Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі каспий Оамды университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өнімнің  өзіндік  құнын құрайтын шығындар  екі  түрлі  негізгі белгілер  бойынша  жіктеледі:

  • шығындардың  экономикалық  элементтері  бойынша;

  • калькуляциялық баптар бойынша

Шығындарды  экономикалық элементтері  бойынша  жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі  шығындардың әрбір элементінің  экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын  құрайды. Сонымен қатар шығындардың  келесідей элементтері ерекшеленеді:

  • еңбекке төлем шығындары;

  • әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;

  • мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;

  • амортизация;

  • басқа шығындар.

Қарастырылып  отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын  бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік  береді. Шығындардың бұл тобы айналым  құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді  қажет етеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары  бойынша  топтау, яғни  өндіріс  процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің  негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері 

шығындар  бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша  шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген:

  • шикізат және материалдар;

  • жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар; 

  • өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы;

  • технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия;

  • әлуметтік сақтандыруларға аударым;

  • цехтық шығындар;

  • жалпы шаруашылық шығындар;

  • коммерциялық шығындар;

  • жалпы өндірістік шығындар.

Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы - оның негізінде әртүрлі өнім түрлері  бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді.  
Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік  құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция - өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау

Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі критерилер бойынша  бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені  осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге  мүмкіндік береді.


Қарастырылатын  құбылыстар мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің бірі жіктеме болып  табылады, яғни объектінің жалпы анықталған жағдайлары мен олардың арасындағы заңды байланыс негізінде бөлімдерге бөлу. Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні тану деңгейі  де жоғарылайды. 

Шығындарды  есептеу жүйесін тиімді ұйымдастыру  үшін анықталған белгілері бойынша  экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап  қана қоймай, сонымен қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген  шығындар арасындағы анықталған қатынасты  шығарады және олардың өндірістік өзіндік  құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.

Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты  басшыларға дұрыс, негізделген шешім  қабылдауға көмектесу. Сол себепті  шығындар жіктемесі процесінің мәні - бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол  жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері  бар.

Нарықтық  экономикада шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты емес (имплицивті) және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді.  
      Нақты шығындарға - кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия, персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге, сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне жатады.

Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы есептерінде  есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады.

Экономикада шығындардың балама түрлері шығындарды жоспарлауда, болжауда қолданылады. Шығындар ең үздік баламалы түрде пайдалану  тұрғысынан қарастырылса, оларды жіктелген  шығындар деп атайды.  
Мұндай шығындар балама нұсқалары бар болған кезде пайда болады.  
Оларды есептеу оңайға соқпайды, сондықтан экономикалық шешімдер қабылдау кезінде есепке алынады. Ондай шығындар өзінің құрамына сыртқы шығындар (жабдықтаушыларға сатып алған ресурстар үшін төлем төлеу шығындары) мен ішкі шығындарды (фирмаға қарасты ресурстарды пайдалану шығындары) қамтиды. Фирмаға қатысты мұндай ішкі шығындар баламалы түрдегі ең ұтымды ресурстарды пайдалануға байланысты есептелген төлемақы шығындарына тең болады. Мұндай шығындар нақты емес немесе имплицитті  шығындар деп те аталады. Сонымен қатар, баламалы шығындар ресурстардың шектеулі кезінде пайда болатындығын атап өткен жөн. Егер де ресурстар шектеулі болмаса, жіктелген шығындар нөлге тең болады.  Балама шығындары кейде қосымша шығындар деп те аталады.



Қайтарылмайтын шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады.  
Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы операцияларымен ешқандай байланыста болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады.

Кәсіпорынның  оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен бухгалтерлік табысты есептеу  және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда  есептеледі. Кәсіпорын жұмысының  уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің  өзгеру және өзгермеуіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан тұрақты болып қала беретін қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар жатады.  Оларға әкімшілік персоналдың еңбекақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,  
құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады.  
Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге келетін тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда болады.

Өз кезегінде  тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар  болып екі топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.

Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.

Кейбір  жағдайда шығындар аралас шығындар болып келеді.  
Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындар  компоненттері орын алуы мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықтан шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.


Қабылданатын  басқару шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар релевантты және релевантты емес болып бөлінеді. 
Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.

Қабылданған басқару шешімдері жоспарлау  үрдісімен тікелей байланысты болуы  тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға байланысты болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей  байланысты болады.

Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне туындайтын және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі  жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының құрамына кіреді.

Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың түрлері жатады. Олар кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-алу шараларын жүргізу үшін қажет болады.

Шығындарды  басқаруда кәсіпорында қолданылатын нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға қатысты шығындарды топтау басты мәнге ие болады. Осы мәнге  байланысты өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік үрдісте  пайда болған нормалар байынша ағымдық  жылдың басында бекітілген шығындар топталады. Нормативтік есептің  негізінде шығындарды бұлай бөлу өндіріс шығындарының деңгейін ағымдық  оперативтік деп бөлудің басты  құралы болып табылады.

Жоғарыда  келтірілген жіктемеде кәсіпорын  қызметінің функциясы мен сферасына  байланысты шығындары топтастырылған. Осы белгі бойынша шығындар жабдықтау-дайындау  технологиялық, коммерциялық-өткізу және ұйымдастыру-басқару болып бөлінеді.

Мұндай  жіктеме функционалдық есепті ұйымдастыруға  мүмкіндік береді. Соның әсеріне  шығындар кәсіпорын қызметінің функциялары  және сфера шеңберінде, содан кейін  калькуляция объектісі бойынша  жинақталады.  Шығындардың функционалдық  есебі ішкі шаруашылық есепті күшейтуге  және шығындар орталықтары арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуекелділікті күшейтуге және жұмсалған шығындар жөнінде ақпараттарды нақты және дәл беруді қамтамасыз етеді. Бұл  менеджерлерге өнім өткізу жолдары, бағасы, құрамы және түрлері жөнінде  басқару шешімдерін қабылдауға және кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыруға  ықпалын тигізеді.