Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 270
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Казахстанкая правда» газетіне «Японский шпион в роли историка» деген мақала жазады. Бұл мақалада олар профессор С.Асфендияровты қаралайды. Онда оны ұлтшыл, пантюркист деп кіналайды. Тіпті мақалада "фашистский наймит Асфендияров свою контрреволюционную пачкотню черпает из фашистских источников" деген сөздер де бар. 1937 жылы С.Ж Асфендияров атылып кетті.
1989 жылы Қазақ ССР министрлер кеңесі С.Ж Асфендияровтың мемлекеттің, қоғамның, педогогика және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесін ескере отырып оның ақталып шығуына атсалысып, өзі негізін қалаған Алматы мемлекеттік медицина университетіне атын беруді ұйғарды. Сонымен қатар, ұлы қоғам қайраткерінің құрметіне ескерткіш тас қойылды.
Қазақ тарихының кейбір күрделі мәселерін зерттеуге сол кездегі билік басында жүрген қазақ зиялылары да ат салысты. Мысалы Ғаббас Тоғжановтоқталады. Қазақ феодализміндегі рулық қатынастарды талдай келіп ол патша үкіметінің орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару саясатының кері әсерін әшкерелейді.
Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, мемлекеттік қайраткер Бақытжан Қаратаев «Обзор материалов из истории колонизации казахского края в 1869 году и в начале 1870–х годах» деп аталатын еңбегінде Батыс Қазақстанда ХІХ ғасырдың 60–70 жылдарындағы оқиғаларға терең талдау жасайды. Б.Қаратаев архив материалдары негізінде және «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы Ережеге» сүйене отырып, Батыс Қазақстандағы осы кезеңде қалыптасқан аграрлық, өндірістік, сауда қатынастары мен қазақтардың саяси құрылысын олық суреттейді. Б.Қаратаев Н.А.Середа және Юрко сияқты авторлардың пікірін салыстыра отырып, патша үкіметінің саясатын әшкерелеп, Уақытша Ереженің отарлық мәнін ашып көрсетеді. Б.Қаратаев осы еңбегінде қазақ даласында сауданың даму деңгейі өте төмен болды деген тұжырым жасай отырып, қазақтардың алғашқыда орыс жерінде ашылған жәрмеңкелерде өз малдарын және мал өнімдерін орыс, хиуа, бұхар товарларына алмастырып, көрші елдердің саудагерлерінің қатаң қанауына душар болғанын, қазақтардың ақша жинау, өсімқорлықпен айналысу туралы түсінігінің болмағанына назар аударады. Сөйтіп автор орыс капиталының отаршылық сипатын дәлелдеген болатын.
Ішкі Бөкей Ордасында сауда ісінің даму мәселесін 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін алғашқылардың бірі болып
Сейітқали Меңдешев өзінің «Бөкей қазақтарының 1916 жылғы көтерілісі» деген көлемді мақаласында көтерген болатын. Осы мақалада Бөкей және Жәңгір хандар тұсында Ішкі Бөкей Ордасында сауда қатынастарының дамуына өз ықпалын тигізген жағдайларға тоқталып, Хан ордасы, Жаңа қала, Талөкпе, Азғыр сияқты поселкелердің Ресейге жақын болғандығы Ішкі Бөкей Ордасында сауда қатынастарының дамуына зор әсерін тигізді деген тұжырым жасайды. Қазақтардың алғаш сауда ісімен айналысуы туралы мәліметтер бере отырып, С.Меңдешев қазақтар әуелі орыс пен татар саудагерлеріне тері–терсек, жүн–жұрқа жинап беруші, солардың саудасын елге таратушы агент болып істегендіктерін атап көрсеткен болатын. Қазақтардың ішінде жаңа әлеуметтік топтың пайда болуына байланысты автор: «Қазақтар одан соң сауданы өз ақшасымен жасай бастады. Бұлардың ісі көбіне араға жүру (делдал) болды. Байлар да сауда істеді, үлкен алушыларға көп–көптен мал және мал шаруашылығының өнімдерін жеткізіп тұрды», – деп жазды. (Мендешев С. Бөкей қазақтарының 1916 жылғы көтерілісі. // Екпінді құрылыс. 15 маусым. 1936 ж. 50).
Қазақ тарихын зерттеуге ат салысқан халқымыздың зиялы тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931). Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық–саяси және әлеуметтік сыр–сипатын зерделеуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді көрсетуде, ол Абай бағытын ұстанды. Жасында ауыл молдасынан білім алды. Шәкәрімнің негізгі шығармалары «Үш анық»,«Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі». Осы еңбектері оны философ, тарихшы, ойшыл ретінде елге танылуына себепкер болды. Олардың жазылуына Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімге ол қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме – аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады.
Мәшһүр–Жүсіп Көпейұлы (1858–1931) қазақтың ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Ол араб және парсы тілдерін жетік білген. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, бүгінгі күнге жетуіне ат салысты.
1887 жылы Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет–ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал–ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты туындылары 1907 жарық көреді. Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер–су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз–әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс–салт жырларын, эпос, ертегі, мақал–мәтел, ақындар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс–салт жырларының 30–40 шақтысы топталған.
Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжаз баларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып шықты.
Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1937)ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ зиялыларының ішінде шоқтығы биік тұрған тұлға.Ахмет – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт–азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым. Ол қалдырған мұраны саралай, таразылай, сараптай, талдай келе айтарымыз Ахмет айналыспаған саясаттың да ғылымның да саласы жоқ. Білім беру ісін бұхара халықтың саяси сауаттылығын ашу, қазақ тілін ғылым тұрғыдан зерттеу, әдебиет саласындағы пайымдауы, мемлекеттік құрылыс жөніндегі пікірлері осы күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы тарих ғылымына арнап шығарма жазбаса да көсемсөздік мақалаларының бірінде «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих
» – деп, оған үлкен баға береді. (Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, Публ. мақалалар және әдеби зерттеу / құраст. Р.Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. 399 бет.) Осы күнгі ғалымдар арасында үлкен көңіл бөлініп, талдауға ие болып жатқан әдіснамалық мәселе – тарих ғылымының пәнін анықтау. Ұлы ғалым қара сөздің түрлерін талдай келе оны үшке: әуезе, әліптеме, пайымдама(397 б.) деп бөледі. Сүйте тұра әрқайсысына анықтама беруге тырысқан. «Болған уақиғадан бастан–аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады» (397 б. ) – деп жазады ол. Яғни кез келген тарихи уақиға белгілі бір кеңістікте белгілі бір уақыт аралығыңда өрбиді. Бұл категория тек қана тарих ғылымына меншікті екендігі белгілі (397б.). Одан әрі Ахмет Байтұрсынұлы әуезені үш деңгейге бөледі. Алдымен сол уақиға жөнінде мәлімдеу, одан кейін мазмұндау соның нәтижесінде қорытынды жасау. Автордың білімділігіне, шыңшылдығына, тағы да басқа адами қасиеттеріне байланысты әуезенің сапасы да әртүрлі болады. Кейбіреулер тек мәлімдеумен шектелсе, керісінше екіншілері «уақиғаны бастан–аяқ мазмұндайды» (397 б.) – дейді ол.
Ахмет Байтұрсынұлы әуезе әңгімесінің түрлерін талдайды, оны бірнеше тарауларға бөледі: шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарих және тарихи әңгіме (398 б.). «Шежіре – өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі» (398 б.) – деп аңықтама бере келіп, оған өз ойын айтады. Шежіре мен шежірешілердің айтқандары мен жазғандарына талдау жасай келе олардың кемшіліктеріне тоқталады. Шежіреде көбіне ата, туыс қуып, тарихи уақиғалар баяндалмайды, болған тарихи фактілер «өтірік–шынды әңгімелерге айналып кетеді» (398 б.) – деп жазады. Әлбетте, оның шежіре жөніндегі пайымдауларына қосыла отырып, қазақта жазбаша шежірелердің болғандығын да айтуымыз керек. А. Байтұрсынұлы есіне алған Шәкәрім қажының «Қазақ һәм хандар шежіресі» бізге жазба түрінде жеткен жоқ па? Шежіре – қазақтың көне тарих жазу дәстүрі дегіміз келеді. Шежіредегі жеті атаға дейінгі фактілер шындықтан алшақ емес. Оның арғы жағындағылар көмескі болуы мүмкін.
Тарихты жасайтын адамдар, ал шежіре адам тарихы. Сондықтан шежіреге тарихи дерек ретінде қарауымыз қажет. Әрине шежіре деректерін басқа да тарих құжаттарда келтірілген фактілермен, немесе ауыз әдебиет нұсқаларында кездесетін уақиғалармен байланыстыра зерттеу тарихшының мәртебелі міндеті. Қазақ сияқты мұрағаты мен мұражайы жоқ халық үшін шежіренің берері мол.
Әуезе әңгіменің екінші тобы заман хат. «Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, яғни өз ішінде болған істерден дерек беруі заман хат деп аталады». Қоғамдағы кейбір білімді, жоғары мәдениетті, саналы да сындарлы азамат өз заманында болып жатқан саяси–әлеуметтік, мәдени процестерден тыс тұра алмайды. Ол қолына қалам алып, өзі көріп–білгенін, жүрегімен сезгенін, естігенін қағазға түсіруге тырысады. «Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарыңымен жазылады», – дейді А.Байтұрсынұлы. Заман хатты жекелеген адам жазады, сондықтан да ол кемшіліксіз болмайды. Заман хаттың авторы жеке адам. Ол сол дәуірдің туындысы, белгілі бір топқа, белгілі бір тапқа тәуелді. Сол хатты жазған кезде оның көңіл–күйі, сол уақиғадан алған әсері баяндап отырған көрінісінің шындығына, ақиқатына не алыс, не тым жақын болуы әбден мүмкін. Сандықтан да біз әрбір заман хатқа күдікпен қарауымыз қажет. Ондағы фактілерді деректердің басқа да түрлерімен салыстыра отырып, шынайылығына көз жеткіземіз.
Әуезе әңгіменің үшінші тобына Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаянды жатқызады. «Біреудің туғанынан бастап, өлгенге шейінгі өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету» – деп жазады автор. Өмірбаян екі түрлі болады, бірін адамның өзі жазады, екіншісін ол жөнінде басқа адам баяндайды. Адамның ғұмыры қысқа болғандықтан, оның өмірі басқа жұрттың көз алдында өтіп жатқандықтан өмірбаяндағы деректер шыңдыққа сәйкес. Оның өтірігі болса да, онсы көп емес. Өз өмірбаянын адам өзі жазса «адам өз ісіне өзі қазы, өзі сыншы бола алмайтындығынан, жай өмірбаяннан өз өмірбаянның инабаты кемірек болады» – дейді автор.
Мінездемені А.Байтұрсынұлы – әуезе әңгіменің төртінші тобына жатқызады. «Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету мінездеме болады». Мінездеме жеке шығарма ретінде кездеспейді. Ол көбінесе, өмірбаянның, заман хатының немесе тарихи шығарманың бір бөлігі болып есептеледі. Мінездеме тек жеке бір адамға ғана берілмейді. Кейде бүкіл бір қоғамға, елге, не бір заманға да мінездеме берілуі мүмкін. Мінездеме беру үшін автордан сол өзі айтып отырған мәселені терең білуді, сараптама, талдау тәсілдерін толық меңгеруді талап етеді.