Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі каспий Оамды университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 63
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ал енді қаржылық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, өнімді өткізу мен қызметтерді көрсетуден алынған кіріс 2019 жылмен салыстырғанда 2021 жылы -11,33%, өзіндік құн көлемі - 34,79%, жиынтық пайда 66,98%, ал алдыңғы жыл үшін дивиденттер төлеу 3,2 есе артқан.
2013 жылы Кеңқияқ – Атырау мұнай құбыры («МұнайТас» СБҚК» АҚ) пайдалануға берілді. Қазақстан – Қытай экспорттық жүйесінің бөлігі ретінде 2016 жылы Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры, ал 2019 жылы Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры («Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС) іске қосылды.
2018 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясының акциялары пакетінің 100%-ын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.
Қазақстан мұнайының транзитін жүзеге асырушы Ресей, Украина, Белоруссия және Әзербайжан мұнай тасымалдау компанияларымен берік серіктестік қатынас орнатылды. Мұнай компанияларымен (жүк жөнелтушілермен) тұрақты клиенттік негіз және сенімді шарттық қатынас жасалды. Мұнай тасымалдау саласындағы заңнамалық негіз бен мемлекеттік реттеу дамытылып, жетілдірілуде. Қоғам аса ірі дәрежелеу агенттіктерінен жоғары кредиттік дәреже алды: FitchRatings BBB– (Тұрақты), Moody’s Baa3 (Тұрақты), Standard&Poor’s BBB– (Тұрақты).
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасындағыаса ірімагистральды мұнай құбырлары мен суағызғылар жүйесінің меншік иесі, олардыңжиынтық ұзындығы 5 495,23 км мұнай құбырлары (РФ аумағында және ҚазТрансОйлдың Самара қаласындағы өкілдігі теңгерімінде тұрған 71,7 км Кеңқияқ – Ор мұнай құбырын ескергенде) және 2 148 км суағарлар.
Магистральды мұнай құбырларымен мұнай тасымалдауды 39 мұнай айдау стансасы, 64 мұнай қыздыру пеші, жалпы көлемі 1 259 мың текше м. мұнай сақтауға арналған сұйыққойма паркі қамтамасыз етеді.
Мұнайды ауыстырып құюды 4 темір жол қотару-құю аспақұярлығы, Ақтау кемежайы теңіз терминалының 5 айлағына орнатылған танкерлерге мұнай құю тиісті жабдықтары қамтамасыз етеді. Су беруді 3 су-сорап стансасы, 2 су тазарту құрылысы, су сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 156,3 мың текше м. сұйыққойма қамтамасыз етеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ шет ел қатысатын екі заңды тұлғаның қатысушысы және акционері:
-
ҚазТрансОйл мен CNODC тең негізде қатысушылары болатын («Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ). ҚҚҚ жалпы ұзындығы 1 759 км., өткізу қабілеті жылына 12 млн. тонна Атасу – Алашаңқай және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларына иелік етеді. -
«МұнайТас» СБҚК» АҚ (МұнайТас) – акционерлері ҚазТрансОйл (акцияларының 51%-ы) және CNPC Exploration and Development Company Ltd. (акцияларының 49%-ы). МұнайТас ұзындығы 448,8 км өткізу қабілеті жылына 6 млн. тонна Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырына иелік етеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Industrial Holdings Limited» және «Batumi Capital Partners Limited» компаниялары арқылы «Батумимұнай терминалы» ЖШҚ-ға (Грузия) иелік етеді, ол Грузияда Батумитеңіз кемежайында мұнай терминалын пайдалануды жүзеге асырады және «Батумитеңіз кемежайы» ЖШҚ (Грузия) акцияларының 100%-ына қатысты басқарудың айрықша құқығына ие. «ҚазТрансОйл» АҚ басқа заңды тұлғалар иелік ететін мына магистральды мұнай құбырларын пайдалану және оларға техникалық күтім жасау қызметтерін көрсетеді:
-
Кеңқияқ – Құмкөлжәне Атасу – Алашаңқай («Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС; -
Кеңқияқ – Атырау («МұнайТас» СБҚК» АҚ);Ақсай – ҮлкенШаған – Атырау (Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.); -
Торғай-Петролеум МДАЦ – «Құмкөл» БМАС («Торғай-Петролеум» АҚ).
Шоғырланған қаржылық есебі ( әр жылдың 31 желтоқсанына)
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылуын тікелей талдау
Жоғырыдағы кестеден байқайтынымыз компанияның ақша қаражаттары 2021 жылы 2019 жылға қарағанда 33,2% жоғарылаған, ағымдық активтер саны 2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 20,8 % артса да, 2020 жылмен салыстырғанда 3,2% кеміген.Себебі тауарлық-материалдық қорлар, банктік салымдар мен салықтық төлемдер азайған.
Негізгі құралдар жыл сайын артуда, бұл компанияның нарықтың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты негізгі құралдарды сатып алумен байланысты. Кәсіпорынның қысқа мерзімді кредиторлық берешегі көбейген, ол 2019 жылға қарағанда 2021 жылы 17,5 % өскен.Соған қарамай компанияның жалпы міндеттемелері 2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 4,8% төмендеген.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылуын көлденең талдау (мың.тг.)
Кесте 4
№ | Атауы | 2019-2020 | 2020-2021 | 2019-2020 (%) | 2020-2021 (%) |
1 | Активтер | | | | |
1.1 | Ұзақмерзімді активтер | 78 217 943 | 33 733 822 | 29,6 | 9,85 |
1.2 | Ағымдық активтер | 15 163 669 | -2 419 650 | 24,8 | -3,17 |
| Баланс | 93 381 612 | 31 314 172 | 28,7 | 7,48 |
2 | Пассивтер | | | | |
2.1 | Капитал | 95 512 053 | 33 183 288 | 39,3 | 9,8 |
2.2 | Ұзақмерзімді міндеттемелер | 5 315 646 | 992 309 | 13,7 | 2,2 |
2.3 | Ағымдық міндеттемелер | -7 446 087 | -2 861 425 | -17,07 | -7,9 |
| Баланс | 93 381 612 | 31 314 172 | 28,7 | 7,48 |
2.2 Шығындарды экономикалық элементтері бойынша талдау
Экономикалық элементтері бойынша шығындарды саралау өндіріске қажетті шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы талданылады, оның ішінде өндірістің техникалық деңгейі, еңбексыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айнымалы қорларға деген қажеттілігі белгіленеді.
өрсеткіштер | 2020 жылғы факт | 2021 жылғы факт | 2020 ж. фактіге ауытқу | |
% орындалуы | мың. тг. | |||
Барлық шығын,оның ішінде: | 88 740 236 | 89 189 869 | 101% | 449 633 |
Өндірістік өзіндік құн | 68 322 050 | 80 330 110 | 118% | 12 008 060 |
Жалпы және әкімшілік шығындар | 5 287 515 | 4 725 247 | 89% | -562 268 |
Қаржылық шығындар | 779 179 | 237 832 | 31% | -541 347 |
Негізгі емес басқа қызметтерден шығындар | 14 351 492 | 3 896 680 | 27% | -10 454 812 |
Кесте 2021 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жылдық есебінен алынған
Компаниядағы жалпы шығындар 2021 жылы 89 189 869 мың теңге болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1% жоғары. Өсімге өндірістік өзіндік құн шығыстарының 18% немесе 12 008 060 мың теңгеге өсуі ықпал етті.
Өсім мынадай баптар бойынша байқалды:
-
«Еңбекақы қоры», бұл өндірістік қызметшілерге құнсыздану коэффициентіне жалақының көтерілуімен бацланысты; -
«Амортизация», «Салықтар», негізгі құралдарды қайта бағалаудың және мүлік салығы бойынша салық салынатын базаның артуының салдары.Бұдан басқа, 2021 жылы «Туймазы-Омбы-Новосибирск 2» мұнай құбыры қазақстандық бөлігі инфрақұрылымының ілеспе нысандарымен және жер телімдерімен компанияның орналастырылатын акциялардың төлемі есебіне 1 701 149 мың теңге сомаға теңгерімге алынумен бацланысты; -
«Күзет шығыстары», күзет қызметтеріне тарифтердің көтерілуімен байланысты: - ведомстводан тыс күзет бойынша (1 орын-сағат 316 783,8 теңгеден 426 320 теңгеге дейін, 1 ұтқыр топ 950 527 теңгеден 1 315 000 теңгеге дейін); -
«Авиақызметтер», қызметтер құнының өсуімен байланысты, ұшу сағаттарының саны 2020 жылғы деңгейде;
Жалпы және әкімшілік шығыстар 2020 жылғы деңгейдің 89% -ын құрады,мұның себептері:
-
ҚР салық комитетінің салық кінәраттары бойынша құрылған салық бойынша резервтен есепті кезеңде 3 718 848 мың теңге алынды, ол соттарда жеңіспен қайтарып алынды; -
Іссапар шығыстары,байланыс қызметтері,кадрлар даярлау,ақпараттық қызметтер,банкілер қызметтері шығыстарының кемуі.
Қаржыландыру шығындары 2021 жылы 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 69% төмендеді. Бұл ауытқу 5 жылдық клубтық қарызды 2020 жылы мерзімінен бұрын өтеумен бацланысты.
Негізге емес қызметтерден болған басқа шығындар (операциондық шығындар) 2021 жылы 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 27% болды және мыналармен байланысты болды: актуарийлік залалдар 1 540 000 мың теңге, еншілес ұйымдарға инвестициялардың құнсыздануынан залалдар – 1 804 355 мың теңге, бағамдық теріс айырма (сальдолау) – 348 759 мың теңге. 2020 жылдың басқа шығыстарында негізгі құралдарды қайта бағалау салдарынан активтердің 13 435 254 мың теңге құнсыздануынан болған залал көрсетілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Енді кәсіпорын шығындарының әртүрлі классификацияларын, дайын өнімнің өзіндік құнын құру әдістерін, шығындарды басқарудың тиімді модельдерін және ресейлік фирмалардың оларды азайту тәжірибесін біле отырып, белгілі бір қорытынды жасауға болады. Отандық компаниялардың үш тобы шығындарды басқаруға қалай қарайтындығына байланысты ерекшеленеді. Бірінші топ-бұл шығындарды мүлдем есептемейтіндер. Екінші топ шығындарды азайтумен айналысады. Қойма қорларын оңтайландыру, материалдардың шығынын бақылау, сондай-ақ өнімді тасымалдау шығындарын азайту немесе жеткізу арзанырақ болатын жаңа нарықтарға шығу үлкен нәтиже береді. Сату туралы ой-бұл бизнестің үшінші тобының құзыреті. Ең бастысы - шығындарды тұрақты және айнымалыларға Мұқият бөлу. Мәселе мынада, тіпті екі ұқсас кәсіпорын үшін де бірдей мақалалар әртүрлі болуы мүмкін.
Көбінесе шығындарды басқару кезінде уақыт факторын ескеру қажет. Қысқа уақыт аралығында шығындарды басқарудың ең қол жетімді әдісі - төмендету. Орта мерзімді перспективада шығындарды басқару үшін мотивация тетіктері қолданылады. Бұл шаруашылық есеп модельдері. Егер басшылық одан әрі қараса, өнімділікті арттыру бірінші орынға шығады. Мұнда негізгі элементтер инвестициялар болып табылады
Шығындардың жақсы көрсеткіштерін оларды төмендету арқылы ғана емес, сонымен бірге осы шығындардың қайтарымын арттыру арқылы да алуға болады. Белгіленген шығындар деңгейінде кірісті ұлғайту тауарлы-материалдық құндылықтарды оңтайландыруды, just in time жеткізілімін, өндірісті жоспарлаудың әртүрлі әдістерін, ассортиментті басқаруды талап етеді, мысалы, өнімнің қаржылық тартымдылығына негізделген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII. -
Қазақстан Республикасының еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ. -
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ. -
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Бәсекелестік Кодексімен -
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 жарнама туралы заңы. -
Баймұхашева М.Қ. Кәсіпорын экономикасы. -
Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т.Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. Алматы 2008 -
Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы К. Ж. Оразалин. -
Еркебалаева В.З., Қожабеков Е.А., Бакиров Е.А. кәсіпорын экономикасы оқу құралы -
Әбдікерімова, Гүлжанар Иманбайқызы. Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы / Г. И. Әбдікерімова. Алматы 2019 -
Курманалина, Айгуль Айтжановна. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер жинағы Алматы 2019 -
Үмбиталиев, Алтынсары Дуйсенбекович. Кәсіпорын экономикасы : оқулық Алматы 2019 -
Ажмухамедова, А. А. Кәсіпорын экономикасы : пәнінен оқу құралы Алматы 2019 жыл -
Нарғозиев І.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. Алматы 2010 -
Раимбеков Ж.С. Кәсіпорын экономикасы. Астана 2013 -
Роза Қалманбайқызы Ниязбекова, Болат Абжалиұлы Рахметов, Парида Тұрғынбайқызы Байнеева; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.- Алматы: Экономика, 2013. -
Егембердиева С.М. Кәсіпорын экономикасы. Астана, 2014 -
Оразалин, К.Ж. Кәсіпорын экономикасы оқу құралы. Алматы 2014 -
Байжолова Р.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы.- Астана: ИП «Булатов А.Ж.», 2016. -
Василий Титов: Экономика предприятия -
Экономика предприятия. Учебник А. С. Паламарчук -
Грибов В. Д. Экономика организации (предприятия): учебник Москва 2016 -
Коршунов, В.В. Экономика организации (предприятия): Учебник и практикум 2016 -
Алексейчева, Е.Ю. Экономика организации (предприятия): Учебник для бакалавров. Москва 2016 г -
Фатхутдинов Р.А. Стратегический менеджмент: Учебник. – 7-е изд., испр. И доп. М.: Дело, 2005.-448с.