Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 274
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ал дәл осы орайдағы мәселені А.Байтұрсынов пен бірқатар Алашорда көсемдері басқаша пайымдады. Мәселен, А.Байтұрсынов өзінің РКФСР Халық Комиссариатының Ұлттар ісі жөніндегі органы «Жизнь национальностей» басылымында жарияланған (1919 жыл, 3 тамыз) «Революция және қазақтар» деген мақаласында: «Қырғыздарға (қазақтарға. – авт.) Ақпан революциясы қандай түсінікті болған болса, оларға Қазан революциясы соншалықты түсініксіз болып көрінді... Олар алғашқы революцияны қандай куанышпен қарсы алған болса, екіншісін сондайлық үрейлі қорқынышпен карсы алуларына тура келді», – деп жазды. Мұны ол Ақпан революциясы қазақтарды «патша үкіметінің езгісі мен зорлық–зомбылығынан азат етті, – деп түсіндіреді, – және олардың өздерін дербес баскару жөніндегі қасиетті арманын жүзеге асыруға деген үміттерін орнықтырды. Ал екінші революцияның қазаққа түсініксіз болатын себебі бар. Өйткені қазақта капитализм де, таптық жіктеліс те жоқ еді, тіпті оларда меншіктің өзі де басқа халықтардағыдай айқын анықталмаған, көптеген тұтыну бұйымдары қоғамдық меншік болып саналады.
Бірақ мұндай пікірлер мен көзқарастар марксистік идеалогияға сәйкес емес еді. 20-30–жылдар мақалаларының ғылыми деңгейі төмен болатын. Көпшілігі Қазақстанның жекелеген, жергілікті аудандарына немесе Азамат соғысы мен Кеңес өкіметінің қазақ жерінде орнығу үрдісінің жекелеген оқиғаларына ғана арналды. Деректер корпусының әлсіздігіне байланысты, фактілердін бүкіл жиынтығын есепке алынбай, асығыс жасалған қорытындылар ғылыми шындықтан тым алшақ еді.
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы–Садыр болысында 1900 жылы Верный ерлер гимназиясын, 1906 жылы император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтын бітірген.
М.Тынышбаев Жетісу темір жолын жобалау ісіне қатысады. 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады. Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал–губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907–1914 жылдар аралығында Әмудария үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) – Әндіжан
теміржол құрылысына жетекші маман, бас инженер есебінде қатысады.1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс – Әулие атаучаскесінің басшысы және бас инженері болып қызмет атқарды.
М.Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты – 1916–1917 жылдар. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол «Қазақ» тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді. 1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссары етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Бірінші жалпы қазақ съезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де оның жұмысына белсене ат салысты. 1921–1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер–су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. Ал, 1925–1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан–Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды.
1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени–ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі – Түркістан–Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу–Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
М.Тынышпаев қазақ халқының рухани өміріне де белсенді араласқан қайраткер. Өз ұлтының алдыңғы қатарлы елдің қатарында болуы үшін бар күш–жігерін аямады. XX ғасырдың басында Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегінде топтасқан ұлт зиялыларымен араласып–хабарласып тұрады. Газет бетінде оның «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т.б. мақалалары жарық көреді. Ел тарихының қилы кезеңдерiн ғылыми тұрғыдан негiздейтiн, дерек көздерi бай, туған халқының тарихының күрделi тұстарын айқындайтын iргелi еңбектер жазды.
Fылыми еңбектерi арасында оның қазақ халқының рулық және тайпалық құрамын, тарихи бастауларын зерттеуге берiк негiздер жасайтын туындылары – “Қырғыз–қазақ руларының шежiресi”, “Қырғыз–қазақтардың шығу тегi”, “Қазақ хандығының құрылуы”, “Қырғыз–қазақтар ХҮІІ–ХҮІІІ ғасырларда” және т.б. маңызы зор. Кәсiби мамандығы басқаша бола тұра өз еңбектерiн сан алуан жазба, заттай деректердi, орта ғасырлық авторлардың шығармаларын, өзiне дейiнгi бүкiл тарихи әдебиеттердi және халқымыздың бай ауыз әдебиетiн деректiк тұрғыдан жан–жақты талдап, орынды пайдалана бiлетiндiгi, деректердi сыни көзқараспен қарап, салыстыра бiлетiндiгi, тарихшылардың бүгiнгi ұрпағын қайран қалдырады. Қазақтардың тарихы туралы негiзiнен отарлық көзқарас тұрғысынан бiржақты жазылған еңбектер басым кезде, халқының тарихи тамыры тереңде, оның шежiресiнен бастау алатындығын, қазақтардың құрама емес негiзi бiр екендiгiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, Отанды, туған жердi сүюдiң, қадiрлеп–қастерлеудiң үлгiсiн осылай да көрсете бiлдi. Қазақ халқының бiртұтас тарихын жазып шыққан М.Тынышбаев қана десе қателеспеспiз. Ғалымның, халқымыздың жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жолындағы күресiне арналған “Ақтабан шұбырынды” деп аталатын көлемдi еңбегiнiң де зор тағылымдық, елдiк маңызын да айтпай кетуге болмайды. Бұл еңбектер бүгiнгi күнi егемендi елiмiздiң өткенiн зерттеу iсiне үлкен қызмет көрсетiп, қайта жазылып жатқан тарихымыздың мүддесiне жарауда.
Саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;Күрделі кезеңде түрлі саяси–мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап–таразылауға болады. Біріншіден, маман–теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды. Екіншіден, публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенеуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн–жобасын көрсетті. Үшіншіден, тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
Санжар Асфендияров – 1889 жылы Ташкент қаласында орыс әскерінің генерал–майор отбасында дүниеге келген. Ол атақты Әбілхайыр ханның ұрпағы. Әкесі Жаппар Түркістан генерал губернатры кеңсесінде аудармашы қызметін атқарған. Ташкент реалды училищесін бітіргеннен кейін Петербург әскери–медицина академиясына түседі. Оны бітіргеннен соң 1912 жылы 23 жастағы жас офицер Кронштадқа әскери қызметке жолдама алады.
Академияда оқып жүрген кезде Санжар Смольныйдағы «Бестужев курсында оқып жүрген алты қазақ қыздарының ішіндеі ең көрікті Рабиға есімді қызбен көңіл қосады. Рабиға архитектура, түркология және заң ғылымдарымен айналысты. Оның әкесі де сол замандағы оқыған қазақтың бірі еді, Москва қаласында өзінің заңгерлік конторасы болып 1916 жылғы ұлт–азаттық қозғалысқа қатынасып, істі болған қазақтарды қорғаумен айналысқан.
Әскер қатарында жүріп ол бірінші дүнежүзілік соғысқа қатынасады. 1915 жылы Польша жерінде немістерге тұтқынға түседі, одан тек 1917 жылы ғана босайды. Полковник шеніне дейін өскен С.Асфендияров революциядан кейін Қызыл әскерлер қатарына қосылады. Ақпан революциясынан кейін ол Термездегі Бұхарада Кеңес қызметтеріне араласады. Ташкент обылыстық, округтік жұмысшы және солдат депутатарының кеңесі мүшесі болып сайланады. Ташкентте Бірінші мұсылман жұмысшыларының Кеңесін ұйымдастыруға ат салысты.
1917 ж. Бұхара, Ташкент Кеңесінің құрамында болған. 1919–1920 жж. Түркістан КСР Халықтық ДС комиссары, 1920 ж. Түркістан жер–су шаруашылығы комиссары, 1921–1924 жж. Түркістан Орталық Комитетінің мүшесі, 1923–1924 жж. Түркістан Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарған.
Санжар Жапарұлы өз халқының мүддесін көздеген нағыз патриот еді. Партия–кеңес аппаратына мұндай адамдарды ұстау қауіпті екендігін түсінген Орталық басшылары оны шеттете бастайды. Сөйтіп ол ғылым және ағарту саласына ауысуына мәжбүр болады. 1927–1928 жылдары ол Н. Нариманов атындағы Шығыстану институтының басшысы, 1928–1931 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, 1930 жылы Қазақ АКСР Өлкетану бюро орталығының төрағасы, 1931–1933 жылдары Қазақ медициналық университетінің ректоры, 1933–1937 жылдары Қазақ ғылыми–зерттеу институтының Тарих секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
С.Ж Асфендияровтың білім және ғылым саласына қосқан үлесі орасан зор. Бүгінгі еліміздің жоғарғы қара шаңырағы санатындағы Абай атындағы ҚазҰПУ–нің 1928 жылы есігін айқара ашты. Оқу орнының ашылуында С.Ж. Асфендияровтың ұйымдастырушылық қызметі айрықша болғанын ұмытпағанымыз абзал. 1930 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің ұйымдастырушысы, оның ректоры міндетін қоса атқарды.
С.Ж. Асфендияров кең ауқымды білімі мен тарихи–әдістемелік зерттеулерін ұштастыра отырып келесі еңбектерін жазды: ”История Ка
захстана с древнейших времен”. ”Прошлое Казахстана в источниках и материалах”, «Национально–освободительное восстание 1916года в Казахстане» монография. 1935–1936 жылдары ол профессор П.А. Кунтемен бірлесіп «Прошлое Казахстана» атты екі томдық деректер жинағын жарыққа шығарды. Орта мектепке арналған «Қазақстан тарихының очерктері» жарық көрді.
Өз шығармаларында Қазақ жеріне орыс отаршыларының жасаған зорлық–зомбылығына кеңінен тоқталады. «Сауда капиталы Қазақстанға патша үкіметіне бағынудан бұрын кіре бастады. Бұл Орта Азия капиталы еді» деп атап көрсеткен болатын. Сол сияқты ол батыс және солтүстік Қазақстанда татар сауда капиталының ролінің зор болғандығын, кейінірек Ресей капиталы өзбек, татар капиталдарын бағындырып, оларды өзінің агенті етіп алды деген тұжырым жасады.
Қазақстанда сауда қатынастарының дамуына байланысты тұжырымдар жасап, өзінің пікірін көптеген архивтік деректер арқылы дәлелдейді. ХІХ ғасырдағы сауда қатынастарының ерекшелігі ретінде С.Ж. Асфендияров «Қырдағы сауда капиталының агенттері қазақтың шала феодалдық байлары бола бастады. Онан соң оларға делдал (алыпсатар С.А.) сияқты ұсақ саудагерлер келіп қосылды. Қазақ бұқарасы сауда капиталына кіріптар болды. Отарлау жолымен шикізаттарды елден сығып алу қазақ еңбекшілерін қанауға салды» деп жазған болатын.
Профессор Ресей қазаққа тонау мен қанаудан басқа ештеңе берген жоқ. Сондықтан орыс отарлауын прогрессивті құбылыс деп санауға болмайды деп ойын түйіндеді. Орыс отарлауының негізгі сипаты оның Қазақстанға қара шекпенді шаруларды тоғытуы. Ғалымның негізгі концепцисы Қазақстан Ресейге өз еркімен бағынған жоқ, оны олар жаулап алды. Сөйтіп ол қазақ тарихын тәуелсіз және тәуелді деп екі кезеңге бөледі.
Оның география саласына қосқан үлесі де зор. Ұлы географияық ашылулар кезінде басқа әлеммен байлыныссыз болған Орта Азия жерлерінің Атлант мұхитына шығатын құрлық жолдарының ашылуына өз үлесін қосты. Географиялық зерттеулерді оқып біле отырып көшпенділер отырықшылыққа көшпейінше, басқа мемлекеттерге тәуелді болатындығын айтып кеткен болатын.
1937 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы қалалық партия комитетінің бюросы оны «ұлтшыл контрреволюционер» деп тауып партия қатарынан шығарды. Кеше ғана ұстазының еңбектерін іздеп жүріп оқитын шәкірттері М.Ақынжанов, С.Әбішев, К.Әбдірахманов, И.Сариев, З.Бұлақбаев, М.Мұхаметжановтар 1937 жылғы 29 қыркүйекте «