Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі каспий Оамды университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 65
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Отандық кәсіпорындарда шығындарды анықтау мен есептеу жүйесі орталықтан басқарылатын экономика талаптарына толықтай жауап береді.
Ол өндіріс процесінде пайда болған барлық шығындар туралы ақпарат алуды, негізінен мемлекеттік орталықтандырылған баға қалыптастыру мақсаты үшін өнімнің, қызмет және жұмыстың нақты өзіндік құнын толықтай калькуляциялауды қамтамасыз етті. Шығындар туралы ақпарат алу әдістері айтарлықтай тиімді болды деп айтуға болады. Бірақ, осы шарттар бойынша кәсіпкерлер алдында тұрған мақсаттар шығындарды басқару қызметін жүзеге асыруды, олардың деңгейін азайтуды ынталандырмады. Сол себептен ақпараттың үлкен бөлігі сұраныссыз болып қалды. Шығындарды есептеу әдістерін жетілдіру теориялық негізделген болса да, бірақ тәжірибелік қолданылыс таппады. Қазіргі таңда нарықтық қатынастар кәсіпорындар алдына жаңа міндеттер қойды. Оларды шешу үшін отандық теория мен осы сала бойынша жинақталған практикалық тәжірибе үлкен құндылықты көрсетеді. Бірақ оларды қалыптасқан экономикалық шарттарға бағыттау қажет. Сонымен қатар, мақсатқа сай халықаралық тәжірибеге жүгіну қажет.
Шетелдік экомиканы жарақтандыратын материалдарды зерттеу шығындарды басқару қолданылатын әдістердің үлкен әртүрлілігіне негізделетінін көрсетті. Нарықтың қатаң тәртібі шартында қызмет ететін компаниялардың тәжірибесінде әрқашан баға, өнім сапасы, сатылым көлемі өзгереді, шығындарды анықтаудың және қалыптастыру жолдарының санының көптігі соншалық, оларды санау бірталай уақытты алады.
Шығындарды есептеудің базалық әдісі көп болмаса да, компаниялар алға тартатын әр түрлі мақсаттар үлкен тәсілдердің қиыстырылуының пайда болғанын шарттастырды. Демек, менеджерлер толық шығындарды есептеуді (absorption – cost system) қолдана отырып, стандартты шығындарды есептеуіне (standart –cost system ) болады және осылардың барлығын араластырып немесе тапсырыстық тәсілмен (job order – cost system) немесе процестік тәсілмен (process – cost system ) қолдануы мүмкін.
Қазіргі таңда шығындарды есептеудің бір ғана әдісін, оны басқа әдістермен араластырмай қолданатын кәсіпорындардың үлесі айтарлықтай азайды.
Стандарт-кост жүйесін енгізу отандық кәсіпорындарда оның нормативтік тәсілін қолданылып көруімен жеңілдетіледі. Меніңше, отандық экономикаға стандарт-кост жүйесін енгізу таныс нормативті тәсіл шеңберінде жүргізілуі қажет, бірақ оны алдын ала қарастыру қажет.
Мысалы, белгіленген нормалардан ауытқулар есебін жеңілдету керек, атап айтқанда, ауытқуларды норманың өзгеруіне байланысты болған және нормадан жай ауытқу нәтижесінде болған деп бөлмей. Бұл есептік операцияларды қиындатады. Стандарт-кост жүйесінде бір ғана ауытқулар көлемі есептеледі, оның талдау мен бақылау үшін мақсаты есепте немесе сәйкес құжаттарда көрсетіледі.
Кәсіпорынды басқаруда нормативті тәсілге қарағанда стандарт-кост жүйесінің мәні мен рөлі айтарлықтай жоғары. Шығындарды басқару саласында зерттеулер жүргізген экономистер стандарт-кост жүйесінің келесі артықшылықтарын көрсетеді:
-
өнімді өндіру мен ұйымдастыруға қажетті шығындар сомасы мен өнім бірлігіне келетін шығындарды уақытылы есептеу және фирманың кірісі мен шығыны туралы есепті құру мүмкіндігі; -
басқа тәсілдермен салыстырғанда өндіріс шығындарын есептеудің айтарықтай қарапайымдылығы, оған есептудің жеңілдетілген түрлері мен тәсілдерінің нәтижесінде қол жеткізіледі; -
өндірісті автоматты басқаруды «стандарт-кост» жүйесімен араластырып қолдану стандарттардан болған қандай да бір ауытқулар мен басқарушылық шешім қабылдау арасында уақыт интервалын белгілейді.
Тұтынушыларына қатысты шығын көлемі бойынша олар толық шығындарды есептеу (absorption-cost system) мен жекелеген шығындарды есептеу (direct-cost system) болып бөлінеді. Осы тәсілдер арасындағы негізгі ерекшелік калькуляциялық кезең арасындағы тұрақты шығындардың бөлу реті. Бірінші жағдайда барлық шығындар (негізгі және қосымша) өнім өндірісіне жатқызылады, ал екінші жағдайда өндіріске тек ауыспалы шығындар жатады, олардың тұрақты бөлігі қай кезеңде жоспарланды және қай кезеңде ауысқан болса, сол кезеңде қызмет нәтижесінен ескеріледі. Бухгалтерлік көзқарас тұрғысынан бұл әдістер дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс қалдығын бағалау тәсілі бойынша ажыратылады. Тұрақты шығындар шығындарды толық орналастыру барысында қалдықты бағалау кезінде ескеріледі, ал жекелеп орналастыру барысында тұрақты шығындар ескерілмейді. Шығындарды толық жабу тәсілін қолдану өнім өндірісінде жұмсалған барлық шығындарды есептеуді білдіреді. Отандық кәсіпорындардың тәжірибесінде осы тәсіл дәстүрлі болып келеді, сол себепті жақсы танымал.
Шығындарды тұрақты және ауыспалы деп, ал тұрақты шығындарды – пайдалы және пайдасыз деп бөлудің құндылығы пайда туралы мәлімет алудың оперативтілігін арттыру мен есепті жеңілдетуінде. Шығынның ауыспалы бөлігінде өнімнің өзіндік құнын азайту тұрақты шығындарға бөлінетін назардың жоқ екенін білдірмейді. Тұрақты шығындар басқарудың жоғары деңгейін бақылайды, сол себепті ауыспалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау қағидаларын қолдану барысында оларды шектеу басшылар тарапынан оларды тиімдірек басқаруға ықпал етеді.
Шығындарды толық және бөлшектеп есептеу тәсәлдері арасындағы айырмашылықты өндіріске қатысты шығындар құрамына қарап ғана байқауға болмайды, ол пайданы есептеуде де жақсы көрінеді. Демек, егер есепті кезең аралығындағы өндіріс көлемі сатылым көлеміне тең болса, онда екі әдіс те бірдей пайдамен қамтамасыз етеді. Ал егер өндіріс көлемі өткізу көлемінен жоғары болса, онда шығындарды бөлшектеп орналастырудан қарағанда, толық орналастыруда пайда көп болады. Бұл бірінші тәсілде тұрақты шығындардың бір бөлігі қорлар құнына ауысады және есептелінетін пайда қорлардың өзгерісі әсеріне ұшырайды. Өндіріс көлемі сатылым көлемінен аз болатын кезде шығындарды бөлшектеп орналастыру тәсіліне қарағанда, толық орналастыру аз пайда әкеледі. Біздің ойымызша, шығындарды есептеудің толық емес тәсілінде пайда көлемі сатылым көлемінің өзгеруіне байланысты болады.
Кәсіпорын бір қалыпты дамыса (ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсері болмаса) және өндірістік күштердің жүз пайыздық қолданылуын иеленсе, тұрақты қаржылық жағдайдың, өндірістің өсіңкі және тұрақты рентабельділігін орнатса, өнімге жоғары нарық бағасын орнатса, тауарлы материалдық құндылықтардың үлкен қорын иеленсе шығындарды есептеудің толық орналастыру тәсілін қолдану айтарлықтай мақсатқа сай болып келеді. Жиі өзгеріп отыратын нарық құрылымындағы жағымсыз ішкі процестр мен қатаң бәсекелестік жағдайында басшылар вэрибл-кост жүйесін қолдану арқылы шаруашылық сұрақтарды шешу барысында үлкен нәтижеге қол жеткізеді.
II.Шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау
2.1 «ҚазТрансОйл » АҚ-ның құрылуы, қызметі, мақсаты, қаржылық шаруашылық жағдайы және оның қаржылық тұрақтылығын талдау
Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ) құрылды.
2001 жылы «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ («ҚазТрансОйл» ЖАҚ болып қайта аталды) акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына сәйкес құрылған «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорына берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811 Жарлығымен «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен қайта құрылуы негізінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды, ол «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тың бірден-бір акционері болды. «ҚазТрансОйл» ЖАҚ 2004 жылғы 31 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ болып қайта аталды. Қоғам қызметінің мәні:
-
мұнайды магистральды құбырлармен тасымалдау (айдау, ауыстырып құю, қотару, құю, сақтау, араластыру) жөніндегі қызметтерді көрсету; -
басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдауды ұйымдастыру (бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет); -
өзге заңды тұлғаларға тиесілі магистральды құбырларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру; -
магистральды құбырмен су беру жөніндегі қызметтерді көрсету; -
жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтерді көрсету.
Жүк айналымы 2000 жылғы 19,1 млрд. т. км-ден 2011 жылы 42,2 млрд. т. км-ге дейін өсті.Тасымалдау көлемі 2000 жылғы 27,8 млн.тоннадан 2021 жылы 66,9 млн.тоннаға дейін көбейді.Жиынтық пайда 2000 жылғы 5,7 млрд.теңгеден 2011 жылы 25,9 млрд.теңгеге дейін молайды. ҚазТрансОйл магистральды мұнай құбырлары жүйесінің 1 000 км-ден астамы ауыстырылып
, сұйыққойма паркі 60% жаңарды. Мұнай қотаруға (құюға) арналған 4 темір жол аспақұярлығы салынды (қайта құрылды) және Ақтау кемежайы мұнай терминалдарының қуаты арттырылды. Атырау – Самара мұнай құбырының өткізу қабілеті ұлғайды. Жұмыс істеп тұрған МАС-тар қайта құрылды және жаңалары салынды. ТОН-2 мұнай құбырына меншік құқығы тіркелді.ҚТО нысандарында SCADA жүйесі енгізілді. 2011 жылы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры пайдалануға қосылды. «ҚазТрансОйл» АҚ жүк жөнелтушілердің КҚК мұнай құбырына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында өзінің «Атырау» мұнай айдау стансасында Өзен – Атырау, Кеңқияқ – Атырау, Мартыши – Атырау мұнай құбырлары арқылы және темір жолмен келетін көмірсутегі шикізатын КҚК жүйесіне ауыстырып құюға арналған нысандарды іске қосты.
2019 | 2020 | 2021 | 2022 жылғы 1-жартыжылдық | |
Мұнай тасымалдау көлемі*, мың тонна | 64 187 | 65 825 | 66 873 | 32 190 |
Мұнай жүк айналымы, млн. тн.*км | 38 709 | 41 351 | 42 244 | 20 203 |
Су беру, мың текше. м. | 18 926 | 21 361 | 21 192 | 11 058 |
Қызметшілер саны, адам | 9 993 | 10 034 | 9 992 | 9 848 |
Мұнай тасымалдау көлемі «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясының мұнай өнімдерін ауыстырып құю деректерін қамтиды.Мұнай тасымалдау көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 4,18%, мұнай жүк айналымы 9,13%, су беру көлемі 11,97% артқан болса, компаниядағы қызметшілер саны 2020 жылға қарағанда кадрларды іріктеу нәтижесінде 2021 жылы 0,42% азайған.
2019 | 2020 | 2021 | 2022 жылғы 1-жартыжылдық | |
Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден алынған кіріс, млн. теңге | 126 181 | 138 241 | 140 478 | 66 358 |
Өзіндік құн, млн. теңге | 71 443 | 82 407 | 96 299 | 45 835 |
Жиынтық пайда, млн. теңге | 15 538 | 19 618 | 25 945 | 16 900 |
Алдыңғы жыл үшін дивидендтер төлеу, млн. теңге | 6 024 | 7 340 | 19 331 | 60 002 |