Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 266

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
марксизм-лени­низ­м негіздері кафедралары жұмыс істей бастады. Оытушылық қызметке тек партия мүшелері қабыл­дан­ды. Оларға жоғ­ары жа­ла­қы төленді.

1947 жылы 700 жоғары оқу орындарында осындай кафедра жұ­мыс істеді. 1967 жылы КСРО-да 41 университет, 100 педагогикалық инсти­ту­т­­арда 100 мыңнан артық студенттер тарихи білім алды. 1960 жылы мек­теп 113000 мұғалімдерінің 69 % жоғары білімді, ал 1967 жылы олардың пай­ызд­ық мөлшері 82 дейін өсті.

1949 жылдан бастап Москва, Ленинград, Киев университтерінде мар­ксизм-ленинизм пәндері оқытушыларының біліктілігін көтеретін институттар жұмыс істеді. Ғылым кандидаттарын дайындау жолға қойылды. Соғыстан кей­­і­нгі 10 жылда 5108 адам тарих ғылымдары кандидаты атанды.

1960-1970 жылдар арасында СОКП тарихы жоғары оқу орнындағы не­гіз­гі пәнге айналды, оның оқу бағдарламасы мен оқулықтары Орталық коми­тетте мақұл­данып, бекітіліп отыратын. Оқытушылары міндетті түрде партия мүшесі бо­лып олардың кандидатуралары партия органдарынд қаралатын.

1960 – 1970 жылдары тарих ғылымы саласында жаңа оқулықтар, хрес­томатиялар, құжаттар жинағы жарық көрді. Тарих ғылымының қосалқы және арнаулы пәндері одан әрі дамыды, монографиялық зерт­теу­лердің саны артты. Тарихшылар ғылымдағы догматикалық трак­товкалардан арылып, жаңа кон­цеп­тулды мәселерді шешуге талпынды. Өкініштісі оларға партияның саяси-идео­логилық шеңберінен шығу оңайға түскен жоқ.

1966 жылы өткен партияның ХХІІІ съезінде жасалған ОК есепті баян­­дамасында қоғамдық ғылымдардың техникалық ғылымдармен қатар келе­шекке жол ашатындығы айтылды. Ілі-шала, келесі жылы, СОКП ОК-нің «О мерах по дальнейшему развитию общественных наук и повышению их роли в коммунистическом строительстве»деп аталатын қаулысында қо­ғам­дық ғылымдарға ауыр міндет жүктелді.

Кадр дайындау мәселесі қайта кө­терілді. Тарихи білім беру ісі қайта құр­ыл­­ды. Бұрынғы «СОКП тарихы» пәні орнына тәуелсіз республика тарихтары оқытыла бастады. Баламалы оқулықтар жазылды және олар жөнінде пікір-тал­астар орын алды. Мектеп пен жоғарғы оқу орын­да­рын­да тарихты оқыту мәсе­лесі қайта қаралды.
3. Ғылыми дискуссиялардың ұйымдастырылуы.

1951 жылы тіл білімі жөнінде дискуссия болды. Онда базис пен қондыр­ма жөніндегі академик Н.Я.Мардың концепциясы сынға ұшы­ра­­ды. Гр­у­зияда өмірге келген шотландтық бағбан мен грузин қызынан туған Нико­лай Яковұлы Кең­ес заманы алғашқы дәуірінің бетке ұстар атақты ғалым­дар­ының бірі болды. Он­ың тіл тек қана таптық қоғамда пайда болады деген кон­цеп циясы ғылымның дамуына көп кедергі жасады. Таптық қоғамға дейін ад­ам­дар тек қолдың қимыл­ымен немесе бір бірімен ымдап қана түсініскен.Тіл, ойлау қабілеті және сана бір уақытта пайда болған деп дәләлдеді ғалым. Олай болатын болса ал­ғаш­қы қауым мүшелерінде не ойлау қабілеті,немесе сана бол­мағаны ма? Н.Я.Мар­рдың концепциясына Сталин өзінің «
Марксизм и языко знание» еңбегінде күйрете соққы береді.

Экономика теорисы туралы да дискусся болды. Саяси экономия оқу­лығы жарыққа шықты. 1952 жылы И.В.Сталин өзінің «Эконо­мичес­кие про­блемы социализма в СССР» мақаласымен пікір-таласты қоры­тын­­ды­ла­ды.

1968­­-71 жылдар аралығында ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орын­да­р­ын­да феода­лизма генезисі мен абсолютизм тақырыбында дис­куссиялар өтті. Кеңес ғал­ым­дары Л.В. Черепниннің феодализм кон­цеп­циясы, Н.М. Дру­жи­нин, В.К. Яцунский, Е.И. Индов еңбектеріндегі капитализм генезисі тал­қыға түсті. Капи­тализм дәуіріндегі Ресейдің аг­рар­лық құрылымын зерттеген А.М. Анфимов, С.М. Дубровский, И.Д. Ковальченко және басқалар өз ең­бек­терін жарыққа шы­ғар­ды.
4. Кеңес тарихғылымының көрнекті тұлғалары.

Борис Дмитриевич Гре́ков (1882–1953). Кеңес тарихшысы, 1901 жылы Вар­шава университетіне түсіп 1905 жылы москва университетіне ауысады. Жоға­ры білім алғаннан кейін бірнеше гимназиларда оқыту­шы­лық­пен айнал­ыс­ты. 1910-1913 жылдары Михайловск селосындағы Шере­­метьв кітапхана­сының директры болып тағайындалды. 1913 жылы Б.Д.Греков Императорлық Архео­графиялық комиссия мүшесі болып сайланды. 1916–1918 жылдары Пер­мь уни­вер­ситетінде орыс тарихы кафедрасын және тарих-филология фа­культетінің не­гі­зін қалаушы. 1936 жылы Ленинград қаласындағы Тарих инс­ти­тутының, 1938 жылы Москва Тарих институтының, 1947 жылы Матер­иалдық мәдениет инсти­тут­ының директоры, 1946-1953 жылдары КСРО ҒА-ның тарих және философия бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін ат­қар­ған ат­қар­ған. Киев Русі тарихының маманы. 1930-1950 жылдар арасында осы тақы­рыпқа арнап бірнеше моно­графия жазды. 1937 жылы А.Ю. Якубовский екеуі қо­сылып жазған «Алтын Орда» шығармасы осы күнге дейін маңызын жо­й­ғ­ан жоқ.

Пётр Андре́евич Зайончко́вский (1904-1983, ) - Орыс, кеңес тарих­шы­­сы, деректанушы, археограф және библиограф. 1937 жылы Москва та­рих, фи­­ло­софияжәне әдебиет институтын бітірген.1940 жылы кандидаттық, 1950 жылы докторлық диссертация қорғаған.

1944-1952 В. И. Ленин атындағы кітапхананың қолжазба бөлімінің мең­­герушісі, 1940 жылдан Москва облыстық педагогикалық инсти­ту­тында, 1948 жыл­­дан Москва мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметте, ал 1951-1983 жылдары тарих факультетінің профессоры. Өзінің ғылыми мекте­бін қа­лыптастырды. Оның басшылығымен 12 док­тор­лық және 50 кандидат­тық дис­сер­тация қорғалды.

Америка тарих­на­ма­сындағы орыс тарихы ту­ра­­­­л­ы мектептің дамуына үлкен үлес қосты. АҚШ-тың орыс тарихын зерт­теп жүрген ірі тарихшылары Теренс Эммонс, Альфред Рибер, Даниэл Филд, Ричард Уортман сияқты ға­лым­дар тәлімгерлік дайындаудан өткен. 1860-70 жыл­дардағы Ресейдегі реформалар тарихы бойынша 8 монографияның авторы.

Аты аталған ғалымдардың ішінде тарих методологиясының дамуы­на ай­тарлықтай үлес қосқан Иван Дмитриевич Ковальчен­ко (1923 – 1995). Ке­­­ң­ес тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Екін­ші дү­ние соғысына қатынасқан, майдандағы ерлігі үшін Кеңес ода­ғы­ның баты­ры атағына ұсыныл­ған. Бірақ оның құжаттары белгісіз се­беп­термен Москваға жетпей қалған. 1952 жылы Москва мемлекеттік университетін бітірген. 1955 жылы кандидаттық, 1966 жылы докторлық диссертацияларын қорғаған. 1969-1988жылдары «Исто­рия СССР» жур­на­лы­ның бас редакторы болып қызмет істе­ген. Одан кейінгі өмірі Мос­ква университетімен тығыз байланысты. «Та­рих­нама және дерек­тану» кафедрасын ашып өмірінің соңына дейін мең­геруші қызметін атқарды.

Тарих ғылымындағы «клиометрия мектебінің» негізін қалаушы. КСРО ҒА тарих институты жанындағы математикалық әдістерді тарихи зерт­теу­лерде пайдалану коммисиясының негізін қалап, соған басшылық жасады. 1978-1990 жылдары Халықаралық эканомикалық тарих Ассоциасының ат­қару комитетінің мүшесі, 1982 жылдан тең төрағасы, 1982 жылдан Халық­аралық квантитативті тарих комиссиясының тең төрағасы, 1972 жылы КСРО ҒА кор­респондент-мүшесі, 1987 жылдан сол академияның толық мүшесі бо­лып сайланды.

Томск университетінде Борис Георгиевич Могильницкий (1929-2014) тарихшылардың Сбірдегі мектебінің негізі қалады. Өзі де сол Томск мем­лекет­тік университетін 1951 жылы бітірген. 1967 жылы докторлық диссер­тациясын қор­ғайды. 1955 жылы оқытушы ретінде университетке қайта орала­ды. 1962 жылдан доцент, профессор, Көне дәуір және орта ғасырлар тарих ка­фе­дра­сының меңгерушісі, 1969-1981 жылдар арасында тарих-филология факуль­тетінің деканы қызметтерін атқарады. Орыс медиевистикасының та­рих­на­масы­мен айналысты. 60-жылдардың аяғында ағылшын-американ, неміс тарихна­масының идея­лық-теориалық мәселерін зерттеді. Методология сала­сында тари­хи танымның категориялары мен принциптерінің табиғатын зерт­теумен айнал­ыс­ты. Осы тақырыптағы монография авторы

А.С. Ахиезердің «Россия. Критика исторического опыта
» моногра­фия­­сындағы Ресейдің өткенін историософиялық тұрғыдан тұжырымдалды. А.Я. Гуревичтің адамзат қоғамын тарихи антро­поло­гия­лық тұрғыда зерттеуі Ресей тарихының көптеген проблемаларына жаңа көзқарастың қалыптасуына өз әсерін тигізді. Көп томдық «История человечества» кітабында ғалым­дар­дың Ресей тарихын жа­ңаша пайымдауға талпыныс жасағандығының көрі­ні­сі еді. Ғыл­ы­ми зерт­­­­теулерде тарихи процесті айқындаудың көп нұсқалы­лы­ғы орын ал­ды. Аймақтық тарихты зерттеуде айтарлықтай бетбұрыс жасалды. Өлке­тану, жа­­ңа зерттеу проблемалары, тарихтағы жеке тұлғаның ролі сияқты тақырыптар зерт­­теу объктісіне айналды. Тарихшылар зерттеудің негізгі объктісі адам екен­дігіне көз жеткізді.


Бақылау сұрақтары

1. Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес қоғамында қандай идеологиялық өз­ге­рістер болды?

2. Бұл өзгерістер тарих ғылымының дамуына қалай әсер етті?

3. Тарихшы–кадрлар дайындау мәселесі қалай шешілді?

4. Осы кезеңдегі кеңес тарихнамасының белді өкілдерін ата?
Тарихнамалық деректер:

Греков Б.Д.Киевская Русь. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1944. – 347 с.

Греков Б.Д.Культура Киевской Руси. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1944. – 75 с.

Греков Б.Д. Золотая Орда и ее падение. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1950. – 478 с. (Совместно с А. А. Якубовским.)

Греков Б.Д. Крестьяне на Руси с древнейших времен до XVII века. – М.-Л., 1952–1954.

Зайончко́вский П.А. Военные реформы 1860–1870 гг. в России, М., 1952;. Проведение в жизнь крестья­нской реформы 1861 г., М., 1958;Кирилло-Мефодиевское общество (1846–1847), М., 1959;. Кри­зис самодержавия на рубеже 1870–1880-х гг., М., 1964;Отмена крепостного права в России, 3 изд., М., 1968;. Рос­сийское самодержавие в конце XIX столетия, М., 1970;


Ковальченко И. Д. Методы исторического исследования. М.: Наука, 1987. (2-е изд. 2003).

Могильницкий Б.Г. "Введение в методологию истории". М., 1989.

Могильницкий Б.Г. "История исторической мысли XX века" (Вып.1. Томск, 2001г., Вып.2. Томск, 2003г., Вып.3. 2008г.). 

Носовский Г. В., Фоменко А. Т.Новая хронология и концепция древней истории Руси, Англии и Рима. (Факты. Статистика. Гипотезы). Том 1–2»,– М.: МГУ, 1995


XIV. ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТСЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ
Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ тарихнамасында көтерілген мәсе­лелер Орталықтың ғылым жөніндегі шешімдеріне сәйкес еді. Қазақ тарихшы­ларының алдына қойылған талаптар капитализмді аттап өткен шет ай­мақ­тарда социализм құру тәжрибесін зерттеу болатын. Сондық­тан тарихшылар алдында осы тәжрибені тер­ең зерттеп, көпшілік ара­сында пәрменді насихаттау қажеттілігі тұрды.

40–50 жылдардағы қазақ тарихнамасы.

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (1915–1966) – қазақ кеңес та­рих­­шы­сы, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).

1933 жылы Семейдегі жұмысшылар факультетін бітірді. Тамбов пе­да­­го­гикалық институтының тарих факультетіне түсіп, ол жабылған соң Во­ро­неж пе­дагогикалық институның ауыстырылады. 1937 жылы Воро­неж қа­ла­сындағы педа­гогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР ха­лық ағарту коми­ссариатының жанындағы ғылыми зерттеу инс­ти­ту­тында ең­бек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағ­ар­ту ко­мис­сариатының басқарма бастығы қызыметін атқарды. Со­ны­мен қа­тар Алматының жоғарғы оқу орын­дарында ұстаздық қызмет атқар­ған.

1946–1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құ­рыл­ған Тарих, археология және этнография институтыдиректорының ғы­лыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Қазақ мем­лекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан та­рихы кафедрасын басқарды.

Е.Бекмаханов талантты тарихшы. Қазақтан шыққан алғашқы тарих ғы­лымдарының докторы. Оның негізгі шығармасы 1947 жылы Алма­ты­да орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қа­­зақ­­стан" атты монографиясы. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде та­рих ма­ман­дығы бойын­ша докторлық диссертация қорғаған. Өкініш­ті­сі сол тұста ға­лымның концеп­ция­сы сынға ұшырады. Пікірталас акаде­мия­лық фор­мат­тан идеологиялыққа ұласты. 1951 жылы «