Файл: Сабаты таырыбы Кіріспе орыт Байбрі баласы БамсыБайра туралы жырды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 63

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Пәні

Күні: 20.12.2021ж

Пән мұғалімі

Сабақ тақырыбы

Қазақ әдебиеті

Г.С.Айдарова

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж1 – өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтап, мазмұнына талдау жасау

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлең жанрына байланысты сюжеттік желілеріне, эпилог, прологтарға талдау жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Өлең жанрына байланысты сюжеттік желілеріне, эпилог, прологтарға талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: өлең тілін түсінеді, мазмұнын біледі, тақырыбы мен жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік.

Бір білімді данышпан жан табалық.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, география.

Бағалау критерийі

  • Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы дұрыс анықтайды.

  • Өлең жанрына байланысты сюжеттік желілеріне,тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану. Жоғары деңгей дағдылары.

Алдыңғы білім

шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазды.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бәрінің арқасына А4 форматты қағаз жапсырылады. Бәрі оңға бұрылады, қағаз беріп тұрған оқушының парағына өзінің тілегін сурет арқылы жеткізеді.
3. «Бір үй, бір жанұя» ойыны арқылы топқа бөлу

«Сөзді тап» тәсілі.

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (жастар, болашақ, өнер, білім, ақыл ). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады.

Кіріспе сұрақтар:

Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай?




Сабақтың ортасы




4. Автор туралы мәліметпен жұмыс.

«Пікір алмасу» тәсілі. Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмасады. Топ басшысы стикердегі сұрақты оқиды, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және талқылып, дұрыс жауаппен салыстырады.

Кері байланыс: Автор туралы не білдік? Автор өмірбаянынан не білдік? Не үйрендік?

5.«Жастарға» өлеңін мәнерлеп оқу

Әр топтан бір оқушы немесе топтар тізбектеп оқиды.

6. Жеке жұмыс

Өлеңнің тақырыбы не? Идеясы қай жолдарда берілген? Оған сенің көзқарасың қандай?

Өлеңнің тақырыбы

Идеясы берілген жолдар

Менің көзқарасым











Дескриптор:

өлеңнің тақырыбын анықтайды; идеясы жазылған жолдарды табады; өз көзқарасын білдіреді.

7. «Дойбы» әдісі

Оқушылар үш-үштен екі топқа бөлінеді. Екі оқушы дойбы тақтасындағы тастарды сұрақтарға жауап бере отырып жылжытады. Үшінші оқушы олардың жауаптарын жетістік критерийі бойынша бағалап, тексеріп отырады.

1. Өлеңнің идеясы мен мазмұны.

2. Өлеңдегі айқындайтын тіркестер .

3. «Жастарға» өлеңінде ақын жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болыңдар дейді?

4. Өлең соңында ақын қандай байламға келді?

5. Автор Жастарды қалай сипаттаған?

6. Өлеңнен ерекше әсер еткен жолдар.

Қалыптастырушы бағалау


8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың соңы






Егер тапсырманы толық түсінсеңіз, желкенді жасыл түспен бояңыз. Егер сұрағыңыз болса, сары түспен бояңыз. Егер мүлдем түсінбесеңіз, қызыл түспен бояңыз.



1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




Пәні

Күні: 22.12.2021ж

Пән мұғалімі

Сабақ тақырыбы

Қазақ әдебиеті
Г.С.Айдарова

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңіне өзіндік көзқарас БЖБ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж4 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жұбына және сынып алдында мәнерлеп жатқа оқып береді, үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеуде орынды қолданады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Әр түрлі тапсырмаларды орындауда көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: құнды пікірлер жазады, құндылығын түсінеді, ақын шығармаларын бойына сіңіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ақыл, білім, болашақ, жастар.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Тапсырма қалай орындалды?

  2. Жаттау кезінде қандай қиындықтар кездесті?

  3. Өмірге қандай пайдасы бар?

  4. Қандай құнды пікірлер алдың?

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, география.

Бағалау критерийі

  • Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

  • Жаттаған үзіндіні жұбына, сынып алдында мәнерлеп оқып береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Алдыңғы білім

Шәкәрәм Құдайбердіұлы «Жастарға»


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.
3.«Өрмекші торы» әдісі

Үй тапсырмасына қатысты бір-біріне сұрақтар қояды.

4. Топқа бөлу

Топқа 1-4-ке дейін санау арқылы бөлінеді.




Сабақтың ортасы



5. Жеке жұмыс

«Жастарға» өлеңінің шумақтарын санату. 13 оқушы бір топта қалған 13 оқушы бір топта жұмыс жасайды. Өлеңді ұсыну үшін сыныптағы әрбір оқушы өлеңнің бір шумағын жаттайды.

Жеке жұмысты топ болып қорғау

Топ болып тақтаға 13 оқушы шығады. Өлеңдегі көңіл күйге немесе оның тақырыбына сәйкес келетін музыка таңдайды. Сынып алдында мәнерлеп оқиды.
ҚБ: Шапалақ
6. Шығарманың идеясын анықтаңдар. Анықтаған идеяларыңды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңдер.

1. «Менің ойымша, шығармадағы басты идея...

2. Мен оны былай түсіндіремін...

3. Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...

4. Мен мынадай қорытындыға келдім...

Дескриптор:

  • шығармадан әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді анықтайды, оны үзінділермен дәлелдейді.

  • бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды.

  • екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді.

  • үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты дәлел келтіреді.

  • төртінші сөйлемде идеяға қатысты өзіндік тұжырым жасайды.

7. Өлеңнің тақырыбы не? Идеясы қай жолдарда берілген? Оған сенің көзқарасың қандай?


Өлеңнің тақырыбы

Идеясы берілген жолдар

Менің көзқарасым











Дескриптор:

- өлеңнің тақырыбын анықтайды;

- идеясы жазылған жолдарды табады;

- өз көзқарасын білдіреді.



8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың соңы




«Бағдаршам» тәсілі

Қызыл – тапсырманы орындау кезінде не кедергі болды?

Сарықай тапсырма көңіліңізден шықты? Неге?

Жасылтапсырмаларды орындауға не көмектесті





Пәні

Күні: 29.12.2021ж

Пән мұғалімі

Сабақ тақырыбы

Қазақ әдебиеті
Г.С.Айдарова

Ш. Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңіндегі кейіпкерлер әлемі

Тоқсандық қайталау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.А/И2 - автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Өлеңдегі автордың ойын білдіретін жолдарды табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Поэзиялық шығармалардың тілін түсінеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: жастар, ақыл, ғалым.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Өлең неліктен «Жастарға» деп аталған?», «Өлеңнің идеясы не?», «Өлеңдегі астарлы ойлар нені меңзейді?»

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.

  • Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды..

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңіндегі үзінділермен жұмыс


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақы

ты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату. «Конверттегі сұрақ» тәсілі

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?

2. Қандай шығармаларын білесіңдер?

3. «Жастарға» өлеңінде ақын жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болыңдар дейді?

4. Өлең соңында ақын қандай байламға келді?

5. Өлеңнің идеясы не?



Сабақтың ортасы



8 минут

15 минут

4.Топтық жұмыс

«Балық қаңқасы» тәсілі арқылы үш топ берілген тақырып бойынша автор бейнесіне қатысты себептер мен дәлелдемелер тауып қорғайды.

1-топ: Автор – оптимист.

2-топ: Автор – реалист.

3-топ: Автор – патриот (елжанды).



Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. Шапалақ

5. Жеке жұмыс

1-тапсырма. «Екі түрлі күнделік»


Өлеңнен үзінділер

Өзімнің пікірім








Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жасаңдар.
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік.

Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал енді, олай болса, кімді алалық?

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Шын іздесек, табармыз шын ғалым,

Күнде күйлей бермелік бозбалалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық.

Дескриптор:

  • өлеңнен автордың көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді анықтайды;

  • автордың көзқарасын өз пікірімен түсіндіреді;

үзінді арқылы автор бейнесін анықтап, сөз тіркестері арқылы жеткізеді.

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың соңы






Егер тапсырманы толық түсінсеңіз, желкенді жасыл түспен бояңыз. Егер сұрағыңыз болса, сары түспен бояңыз. Егер мүлдем түсінбесеңіз, қызыл түспен бояңыз.



1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




Күні:

Пән мұғалімі

Сабақ тақырыбы

27.12.2021ж

Г.С.Айдарова

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңін өңдеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.А/И4 - шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Сабақтың

Мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармадағы оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап әңгіме жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, дәлелді креативті жазады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: шығармадағы оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап әңгіме жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жастар, ақыл, білім.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Шығармадағы оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап әңгіме жазады.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уа-қыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату. «Құпия сыйлық»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бір-біріне ым-ишарамен құпия сыйлық сыйлайды. Оны көршісі табады.

  • Жаттығу ұнады ма? Неліктен?

4. Доп лақтыру»

«Доп лақтыру» сұрақ-жауап жүргізу әдісі бойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Мен Шәкәрімнің Жастарға өлеңін білемін.» деп допты қарсы жақтағы оқушыға лақтырады. Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақ қойып, кезекпен айналым жасап шығады. Сыныптың барлық мүшелерін қамтиды, барлық оқушылар сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.




Сабақтың ортасы



5. Жұптық жұмыс
«Ақын неліктен:

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

дейді?..»

Оқушылар «Жастарға»өлеңінде баяндалған оқиғаны сипаттап, өлеңнің оқиға желісіне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіріп жазады.

Кемшілігі мен артықшылығын жұпта бағалайды. Жұмысты жақсарту туралы ұсыныстарын айтады. Ең жақсы жұмыс сынып алдында оқылады.
Дескриптор:

  1. Өз көзқарасын білдіріп жазады.

  2. Өлеңдегі оқиғаны сипаттайды.



8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы








6.«Пирамидалық талқылау» әдісі
Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.

ҚБ. Бас бармақ

«Автор орындығы»

Егер мен автор орнында болсам...




Сабақтың соңы


«ҚҚҚ» кестесі. Бүгінгі сабақтағы...


Қызық

Қиындық

Құндылық















Сабақ тақырыбы

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж1-әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.


Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығарма жанрына байланысты сюжеттік желілеріне, эпилог, прологтарға талдау жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Шығарма жанрына байланысты сюжеттік желілеріне, эпилог, прологтарға талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: сюжеттік-композициялық жоспар құра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: роман, қыздардың бас бостандығы, әлеуметтік-теңсіздік

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қандай жаңа білім алдың?

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Бақытсыз Жамал» неліктен  қазақтың  тұңғыш романы  болып саналады?»

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, дене шынықтыру.

Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

  • Жанрлық ерекшелігін ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Алдыңғы білім

шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уа-қыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату. «Дирижер» тәсілі

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға бір оқушы шығып дене жаттығуларын жасайды. Қалғандары сол жаттығуды қайталайды.











4. «Ойлан-жұптас-бөліс». Міржақып Дулатов туралы не білемін? Алдымен дәптерге 1 минут уақыттың ішінде өзі жазады. Оны жұбымен бөліседі (1 минут). Топта талқылайды (1 минут).




Сабақтың ортасы




5. Шығармамен жұмыс

1) Шығарманы алдымен іштерінен оқиды. Жұпта бір-біріне түсіндіреді.

2). «Фишбоун» әдісі арқылы шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтап жазу.

Орындалу барысы: басына – шығарманың тақырыбын, үстіңгі сүйектеріне – шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, астыңғы сүйектеріне – эпилог, прологтарды, құйрығына- шығарма тілі жайлы оқушының ойын жазылады.

Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау: Шапалақ
6.Композициялық талдау

  1. Әр топ өз тақырыптарын оқи отырып, сюжеттік-композициялық жоспар жасайды:

  2. Оқиғаның басталуы:

  3. Оқиғаның дамуы:

  4. Оқиғаның шиеленісуі:

  5. Оқиғаның шарықтау шегі:

  6. Оқиғаның шешімі:

Жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды: (Көлемі, сюжеті, кейіпкерлері).

7. «Теңгерім дөңгелегі» әдісі

Оқушылар «Теңгерім дөңгелегін» төмендегі сұрақтар бойынша сабақ аяғында толтырады (өзін-өзі бағалау).

1) «Бақытсыз Жамал» неліктен  қазақтың  тұңғыш романы болып саналады?

2) Қалампыр Байжанмен құда болуға неліктен көне кетті?

3) Жамал өзін қай кездері бақытты сезінді? Неліктен?

4) Сәрсенбайдың болыс сайлауына түсу себебі неде?

5) Жамал Жұманға неліктен тұрмысқа шығады?

Осы сұрақтар бойынша сабақ бойы алған білімдерін есепке ала отырып, сабақ аяғында график сызығындағы сан мөлшерлерін белгілейді.

ҚБ:


8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың соңы

3 минут

Хабарлама (SMS)

Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама (SMS) жазады:

стикерге жазып, тактаға «Facebook» парақшасына әкеліп іледі.

Facebook