Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 140

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Д.: Осы ауданға түсіп қалғанда көкжиек басқаша түске боялады дейді, ұшақ ұшып бара жатқан мекендер түрін өзгертеді дейді.

Ф.: Шамасы, сананың деңгейінің көтерілуінен көп дүние басқаша болып көрінуі мүмкін. Тек физиологиялық саналылық емес, ішкі саналылықтың да өсуінен. Осы шынайылықта көзге көрінбейтін дүниелер, саналылық деңгейі өскенде анық, түсінікті болады. Себебі, сана біртіндеп алатын ақпаратын ассимиляция жасайды.

Д.: Бұл сыну сол уақыт бойына созыла ма? Көп адам бұл ауданды ешбір түйткілсіз жүзіп өтеді, ұшып өтеді.

Ф.: Ол тұрақты емес.


Д.: Адамдар қақпадан өткенде қайда қонады?

Ф.: Иә. Онда да физикалық масса бар. Осы шынайылықтағыдай. Олар сол қалпы Жерде қалады. Олар басқа шынайылыққа тап болады. Басқа уақытқа түседі. Олар қақпадан өтеді де, беймәлім жерге түседі. Жердегі басқа уақытқа.


Д.: Олар келешекке не өткен шаққа түскенін біле ала ма?

Ф.: Шындығында оның мәні жоқ. Себебі, өткен шақ та, келешек те жоқ. Бұны тек адамдар кей оқиғалар өзіне түсінікті болу үшін ойлап тапқан. Сондықтан олар келешекке, не өткен шаққа тап болды деудің өзі қате ұғым. Олар «басқа уақытқа» келді.

Д.: Егер ұшақ өткен шаққа өтсе, бұл адамдарды таң қалдырар еді деп ойладым. Яғни, адамдар мүлде басқа уақытқа кетеді екен ғой.

Ф.: Бәлкім, олар басқа орынға кетіп қалды деп айтқан дұрыс болар.


Д.: Бұл олар үшін күтпеген әрі үрейлі сәт болуы керек?

Ф.: Әрине, олар жағдайдың күрт драмалық шиеленіске тап болғанына күйінеді. Бірақ олардың көпшілігі тез бейімделеді. Кері қайтуға ынтасы да болмаған. Олардың көбісі сіздердің Христостың санасы тірі келешектеріңізге тап келген. Сол жақта бұл феномен жақсы таныс. Адамдар бір жерден жоқ боп кетеді де, басқа жерден табылады.

Д.: Келешектің адамдары мұндай адамдардың пайда болуына таң қалатын шығар.

Ф.: Келешек тұрғысынан оның таң қалатын дымы жоқ. Келешек өткен шақта не болғанын біледі. Олар қақпадан тағы біреулердің өткенін түсінеді. Сол адамдарды қош көріп, жаңа өмірге бейімдеуге көмектеседі.


Д.: Яғни, жоғалып кеткен адамдардың біразы әлі де тірі, өмір сүре ала ма? Әлде сол уақытқа жеткенде қартайып кете ме?

Ф.: Солай.


Д.: Олар кері қайта ала ма?

Ф.: Қазіргі таңда ол мүмкін емес, себебі қақпа кей мағынада басқарылмайды. Тек керек уақытта керек жерде тұрып, қақпа ашылады деп күту қажет.

Қазір бұл ғаламшарда қажетті білім жоқ. Бірақ кері қайту мүмкіндігі болған күннің өзінде олар қайтпас еді. Себебі, дәл қазір олардың саналылық деңгейі үшін бұл шынайылық баланың ойыншығы сияқты. Олар өте жоғары деңгейге көтеріліп кетті ғой.



Д.: Бұл адамдар таңдаулылар қатарына жата ма, әлде кездейсоқ қақпаға кіріп кеткендер ме?

Ф.: Бұл Ғаламда болған оқиғаның бәрінің мағынасы бар. Сондықтан мұндай оқиғалардың себебі болды деген дұрыс. Бірақ бұл жоспарланған деп тұжыру дұрыс емес. Өмірде жоспарланбаған талай дүние боп жатыр. Бірақ олар дер кезінде болды. Болуға тиісті дүние болады. Мұндай дүние осы адамдармен болғаны логикаға сай. Мысалы, өтіп кеткен кей адам жоғары саналылық деңгейге дайын болды. Жалпы көп адам жаңа деңгейге шығу үшін қазіргі тәндегі инкарнацияны өтіп, сосын жоғары саналылар ортасында қайтып тууы керек болар еді, жаңағы адамдар өте салған деңгей. Бәлкім, бұл адамдар ондай оқиғалар тізбегіне мұқтаж болмағандар. Олар соған әлден дайын болған шығар. Сондықтан керек кезде керек жерден табылды.


Д.: Бермуд үштағанына баратын адамдарды осындайға дайын бол деп алдын ала ескертуге бола ма?

Ф.: Оларды ішкі саналылық жетелейді. Егер адам осындай оқиғаға тап болса, оған ескерту жасалмады емес, жасалды деген сөз. Бірақ іштей. Түйсік деңгейінде.

Д.: Яғни, өз санасының ішінде.

Ф.: Иә. Адам өзін тыңдауы керек. Өзін тануы тиіс. Өз-өзімен үйлесімде болуы керек.

Д.: Яғни, сырттан ешбір ескерту алу мүмкін емес. Олар дұрыс емес жерде дұрыс емес уақытқа тап болады.

Ф.: Негізі олай емес, олар ішкі түйсіктің ескертуін алады, соған құлақ аспады.

Д.: Пилоттарды жоғалған ұшақты іздеуге жұмсайды. Олардың амалы болмаған. Сонда баруға тиіс болды.

Ф.: Біз – өз тағдырымызды жасаушы жандармыз. Сондықтан ол адамдар өзінің жоғалып кетуіне мүмкіндік тудырды деп есептесек болады. Тура солай көп адам өлетін уақытын да таңдап қояды. Әр адам таңдауды өзі жасайды.

Бұл концепция туралы менің «Өлім мен өмірдің арасында» кітабымда толық жазылған.


Д.: Жердің бетінде мұндай сыну қақпалары не өрістер көп пе?

Ф.: Жоқ. Осы біреу ғана.


Д.: Судың астында манипуляция жасалады дедіңіз?

Ф.: Солай. Үлкен айнаны елестетіңіз. Сол қазір шағылып қалды делік. Айнаның сынығы жіпке ілініп қалды. Жел не су ағыстары сол сынықты қозғалтып ойнағанда, оған Күннің сәулесі тиеді. Ол бір сәтке жарқырап кетеді. Бұл кездейсоқ оқиға адамзатқа тәуелді емес. Сол секілді осы қуат ағындары кезінде ұлы өркениет болған қоғамның сынықтарымен ойнап жатыр.


Д.: Шынымен айна ма, жай ғана балама үшін айттыңыз ба?

Ф.: Балама үшін айттым. Себебі, айнаның өзі де кристалдан жасалады.


Д.: Ол қалай судың астына түсіп кетті?

Ф.: О баста ол судың астында болмаған. Бұл Атлантида кезінде болған. Сол ұлы құрлықтың кей машиналарының бірі. Атлантиданың күйреуі кезінде суға батып кеткен. Қазір мұхиттың түбінде жатыр.




Д.: Олар белгілі бір ғимаратта жатыр ма?

Ф.: Олар о баста үстіртте орналасқан еді. Бірақ құрлық судың астына кетті. Өркениет тудырған дүниенің бәрін өзімен бірге ала кетті.


Д.: Бұл қалай болғанын білсем бола ма?

Ф.: Оны түсіндірудің мәнісі жоқ. Қалай болғанын түсінікті түрде жеткізудің амалы жоқ. Ол дәл қазір адамзат санасының шегінен асып кетерлік оқиға.

Д.: Мен өзіме кристалды пирамида пішінінде елестетем. Бұл дұрыс па, бұрыс па, білмеймін.

Ф.: Сіз осы баламаны алып елестете берсеңіз, сіздің қабылдауыңыз тура боп шығады. Біз оған пікір білдірмейік, себебі бұл сіздің шынайылық.


Д.: Бірақ сіз айна шағылды дедіңіз. Бұл мұхит түбіндегі кристалл, сол қандай зат болса да, шағылды дегенді білдіре ме?

Ф.: Иә.


Д.: Ол қалай шағылды?

Ф.: Оны әдейі шақты. Сол кристалды алғысы келгендердің қолы жетпесін деп. Зияны тимесін деп. Әрине, сол қуат көзін қолына түсіргісі келгендер болғаны рас. Сондықтан сол кристалды бірнеше бөлікке бөлу керек болды. Оны теріс пиғылда ешкім қолданбасын деп.


Д.: Яғни, оны әдейі жойған екен ғой?

Ф.: Иә.


Д.: Бұл Атлантиданың су астына кетуі кезінде болды ма, одан бұрын ба?

Ф.: Су астына кетер кезінде.


Д.: Кристалдың жойылуы Атлантиданың су астына кетуіне себепші болды ма?

Ф.: Кристалды үйлесімсіз қолдану — мұндай қуатты теріс пиғылда қолдану — бір сәтте орын алған бірнеше оқиғаны қатар тудырды, бір жағынан сол оқиғалар тізбегі күйреуге себепші болды. Арасында байланыс болды десек болады. Бірақ бұл қалыпты себеп пен салдар емес. Әрбірі жеке оқиға еді. Бірақ өзара байланысты оқиғалар еді.


Д.: Кристалдың көзін жойған адамдар бұның арты апатқа соқтырарын білді ме екен?

Ф.: Ол адамдар өз тәкәппарлығына мастанды. Олар осы қуатты қолдана берді, сол үшін жазаланды.

Д.: Бәлкім, олар арты неге ұрындырарын білмеген шығар деп ойлап ем.

Ф.: Олар мүлде білмей қалды деуге келмейді. Оларға қуатты теріс пайдаланғаны үшін жаза барын үнемі ескертіп отырғандар болды. Осындай қуатты қолданғандарға ағарту жұмыстарын жасап өмірін өткізгендер болды. Алайда білімсіздік білімді жеңіп кетті. Үйлесімсіздік – үйлесімділікті жеңді.


Д.: Сол кристалдың сынықтары судың түбінде жатыр ма?

Ф.: Иә.


Д.: Сіздіңше, оларды біреу-міреу тауып алатын кез туа ма?

Ф.: Бұл жер түбі судың бетіне шығады. Ғибадатханада сақтаулы тұрған білімді кейінгі ұрпақ тауып алып, қайтадан қолданатын болады. Олар бұл жер судың астына кететінін білген. Сондықтан білімді кейінгі ұрпаққа арнап қалдырған. Бұл ақпаратты оны қолдануға дайын ұрпақ алады.



Д.: Ғалымдар, не сол ақпаратты тауып алатындар оның не екенін бірден түсіне ме?

Ф.: Түсінер деп үміттенеміз. Бірақ бек сенімді емеспіз.


Д.: Бұл ақпарат кітап ретінде сақталды ма? Қандай пішінде сақтаулы?

Ф.: Тастағы жазу ретінде. Олардың шифрын табу керек. Себебі, олар соны жазған адамдардың тілінде жазылған. Бір тілден екінші тілге көшіру керек болады. Бұл орындалмас тапсырма емес. Адамдар түйсік деңгейінде мұны қалай жасауға болатынын түсінеді. Сол кезде ақпаратты өңдеу қазіргідей рационалды деңгейде емес, негізінен менталды деңгейде өтеді.


Д.: Сол ғибадатхана әлі де сол жерде ме, әлде қирандысы ғана қалды ма?

Ф.: Әрине, су астында бірнеше мың жыл тұрғандықтан ол мүлтіксіз қалпын сақтап қалмайтыны рас. Бірақ ол ақпаратты сақтап қалды.


Д.: Бірақ жер қыртысының тектоникалық өзгерісі болмайынша, оны ешкім таба алмайды ғой?

Ф.: Солай. Бұл ақпаратты дамудың жоғары деңгейіне көтерілгендер ғана табады. Олар оны лайықты қолданысқа енгізеді. Ақпарат одан бұрын табылмайды.


Д.: Бұл ақпараттардың арасында Атлантиданың тарихы жазылған ба?

Ф.: Иә. Онда бірнеше мың жыл өмір сүрген сол өркениеттің тұтас тарихы жазылған. Әсіресе, соңғы жылдарын толық сипаттаған. Сондықтан бұл ақпаратты тапқандар осы өркениетке не болғанын анық біле алады.


Д.: Атлантиданың кезінде әлгі құрылғыны не үшін қолданған?

Ф.: Бұл қуаттың қайнар көзі еді. Ол заманда адамдар түрлі қуат көздерін басқара алатын. Қуаттың кей түрін бірнеше мақсатта қолданатын. Қуатты емдеу үшін, левитация үшін, жарықтандыру үшін, жылыту үшін, мотивация үшін қолданды. Ол заманда қуаттың көп түрі болды. Қазір олар осы ғаламшарға қайтып жатыр.



Д.: Яғни, әлгі құрылғы сынған кезде белгісіз жағдайда осындай өрістің сынуын тудырған болып тұр ма?

Ф.: Бұл жай ғана шағылысу не қуатты өткізу. Сол заманда өмір сүргендердің көпшілігі қазір қайтадан өмір сүріп жатыр десек те болады.

Д.: Жер бетінде жұмбақ көп, солардың жауабын білуге тырысып жатырмыз.

Ф.: Адамдар көбіне сұрақ қояды да, жауабын естуге дайын болмай шығады. Көп адам сұрақ қойып, жауабына сенбейді. Сосын сол сұрақты қоя береді, өз ойындағы жауапты естігенше.
ЛОХ-НЕСС ҚҰБЫЖЫҒЫ


Долорес: Көп адамды Шотландиядағы Лох-Несс көліндегі құбыжық қызықтырады. Сол туралы не айтып бере аласың?

Брэнда: Бұл өте күрделі сұрақ, жауап беруге тырысайын. Жер бетінде мұндай бірнеше құбыжық бар. Олар әдетте тұщы сулы көлдерді мекендейді. Сібірде дәл осындай өте терең көл бар, сол көлді осындай құбыжық мекендейді. Әдетте олар көлдің түбін мекендейді, судың бетіне шығатын себебі жоқ.


Д.: Бұлар сүтқоректілер ме?

Б.: Бұлар тұщы судағы бауырмен жорғалаушылар. Өте ертедегі жануарлар. Олар кей жәндіктер сияқты Жер бетін атам заманнан бері мекендеп келе жатқандар. Олар белгілі бір дамудың деңгейіне жетті де, ары қарай эволюциялануға сұранысы болмады. Сондықтан бірнеше ғасыр бойы осы қалпын сақтап келеді. Бұлар өте қауіпсіз жануарлар. Ешкімге зиянын тигізбейді. Ал олардың камуфляж бояуы өзгелерден қорғап тұрады. Олар балдыр жейді.


Д.: Олар көп пе? Олар жылдам көбейе ме?

Б.: Олар көбейеді. Бірақ кей жануарлар сияқты өте белсенді түрде емес. Олар көлдің түбіндегі тұнбаға жұмыртқа салады. Шын мәнінде олар бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділер арасындағы жануар. Дегенмен, бауырмен жорғалаушыларға жақындау. Жоғары температураны қаламайды. Сондықтан суық көлдерді мекендейді. Адамдар біресе бірін, біресе екіншісін кездестіріп қап жатады. Бірақ олар адамдар көргеннен көптеу. Соншалықты көп емес, бірақ бірнеше үлкен тобы бар.


Д.: Егер олар қосмекенді болмаса, судың бетіне шықпаса да өмір сүре береді екен ғой. Оларға ауамен тыныстау керек емес пе?

Б.: Жоқ. Олар судың бетіне шығып тұрады. Олардың желбезегі және рудиментарлы өкпесі бар. Оларды қосмекенділерге жақындататыны осы. Олар судың бетіне бірнеше минутқа шыға алады. Судың астында да тыныстай береді. Суды мекендейтін жануарлар. Оларды құрғақ жерде көргендер бар. Бірақ олар судан сирек шығады.


Д.: Бір кезде оларды судың астынан эхолокатордың көмегімен байқап қалған. Шынында да солар ма?