Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 36

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оны тек қана бір іс алаңдатты: ол сандарды қосатын да жататын.

Таңертеңнен кешке дейін ол, тура дәл сен сияқты, тақылдап айтатын: «Мен байсалды адам! Мен байсалды адам!». Менмендігінен тіпті ісініп кететін.

Ал шын мәнінде ол адам емес. Ол - саңырауқұлақ.

- Не?

- Саңырауқұлақ!

Кішкентай ханзада ашуланғаннан тіпті бозарып кетті.

- Миллиондаған жылдар бойы гүлдерде тікенектер өседі. Сол миллиондаған жылдар бойы қошқарлар, дегенмен, гүлдерді жеп келеді. Ендеше, қалайша бұл мұқият іс болмайды – неге гүлдер тікенектерін өсіруге күштерін салады, егер олардан ешбір пайда жоқ екендігін түсінсе? Қалайша қошқарлар мен гүлдердің бір-бірімен соғысып жатуы маңызды болмайды? Бұл жуан қызылбетті мырзаның арифметикасынан қалайша маңызды және ... іс болмайды? Ал мен білемін жалғыз-ақ гүлді, ондай гүл тек менің ғаламшарымда өседі, дәл сондайдың басқасы ешбір жерде жоқ, сонда кішкентай қошқар керемет бір таңсәріде, білмей, оны кездейсоқ алады да, жеп қояды және тіпті не жасағанын да білмейді ғой? Мұның бәрі сен үшін маңызды емес пе, сонда?



Ол қатты қызарып кетті. Сосын қайта сөйлей бастады:

- Егер жападан - жалғыз, басқа ешбір миллиондаған жұлдыздарда кездеспейтін гүлді жақсы көресің, аспанға қарайсың, соның өзі сені бақытты етеді – бұл да жеткілікті. Сондайда өзіңе айтасың: «Анда, бір жерде, менің Раушан гүлім тұрады...». Ал оны қошқар білместен жеп қойса, бұл аспанның барлық жұлдыздарының бір уақытта сөніп қалуымен тең болмай ма!

Бұл сен үшін маңызды емес пе?!

Оның әрі қарай сөйлеуге мүмкіншілігі болмады. Аяқ астынан, көз жасы сел болып ағып, жылай бастады. Қараңғыланды. Мен жұмысымды тастадым. Көнбей жатқан болт пен балға да, қуаңшылық пен өлім де маған күлкілі болып көрінді.

Жұлдызда, ғаламшарда - менің «Жер» деп аталатын ғаламшарымда, Кішкентай ханзада ағылып жылап жатты, сондықтан мен досымды уатуға тиіс болдым.

Мен оны қолыма алып уата бастадым. Мен оған айттым: «Сен жақсы көретін Раушан гүліңе ештеңе болмайды... Мен сенің қошқарыңа ауыздық суреттеп беремін... Гүліңе оны қорғайтын қалқан салып беремін. Мен...»

Мен не айтып жатқанымды шамалы түсіндім.

Мен өзімді сондай доғал және ... болып сезіндім.

Менің уысымнан шығып бара жатқан жанын қалай қуып жетерімді, не істеп - еститіндей мені не айтарымды білмедім...

Өйткені бұл көз жасының елі сондай құпия және сонша белгісіз.



VIII

Аздан соң мен ол гүл жайлы жақсы білдім.

Кішкентай ханзаданың ғаламшарында қарапайым гүлдер өседі екен – олардың жапырақтары аз, олар аз орын алып, ықшамды болды, сондықтан ешкімнің мазасын алмады.

Олар таңертең шөп арасында жапырақтарын ашып гүлдейтін де, кешке қарай солатын.

Ал бұл гүл бір күндерде белгісіз жерден жеткен тұқымнан өсе бастады.

Кішкентай ханзада ешбір басқа гүлдердің көшетіне ұқсас емес кішкентай көшеттен көз айырмады.

Мүмкін бұл көшет баобабтардың тағы бір белгісіз тұрі болып өсіп шығады?

Бірақ бұта аздан соң жоғарыға қарай өсуді тоқтатты да, оның үстінде бүршік пайда болды.

Кішкентай ханзада әлі ешқашанда мұндай үлкен бүршіктерді көрмеген екен, сондықтан одан бір ғажайып гүл пайда болатынын сезді.

Ал белгісіз қонақ, әлі де өзінің жасыл бөлмешесінде тығылып жатып, біртіндеп сұлуланып, жапырақтарын өсіре берді. Себебі өмірге қайдағы бір қызғалдақтардай алба-жұлба болып келгісі келмеді, әрине.

Ол сұлулықтың ең үлкен шыңынан көрінгісі келді.

Ия, бұл сондай тәкаппар сұлу еді ғой өзі!

Құпия дайындық күннен күнге жүріп жатты. Енді, міне, түбі бір таңда, аспанды жылтыратып күн жаңа ғана ата бастаған шағында, гүлдің жапырақтары ашылды.



Ал, дәл осы минутқа жету үшін, сонша күш жұмсаған сұлу Раушан гүлі кербезденіп айтты:

- Ах, мен зордың күшімен ояндым... Кешірім сұраймын... Мен мүлдем жалбырап кетіппін...

Бірақ Кішкентай ханзада қуанышын жасыра алған жоқ:

- Сіз сондай кереметсіз!

- Шын ба? – естілді гүлдің дыбыссыз жауабы. – Аңғарыңыз, мен күнмен бірге тудым.

Кішкентай ханзада, әрине, ғажайып қонағының кербездігі мол екендігі н көріп тұрды, бірақ оның сұлулығында, шынымен де, шек болмады.

Біраздан соң, ол айтты:

- Сірә, таңғы ас ішу кезі келгендей. Мейірімділігіңізді білдіріп, маған қамқор жасасаңыз.

Кішкентай ханзада қысылып қалды да гүліне, су құйғыш тауып алып, мөлдіреген бұлақ суынан құйды.


Аздан соң сұлу тәкаппар оған қоса өкпешіл екендігі де айқындалды, сонысымен Кішкентай ханзаданы біраз әуреге салды.

Оның төрт тікенегі бар екен, сондықтан бір күннің күнінде тәкаппар гүл Кішкентай ханзадаға былай деп сөз қатады:

- Мейлі, жолбарыстар келе берсін, мен олардан қорықпаймын!



- Менің ғаламшарымда жолбарыстар жоқ, - деп жауап берді Кішкентай ханзада.

- Айтпақшы, жолбарыстар шөппен мүлдем қорктенбейді.

- Мен шөп емеспін, - ренжіген рай білдірді гүл.

- Ғафу етіңіз...

- Жоқ, жолбарыстар маған қорқынышты емес, бірақ мен қатты жел тиюден қорқамын. Сізде желден қорғанатын перде жоқ па екен?

«Желден қорқатын өсімдік ... қызық екен... – деп, ойлады Кішкентай ханзада, - мына гүлдің мінезі қандай ауыр».

- Кеш түскенде мені телпекпен жауып қойғаныңызды өтінемін. Мұнда сізде өте салқын екен. Тым қайырымсыз ғаламшар екен. Мен келген жерде... – ол сөзін аяқтамады.

Себебі, оны мұнда үрлеп әкелгенде ол әлі кішкентай ғана тұқым еді ғой. Сондықтан басқа әлемдер туралы білуі мүмкін емес-ті. Өтірігің оңай ашылып қойылатын болса, алдаудың қажеті жоқ, әрине!

Сұлу ұялып қалғандай болды, сосын Кішкентай ханзада қаншалықты оның алдында кінәлі екенін әбден сезінсін деп бір-екі рет тамағын жөтелтті.

- Пердеңіз қайда?

- Мен оны алып келуге барайын деп едім, бірақ Сіздің сөзіңізді соңына дейін тыңдамай кетіп қалуға бара алмадым!

Сонда, «дегенмен, оны ұят мазаласын» - деп, гүл қаттырақ жөтеле бастады!

Кішкентай ханзада шын көңілмен көрікті гүлді жақсы көріп, оған қызмет етуге қуанышты болса да, уақыт өте келе көңіліне күмән оянды. Бос сөздерді ол жүрегіне тым жақын қабылдады да, өзін соншалықты бақытсыз болып сезіне бастады.

- Бекер мен оны тыңдаған екенмін, - бір күні үлкен сеніммен айтты ол маған. - Гүлдердің айтқанын ешқашанда тыңдамау керек. Оларға жай әшейін қарап жусан иістерімен тыныс алу қажет. Менің гүлім бүкіл ғаламшарды өзінің керемет иісімен сусындырды, ал мен оған қуана алмадым. Бұл қажетсіз әңгімелер тырнақтар мен жолбарыстар жайлы... олар мені қайран қалдыруға тиіс еді, ал мен ше оған ыза болдым.

Ол тағы шынынан жарылды:

- Мен онда ештеңе түсінбеппін! Сөзге қарап емес, ісімен бағалау керек еді. Ол маған өзінің жусан иісін сыйлап еді, менің өміріме сәуле шашты.

Мен одан қашу орнына, оның айласы мен қиқылжындарының артында тығылып тұрған нәзіктікті түсунуге тиіс едім.

Гүлдер соншалықты тиянақты емес!

Ал мен тым жас едім, мен әлі сүйгеннің не екенін түсінбеп едім.


Түсінуімше, ол көшкін құстармен бірге саяхат жасауды шешті.

Соңғы таңы ол бұрынғыдан мұқият ғаламшар бетін жинастырды.

Ол әдемілеп жұмыс істейтін жанартауларды тазартты. Оның екі жұмыс істейтін жанартауы бар еді. Олар үстіне таңғы ас жылытуға өте ыңғайлы болды.

Одан басқа, оның тағы бір сөнген жанартауы бар еді.

Бірақ, алда не күтіп тұрғанын кім біледі, - деді ол.

Сондықтан сөніп тұрған жанартауды да тазартып қойды.

Жанартауларды дұрыстап ұқыпты тазартып қойсаң, олар түзу және жан-жаққа атқыламай ақырындап жанады.

Жанартаудың атқылауы – пештің дүрбісіндегі күйенің жанғанынан болатын өртке ұқсас.

Әрине, біз, Жерде тұратын адамдар, өте кішкентаймыз, сондықтан біздің жанартауларды тазарта алмаймыз.

Сол себептен олар бізді сонша әрекетке салады.

Сәл жанарындағы мұңмен Кішкентай ханзада баобабтардың соңғы сабақтарын жұлып алды.

Ол ешқашан оралмайды деп ойлады.

Бірақ осы таңдағы үйреншікті жұмысы оған ғажайып әсер етті. Соңғы ретте ғажайып гүлін суарып, оның үстін телпекпен жабайын деп жатқан шағында, тіпті жылағысы да келіп кетті.

- Қош болыңыз, - деді ол.

Кербез сұлу тіл қатқан жоқ.

- Қош болыңыз, - қайталады Кішкентай ханзада.

Раушан гүлі сәл жөтелгендей болды. Бірақ салқын тигеннен емес, әрине!

- Мен ақымақ болдым, - деді ол біраздан соң. – Кешір мені. Және бақытты болуға тырыс. Және ешбір өкпелеген сөзі.

Кішкентай ханзада қатты таң қалды. Қобалжыған және жоғалғандай, қолындағы шыны телпек ұстаған бойы, қатып қалды.

Осыншама дауыстағы нәзіктік қайдан пайда болды?

- Ия, ия, мен сені сүйемін, - естілді оған. – Сенің оны сезбегенің – менің кінәм. Бірақ бұл маңызды да емес. Сен дәл мендей ақымақ болдың. Бақытты болып көрші... андағы телпегіңді қоя сал, ол маған енді қажет емес.

- Жел ше...

- Соншалықты ауырып жатқан жоқпын...

Түңгі самал тіпті маған пайдалы да болар. Өйткені мен – гүлмін ғой.

- Ал жануарлар, шыбындар...

- Бір - екі қырықаяққа шыдауға тиіс емеспін бе, әйтеуір көбелектермен кездесуді ойластырып жатқан жоқпын ба?

Олар, сірә, керемет сұлу шығар. Әйтпесе, кім менің жайымды біліп тұрады? Сен алыста боласың ғой. Ал үлкен жануарлардан мен қорықпаймын.

Себебі менің тырнақтарым бар.


Ашық көңілшектігімен ол өзінің төрт тікенегін көрсетті. Сосын тағы қосты:

- Созбашы, құдай үшін! Кетуге шештің бе, бар, кідірме!

Ол өзінің жылап жатқаның Кішкентай ханзадаға көрсеткісі келмеді.

Өйткені ол – өте тәкаппар гүл болды...



Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери

X
Кішкентай ханзаданың ғаламшарына ең жақын 325, 326, 327, 328, 329 және 330 астероидтары орналасты.

Сондықтан ол ең алдымен соларға барып қайтуды ұйғарды: өзіне қандай болса да бір іс табуы керек қой және бірдеңе үйренуге де болады.

Бірінші астероидта Король тұрды. Ол сыртына алқызыл жапқыш пен ақкіс терісін жамылған күйі қарапайым бірақ сондай мәртебелі тағында отырды.

- А, міне бағыныштым да келді! - Кішкентай ханзаданы көрген бойы дауыстады Король.

«Қалай ол мені танып қалды? – ойланды Кішкентай ханзада. – Әйтсе де мені бірінші рет көріп тұр ғой!»

Корольдердің бұл өмірге өте қарапайым қарайтынын Кішкентай ханзада білмеді: олар үшін барлық адамдар – бағыныштылары.

- Бері кел, сені дұрыстап қарап алайын, - деді, біреу үшін король бола алатына мәз-мейрам болып отырған, король.

Тізе бүгіп отыруға орын бар ма екен деген раймен Кішкентай ханзада жан-жағына көз тастады – бірақ ақкіс терісінен жабуы бүкіл ғаламшарды жауып жатты.

Сондықтан Кішкентай ханзадаға тұрудан басқа амал қалмады, ал ол соншалықты шаршап келіп еді...

Бір кезде ойламаған жерден ол есінеп жіберді.

- Этикет билеуші алдында есінеуге рұқсат етпейді, - деді Король. – Мен саған есінеуге рұқсат бермеймін.

- Мен аңқаусыздан, - деп жауап берді өз қылығына ұялып қалған Кішкентай ханзада. – Мен ұзақ уақыт жолда өткіздім, сондықтан мүлдем ұйықтамаған едім...

- Ал, жарайды, ендеше, есінеуге рұқсат беремін, - деді король. – Ұзақ жылдар бойы біреудің есінегенін көрмеп едім. Маған ол тіпті қызық болып кетті. Қане, есіне! Бұл менің бұйрығым.

- Мен қобалжып тұрмын... сондықтан мен қайта есіней алмаймын... – зордың күшімен өзіне айтқызды беті мүлдем қызарып кеткен Кішкентай ханзада.

- Гм, гм... Ендеше... Ендеше мен саған бір есінеп бір есінемеуді бұйырамын... - Король шатасып кетті де, кішкене тіпті ашуланғандай болды.

Себебі Король үшін бағыныштыларының оған мүлтіксіз бағынғаны тым маңызды болды. Бағынбағандыққа ол шыдамас еді. Өйткені ол - абсолюттік билеуші.