Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі каспий Оамды университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 62
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты - бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.
Шығындарды басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары экономикалық нәтижелерге қол жеткізеді.
Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.
Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты - ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар - өндіріс көлемі – пайда.
Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:
-
кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру; -
шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау; -
шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу; -
өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау; -
шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау; -
бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау; -
кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу; -
шығындарды нормалау әдісін таңдау; -
өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.
Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.
Шығындарды басқарудың функциялары:
-
өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу; -
шығындарды әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша, көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша бақылау және талдау; -
белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру; -
кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.
Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады.
Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару саласында осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік беру қажет пе.
Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.
Шығындарды басқару жүйесін ұйымдастыру кәсіпорынның
қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен оны басқаруға құрылымдық және процестік тәсілдерді аралас қолдануды талап етеді. Процестік тәсілдің мәні кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін екі категорияға бөлуге болатындығында: негізгі бизнес-процестер және қосымша бизнес-процестер.
Негізгі бизнес-процестер өнімді немесе қызметті ұсынумен, оны сатумен және тұтынушыға жеткізумен байланысты. Олар өзіне келесі
бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен басқа да материалдық ресурстарды жеткізуді қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру, өнімнің өтімі мен маркетингі, кепілдік және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.
Шығындарды талдау - бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып, негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да объектілері бойынша талдауға түседі.
Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарды талдау өзіне негізгі жұмыстарды орындауды қосады:
1) өндіріске деген шығындардың жалпы сомасы мен экономикалық элементтері бойынша өнімнің өтімін талдау. Талдау өндіріске деген шығындарды зерттеу және экономикалық элементтер шегінде негізгі қызмет түрі бойынша өнімді (жұмыс, қызмет) ұсынуды болжайды.
Талдау есепті кезеңнің экономикалық элементтері бойынша нақты шығындардың үлес салмағын өткен кезеңнің аналогиялық көрсеткіштерімен, сонымен қатар жоспарлы мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұндай тәсіл шығындар құрылымындағы өзгерістерді анықтауға және
өнімнің материал сыйымдылығының, қор сыйымдылығының, еңбекақы сыйымдылығының және еңбек сыйымдылығының өзгерісін анықтауға көмектеседі.
Жекелеп қарастыратын өнім (жұмыс, қызмет) өтімі мен өндіріске кеткен шығынның жалпы сомасындағы материалдық шығын үлесінің өзгеруін талдау кезінде жекелеген ұйымдардың қызметтеріне кеткен
төлемдердің шығындарын ұлғайтуды және олардың өсу себептерін анықтауды талап етеді.
Еңбекті өтеуге кеткен шығындар үлесін салыстырмалы ұлғайту кезінде материалдық шығындардың үлес салмағын азайту өнім құрамындағы құрылымдық жылжумен байланысты.
Шығынның жалпы сомасындағы амортизация үлесінің өзгерісі өндірістің қор сыйымдылығының динамикасы мен жұмыскерлердің еңбек қорымен қамтамасыз етілгенін, сонымен қатар аморизацияны есептеудің жаңа тәсіліне ауысуын көрсетеді. Амортизацияға деген шығын үлесін азайту негізгі қорлар мен олардың тасымалдануының массалық тозуын куәландырады, ал осы шығындар үлесінің артуы өндіріске жаңа техниканы енгізумен және жеделдетілген амортизациямен байланысты болуы мүмкін.
Экономикалық элементтері бойынша кәсіпорынның жалпы шығындарын талдау шығындар сомасының элементтері мен олардың құрылымы бойынша өзгеруінің нақты себептерін ашу керек.
2) калькуляциялау баптары бойынша дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын талдау. Оның талдау объектісі болып кәсіпорынның (немесе өндірістік бөлімшелердің ) дайын өнімнің өзіндік құны мен жекелеген бұйымдар (жұмыс, қызмет) табылады. Ол алдыңғы кезеңмен немесе жоспармен салыстырғанда қандай баптар бойынша үнемдеуге қол жеткенін,
ал қандай баптар бойынша шығын шыққанын анықтауға көмектеседі.
Басты назар ең көп өзгерістер мен шығын шыққан бапқа аударылады.
Калькуляцияны құру уақытына қарай алдын – ала есептелетін калькуляция және соңынан есептелетін калькуляция деп бөлінеді. Алдын – ала есептелетін калькуляция жоспарлық, сметалық және жобалық деп бөлінеді.
Жоспарлы калькуляциялау – бір дана өнімді өндіру үшін кететін шығындарды баптар бойынша есептеу. Ол өнімнің барлық түрлеріне есептелінеді. Есептеу барысында еңбек және өндіріс құралдары шығындарының прогрессивті мөлшерлері қолданылады. Бұл мөлшерлер өндірісті басқару тәжірибесінде өндіріс шығындарының төмендету жолдарын және өзіндік құнды төмендету арқылы пайданы молайту тәсілдерін анықтау мақсатындағы салыстыру эталоны ретінде қолданылады.
Сметалық калькуляция – бұл жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалатын калькуляция.
Жобалық калькуляция – бұл келшекке құрылған жоспарлы калькуляцияның бір түрі. Ол күрделі салымның, жаңа техника мен технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылдады.
Соңынан есептелетін калькуляцияға есептік калькуляция немесе нақты шығындар бойынша құрылатын калькуляцияны жатқызады.
Мұндай калькуляция бақылау және басқару жұмыстарын жүргізуде бөлімше басқарушыларының қызметіне байланысты шығындарды есептеуге қажет болады. Кәсіпорында шығындарды толық және дұрыс есепке алу өнімнің толық өзндік құнын калькуляциялауға мүмкіндік береді.
Тура калькуляциялық баптар бойынша шығындардың өзгеру себептерінің бірі өнім (жұмыс, қызмет) көлемін ұлғайту (немесе азайту) және оның құрамын өзгерту болып табылады. Тура материал шығындарының өзгеру себептері болып шығындар нормасының өзгеруімен материалға, жанармайға,жартылай фабрикаттарға деген бағалар (тариф) мен ұйымдардың өндірістік мінездегі қызметтерінің өзгеруі табылады.
Жанама шығындардың (жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық) өзгерісін талдау кезінде олардың есепті жыл сметалары өткен жылмен салыстырылып зеттеледі.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарына талдау жүргізу кезінде есепті кезеңнің нақты шығын деңгейін өткен кезеңмен немесе белгіленген жоспармен салыстыру арқылы құралы мен құрылымы
бойынша шығындардың өзгеру себептері мен көлемін анықтау, шығынның өсуі немесе азаюын шарттастыратын факторларды белгілеу, оларды азайтудың мүмкін болатын қорларын анықтау қажет.
Шығындарды басқару жүйесінде өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын талдау үлкен мағынаға ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның өсуіне факторлардың әсерін анықтауға, өзіндік құнды төмендету мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру мен қорларды белгілеуге көмектеседі.
Өзіндік құн кірістер мен шығындарды өлшеудің негізі , сонымен қатар, қорларды тиімді қолдану мен интенсификацияның жалпылама көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзіндік құнды талдаудың міндеттері:
-
өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны бойынша жоспардың шиеленістігі мен негізделуін бағалау; -
өзіндік құн бойынша талдаудың орындалу деңгейі мен динамикасын белгілеу; -
өзіндік құн көрсеткіштерінің динамикасына әсет ететін факторлар мен олар бойынша жоспардың орындалуын анықтау, жоспарлы шығындардан нақты шығындардың ауытқу көлемі мен себептерін анықтау; -
өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау; -
шығын мен түсімнің оптималды арақатынасын анықтау мен бағалау.
Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық база болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі табылады
1.3 Кәсіпорын шығындарын басқару жүйесін жетілдіру, тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар
Шығындарды тиімді басқару шығындар жіктелімі басқару объектісінің мәнін толықтай ашумен қатар, оларды есептеудің рационалды әдісін таңдауымен қамтамасыз етіледі. Осы немесе басқа да бір әдістерді қолдану өндіріс спецификасын, оның техникалық және технологиялық ерекшеліктерін, функционалдау шарттары мен басқа да маңызды факторларды ескере отырып жүзеге асырылады, ол кәсіпорын қызметінің нәтижесін есептеудің нақтылығын, оның өндірістік және экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде анықтайды. Шығындарды есептеу жүйесін дұрыс таңдау шығындар туралы максималды ақпарат алуды, бақылау, талдау жүргізуді және олардың негізінде басқарушылық шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.