері бар. Олар электр өрісінің кернеулік векторына қарама-қарсы ұшып кірген электронның жылдамдығына қалай әсер етеді? (Электр өрісінің күші әрекетінен жылдамдықтың шамасы өзгереді, ал магнит өрісі оның бағытын өзгертеді)

  18. Отырған оқушының жанынан мұғалім зарядталған шар алып өтеді. Қайсы бақылаушы қандай өрістерді бақылай алады? (Оқушы электр және магнит өрістерін, ал мұғалім тек электр өрісін бақылайды)

  19. Тегіс стол бетінде жатқан, қатаңдығы аз, иілгіш сымнан жасалған ұзын катушкадан ток жібергенде, бақыланатын құбылысты анықтаңыз.Жердің магнит өрісін ескермеуге болады (катушка сығылады)

  20. Қозғалыстағы электрондар шоғырының төңірегінде магнит өрісі пайда болады, оны сол маңда орналасқан магнит тілшесінің ауытқуы бойынша байқауға болады. Ал егер магнит тілшесі электрондардың қозғалыс бағытында олардың жылдамдығымен бірдей жылдамдықпен қозғалса, не байқар едік?(Магнит тілшесі электрондармен бірдей жылдамдықпен қозғалған кезде зарядтар магнит тілшесіне қатысты тыныштықта, демек, олардың магнит өрісі болмайды, магнит тілшесі қозғалмайды)

  21. Магнит өрісінде орналасқан Вильсон камерасында қандай күш қозғалыстағы зарядталған бөлшектің траекториясын қисайтады? (Лоренц күші)

  22. Циклотронда қозғалатын зарядталған бөлшектің энергиясын 4 есе арттырса, оның қозғалыс траекториясының радиусы қалай өзгереді? (2 есе артады)

  23. Электрон горизонталь «Оңтүстік-Солтүстік» бағытында қозғалып келіп, вертикаль жоғары бағытталған біртекті магнит өрісіне енеді. Осы кезде Лоренц күші электронды ... (батысқа қарай ауытқытады)

  24. Позитрон «Оңтүстік-Солтүстік» бағытында горизонталь қозғалып келіп, вертикаль жоғары бағытталған біртекті магнит өрісіне енеді. Осы кезде Лоренц күші позитронды ... ауытқытады (шығысқа)

  25. Заряды q бөлшек магнит индукциясы векторы біртекті тұрақты магнит өрісіне жылдамдық векторы мен күш сызықтарына перпендикуляр ұшып кіреді. Осы кезде Лоренц күші ... (нөлге тең)

  26. Біртекті магнит өрісінде қозғалатын электронға әсер етуші күштің жұмысы: (нөлге тең, өйткені электронға әсер ететін күш бағыты үнемі оның қозғалыс бағытына перпендикуляр)

  27. Дұрыс емес тұжырымды анықтаңыз.Лоренц күші бөлшектің жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан... (ол оң жұмыс атқарады)

  28. Егер зарядталған бөлшектің бастапқы жылдамдығы магнит индукциясы сызықтарына перпендикуляр болса, бөлшек магнит өрісінде қалай қозғалады? (Шеңбер бойымен)

  29. Магнит индукциясы қандай бірлікпен өлшенеді? (Тл)

  30. Магнит өрісінің индукция сызықтарының дұрыс анықтамасын көрсетіңіз. (Әрбір нүктесіндегі жанамасы индукция векторының бағытымен сәйкес келетін сызық)

  31. Кюри температурасы дегеніміз ... (Заттың ферромагниттік қасиеттері жойылатын температура)

  32. Денелердің (ферромагнетиктердің) магниттік қасиеттері қалай түсіндіріледі? (Атомдар деңгейінде токтардың болуымен)

  33. Тұрақты магнит металл сақина ішінен оңтүстік полюсі жағымен суырылып алынады. Сақина магнитке тартыла ма, әлде одан тебіле ме? Егер суырылып алынатын магнит жақтан қарасақ, сақинадағы индукциялық токтың бағыты қандай? (Тартылады. Сағат тілінің бағытына қарсы)

  34. Тогы бар катушканың ішіне темір өзекше енгізсе, оның ішіндегі өрістің магнит индукциясы қалай өзгереді? (Елеулі түрде артады)

  35. Тогы бар катушканың энергиясы қай жерінде орналасқан? (Катушканың ішіндегі кеңістікте)

  36. Төрт бірдей катушка тұрақты токтың электр тізбегіне тізбектей қосылған. Бірінші катушкада өзекше жоқ, екіншіде-темір, үшіншіде-алюминий, төртіншіде мыс өзекше бар. Қай катушкада магнит ағыны ең аз? (Алюминий-парамагнетик, мыc-диамагнетик) (4-катушкада)

  37. Төрт бірдей катушка тұрақты ток электр тізбектей қосылған. Бірінші катушкада өзекше жоқ, екіншісінде-темір, үшіншісінде-алюминий, төртіншісінде мыс өзекше бар. Қайсы катушкада магнит ағыны ең үлкен? (Алюминий – парамагнетик, мыс-диамагнетик) (2)

  38. Тұрақты ток генераторының роторы біртекті магнит өрісінде тұрақты жиілікпен айналады. Егер ротор орамасындағы орамдар санын 2 есе арттырса, индукциялық ЭҚК-тің амплитудасы қалай өзгереді? (2 есе артады)

  39. Ферромагнетикте магнит өрісінің түзілуі (электрондардың «өзінің айналуы» салдарынан)

  40. Магнит өрісінде еркінше орныққан тілшенің магнит индукциясы векторының бағытына сәйкес келетін бағыты: (S оңтүстік полюсынан N солтүстік полюсына қарайғы бағыт)

  41. Ток өткен өткізгіштердің өзара әсерін, яғни қозғалыстағы электр зарядтарының арасындағы өзара әсерлерді ата: (магниттік өзара әсерлер)

  42. Ампер гипотезасы: (дененің магниттік қасиеті оның ішімен шыр айнала қозғалатын ток арқылы түсіндіріледі)

  43. Ампер күшінің бағытын анықтауға болады (сол қол ережесі бойынша)

  44. Катод сәулелерінің қайсысы магнит өрісінде үлкен бұрышқа ауытқиды:жылдам әлде баяу сәулелер? (Жылдам сәулелер аз бұрышқа бұрылады)




Әр түрлі ортадағы электр тогы
I Жартылай өткізгіштертердегі электр тогы


  1. Жартылай өткізгіштерде ток тасымалдайтын: (электрондар мен кемтіктер)

  2. Жартылай өткізгіштерде,өткізгішті электрондар мен кемтіктердің қозғалысынан пайда болады. Кемтік деген не? (Электрон жетіспейтін бос орын)

  3. Жартылай өткізгішті қыздырғанда оның кедергісі қалай өзгереді? (Азаяды)

  4. Жартылай өткізгіштің кедергісі неге тәуелді? (Жарықтандыруға,температураға және қоспаның түрлеріне)

  5. Жартылай өткізгішке жарық түсіргенде токтың артуын қалай түсіндіруге болады? (Заряд тасымалдаушыларының шоғырының артуымен)

  6. Температура артқанда жартылай өткізгіштің кедергісі ... (кемиді)

  7. Жартылай өткізгішті қыздырғанда, оның кедергісі қалай өзгереді? (Кемиді)

  8. Қоспасыз таза жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі: (кемтіктік және электрондық)

  9. Меншікті (қоспасыз таза) жартылай өткізгіште n электрондар шоғыры мен р кемтіктер шоғырының арасында қандай қатынас бар? (n=p)

  10. Қоспасыз таза жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі қандай? (Меншікті)

  11. Қоспасы жоқ жартылай өткізгіш материалдардың өткізгіштігі қандай типті болады?( Бірдей мөлшерде электрондық та, кемтіктік те)

  12. Жартылай өткізгіштердегі кемтіктер мен электрондар концентрациясының өздік өткізгіштердегі теңдігіне қарамастан, электрондық токтың кемтіктік токтан артық болатыны неліктен? (Электрондар қозғалысы кемтіктер қозғалысынан көп)

  13. Негізгі заряд тасымалдаушылары электрон болатын жартылай өткізгіштердің қысқаша аталуы: (n-типті жартылай өткізгіш)

  14. Германийге аздаған мөлшерде мышъяк қосылғанда пайда болатын жартылай өткізгіш (п -типті)

  15. n-типті германий кристалында p-n ауысу алу үшін қандай элементтің атомын қоспа ретінде пайдалану керек? (Индий, 3 топ)

  16. n- типті жартылай өткізгіште қандай заряд тасымалдаушылары негізгі емес? (Кемтіктер)

  17. р- типті жартылай өткізгіштерде қандай заряд тасымалдаушылары негізгі болып табылады? (Кемтіктер)

  18. Жартылай өткізгіште акцепторлық қоспа болғанда ... саны артады. (кемтіктер)

  19. Алаған (акцепторлық) қоспасы бар жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі (Кемтік.)

  20. Кемтіктік жартылай өткізгіш алу үшін германий немесе кремнийге (Менделеев кестесіндегі 4 топ элементтері) қандай элементтің атомдарын қоспа ретінде пайдалану керек? (3 топ элементінің)

  21. Алаған (акцепторлық) қоспасы бар жартылай өткізгіштер үшін қате тұжырым (Қоспа ретінде (кремнийге) бес валентті мышъяк қолданылады)

  22. Жартылай өткізгішке қандай қоспа қосылғанда кемтіктік өткізгішке ие болады? (Егер 4 валентті элементке 3 валенттің қоспасын еңгізсе)

  23. Жартылай өткізгіште донорлық қоспа болғанда ... саны артады. (еркін электрондар)

  24. Береген (донорлық) қоспалары бар жартылай өткізгіштер үшін қате тұжырым (қоспа ретінде (кремнийге) III валентті индий атомдары қолданылады)

  25. Электрондық жартылай өткізгіш алу үшін германий немесе кремнийге (Менделеев кестесіндегі 4 топ элементтері) қандай элементтің атомдарын қоспа ретінде пайдалану керек? (5 топ элементінің)

  26. р-п ауысуының негізгі қасиеті (біржақты өткізгіш)

  27. р-п ауысуын алу үшін п-типті германий кристалына қай элементтің атомын қосу керек? (Индий,III-топ)

  28. Кері (жабық) бағытта қосылған p-n ауысудан ток негізінен қандай бөлшектер арқылы тасымалданады? (n –аймақтағы кемтіктермен және р- аймақтағы электрондармен)

  29. Детекторлы радиоқабылдағыштағы детектордың міндетін атқарушы (жартылай өткізгішті диод)

  30. Жартылай өткізгішті диодтың кемшілігі (параметрлерінің температураға тәуелділігі)

  31. Жартылай өткізгішті диодтың негізгі міндеті қандай? (Айнымалы электр тогын түзету)

  32. Температураны төмендеткен кезде металдар мен жартылай өткізгіштердің электрлік кедергілері (металдарда кемиді, жартылай өткізгіштерде артады)

  33. Транзистордың міндеті қандай? (Электр сигналдарын күшейту)

  34. Транзистордың құрамы: (Эмиттер,база,коллектор)

  35. Транзисторлы генератордың тербелмелі контурында қандай тербеліс пайда болады? (Жоғары жиілікті еріксіз тербелістер)

  36. Транзисторда неше электрод бар? (3)

  37. Транзисторлы генераторда «клапан» қызметін атқаратын (Транзистор)

  38. Транзисторда қанша р-п ауысу бар? (Екі)

  39. Транзисторда екі p-n ауысу қалай қосылады (ең қарапайым ортақ базамен қосылу схемасында)? (Бірінші p-n ауысу тура бағытта, ал екіншісі-кері бағытта)