Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі каспий Оамды университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 61

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖШС «ӘДІЛЕТ» КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Ұйымдағы менеджмент» (сала бойынша)
Тақырыбы:Өндіріс шығындары және олардың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны.

Студенттің аты- жөні:Абдиева Айжан

Мамандығы 0515000 « Менеджмент

(салалар және қолдану аясы бойынша)»

Біліктілігі 051501 3 – «Менеджер»

МК 20-1 тобы 3 курс

Парақ саны 31


Студенттің декларациясы

Ұсынылған жұмысты жеке өзім жазғанымды, ал қолданылған деректемелердің расталғанын растаймын.
Студент қолы___________

«____»____________20____ж.



Қорғау

Баға___________(__________)

Қорғаған күні «____»____________20____ж.

Оқу білімінің меңгерушісі____________Смагулова Л.Б.
МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ.................................................................................................……

3

І

Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері...................................................................

5

1.1

Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі..............................................….

5

1.2

Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау……................………......................................................


13

1.3

Кәсіпорын шығындарын басқару жүйесін жетілдіру, тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар .................................................................



18

ІІ

Шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау…………………………...........................……………………..


22

2.1

«ҚазТрансОйл»АҚ-ның құрылуы, қызметі, мақсаты, қаржылық шаруашылық жағдайы және оның қаржылық тұрақтылығын талдау…………………………………………………………………………………………………………………………………

22

2.2

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша талдау ......…………………………………………………………………………

27






















ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................…….

29




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................……

31




КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі.Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Қатаң бәсекелестік жағдайы кәсіпорындардың шығындарды басқару процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге үлкен қызығушылық тудыруына әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін емес және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Барлық кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін төмендету үшін резервтер қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету кәсіпорынға айтарлықтай төме және икемді баға орнауға көмектеседі, ол бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды тиімді басқарудың маңызы зор.

Соңғы жылдары шикізат құнының, материалдардың, энергияның өсуіне, сонымен қатар, несиені тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға деген шығындардың өсуіне байланысты өндіріс шығындарының өсуі тенденциясы бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді талап етеді. Бұл кәсіпорынға бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.



Шығындарды басқарудың мақсаты - ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру. Шығындарды басқару кез-келген басқару процесіне сай кезеңдерді өзіне қосады.

Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында шығындарды басқарудың негізгі әдістерін зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты - шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  • басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;

  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;

  • кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;

  • талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндіріске кететін шығындарға талдау жүргізу;

  • шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;


І Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері

1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі

Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын, айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.

Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.

Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:

  • шығындар белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;

  • қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;

  • шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты.Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі
сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар.

Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

  • Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар.Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

  • Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар.Әдеттегідей бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

  • Өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын-үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған сәйкес басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі.

Осылайша, өзіндік құн - кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді. Өзіндік  құн - өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.   
Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып  өнімнің  өзіндік  құны  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті - жұмсалған  шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші.  
Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негізгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы - ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорында  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына  
сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді - бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың  көбейуі  екі түрлі  факторға  байланысты болады. Олар бағаның  өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып  табылады.

Өнімнің  өзіндік  құны - синтетикалық, кәсіпорын  қызметінің  барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын  жалпылама көрсеткіш болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен де анықталады:

  • өзіндік  құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік  құны  арқылы өндіріс құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз етіледі;

  • өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру  мүмкін  болмайды;

  • өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі, яғни олардың өндіру мақсаттылығы  есептелінеді.